Құмтоғай селолық округінің әкімі Е. Жүсіповтың тоқсандық есебі



Дата05.07.2016
өлшемі54.81 Kb.
#179326
Құмтоғай селолық округінің әкімі Е.Жүсіповтың тоқсандық есебі
2013 жылы 7 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу туралы жарлығына сәйкес Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті. Баламалы негізде аудандық маслихат депутатары селолық округ әкімдерін сайлады. Өздеріңіз білетіндей осы сайлауды өткізу жөнінде Ел басының «Қазақстан -2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жаңа жолдауында көтерілген болатын.

Жаңа сайланған ауыл әкімдеріне әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер берілді. Жүйелі жұмыс жүргізуге қосымша штаттар қосылды. Биылғы жылы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша, заң жүзінде 67 функция бегітіліп берілді.

Құмтоғай селолық округі бойынша белгіленген мерзімге сәйкес жоспарлармен міндеттерді басшылыққа ала отырып жұмыстар жасалуда.

Округтегі әлеуметтік салалар бойынша мекемелер тұрақты жұмыс жасайды.

Халық саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім жоқ.

Құмтоғайда - 643, Қарасайда – 226, Қарақұдықта – 282 барлығы -1151 халық бар.

Үстіміздегі 9 айда азаматтардың өтініш – шағымдарын тіркеуде бірқатар жұмыстар жүргізілді. 35 – өтініш тіркеліп қаралды. Қанағаттандырылды.

Өткен есеп берудегі көтерілген мәселелер шешімін тапты. Телефон байланысы жаңартылып жаңа қондырғы іске қосылды.

Жұмыс сұраған 4 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

Ауыз су мәселесіне жұмыстар жүргізілуде.



Ауыл шаруашылығы бойынша. Ауыл шаруашылық саласы бойынша 1 ЖШС-тік, 19 шаруа қожалығы бар қалыпты жұмыс жасайды. Қазір мал азығын сапалы түрде дайындап, алды мал баздарына тасылды. 2013 жылдың ақпан айынан бастап шаруа қожалықтары асыл тұқымды 17 бас бұқа сатып алды өз қаражаттарына. Қазір ірі-қара малдары асылдануда осы асыл тұқымды бұқа алған ауыл шаруашылық құрлымдары қаржылай қолдауалуда.

Сонымен бірге Қарасай елді мекенінің қоғамдық табынына 2 (екі) бас асыл тұқымды бұқа қосылды.

«Құлтума» шаруа қожалығы Казагро финанс арқылы лизингке МТЗ-82 тракторын сатып алды. «Қияқты» шаруа қожалығы трактор алуға құжаттар дайындауда. Округтегі 1 ЖШС-мен шаруа қожалығы және жеке кәсіпкерлер тұрғындарды мал азығын қамтыды.

Арзан бағамен 1 сорт ұн, жем, көмір тасылып берілді. Әліде жем, ұн, көмір арзан бағамен тұрғындарға тасылып беріледі. Ауыл шаруашылық құрлымдары несие алуға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыстарға көңіл бөлмей келеді. Өте нашар жұмыстар жүргізілуде осы жұмысты жандандыру қажет.

Шағын кәсіпкерлік бойынша округте 9 кәсіпкер қызмет көрсетуде көлік және сауда нүктелерінде. Кәсіпкерлік сала әлі де болса дамымай келеді.

Шаштараз, монша, наубайхана ашуға мүмкіндіктер бар. Бірақ осы кәсіпкерді ашуға кәсіпкер болмай отыр, жан жақты жұмыс жасалуда.

2014 жылға дәріхана ашуға бір кәсіпкер құжаттарын дайындауда. Бизнестің жол картасы арқылы несие алуға. Бақша егу де жоспарланып отыр.

Жолаушыларға такси қызметі жолға қойылды. Тері, жүн алуда қозғалыс бар.

Әлеуметтік сала бойынша 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 8 отбасыға дайындалып 26 балаға жәрдем ақы төленуде. Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңестірілген және тылда ауыр еңбек еткендер үшін 8 адамға жеңілдіктер көрсетілуде.

2012-2015 жылдарға арналған «Көркейе бер, туған жер!» акциясына орай жұмыстар жасалды 650,0 теңге.

Акцияға мекеме қызметкерлерімен шаруа қожалықтары белсене араласты. Ауыл шаруашылық құрлымдарына әлеуметтік жұмысқа жұмыспен қамту мекемесі арқылы 4 адам тартылды. 20 (жиырма) жас жұмыссыз елді мекендерді абаттандыруға жұмысқа тартылды «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында. Кәсіптік оқуға шаштараз мамандығы бойынша бір адам жіберіліп оқып жатыр. Екі тұрғын үй салынды жеке қаражаттарына.

Өңірді дамытуға байланысты Құмтоғай ауылының кіре берісіне жарықтандыру жүргізілді бюджет есебінен 1116,0 млн. теңге қаражат бөлініп қазір игерілгені 899,9 теңгенің жұмыстары жүргізілді.

Құмтоғай ауылының су құбырын жүргізуге жобалау сметалық қаражаттары жасақталды.

Телефон мен барлық елді мекендер бірнеше қыстақтар қамтылды.



Қаржы көрсеткіштері бойынша. Селолық округке қаралған бюджет есебінен қарастырылған 10077,2 млн.теңге уақытында толық игерілді. Оның ішінде селолық округ елді мекендерін абаттандыруға және тал егуге, баннерлер жасақтауға, қаңғы бас иттерді атуға жарықтандыруға, жол тазартуға, күл-қоқыстарды шығаруға 1258,9 млн. теңге жұмсалды.

Мүлік, жер салықтары бойынша жылдық жоспар орындалды. Көлік салығы бойынша 9 айлық тапсырма орындалды.



Білім, спорт, денсаулық, мәдениет салалары бойынша. Округте 1 орта , 2 негізгі мектеп, 1 балабақша, 2 кіші орталық, 2 кітапхана, 2 клуб, 2 ФАП, 1 дәрігерлік амбулатория тұрақты жұмыс жасайды.

Биылғы оқу жылында округтегі білім саласына төрт жас маман жұмысқа орналасты. Ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарға төленетін бір жолғы көтерме ақыға құжаттар дайындалып тапсырылды.

Қазір барлық мекемелер қысқы уақытқа дайын. Отынмен қамтылды, пештер жаңартылып дұрысталды. Округтегі орта мектеп өте тар қазіргі стандартқа сай емес кабинеттер жетіспейді. Спорт зал жоқ. Сондықтан алдағы уақытта қаржы көздерін қарастырып қосымша құрлыс етіп спорт зал салу жоспарда бар. Алайда білім саласының көрсеткіштері төмен. Жыл сайын ҰБТ –дан төменгі көрсеткіш аламыз. Сондықтан мектеп басшыларына ескерту, жұмысты жүйелі жүргізу керек.

Дәрі дәрмекті уақытында жеткізіп тұр. Биылғы жылы жаңа автокөлік алынды.

Бас дәрігер Ж. Сүлейменовтың қолдауымен.

Ауылдық кітапхана, клубтарда мәдени шаралар уақытында өтеді, барлық мерекелік мейрамдар аталып 8 наурыз, 9 мамыр, 1 қазан күндері мерекелік шаралармен бірге, дастархан дайындалып құрметтер көрсетіледі.

Округтегі жастарұйымы арқылы түрлі іс-шаралар өткізіледі. Көрерменнің көңілінен шыққан «Аймақтар аламаны» сайысы.

Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық көршілес Қалыбай елді мекендерінің жастары қатысып өз ара өнерлерін көрсетті.



Алдағы уақытта шешілмей келе жатқан мәселелер көп. Елді мекендерге ауыз су, және жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу. Кәсіпкерлік саланы жетілдіру. Жұмыссыздықты жойып, жаңа жұмыс орнын ашу сияқты өзекті проблемалық мәселелерді шешіп, өңірдің дамуына өз күш жігерімізді саламын. Сіздермен бірлесе отырып тығыз байланыста жұмыс жасаймын.

Құмтоғай селолық округі әкімінің халыққа есеп беру кездесулеріне байланысты елді мекендердегі проблемалық мәселелер жөнінде тұрғындардың ұсыныстарына, ескертулеріне және ой-пікірлеріне арналған жәшіктің орналасуы




Елді мекен атауы

Жәшіктің орналасқан жері


Көше атауы

1

Құмтоғай

Құмтоғай селолық округ әкімі аппараты


О.Жұмабаев көшесі №8

2

Қарасай

Қарасай негізгі мектебі


Д.Сарин №2

3

Қарақұдық

Қарақұдық негізгі мектебі

Қ.Р. Тәуелсіздігіне 20 жыл. көшесі №6



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет