129
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
теушінің көзқарасымен қайшы келіп жатса да, дау-дамай, пікірта-
ластан аулақ болған жөн.
Өз кезегінде сұхбатқа қатысушылардан өз ой-пікірлерін, яғни
зерттелетін тақырыпқа көзқарастарын айқын білдірулері күтіледі.
Әдетте сұхбатқа қатысушылар өз тәжірибесін қызығушылық та-
нытқан тыңдаушымен бөліскенді ұнатады.
Сұхбатқа қатысушы есеп жарияланғанға дейін сұхбаттың ау-
диожазбалары
мен стенограммаларын алуға, бейнематериалдар-
ды қарауға құқылы. Оның сұхбаттан бас тартуына және деректерді
зерттеуде пайдалануға рұқсат бермеуіне де болады.
Сұхбатқа қатысушы тұлғаның
құпиялылығына құқы бар,
оның/олардың жауаптарының құпия сақталуына кепілдік берілуі
тиіс. Мәселен қолжетімді құжаттар зерттеу аяқталғаннан кейін
сайттарға немесе адамдарға сілтеме жасаудан аулақ болу керек.
Қатысушының жеке басының құпиялылығын қамтамасыз ету және
алынған сапалы деректердің анонимділігі мәселелері ерттеу әдебін
сақтау мәселелеріне (7-тарау), сондай-ақ
қатысушыға сұхбатты
зерттеу мақсаттары, зерттеуге қатысу тәуекелдері, қатысушының
құқығы, қатысушының жеке басының құпиялылығын сақтау тура-
лы барынша толық ақпаратпен ұсыну мәселелеріне, яғни «ақпа-
раттандырылған» үдерістің мәселелеріне жататыны анық келісім».
Ақпаратты келісім –
бұл жай ғана құжат емес, маңызды үдеріс,
онда әлеуетті қатысушы өз келісімін беруге немесе сұхбатқа қаты-
судан бас тартуға құқылы (8 тарауды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: