М.Өтемісов атындағы БҚУ тарих, экономика және құқық факультеті
Оқу-әдістемелік кеңесінің 2020 жылдың 18 қыркүйек
№1хаттамасынан
Көшірме
Төраға: С.М.Утешева
Хатшы: Э.Н.Баудиярова
Қатысқандар:10
Қатыспағандар: жоқ
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Ағымдағы мәселелер
Экономика және менеджмент аға оқытушылары Ф.К.Мухамбеткалиева, А.Ж. Акмалиева экономика білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәні бойынша жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралын М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың редакциялық баспа орталығынан шығару үшін факультеттің ОӘК-нің қарауына ұсыну туралы. Экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі м.а.– Ф.Қ.Мухамбеткалиева
ТЫҢДАЛДЫ:
Ағымдағы мәселе бойынша кафедра меңгерушісінің м.а. Ф.К.Мухамбеткалиева Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушыларының экономика білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәні бойынша жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралын кафедраның жоспарына сай екендігін айта отырып, ұсынылып отырған оқу құралы студенттер үшін қажет құрал екенін айтып, шығару жөнінде ұсынысын білдірді.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Экономика және менеджмент кафедрасының доценті, э.ғ.к.,А.Б.Тлесова: Ұйымдық мінез-құлық – бұл өз циклдерін, қарым-қатынас құрылымын, жұмысшыға деген талабын иеленетін белгілі басқарушылық процеске тартылған жұмысшының мінез-құлқы. Субординациялық күштер басшы мен бағынушының ресми мінез-құлықтарында. Ол олардың бейресми қызмет байланыстарында көрінеді. Форманы басқарудың ұйымдық жүйесінде негізгі болып субординациялық және нуроренациялық күштердің уақыт және кеңістікте оңтайлы үйлесімін табу қажеттілігі табылады.
Берілген пəннің зерттеу жəне саралау нысаны ретінде адамның және топтың басқа да мүшелерінің жеке, әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын есепке ала отырып әртүрлі коммуникацияларда және өзара қарым-қатынастарда ұйымдық мінез-құлықты ұйымдастыру және тиімді басқарудың тәжірибелік біліктіліктер мен дағдылар кешенін қалыптастыру туралы айтылады.
Осыған байланысты жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралын студенттердің білімдерін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде білімдерін тереңдетуге арналған пайдалы оқу құрал екенін айтты.
Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы э.ғ.к.,доцент Г.И.Нестеренко өз ойын білдірді: «Жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралының құрылымы студенттерге оқытылатын пəн бойынша кешенді білім беруге бағытталып, құрастырылған.
Ұсынылған жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралда әлеуметтік жүйе және ұйымдастырушылық мінез-құлық ,ұйымдағы мінез құлықтың тиімділігі, ұйымдағы тұлға, топ және ұйымдағы топтық мінез құлық, басқарудың әдістері, персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар ,ұйымдағы коммуникативті мінез-құлық,қамтитын жағдайлық тапсырмалар материалдар енгізілген.
Жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құрал экономика білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер мен жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушыларына ұсынылады.
Есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі Б.Г.Искакова «Ұсынылған оқу-әдістемелік құралының құрылымы оқытылатын пəн бойынша жеткілікті ақпарат беруге негізделеді, өз бетінше орындалатын тапсырмаларды шешу арқылы, алынған ақпаратты жағдайлық, тестілік тапсырмалар негізінде қорыту жəне тəжірибе жүзінде пайдалануды іске асыру, қоғамдағы адамның мінез-құлығын және тұрмыстағы іс-қызметін ұйымдастыру тәсілдерін зерттеу дағдыларын иеленуге көмектеседі.
Жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралды дайындау барысында ұйымдық мінез-құлықтың теориялық негіздері жазылған шетел əдебиеті, соның ішінде Ресей зерттеулері қолданылды.
Берілген жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралы тек экономика білім беру бағдарламасын таңдаған студенттерге ғана емес, сонымен қатар, өзге де ұйымдарда, бизнес құрылымдарында еңбек ететін адамдар үшін қызықты болары анық.
ҚАУЛЫ:
Экономика және менеджмент кафедрасының Ф.К.Мухамбеткалиева, А.Ж. Акмалиева экономика білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәні бойынша жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралы М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың редакциялық баспа орталығына шығару үшін университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің қарауына ұсынылсын.
Төраға: С.М.Утешева
Хатшы: Э.Н.Баудиярова
Достарыңызбен бөлісу: |