Н. Н. Миклухо-Маклайдың Жаңа Гвинеядағы папуастар туралы этнографиялық зерттеулері



Дата08.11.2023
өлшемі17.41 Kb.
#482693
билет


Билет №20
1. Н.Н. Миклухо-Маклайдың Жаңа Гвинеядағы папуастар туралы этнографиялық зерттеулері
2. Тікелей бақылау әдісі
3. Эссе тақырыбы: «Қазақтың тұнғыш ғалымы Ш. Уалихановтың қазақтың қару-жарақтары туралы зерттеулері»
1. Миклухо-Маклай Николай Николаевич (1846-1888) – орыс саяхатшысы, антрополог, этнограф және биолог. 1871-1880 жылдары Оңтүстік-шығыс Азия, Австралия елдерінде және Тынық мұхит аралдарында антропологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізіп, антропология мен этнография ғылымында үлкен із қалдырды. Ғылымда тұңғыш меланезия антропология типін сипаттап жазады, адамзат нәсілдерінің түр жағынан біртұтастығын және бір-бірімен туыстас екендігін, “төменгі” және “жоғарғы” нәсілге бөлудің ғылыми негізсіз екендігін дәлелдеген.
1866 – 1867 жылдары Канар аралдарына және Мароккоға саяхат жасады.
1867 жылы Қызыл тау жағалауында, теңіз фаунасын зерттейді.
1871-1874 жылдар - Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс жағалауы.
Миклухо-Маклай 1871 жылы 20 қыркүйекте "Витязь" (капитаны Назимов) атты орыс корветімен (ерте замандағы үш діңгекті соғыс кемесі) Жаңа Гвинея аралының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Астролябия шығанағына келіп кіреді. Алғаш рет жергілікті тұрғындар папуастармен танысады. 27 қыркүйекте корвет "Витязь" кейін қайтады.
1 қазан күні папуастар деревнясына алғашқы қадамын бастаған Миклухо-Маклай 2,5 жыл олардың арасында тұрып, зерттеулерін жүргізеді, сонымен қатар Бютензоргте (Богор), Явада, Папуа-Ковиайда болады.
1875-1877 жылдар - әртүрлі ендіктегі саяхаттары:
1874 жылдың аяғында Миклухо-Маклай Малакк (Малай) түбегінің түкпіріне саяхат жасап, ғалымдар арасында ежелден пікірталас тудырған түбектегі меланезиялықтарға жатпайтын "оран-утан" ("орман адамдары") деген халықты іздеп, зерттейді.
1976 жылы Океания аралдары -Яп және Палауға барады.
1879-1881 жылдар - Австралия.
1882-1883 жылдар - Ресей мен Еуропа.
Жаңа Гвинея аралында европалықтардан алғаш рет 16 ғ-дың 1-жартысында португал саяхатшылары болып қайтты. Аралды орыс ғалымы Н.Н. Миклухо-Маклай (1846 — 1888) зерттеген.
Аралдың батыс бөлігі Индонезияның территориясына (Батыс Ириан), шығысы Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің территориясына енеді. Аралдың тұрғылықты халқы — папуастар мен меланезиялықтар. Негізгі кәсібі — егіншілік. Негізінен, батат, жүгері өсіреді. Кокос пальмасы, какао, кофе, каучук гевеясы плантациялары бар. Мұнай, күміс, алтын, көмір өндіріледі. Балық аулау кәсібі дамыған. Ірі қалалары: Порт-Морсби, Маданг (Папуа — Жаңа Гвинея), Соронг, Джаяпура (Индонезия)

2. Оқулық және әдістемелік әдебиеттер тікелей бақылау әдісін далалық жұмыстардағы әдістеменің өзара байланысты шоғыры ретінде қарастырады, олардың негізгі қамтушылары: жеке бақылау, информанттармен жұмыс, үйренілген материалдардың қағазға түсірілуі, этнографиялық топтамаларды жинау, құжат көздерімен жұмыс. Тікелей бақылау әдісінің осындай кең түсіндірмесі бір жағынан алып қарағанда далалық этнографияның нысаны және пәні ретінде, екінші жағынан этнографиялық зерттеулерде қолданылатын этнографиялық көздердің басқа көздер түріне қатысты ерекшелігі ретінде сипат алады.Тікелей бақылау әдісімен қандай халықтарды зерттеуге болады? Жауабы, әрине қазіргі таңдағы кездесетін барлық этнос халықтар, өйткені олардың тарихына және этникалық рәсімделу деңгейіне да қарамайды. Бұл жағдайда, далалық этнографияның нысаны бірнешеу болады. Далалық жағдайларда фольклорлық материалдарды көне халықтар туралы тарихи мұра ретінде жинау мүмкіндігі туады. Мысалы, кең қоныстанған солтүстік самодийлердің мәдениетіндегі сиирт туралы риуайаты, зерттеушілерге Батыс Сібір аумағының арктикалық көне тұрғындары туралы этнографиялық сипаттама алуға мүмкіндік берді.Демек, этнографияның нысаны болып қазіргі таңда бар этностар табылады. Бірақ та тікелей бақылау әдісінің қосымшасы нақты халыққа бағытталған, назарда ұстайтын жайт, біз далада этноспен толық айналыспаймыз, оның аймақтық жіктелуілер бойынша қарасытарамыз. Далада өмір сүретін халықтардың әрқайсысының тұрғылықты жағдайын, киім кешегін, бүткіл фальклорын барлық аймаққа қатысты сипаттап шығу ақылға қонбайды. Сол үшін де далалық этнографияның тікелей бақылау әдісінің хронологиялық мүмкіншіліктерімен байланысты шектеулі нысанында, ескере кететін нәрсе, ол далалық жұмыстың нысаны кеңістіктік тұрғыдан да шектелетіндігі. Яғни біз далада орыстарды емес, Сібір орыстарын, Солтүстік Орыстарын немесе Оңтүстік Ресейді зерттей аламыз. Этносты зерттеу жалпы алып қарағанда, оның әртүрлі аймақтық жіктелулеріндегі тікелей бақылау әдісімен жиналған мәліметтерді жүйелеу жолымен жүзеге асырыла алады.


3.Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті.
Қазақ ғылымының бастауында тұрған Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырда қазақтардың әскери ісін сипаттауға көп көңіл бөлді. Ол қазақтардағы қарудың түрлерін екіге бөліп көрсетеді. Біріншісі – мал күзеткенде және ішкі қақтығыстар кезінде қолданылатын қарулар. Олардың қатарына қамшы, құрық, сойыл жатады [1, 463-б.]. Екінші топқа соғыс кезінде қолданылатын қарулар кіреді. Олар: ертеректе қайқы қылыш, кейін сапылар; селебе мен жекеауыз және «үнемі әр қазақта болатын пышақ»; одан әрі найза; садақ, жақ және жебелері; мылтық [1, 464-466-бб.] деп көрсетеді. Ш. Уәлиханов бұл қарулардың тек атауларын ғана беріп қоймай, сонымен қатар олардың неден жасалғанын немесе оларды қай жерден әкелетінін, түр-сипатын, асыну ерекшеліктерін көрнекті түрде өзінің салған суреттерімен бейнелеп отырған.
Мысалы, Шоқан садақ туралы айтқанда оларды қазақтардың өздері жасайтынын, бірақ Бұқара мен башқұрттан қымбат садақ алдыруға әуестігін айтып, олардың кейін Қытайдан да келе бастағанын атап өтті. Ал жебелерді қайыңнан жасайтынын, қауырсыны төрт қатар, ұштары аңға арналғаны екі қырлы, сауыт бұзары төрт қырлы болатынын, адамды аттан атып түсіру үшін қозыжауырын сияқты оқ түрлерін қолданатынын, жебенің қауырсынын әдетте «көшегеннің қойлық жүнінен немесе тазқараның тайлық жүнінен жасайтынын» көрсетті.
Ғалым мылтықтарды сипаттауға да көңіл бөлген. Ол қазақтарда мылтықтың өте сирек болатынын, атадан балаға мұра ретінде берілетінін және әр мылтықтың қасиетіне қарай «көз кеш», «күлдір-мамай» сияқты өз аттары болатынын, оқтарды қорғасыннан жасайтынын, сонымен қатар, мылтықты қолдануға байланысты керекті барлық қосалқы жарақтарды да толық сипаттап кетті. Сол сияқты Ш. Уәлиханов «Қазақ оқ-дәрісінің құрамы» атты еңбегінде қазақтарда оқ-дәрінің жасалу жолдары туралы құнды мәліметтер қалдырған [2]. Оның құрамы сор (селитра), көмір, күкірттен тұрады. Қазақтар сорды мал қиынан немесе «қалмақ» қорғандарының ескі топырағынан алған. Көмірді тек талдан, оның оқ-дәріге жарамды ең жұмсағынан күйдіреді екен. Ал күкіртті Ташкеннен әкеледі, әсіресе орыс күкіртінің сапасы жоғары болғандықтан соны пайдалануға тырысқан.
Қазақтар оқ-дәрінің әр түрін білгені туралы, оны неден жасалатыны туралы орыс мәліметтері де бар. Бірақ олар ол туралы үстірт айтып кетеді. Ал оның жасалуының біршама толық технологиясын тек Шоқанның еңбегінен көреміз. Аталған еңбекте Шоқан сорды алу үшін топырақты не қиды қалай қайнататынын, оны сүзу және сордың кристалдарын жинау процесі нақты суреттеледі. Екі жарым фунт (1,13 кг) оқ дәрі алу үшін бір фунт сор, жарты фунт көмір, бір фунт күкірт салынады екен. Әрі қарай Шоқан осы оқ-дәрінің құрамын аттың қылымен қалай езгілеп, ұнтақтатып, тазартатынына дейін сипаттайды.Қазақтардың қару-жарақ кешені халық ауыз әдебиетінде батырлардың толық қаруланғанын білдіретін «бес қаруын асынды», «бес қаруы бойында» деген сөз тіркестері жиі кездеседі. «Ер қаруы – бес қару» [3, 46-б.] деген жыр жолдары мақал сөзге де айналып кетті. «Бес қару» – сөз жоқ, қазақ батырлары қолданатын соғыс қару-жарақтарының негізгі кешенін білдіретін ұғым. Ал, қаруды «бес қарудың» қатарына жатқызу үшін оның төмендегідей ерекшеліктері болуы шарт. Біріншісі – жалпы еркек адам емес, тек жауынгер, әскери адам ғана ұстайтын құрал болуы керек; екіншісі – күнделікті тұрмыста емес, тек соғысқа қолданатын құрал болуы керек; үшіншісі – қарудың жекпе-жекте қолдану мүмкіндігінің болуы; төртіншісі – қарудың әскери тактикаға негіз болуында; бесіншісі – қару түрінің әскер құрамын анықтауы; алтыншысы – қарудың жоғары дәрежелі әскери лауазымдарды белгілейтін және әр түрлі символдық мағынада қолданылуы; жетіншісі – соғыс қаруының өзіндік жұмсау тәсілімен ерекшеленуі [4, 44-46-бб.]. Осы ерекшелерге байланысты «ер қаруына»: 1) садақ (кейін оның орнын мылтық басады); 2) қылыш (ертеде семсер, сапы); 3) найза («сүңгі» деп аталатын ұзын түрі бар); 4) айбалта; 5) шоқпар (соғыста қолданатын түрі «гүрзі») жатқызуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет