«Нарходза» өткен наурыз// Республикалық қоғамдық-саяси газет «Айқын»// 26 сәүір 2012ж



Дата16.06.2016
өлшемі24.15 Kb.
#139925










«Нарходза» өткен наурыз// Республикалық қоғамдық-саяси газет «Айқын»// 26 сәүір 2012ж.



Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті наурыз тойын атап өтті. «Нархоз» деген әйгілі атты иеленген бұл жоғары оқу орнының атағы бүгінгі таңда республика ғана емес, шетелдерге де мәлім. Негізінен, еліміздің экономика, қаржы саласының мамандарын дайын­дайтын университеттің түлектері қазір респуб­ликаның түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр.

Демек атағы алысқа тараған университетте өткізілетін іс-шараның барлығы да бүгінгі күн­де студенттердің білімін шыңдап, жеткілікті тағылым-тәрбие алуға арналғанын айта кетуге тиіспіз. Университет басшылығының бас­тамасының өткізілген Наурыз тойы қызғылықты өткен шара­ның бірі болды. Ұлыстың ұлы кү­ніне арналған мерекеде сту­дент­тер би билеп, өз өнерлерін көр­­сетті, елімізге белгілі әншілер әуе­лете шырқап ән салды. Қазақ­тың «Салтанат» би ансамблінің ұл-қыздары майыса билеп, жұрт­шылықты риза етті. Ал универ­ситет ректоры озат студенттерді алғысхатпен марапаттап, олар­дың өмір жолына сәттілік тіле­ді.


Біз бұл орайда аталған оқу ор­нының халықаралық білім бағ­дарламасы факультетінің нау­рыз мерекесіне бір кісідей ерек­ше дай­ындықпен келгенін айта кету­ге тиіспіз. Бұлай айтуға да не­гіз бар. Өйткені факультет сту­дент­тері жақсы оқумен қатар, әртүрлі шараларға да белсене қа­тысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Биылғы оқу жы­лын­да фа­куль­теттің КВН коман­дасы сах­налық қойылым но­ми­на­циясы бойынша бірінші ор­ын­ды ием­денді. Сондай-ақ факультетте Research Club, Student Business Agency, Cinema-Club, Business case-club, сонымен қатар амери­ка­лық Patriots футбол клубы құрылған. Халықаралық білім бағ­дарламасы факультетінің сту­­­дент­тері ағылшын тілінде өткен «КИМЭП жастар дебаты - 2012» біріншілігінде көзге түсіп, жүл­дегерлер қатарынан көрінді. Әри­не, мұның бәрі факультет де­каны, экономика ғылымының док­торы, профессор Айнагүл Аман­гелді­қы­зы Адамбекованың ұй­ым­дас­тырушылық қабілетінің арқа­сында екенін айта кетуге тиіспіз. 2006, 2007, 2010 жылдары жоғары оқу орындарының үздік оқыту­шысы атағына ие болған ғалым сту­денттерге арналған 8 оқу кіта­бы мен оқу құралдарының авто­ры. 2010 жылы экономика саласы бой­ынша жастар арасын­дағы мем­лекеттік сыйлықтың ие­гері атанған Айнагүл Амангелдіқы­зының еңбегін факультеттің бү­­гін­гі жетістігімен байланыстыр­ған лазым.
Өйткені факультеттің атын шығарып жүрген студенттер же­терлік. Атап айтар болсақ, Айдар Әбілғазин қалалық, респуб­ли­калық «БҰҰ-ның жастар моделі Қазақстанда» байқауына қатыс­қан, Angry Birds зияткерлік ко­мандасының капитаны екенін айта кеткен жөн. Ал 1-курс сту­денті Данияр Бейсенов болаша­ғынан зор үміт күттіретін сту­дент­тердің бірі, ол бірнеше рет ха­­­лықаралық ғылыми-тәжіри­белік конференцияларға қаты­сып, ЖОО арасындағы «Парла­мент­тік жүйе» дебатына қа­т­ы­сып, І орынды жеңіп алған. Уни­версит­ет­тің спорттық өмірі­не де бел­сене араласады, жақында ЖОО ара­сындағы бас­кетболдан өткен жа­рыста оның командасы ІІІ орын­ды жең­іп алды.
Факультеттің 3-курс студенті Ақтан Тауымбаев та - белсенді жас­тардың бірі. Ол ғылыми кон­фе­рен­цияларға белсене арала­сып, Ресейде қаржы университ­тері ара­сында өткен халықаралық кон­ференцияда ең белсенді алты жастың қатарына енгенін айта кетуіміз керек.
Осындай алымды да, шалым­ды, мықты, болашағынан мол үміт күттіретін студенттері бар университте наурыз мерекесін той­лау жыл сайын дәстүрге ай­нал­ған. Университеттің жасыл алаңында өткен наурыз тойы сөй­тіп, көпшіліктің есінде қал­ды. Наурыз тойына көптеген қонақтар келді. Қысқасы риза болып тарасты.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет