Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі



бет39/61
Дата20.05.2022
өлшемі290.73 Kb.
#458338
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігі
Жіктеу есімдіктері баяндауыш болғанда, оларға жалғанатын жіктік жалғау сол баяндауыштардың плеонастикалық жолмен қоса қабатаса келген көрінісі болады. Сол себептен жіктеу есімдігі баяндауыш болғанда, жіктік жалғау бастауыштың жақтық мағынасына орайласып жалғанады. Мысалы: Ендігі қарыздар адам менмін(Ғ.Мүсірепов). Ал бұлардың ісін бітіретіндер сендерсіңдер(М.Әуезов).
Берілген сөйлемдегі баяндауышы есімдіктен болған болған, онда бастауыш пен баяндауыштар грамматикалық жағынан қиыспаған. Ал, сөйлемдер «Мен – менмін», «сен- сенсің» тәрізді боп келгенде , бастауыш пен баяндауыш қиысып тұрады.
Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық мағынаны білдіріп, екінші жағынан, әр жақты, әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық категория болып танылады.
Сөздің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы арқылы грамматикалық категория болып танылады. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. Жіктік жалғаудың сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құрауға, сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы, бір жағынан, ойдың қазығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауышпен қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы деп атайды.
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты қарап, оны жақтық мағынаны, предикативті мәнмен барабар деп түсінушілік бар. Ы.Мамановтың « Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде : «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді» - деп пайымдалған.
Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның өзіндік ерекшеліктері бар.
Біріншіден, етістік түбір тұлғада тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер тікелей түбір күйінде жіктеледі және 1-2 жақтарында тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі.
Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларын өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.
1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған,-ген,-атын,-етін,-ар,-ер,-с,-мақ, -мек) және отыр, жатыр, тұр, жүр деген 4 қалып етістігі,-уда,-уде тұлғалы тұйық етістік есім сөздердей жіктеледі. Онда жіктік жалғаудың үшінші жағы болмайды, нольдік формада тұрады.
Мен оқығанмын. Біз оқығанбыз.
Сен оқығансың. Сендер оқығансыңдар.
Сіз оқығансыз. Сіздер оқығансыздар.
Ол оқыған. Олар оқыған.
2) Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п ) жіктеледі.
Мен келіппін. Біз келіппіз.
Сен келіпсің. Сендер келіпсіңдер.
Сіз келіпсіз. Сіздер келіпсіздер.
Ол келіпті. Олар келіпті.
Көсемше жіктелгенде 3-жақта арнайы -ды,-ді,-ты,-ті көрсеткіші болады, жіктелудің нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз тұлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге иеленеді.
3) Етістіктің шартты райы мен жедел өткен шақ түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі.
Мен айтсам, айттым. Біз айтсақ, айттық.
Сен айтсаң,айттың. Сендер айтсаңдар, айттыңдар.
Сіз айтсаңыз,айттыңыз. Сіздер айтсаңыздар, айттыңыздар.
Ол айтса, айтты. Олар айтса, айтты.
Етістіктің бұл тұлғалары жіктелгенде 3-жақта арнайы көрсеткіш болмайды.
4) Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігінде, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы – түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі боп табылады.Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2- жақ жекеше анайы түрі омоним формалар болады.
Мен барайын. Біз барайық.
Сен бар. Сендер барыңдар.
Сіз барыңыз. Сіздер барыңыздар.
Ол барсын. Олар барсын.
Бұйрық райдың 2 жақ анайы жекеше түрінде бір кезде арнайы тұлға болса керек. Бір жағынан басқа түркі тілдерімен, екінші жағынан 2 жақтық басқа түрлерімен салыстырсақ, бұйрық райдың екінші жағында -ың,-ің,-ң қосымшасы болғандығы байқалады. Кейін ол түсіп қалып, етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес болып қалыптасқан. Бұлай болуға етістіктің түбір тұлғасының тікелей жіктеле алмайтыны және сөйлемде етістік түбірдің сол күйінде қолданылмайтыны себеп болуы мүмкін. Қазіргі кейбір түркі тілдерінде бұл форма кейде сақталып жұмсалады : сен алың, келиң.
Қазақ тілінде 2-жақ сыпайы тұлғасында және көпше тұлғалары –ыңыз, -ыңдар бұйрық райдың 2 жағының жалғауы – ың,-ің сақталған, демек, сыпайлықты және көптікті білдіріп тұрған – қосымшаның – ыз,-із және көптікті білдіріп тұрған – қосымшаның – ыз, -із және –дар, -дер бөлшектері ғана. Бұйрық рай – етістіктің грамматикалық категориясының бір түрі ретінде өзіндік жіктелу парадигмасы бар тілдік құбылыс.
Бұйрық райдың басты мағынасы қимылдың, іс-әрекеттің, орындалуы-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мәндермен байланысты болса, бұйыру мәні 2 жақта айқын болады, 3- жақта бұйыру - өтіну мәні басым болады, ал 1-жақта бұйрықтан гөрі ниет - өтініш мәні басым болады.
4) Етістіктің ерекше жіктелетін түрі қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасы (-ғы,-гі) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі,жақ иесі ( жіктеу есімдігі ) атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.
Менің айтқым келеді. Сенің айтқың келеді.
Сондай –ақ –у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштарда осы тәріздес жіктеледі.
Менің баруым қажет. Сенің баруың қажет. Оның баруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет