Көлеңкелі экономика, түрлері және пайда болуы, қызмет ету механизмі



Дата17.07.2016
өлшемі74 Kb.
#204592


Көлеңкелі экономика, түрлері және пайда болуы,

қызмет ету механизмі
Көлеңкелі экономика бірнеше онжылдықтан бері зерттеліп келе жатқанымен, оны нақты талдайтындай анық түсінік қоғамтанушыларда әлі қалыптасқан жоқ. Жалпы анықтама ретінде мына түсінікке жүгінуге болады: көлеңкелі экономика - заңға қайшы келетін экономикалық қызмет түрі, яғни түрлі деңгейдегі қылмыстық істермен байланысты болатын заңсыз шаруашылық әрекеттердің жиынтығы болып табылады немесе материалдық игіліктерді ресми статистикада қарастырылмай, қоғамдық бақылаудан тыс өндіріс, тұтыну, айырбастау және қайта бөлу болып табылады.

Көлеңкелі экономиканы мынадай үлкен үш блокқа бөлуге болады:



  1. Ресми емес экономика («екінші» немесе «ақ жағалы» көлеңкелі экономика). Бұл бұрын жасалған ұлттық табыстың жасырын түрде қайта бөлінуіне алып келетін, «ақ» экономика қызметкерлерінің өз жұмыс орындарында жасайтын заңға қайшы іс-әрекеттері. Ол пара алу, жемқорлық, алаяқтық, т. б. болуы мүмкін. Көбінде бұл қызмет түрлерімен «ақ жағалылар», яғни басқару аппаратындағы қызметкерлер айналысады. Сондықтан да бұл экономика түрін «ақ жағалы» деп те атайды. Қоғам көзімен қарасақ, көлеңкелі экономиканың бұл түрі қызметтер мен тауар түрлерін өндірмейді, бір адамның пайдасы екінші адамның пайдасы арқылы келіп отырады.

  2. Фиктивті экономика («сұр» көлеңкелі экономика). Заңмен рұқсат етілген, бірақ тіркелмеген қызметтер мен тауар өндіруге байланысты экономикалық іс-әрекеттер. «Ақ жағалы» экономика «ақ» экономикамен тығыз байланыста болса, бұл онымен салыстырғанда «ақ» экономикадан бөлектеу өмір сүреді. Көлеңкелі экономиканың бұл секторында өндірушілер салықтан, лицензия алуға байланысты, т. б. шығындардан жалтару үшін саналы тұрде ресми есепке тұрудан қашқақтайды немесе бұндай қызмет түрлері туралы есеп мүлдем қарастырылмайды.

  3. Қылмыстық экономика («қара» көлеңкелі экономика). Бұл заңмен шектелген, аса дефицит және тиым салынған қызмет пен тауар түрін өндіруге және айналымға жіберуге байланысты экономикалық іс-әрекеттер болып табылады. «Қара» көлеңкелі экономика ресми экономикадан «сұр» көлеңкелі экономикаға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде бөлектенген. Қылмыстық экономикаға ұрлық, тонау, рэкет, наркобизнес, ұйымдасқан қылмыс, т. б. іс-әрекеттер жатқызылады.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, көлеңкелі экономиканың пайда болуының себептері ретінде экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейін; кірісті мемлекет пен қалған экономика арасында регламенттейтін заңнаманың жетілмеуі; бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерінің реттелуі, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады; жасырын экономиканы бағалау әдістерінің және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетілмеуі; әкімшілендіру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілікті дамытылмауы; қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы жіне төлем карточкаларын қабылдау жүйесі дамуының әлсіз деңгейі.

Осы себептерден пайда болған көлеңкелі экономиканың салдарлары көп және ауыр болуы мүмкін. Олардың бірі экономика саласында кландардың құрылуы, клан – бұл мемлекеттік билік органы түрінде «шатырға» ие, түрлі жолдармен жиналған үлкен сомаға ие және үлкен масштабты коммерциялық қызмет жүргізетін тұрақты билік шаруашылық құрылымы.

Мұндай кландардың құрылуының бірінші салдары: қаржы нарығындағы, негізгі тауарлар нарығындағы, тіпті ішкі саудадағы бәсекенің құлыпталынып қалуы. Екінші қайғылы салдары: үлкен табыстарды кішкене адамдар тобының иемденіп, халықтың көп бөлігінің кедейленуі. Үшінші салдар: бюджет жүйесінің деградациясы (кландар бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік меншікке байланысты операцияларды пайдалана отырып, бюджет жүйесіне зиян келтіреді), мемлекеттік қарыздардың өсуі (мұндай жағдайларды қоғамның қаржылық мәселесінің шешімі амалсыздан осыған келіп тіреледі). Төртінші салдар: ұлттық табыстың элиталық топтың пайдасына бөлінуі. Ол өсе береді, ал тұрғындардың көп бөлігінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін ұлттық шаруашылық саласы құлдырауға кетіп барады. Бесінші салдар: елімізге қатысты алатын болсақ, Қазақстан капиталының шет елге сатылуы.
Қазақстандағы көлеңкелі экономика деңгейі
Көлеңкелі экономиканың Қазақстанда қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде бірнеше этаптарға бөлуге болады.

1-этап.1980 жылдары көлеңкелі экономика дамуы мен қалыптасуы тенденцияларының пайда болуымен сипатталады, сонымен қатар кооперативтік сектордың пайда болуымен сипатталады. (1989 г.) КСРОдағы кооперативті секторда жұмысбасстылардың саны 1988 жылы 152000 адамды құрады. (88000 адам 1987 жылы); 5 млн. адамға дейін күрт өскен.

2-этап. 1989 - 1992 жылдар, бұл этаптың басты ерекшелігі өнеркәсіптің және сауданың криминализациясы, салық жеңілдіктері бар қайырымдылық қорлар секілді ұйымдарға криминализацияның экспансиясы.

3-этап. 1992 - 1993 жылдар. Көпшілік приватизацияның басына қарай (1993 г.) көлеңкелі экономика орбитасына тек сауда коммерциялық, сонымен қатар қаржылық құрылымдар( банктер, инвестициялық қорлар мен компания) тартыла басталды.

4-этап.1993 жылдың соңы - 1998 жыл. Бұл этаптың сипатты белгісі басқару сферасындағы коррупция. Экспорттық сұрау негізінде коррупция мына салаларда анағұрлым дамыған:

әкімшілік шаруашылық (министрліктер және ведомстволар) - 1 орын (75%);

шаруашылық экономикалық (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) – II орын (66,3%);

құқықтық (сот құқық қорғау және салық органдары) - III орын (55%).



5-этап. 1999 жылдан осы уақытқа дейін. Көлеңкелі экономика мәселесі ұлттық масштабтағы сипаттағы.

Қазақстандағы көлеңкелі сектордың дамуының негізгі көздері мен себептері:мемлекеттегі жұмыссыздық, қылмыс, өмір сүрудің төмен деңгеймен сипатталатын жалпы әлеуметтік экономикалық жағдай, кәсіпкерліктің даму базасының нормативті құқықтық кемшіліктері, салық заңнамасының толымсыздығы.Бақылау ревизиялық, құқық қорғаушы органдардың әрекеті көлеңкелі экономиканы ығыстырудың негізінде оны тудыратын себептерді жою болып табылады.

К-ле4кел3 экономиканың дамуына әсер ететін факторлар:

А. «тікелей әсер» факторлары:

- Атқарушы биліктің тиімсіз басқару іс-әрекеттері;

- Бақылау-ревизиялық органдардың біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;

- Мемлекет саясатындағы басымдылықтар мен стратегиялық бағыттар,

- Геосаяси жағдай мен сыртқы экономикалық қатынастар;

- Басқару органдарының жемқорлықтың деңгейі;

- Халықтың мүліктік жағдайындағы айырмашылық.

Б. «Жанама әсерлердің» факторлары:

- Тұрғындар табыстары арасындағы үлкен айырмашылығы;

- Халық менталитетінің ерекшеліктер.

- Көлеңкелі экономика дамуына тән факторлар:

- Әлеуметтік салаға шығындардың азаюы;

- Қазақстандық капиталды шетелге шығару;

- Аймақтардың дамуының тепе-теңдігінің бұзылуы;

- Қоғамның криминализациялануы, экономикалық қылмыстың артуы;

Көлеңкелі экономиканы шектеу тәжірибесінде белгілі бір механизмдер жұмыс істейді. Мұнда қылмыстық жағымен ғана емес,сонымен қатар құқықтық әдістерді де енгізу керек. Капиталды ел экономикасына қызмет еткізу үшін:

а) салық мөлшерін азайту және оларды алу процедурасын жеңілдету;

ә) кәсіпкерлікті тиімсіз ететін заңдардағы құқықтық олқылықтарды жою;

б) өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға кететін табысты салықтық қысымнан босату;

в) жинақтар мен капиталдардың сақталуын мемлекеттік қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні елімізде көлеңкелі экономиканың қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы жасырын емес. Онымен күресудің басты тетігі саналатын – салық жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізгенімізбен, аталған жайдың ауыздықталған түрі көрінбейді.Қаржы полициясының мәліметі бойынша, көлеңкелі экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жылы 27 триллион теңгені құрады. Бұл көлеңкелі экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Айтар болсақ, елімізде тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мыңы ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Бұған әсер етуші факторлар өте көп болғанымен, ең негізгісі әкімшілік кедергілер болып отыр.

Оны заңға сәйкес жұмыс жасайтын секторға шығару үшін ең алдымен бизнес жүргізу тетіктерін оңтайландыру қажет

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысында келесі міндеттер айқындалған:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;

4. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.

Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

- 2016 жылға дейін Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциялар ратификацияланып, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланады.

- 2015 жылға қарай Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.

Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

- уақытын және шығындарын қоса алғанда, бизнесті тіркеу мен жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар, аккредитациялар алуға, сондай-ақ консультациялар алуға) қатысты операциялық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 30%-ға төмендейді;

- берілетін лицензиялардың жалпы санының электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі: 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 20 %, 2013 жылы - 50 %, 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 100 % құрайды;

- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «тиімді қызмет» деген бағалаумен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлесі 2011 жылы 30 %-ға, 2012 жылы 35 %-ға, 2013 жылы 40 %-ға, 2014 жылы 45 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға артады;

- жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2011 жылы 52 %-ға, 2012 жылы 54 %-ға, 2013 жылы 56 %-ға, 2014 жылы 58 %-ға, 2015 жылы 60 %-ға артады;

- 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.

Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

- мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанатын халықтың үлесі 2015 жылға қарай кемінде 60 %-ды құрайтын болады;

- халықтың құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.

Төртінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:

- жалпы ішкі өнімнен көлеңкелі экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай - 19,4 %, 2015 жылға қарай - 19,3 %-ды құрайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 3 қыркүйек күні мемлекеттік органдарда қаржылық тәртіпті қатал жолға қоюды, көлеңкелі экономика үшін заңнамалық кедергілер құруды, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдетуді тапсырды.

Сонымен,Көлеңкелі экономика – бұл мемлекетке салық төлеуден жалтаратын және заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.Көлеңкелі экономика ауқымын және оның аясындағы табыс көлемін анықтау өте қиын,алайда сарапшыларды бағалауынша ЖҰӨ-гі оның үлесі АҚШ-та 8-14%,Англияда 6-8%,Франция мен Канадада 5-8%,Швеция мен Норвегияда 6-17%,Италияда 30%-құрайды.Шетелдік мамандардың бағалауынша,бұрынғы КСРО-ның «жасырын экономикасы» дүниежүзіндегі дамыған 20 елдің қатарына кірген.Олардың есептеуінше,ЖҰӨ-нің 5-7% «көлеңкелі» секторда өндірілген.Көлеңкелі экономиканың мұндай ауқымы мемлекеттік меншіктің монополиялық үстемдігіне байланысты.

Қазақстан Республикасында Көлеңкелі экономиканың қазіргі экономикада мынадай элементтері орын алып отыр:жасырын меншік түрлері мен негізгі тәсілдері көптен бері қалыптасқан жалған экономика субъектілердің әрекет етуі.Олармен күресу шараларын арнайы құқық сақтау органдары жүргізеді.Отандық ғалымдар көлеңкелі экономикамен күресудің бірден-бір тәсілі болашақта жаппай электрондық ақша жүйесіне көшу деп есептейді.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің жедел деретері бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің көлемі ағымдық бағалармен есептегенде 21 513 473,3 млн. құрады және 7,0 %-ға өсті.

Осы елімізде таралып бара жатқан індеттің алдын алуға әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Оған, тіпті, бізден айрықша күш-қуат, қосымша жұмыстану талап етілмейді. Бар болғаны, сауда жасаған кезде сатушыдан кассалық аппа­раттың чегін талап етсек те жеткілікті көрінеді. «Бұл өзі ұсақ-түйек, қарапайым нәрсе сияқты көрінеді. Алайда, әрбір сауда жасаушы адам кассалық аппарат чегін талап ететін болса, көлеңкелі экономика көрсеткіштерінің азаюына үлкен үлес қосқан болып шығады. Қандай ауру болмасын, алдымен осындай ұсақ-түйектен басталатынын ұмытпауымыз керек. Кассалық аппарат чегіне тіркелмеген табыстардың өзінен миллиондаған қар­жы көлеңкеге кетеді. Тіпті, елімізде «Касса­лық аппарат чегін талап етейік» ак­ция­сын ұйымдастырса да артық болмас еді».



Осы орайда, «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста!» шарасын айта кеткен орынды. Бұдан үш-төрт жыл бұрын жүргізілген «мүлікті заңдастыру» шаралары да жақсы нәтиже берді. Еліміздегі әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер халық алдында өздерінің табыстарын жария етті. Мүлікті заңдастыру бойынша көптеген бай азаматтар өздерінің табыс көздерін, мүліктерін, қаржыларын тасадан шығарып заңдастырды. Ерікті салық төлеушіге айналды. Мемлекеттік деңгейде жүргізілген осындай шаралардың нәтижесінде кө­лең­кеден миллиондаған қаржы шығарылып, ел бюджетінің толығуына өз үлестерін қоса бастады. Еліміздегі осындай акцияларды шетелдік сарапшылар жоғары бағалап, экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге сеп болатынын атап өткен бо­латын.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет