Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: « Н.Н Малофеевтің арнайы педогогиканың эволюциялық даму кезеңін талдау. Арнайы педогогика саласындағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері»
Факультеті: Педогогика және психология
Мамандығы: Арнайы педагогика
Топ:АП-124
Орындаған: Серікқызы Ұлпан
Қабылдаған: Увалиева М.З
Алматы, 2024
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Арнайы педогогика саласы
Н.Н Малофеевтің арнайы педогогиканың даму тарихын жіктеуі
Арнайы педогогика саласындағы отандық және шетелдік авторлар еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отандық және шетелдік мамандардың айтуы бойынша,өкінішке орай, дамуында ауытқушылықтары бар балалар саны жыл санап өсіп келеді.Бұған түрлі себептер бар:қоғам мен жекелеген отбасыларында тыныштықтың
болмауы, көп жағдайларда калыпты экономикалық және экологиялық нормалардың сақталмауы, мектеп пен отбасы тәрбиесінің жетіспеуі,танымдық
депривация эмоциялық, және сенсорлық қарым-қатынастар мен қажеттіліктердің жеткіліксіздігі,т.б.
Білім беру органдары есепке алған мектепке дейінгі жастағы 55720 баланың 9906-сы ғана азды-көпті коррекциялық көмек алып отыр. Олар үшін 36 арнаулы бала бақшасы және 236 мектепке дейінгі арнаулы топ жұмыс істеуде. Мектеп жасына дейінгі көру, есту,сөйлеу,жүру-тірек аппараттары және интеллектілік дамуында кемшіліктері бар балаларды оқыту кеңестік дәуірде
жасалған бағдарламалармен іске асырылуда. Мектепке дейінгі арнаулы ұйымдар өз қызметтерін казіргі заманғы нормалык-құқықтык және оку-әдістемелік ережелерге сәйкес келмейтін жағдайларда іске асыруда. Ал есепке алынған 96416 мектеп жасындаты науқас балалардың 23592-ci ғана арнаулы
мектептік оқумен қамтылып отыр. Олардың 6554-і өз ана тілдерінде қазақша оқытылуда. Қазіргі таңда республикада 103 арнаулы мектеп жұмыс жасайды. Олардын 4-еуі жүру-тірек аппараттарында мүкістері бар балалара, 55-і интеллект дамуы, 9-ы психиқалық дамуы тежелгендерге, 20-сы есту қабілеті, 9-ы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған. Айта кететін жағдай, сырқат баланың дамуының алғашкыжылдарында оның оқуы мен тәрбиесіне негізгі кедергі келтіретін алғашкы мүкістіктері болса, дер кезінде қажетті коррекциялык көмек көрсетілмеген жағдайда оның әлеуметтік бейімделуіне бөгет жасайтын екінші кезектегі ауытқушылықтар пайда болады. Осыған байланысты қазіргі заманғы коррекциялык педагогикада бала дамуындағы ауытқушылықтарды неғұрлым ертерек анықтап, дұрыс диагностика қойып, оған қажетті алғашкы педагогикалык-психологиялық көмек көрсету негізгі ұстаным болып отыр. Осы міндеттерді табысты шешу мақсатында көптеген жоғары оқу орындарында педагогтардың болашақ маңызды дефектологиялық мәселелерден хабардар болуын қамтамасыз ететін «Арнайы педагогика негіздері» курстары енгізіліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |