Тоталитаризмнің белгілері:
Мемлекеттің қоғамның барлық саласында тым көп араласуы.
Монополиялық сипаттағы билік партиясының жетекші рөлі.Азаматтық бостандықтардың аяққа тапталуы.Биліктің күш қолдануға сүйенуі.
Мемлекеттің идеологиялық догмаларды басшылыққа алуы.
Тәуелсіз бүқаралық ақпарат қүралдарының жоқтығы. Енді тоталитаризмнің осы белгілеріне кішкене тоқтала кетейік. Мемлекеттің қағамның барлық саласына тым көп араласуы.
Тоталитарлық мемлекет қоғамдық институттардың қызметтерін, тіпті азаматтардың жеке өмірлерін бағыттауға ұмтылады. Мұнда биліктің кез келген саладағы, яғни экономика, саясат, өнер, этика, білім беру және басқа да салалардағы орыны анық сезіледі. Мысал ретінде экономика саласын қарастыралық.
|