2. Арманның желтоқсандағы жалақысы 430 000 теңге. Қаңтарда оның жалақысы 25%-ға өссе, ол қанша теңге алады?
A) 107500
B) 322500
C) 455000
D) 537500
3. 1 литр бензиннің бағасы 140 тг. 20%-ке қымбаттағаннан кейінгі 1 литр бензиннің бағасы қанша болғанын анықтаңыз
A) 154
B) 160
C) 172
D) 168
4. Зауыттағы өндіріс цехы жұмысшылары бір ауысымда 3280 бұйым жонып дайындауды жоспарлады. Бірақ цех жұмысшылары ауысым жоспарын 15%-ке артық орындады. Цех жұмысшылары осы ауысым кезінде қанша бұйым жонып дайындағандығын табыңыз
A) 4195
B) 4256
C) 3772
D) 3898
5. Тоңазытқыштың бағасы 180000 тг. 7% жеңілдік жасағаннан кейінгі тоңазытқыштың бағасы
A) 168300
B) 171200
C) 173000
D) 167400
6. Әлем құны 504 000 теңгеге планшет сатып алғысы келеді. Ол планшетті сатып алу үшін төрт ай бойы айлық жалақысынан 20% қалдыруға шешім қабылдады. Әлемнің айлық жалақысы қанша?
A) 105 000 тг
B) 450 000 тг
C) 630 000 тг
D) 700 000 тг
7. 2017 жылы АИ-92 маркалы жанармай бағасы 125 тг-ден 138 тг-ге қымбаттады. Жанармай бағасы неше пайызға қымбаттады?
A) 10%
B) 10,4%
C) 11%
D) 10,6%
8. А және В сандары қосындысының 20%-ы 60-қа тең болса, А+В сандарының қосындысын табыңыз.
A) 300
B) 250
C) 360
D) 200
9. Балмұздақтың 70% су, 12% сары май, қалғаны қант. 3,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше грамм қант керек екенін табыңыз.
A) 250 г
B) 540 г
C) 360 г
D) 630 г
10. Қандай да бір санның 40%-ы, 50 санының 80%-ын құрайды. Осы санды табыңыз.
A) 120
B) 100
C) 32
D) 10
11. Қызының жасы 9-да. Әкесінің жасының 25%-ын құрайды. Әкесінің жасы жасының 60%-ын құрайды. Атасының жасын табыңыз
A) 100
B) 60
C) 80
D) 65
12. Сатушы тауардың бағасын айдың басында 20%-ға арттырып, ал ай соңында 10%-ға төмендетті. Ай соңындағы тауардың бағасы алғашқы бағадан қалай өзгерді?
A) 9%-ға кеміді
B) 10%-ға кеміді
C) 15%-ға артты
D) 8%-ға артты
13. Тауардың бағасы 30%-ға, содан кейін тағы 15%-ке төмендетілді. Тауардың соңғы бағасы алғашқы бағасына қарағанда қанша пайызға төмендетілгенін табыңыз.
A) 40,5%
B) 59,5%
C) 47,5%
D) 45%
14. Электротехника дүкеніндегі тоңазытқыштың бағасы инфляцияға байланысты 25%-ке қымбаттады. Бірақ та тоңазытқышқа деген сұраныс төмен болғандықтан, оның қымбаттаған бағасын 10%-ке арзандатқан. Тоңазытқыштың соңғы бағасы алғашқысы бағасынан неше процентке артық екенін табыңыз
A) 12%
B) 13%
C) 15%
D) 12,5%
15. Жылына 30% өсіп отыратын жинақ кассасына салынған 200 мың теңге 4 жылдан кейін қанша теңге болатынын табыңыз
A) 671,22 мың теңге
B) 600 мың теңге
C) 471,22 мың теңге
D) 571,22 мың теңге
16. Азамат дәл екі жыл бұрын әр жыл сайын 10%-ға арттырылып отыратын шартпен банкке депозит ашып, шотына ақша салған болатын. Қазір оның депозиттік шотында 125840 теңге бар. Азаматтың бастапқыда банкке салған ақшасының көлемін анықтаңыз.
A) 104000 тг
B) 105200 тг
C) 110000 тг
D) 108700 тг
19. Бағасы А тг болатын бензиннің В%-ға қымбаттағаннан кейінгі бағасы
20. Арыстан банктен күрделі процентпен (әр жыл сайын бірдей процентке өседі) несие алмақшы болды. Егер жылдық проценті 15% болса, онда алған ақшасы қанша жылдан кейін шамамен екі есе өсетінін табыңыз.
A) 4
B) 6
C) 5
D) 7