Науаи мемлекеттік педагогика институты


ТАРАУ. Әдебиет пәнін оқытуда техникалық құралдарды пайдаланудың дидактикалық принциптері



бет2/3
Дата10.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#126257
1   2   3

2.ТАРАУ. Әдебиет пәнін оқытуда техникалық құралдарды пайдаланудың дидактикалық принциптері

Оқу процесін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру мәселесі оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша неғұрлым кең тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Осыдан келіп қазіргі мектептердің алдына білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім еңбек және кәсіптік жаярлық сапасын едәуір арттыру оқытудың белсенді формалары мен әдістерін техникалық құралдарын неғұрлым кеңінен қолдану мәселесі ерекше қойылып отыр.

Оқу процесін жетілдіру қоғам талабынан келіп туындайтын ғылымның даму дәрежесіне содан келіп шығатын оқу материялының мазмұнына оның көлеміне оны оқытудың уақыт мөлшеріне прогрпммалық материялдарды тез де жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін көмекші құралдардың сапасына осы пәнді оқытатын мамандардың даярлық дәрежесіне тікелей байланысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының оқу процесін жетілдіруде өзіндік орны бар.олардың бәрін жоғары бәрән төмен қойып қараудан болмайды сондай-ақ бірімен бірін ауыстыруғада болмайды. Олардың ішінде қазіргі кезеңде оқу процесін жетілдіруде техникалық құралдарды тиымды пайдаланудың орны ерекше екенін естен шығармауымыз керек.

Бұл техникалық құралдардың процесіндегі орнының күн санап молая түсетіндігін сол үшін оны оқу процесінде қолданудың методикасын жасап жетілдірудің керек екендігін осыдан оның мектеп практикасындағы қажеттілігі деген мәселе келіп туатындығын көрсетеді11.

Оқушыларға көркемдік білім беру арқылы олардың әсемдік сезімін дамытуда зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиет пәнін оқытуда техникалық құралдарды қолданудың мәні арта түспек. Сондықтан мұны қолданудың дидактикалық принциптерін, оларға қойылатын педагогикалық талаптарды мұғалімдер білгенде ғана оның тиімділігі артпақ.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытуда техникалық құралдың мынандай түрлерін пайдаланған жөн. (Бұл шартты түрде беріліп отыр.Қазіргі техникалық прогресс дәуірінде техникалық құралдардың жаңа, жетілген түрлері көптен шығарылуда. Олар жаңа аппараттармен тола бермекші.

Кабинетте болуға тиісті құралдар:

Бейнепроектор -1

Компьютер -1

ЛЭТИ -1


Интерактивті тақта -1

Дивиди -1

Телевизор -1

Киноаппарат -1

Видеомагнитафон -1

Радиоқабылдағыш -1

Ойнатқыш(проигтыватель) -1

Фотоаппарат -1

Бұл құралдарды екі топқа бөле: 1.Экрандық және 2. Дыбыстық деп қарастырған жөн болады.

Экрандық техникалық құралдар: Бұған киноаппарат, эпидиаскоп, кодоскоп, ЛЭТИ, протон, свитязь, фильмоскоп т.б. жатады. Бұлар негізінен шағын көрнекті материалдарды(суреттерді, схема, таблицаларды) экранға түсіру арқылы сабақ мазмұнына байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған. Сол материалдарға оқушы назарын толық аудара отырып, талдап қорытынды жасауға мүмкіндік алатын боламыз.

Осы техникалық құралдар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер, олардың түрі қандай болмақ? Бұл арада ескере кететін бір нәрсе қазақ әдебиетінен жасалған көрнекіліктің тапшылығы. Мұны, көбінесе, мұғалімнің, өзі жасауға, даярлауға тура келеді.

Көркем сөз шеберлерінің өмір жолын, творчествосын оқыту үстінде қолданылатын, пайдаланылатын әртүрлі суреттер Абай өмірін өткенде, Шоқан туралы баяндағанда т.б. жазушылар туралы да соларға байланысты суреттерді ретімен көрсетуге тура келеді. Абай суреті туған өлке көрінісі, Абай замандастары, Абай туыстары, Абай шәкірттері, Абай қолтаңбасы, Абай басылымдары, Абай жүрген географиялық аймақ, оның қазіргі кезі, Абай ескерткіштері, музейі, Абай атына байланысты жер-су, мекен аттары оқушыларды қызықтыратын болады.

Сондықтан мұғалім материал мазмұнын түсіндіру, талдау үстінде мұндай суреттерді пайдалануына тура келеді. Ондай материалдарды баяндау барысында ретімен, тиімді жерінде, жүйесін сақтай отырып пайдаланғанда, көрсеткенде ғана тиімді пайда келтірмек. Сонымен қатар мұндай материалды қолданғанда суреттердің барлығының көлемі жағынан бірдей, бояулы, көркем болуын қадағалауымыз керек.

Жазушыға байланысты қандай бір суретті пайдаланбайық, оның білімділік, тәрбиелік жағына ерекше мән беруіміз керек. Мысалы, Сәкен портретін оқушыларға көрсеткенде оның бойынан байқалатын мөлдір сұлулықты, адамгершілік зор тұлғаны, сезім тазалығы мен тамаша ерлік қасиетті,тәкаппарлықты, өзіне, халқына, табына деген зор сенімді, сонымен бірге қарапайымдылықты, нәзіктікті, сыпайылықты көрсете білуіміз керек. Жазушы суретін осындай қасиетті оқушылардың сезінуіне түрткі боларлық, оның творчестволық еңбектерін мол материалдарды тауып кеңінен пайдаланғанымыз жөн.

Бұл жерде Сәкен жайында жазылған М.О.Әуезов пен С. Мұқановтыңсипаттамасын мысалға келтіруге болады.

Сәкен туралы «Тәкәппар жазушы» деген мақаласында М.О.Әуезов « Адамның шын мүсінін көрсететін, өз басын өзгеден кем емеспін, теңмін» деген сенім, санаға жеткізетін қадірлі сипат тәкаппарлық, « Күш- қуат ой-сезім істегі нәр атауларының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жайнап ортаға салған жылдар». Сәкеннің бойына тән қасиеттер екенін көрсете отырып, оның жан дүниесін» Тұтас білімді, жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер... сүюі мен ашуы, ырзалығы мен наразылығы, үміті мен күдігі әрқашан барынша шын сезімнің толқыны боп бөлінеді»- деп көрсетсе, С.Мұқанов Сәкен портретін» Қыраусыз қап-қара қалың қасы, қою ұзын мұрты өзі сұлу ажарын шешіп тұр. Томпақ қара көздерін одан да сұлуландыра түсейін дегендей, біреумен сөйлескендей ұзын кірпіктерін жиіліте қағып, көзін бәлкім күлімдете, бәлкім ойнақтата қарайды... Қап-қара шашы толқындана біткен. Әсіресе маңдай алдының шашы сол жағынан бұйралана қайқайып барып, үйірілген ұшы кейін қарай қайта жығылады. Денесі таразы, саусақтары ұзын....» деп суреттейді.

Немесе ақынның өз творчествосы:

Ботагөз сахарада қына терген,

Кім екен жапан түзде сені көрген?

Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау

Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!

Кеңсің дала-

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала.

Жан беретін

Тән беретін,

Мейірімді ана сен ғана- деген суреткердің аяушылық, адамгершілік сезімін, Отанұлы өз өлкесін қалай сүю керектігін көрсететін жолдар.Мұндай мысалдарды сабақ мазмұнына , мақсатына байланысты көптеп келтіруге иболады. Қай шығарманы қай кезде, қалай пайдалану мұғалім шеберлігіне тікелей байланысты болмақ.

Мұндағы келтірілген үзінділер Сәкеннің кім екенін көрсететін, оқушыларды осындай қасиетке ие болуға тәрбиелейтін жолдар. Сөйтіп жазушы портреті, творчествосы арқылы оқушыны сол өнер қайраткерінің кескін-келбетін, бар-болмысын, адамгершілік парасаттылығын, табиғи дарындылығын, ішкі, тысқы жан дүниесін танып, оқи білуге үйретеміз. Жазушы портретін сабақ үстінде пайдаланғанда, оны оқушыларға көрсеткенде, біріншіден, жазушы портретін, суреттемелерін тілге тиек ете отырып немесе оқушылардың өзіне таптыра отырып, жазушы портреті арқылы оның творчестволық өмір жолын түсінуіне мүмкіндік беретін боламыз. Екіншіден, жазушының өз творчествосынан үзінді келтіру арқылы оның идеялын, ұстанған бағыт-бағдарын, нысанасын, оның өмірді тану, бағалау принциптерін, замандастарының бағасымен үндестігін аңғартуға мүмкіндік жасаймыз. Оқушының танымын арттырамыз. Жазушы портретіне тек сурет деп қарамай, оны жазушы өмір жолын, творчествосын түсінуге мүмкіндік беретін жағдай жасауымыз керек. Одан оқушы жазушы тұлғасын, адамгершілік пен парасаттылықты, өршіл ерлік пен өмірге деген құштарлықты түсініп, ұғына алатын болады.

Жазушының туған өлкесін, өскен ортасын, творчество қайраткерлерімен қарым-қатынасын білдіретін, көрсететін суреттерін, қолтаңбаларын пайдаланғанда да осы тұрғыдан келе отырып түсіндіруіміз керек.

Мұндай суреттерді эндиаскоптың жәрдемімен, егер диапозитивке, диафильмге түсірілген болса, ЛЭТИ, протон,Свитяз арқылы көрсетуге болады.

2.Жазушы туындыларын оқыту барысында оқу таблицаларын қолданатын боламыз. Бұл оқылып отырылған материалды қажетті детальдарға бөле отырып, принципті, керекті мәселелерді айқындап, саралап, жіктеп, нақтылап көрсету үшін қажет.

Бұған жазушы өмірбаянын дәуір кезеңдерімен салыстыра отырып суреттеуге, баяндаауға мүмкіндік беретін таблица шығармадағы кейіпкерлердің ара қатынасын, өзара байланысын, тіл даралығын, портрет ерекшелігін көрсететін т.б. таблицалар жатады. Бұларды кодоскоп арқылы көрсетуге болады.

Иллюстрациялық таблица. Өнердің көркем туындыларын салыстыра отырып, талдап түсіндіруде, олардың өзара жақындығын, өнер туындысы ретіндегі өзіндік, даралық ерекшклігін, өзара қатынасын, бірлігін көрсету, байқату көзделеді. Педагогикалық тұрғыдан алғанда оқу таблицасы бейнелеу өнерінің шығармасына жататындықтан оқушылардың сезіміне ерекше әсер ете отырып, оқу материалын жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу таблицасын жасауға ерекше мән беруіміз керек. Ол тек, біріншіден,көрсетейін деп отырған объектісін жоғары сапалықпен, оның қажетті детальдарымен бөлшектерін жан-жақты көрсете білетін болғанда ғана, екіншіден, оны сабақтың белгілі бөлігінде үйлесімді пайдалануға мүмкіндік беретін болғандағана тиімді. Иллюстрациялық таблица өнер шығармаларын салыстыра отырып талдауға, олардың қзіндік ерекшелігі мен өзара жақындығын аңғартуға, өнер туындыларын танып, оқи білуге үйретеді. Өнер шеберлерінің құбылысты берудегі өзіне ғана тән ерекшелігін және оқушылардың өнер тілін ұғынуға жағдай жасайды. Иллбстрациялық таблицада көрсетілген өнер түрлерін оқушылардың дұрыс талдауына мүмкіндік беру үшін, арнайы тапсырма-сұрақтар қоя отырып оқушылардың өз пікірлерінің ауызша да жазбаша баяндауына мүмкіндік жасап отыруымыз керек. Әдебиет пәніне арналған Жамбыл, Абай, Мұхтар, Сәбит творчестволарына арнайы жасалған иллюстрациялық таблицаларды сабаққа пайдаланғанда жоғарғы айтылған ойларды ескеруіміз керек.

Мұны диапозитивке, диафильмге түсіріп алып, ЛЭТИ, протон арқылы көрсетуге болады.

4.Диапозитив. Кей таблицаларда көрсетуге мүмкіндік бола бермейтін кейбір детальдарды, бөлшектерді толық қамти отырып, жеке кадрларға бөліп, жүйелі сериямен беруге болады. Бұл құбылыс-қозғалыстың логикалық байланысын сақтауға мүмкіндік жасайды. Мұны протон, свитьяз арқылы беруге болады. Бұл техникалық құралдармен көріністі ұзақ ұстай отырып түсіндіруге, қайталап беруге мүмкіндік жасайды.

5. Диафильм. Қазақ әдебиетіне байланысты жасалған біраз диафилбмдер бар. Олар жазушы өмірін немесе жеке шығарма мазмұнын ашып беруге арналған. Диафильмнің ерекшелігі көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтай отырып, қимыл үстінде көрсету. Оның диапозитивттен айырмашылығы мұғалім сөзін иллюстрациялауға бағытталған жеке кадрлардан ғана тұрмастан, материалдың мазмұнын жүйелі баяндауға мүмкіндік беретін іштей байланысты кадрлардан тұратындығы.

Оқу материалын түсіндіру үстінде зерттеліп отырған құбылысты оның даму барысын сипаттайтын бірнеше көріністерді көрсету керек болған жағдайда диафильмді пайдалануымыз керек.

Оқу материалын түсіндіруде бір не екі кезеңді көрсету керек болғанда диапозитивті, зерттеп отырған құбылыстың барлық көрінісін, оның кезеңдерін көрсету керек болған жағдайда оқу кинофильмінен алып, диафильм құрастыруға болады.

Кинофильм жылдамдығы оқушылардың қай материалдарды толық, терең көлемде қабылдауына, ұғып қалдыруына қиындық тудырады. Сондай жағдайда оны талдап түсіндіру үшін және кей құбылыстарды қайталап бере отырып, талдау жасауымызға кдиафильм мол мүмкіндік береді. Диафильм арқылы оқушылардың тілін дамытуға, сөз байлығын молайтуға мүмкіндік аламыз.

Оқушы образ бейнесін қабылдай отырып, оның сөздік бейнесін беруге көшу арқылы тілі дамиды.

Бейнеден сөзге көшу яғни адамның тілі мен ойлауын қамтитын бірінші сигналдық системадан екінші сигналдық системаға көшу, тіл мен ойдың дамуына мүмкіндік беретін білім беру жүйесін басқарудың тиімді жолы болып табылады. Әдебиет пәнінде мұның ерекше мәні бар. Құбылысты суреттей отырып, баяндап беру тіл байлығын молайтуға жағдай жасайды.

6.кинофилммен телевизия. Конофи лм мен телевизия оқ ып отырған құбылысты жан-жақты өимыл үстынде, үзілісчіз, өзгерыс үстьінде көрсетуге мумкундык береды.

Қозғалмал ық қимылдық дегенды тек оқы п отырылған құбылыс қимылын, қозғалысын ғана көрсету деп түсінуге болмайды. Ол таным қозғалылысын, логикалық қозғалысты, ой қозғалысын корсету деп біліуіміз керек.

Ақын-жазушылардың творчествосын оқып үйренуде суреткер өмір сурген дәуір сипатын көрсетып қана қоймайды, оның т ворчествалық жолын, образдардың туу процесын, жұмыс мәнерын,творчествоның тарихи дәуірі мен байланысын көрсетеді. Сондықтан жазушы шығармасын экранда ғана жазушы творчествасын білімділікпен,шеберлікпен жүргізіп,оның текстінде құрметпен қарай білгенде ғана баға жетпес нәтиже бермек12.

Қазіргі кезде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі,творчествасы жайында жасалған кино,теледидар шығармалары бір шама бар.Сәкен,Илияс,Бейімбет,Мұхтар,Сабит,Ғабиден,Ғабит жайында жасалған кино,теледидар туындылары сабақ мазмұнын қызғылықты өткізуге тиімді пайдаланып,ол көріністердің әр қайсысы өзіндік ерекшеліктерімен ддаралынатынын білдіруіміз керек.Сондықтан оның кей бірінде тарихи документтеріне шығарма тарихына,олардың өмір тыныштығының рөліне басқа назар аударып,кейбіріндегі жазушы идеалын айқындауға баса назар аударып сқхбаттастыққа үлкен орын береміз.Мұндай материалдарды сабақта пайдалану үшін мұғалімнің материал мазмұнымен толық таныс болып онда оқушылардың назарын неге аударуға болатындығын алдын ала жоспарлап алғанын оқушы орындайтын тапсырмаларды алдын ала белгілеп алғаны жөн.

Сонымен бірге қазақ жазушыларының кейбір туындылары экрандалып жүр. Бұған. Б.Майлиннің «Қыр әңгімелері» т.б. шығармалары, М.О.Әуезовтың, С.Мұқановтың туындылары, ауыз әдебиетінің кейбір жырлары жатады. Оларды экрандаудың жетістіктері мен кемшіліктері барын ескергеніміз жөн. Сондықтан мұндай экрандалған шығармаларды оқушыларға ұсынудан бұрын мұғалім өзінің сол шығармаға деген қатынасын айқындап алғаны дұрыс. Шығарманы экрандаған автордың ойын, мақсатын, оның туындысының түп нұсқасымен сарындастығы, өзгерісін, оның шешімінің дұрыс, бұрыстығын мұғалім оқушыларға нанымды түрде жеткізе білуі тиіс. Сонымен қатар бұлардың ойлануына мүмкіндік жасап отыруымыз керек.

Сонымен оқу кинофильмі, оқу теледидары көрнекті құралдың ерекше түрі болып табылады. Педагогикалық міндеттерді шешу үшін тек кино мен телевидениенің техникасын пайдаланып қоймай, өнердің бір түрі ретінде, суреттеушілік мүмкіндігінде пайдалануымыз керек. Фильм мен телевизия берілісі материалдың логикалық мазмұндалуы арқылы, сезімге әсер етер бояуы арқылы оқушыға ықпал ететін болады.

Оқу фильмі мен телевизия берілісін көрсету, тыңдату оқу процесінің бір жағы ғана. Оның екінші жағы мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысын жүзеге асыру болып табылады. Кинофильм мен телевидения берілісінің тиімділігі мұғалімнің оны материалымен тиімді үйлестіре білуіне тікелей байланысты болмақ.

Кинофильм мен теледидарды оқу процесінде қандай жағдайда пайдалануға болады:

1.Оқу материалы оқушылардың меңгеруіне күрделі, қиын болғанда.

2.Жай көрнекті құралдарды пайдалану тиімділікке, түсініктілікке жеткізбеген жағдайда.

3.Оқылып отырылған процесті қозғалыс, қимыл үстінде көрсету қажет болғанда.

4. Оқушы қабылдауына өнердің экрандық туындысы ықпал ету қажет болған жағдайда.

5.Оқу материалы үшін тарихи, документальды материалдар қажет болған жағдайда.

Кинофильм мен теледидардың өзіндік ерекшелігі мен бірлігі қандай?

Оқу кинофильмі теледидарға қарағанда оралымды, икемді, жылжымалы, өйткені мұғалім оқу кинофильмін пайдалану үстінде сабақ жоспарын, оқу материалын, баяндау методикасын өзі таңдап алады. Теледидар берілісінде мұны автор айқындайды. Мұндай жағдайда мұғалімге басқаның методикасына бейімделуге тура келіп, оның творчестволық мүмкіндігіне тұсау жасайды.

Кинофильмнің көмегімен оқу материалын баяндай отырып, мұғалім оның үзіндісін немесе тұтас бір бөлігін көрсетуге әр уақытта мүмкіндігі бар. Бұл теледидар берілісінде мүмкін емес. Өйткені ол аяқталған сабақ элементі болып табылады. Сондықтан оны қысқарту, қайта қарау мүмкін емес.

Оқулық теледидар берілісінде кейбір көріністерді қысқартуға немесе материалды қысқаша пайдалануға болмайды, өйткені мұнда бұрыннан даярланған кино материалдар ғана пайдаланылады. Осыған қарамастан оқулық теледидар берілісінің өзіндік тиімділігі бар екенін ескеруіміз керек.

Теледидарда, көбінесе, күнделікті, ағымдағы оқиғалардың материалдары қолданылады.

Оқу программасына жаңа қосылған материал баяндалып, оның методикасы беріледі.

Белгілі материалдарды беру арқылы оқушылардың көру сезіміне әсер етуді көздейді.

Көркем шығармаларды оқудың, оқулықты талдаудың үлгісін бере отырып, оқушылардың соған еліктеуіне жағдай жасайды.

Үй тапсырмасын орындауда оқушыларға таптырмас көмек көрсетеді.

Қорыта келгенде теледидарды қай кезде пайдалануға болады:

Жақында өткен немесе өтіп жатқан оқиғалар қазіргі кездегі өтіп жатқан оқу материалын мазмұндауға байланысты болғанда.

Оқу программасына жаңадан енген материалды түсіндіру үшін.

Материал мазмұнын түсіндіруде оқушылардың көру сезіміне әсер ету қажет болғанда.

Оқу кинофильмдерін демонстрациялау үшін.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына көмек көрсету үшін.

Жалпы алғанда сабақта, көбінесе, киноны, сабақтан тыс уақытта оқушылардың білімін бекіту, кеңейту үшін теледидарды кеңінен пайдалануға болады.

Дыбыстық техникалық құралдар.

Дыбыстық құралдардың көптігіне қарамастан, олар негізінен, оқу процесінде екі міндетті шешетін болады.

Арнайы жазбаларды, дикторды, көркем сөз шеберлерін, тарихи қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға, оны талдауға мүмкіндік жасайды.

Бірінші міндетті шешу үшін оқу мәліметін дыбыс құралы арқылы беру көзделгенде грампластинка, радио берілісі, арнайы жасалған оқу кинофильмі, теледидар берілісі қолданылады. Мұнда суреттеу, бейнелеу көмекші міндет атқарады.

Екінші міндетті шешу үшін дыбыстық құрал магниттік лента қолданылады. Бұл белгілі бір берілістерді жазып алып, оқу процесінде қолдануға мүмкіндік жасайды.

Енді педагогикалық тиімділікке жеткізетін дыбыстық құралдарды қарастырайық.

Радио белгісі. Бұл сөз арқылы жан-жақты талданып берілетін оқу материалдарын түсіндіруде тиімді болмақ. Осы арқылы сабақты жандандыруға, оның барысына жаңалықтар ендіруге, мазмұндау дәрежесінің эмоциональдық дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді. Әдебиет пәнінде радио берілісінің жазбасын кіріспе, қорытынды сабақтарда, жазушының өмір жолын әңгімелегенде не шолу лекцияларының алдында, кей көркем шығармалар мазмұнын талдауға кірісер кезінде пайдалануға болады. Ал текст талдауда аз қолданылады.

Кіріспе сабақтың мақсаты тақырыпты дұрыс қабылдауға оқушы назарын аудара отырып, оларды, жазушының сөзіне, оның өмірі мен творчествосына деген ынтасын қозғауға әсер ету екені белгілі.

Мұндай жағдайда жазушы шығармасын көркем сөз шеберлерінің орындауында тыңдатудан бастауымыз керек. Бұған Б.Майлин шығармалары жайында жасалған радио берілістерді мысалға келтіруге болады.( Бізде көркем шығармалардан жасалған талай тамаша радио берілістері бар. Оны әркез жазып алып, жинақтап жүруіміз керек) Оқушыға мұндай берілістерді тыңдатып қана қоймастан,соған байланысты арнайы тапсырма орындауын қадағалап отыруымыз керек.

Мысалы, «Қазір Б.Майлиннің «Түйебай » әңгімесін көркем сөз оқу шеберінің орындауында тыңдай отырып, мына сұрақтарға жауап беруге көңіл бөлейік» - деп, мынандай тапсырма-сұрақтарды тақтаға алдын ала жазып қоюымызға болады:

Әңгіме неге «Түйебай» деп аталған.

Әңгіме қай кездегі оқиғаны баяндайды.

Әңгіме көркем сөз оқу шеберінің орындауында саған қалай әсер етті? Неге олай ойлайсындар?

Әңгімені кім солай оқи алады? Әңгімені сазына келтіре оқу, оның мазмұнын, идеясын, тақырыбын толық түсінуге мүмкіндік бере ме екен?

Әңгімені оқу барысында оның көріністерін көз алдарыңа қалай елестете алдыңдар? Ауызша суретін салыңдар .

Радиоберілісті тыңдау үстінде класс оқушыларының ынтасы, назары неге бағытталғанын бақылай отырып, олардың негізгі ойын тақырыпты дұрыс ашып, мазмұндай білуге аударуымыз керек. Кейде кіріспе сабақта жазушыға арналған радиофильмді пайдалануымызғада болады.

Бұл оқушылардың эмоционалды көңіл-күйін қалыптастыруға жағдай жасап қана қоймайды, жазушы бейнесін жандандыра отырып, оның жеке басына, творчествосына деген қызығушылықты арттырады. Шығарманың негізгі идеясын тез де тиімді түсінуіне жағдай жасайды.

Мектепте әдебиет пәнін оқытудың ең басты элементі ақын-жазушылардың өмірін, оның творчестволық жолын таныстыру болып табылады. Жазушы биографиясымен жұмыс істеудің танымдық мәні бар. Бұл арқылы жазушы шығармаларын түсінуге алғы шарт жасай отырып, сол арқылы оқушылардың дүниетанымын, мінезін қалыптастыратын боламыз. Жазушы еңбегі оқушыға көп нәрсені үйретеді. Өйткені оның өмір тарихы-ерліктің тарихы, қайырымдылықтың, қажырлылықтың, қайсарлықтың, керемет таң қаларлық күш жігерліліктің, мақсаттылықтың тарихы. Сонымен бірге жазушының өмірлік, творчестволық жолын баяндауда радио арқылы берілетін лекция-монтажды пайдалануға болады. (Мұны мектепте радиоберілістен құрастырып алуымызға болады.).

Лекция монтаж жазушы шығармасынан, замандастарының ерліктерінен, хаттарынан жазушы жайында жасалған белгілі ғалымдардың лекцияларынан, жазушы шығармаларынан, қойылған әртүрлі инсценировкалардан және үзінділерді, жазушы дауысын, музикалық жазбаларды қамтуы мүмкін.

Кейде жазушы жайында әңгімелей отырып, тек ғалымдардың оқыған радиолекцияларынан үзінді ғана пайдалануға болады. Бұл оқушыларды ғылыми-көпшілік лекцияларды тыңдауға үйретеді. Оның тілдік ерекшелігін байқауға мүмкіндік бере отырып, мұғалім әңгімелеуінен өзіндік ерекшелігі барлығын аңғаратын болады. Сөйтіп мұғалім баяндауын молайта түседі.

2.1. Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек. Ұстаздың педагогтік шеберлігі оның керекті мазмұнды, бағдарламадағы материалды іріктей алуымен және оны оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып қолданумен белгіленеді13.

Қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. Әрі жиырма бірінші ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, мұғалімдерге үлкен талаптар жүктеліп отыр.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бап, 7 – тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:

1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.

3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;

ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.

4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.

6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Мектебімізде ақпараттық технология кеңінен қолданылады. Ең бастысы әр мұғалім мониторинг жүргізу негіздерін білуі керек.

Мониторинг – маңызды аспектілер бойынша мәліметтер жинаудың жүйелі және реттелген процедурасы.

Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйенің қызметін бақылап отыру үшін қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, және өңдеуді ұйымдастырудың түрі.

Мониторингті өткізу уақыт кезеңдері:

• Айлық бақылау (тест, диктанттар, бақылау жұмыстары, шығарма, мазмұндама);

• Тоқсандық бақылау;

• Сыныптың орташа ұпайын анықтау;

• Мәліметтер негізінде мониторинг графигін жасау;

• Мұғалімдердің мониторинг нәтижесін талдау және ӘБ отырысында нақты шешімдер қабылдау.



Үлгі ретінде мониторинг түрін ұсынамын:

Салыстыруға болады:

1. Бір мұғалімнің әр параллельдегі жұмысының нәтижелілігі.

2. Бір сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің өсуі.

3. 7 А және 7 Б сыныптарындағы білім деңгейінің өсуі.

4. 7 А және 7 Б сыныптарындағы білім сапасы дәрежесін салыстыру.

Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне мониторингті пайдалану не береді?

1. Біз кез келген кезеңде кез келген сыныпта оқу процесінің барысы туралы нақты мәліметті біле аламыз.

2. Салыстырмалы мониторинг оқу жылы бойында білім сапасының өзгеруіне ықпал ететін шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

3. Мұғалім үшін оқу әрекетіне диагностика жасап отыру нормаға айналады: өз жұмысының жыл бойындағы тиімділігіне және әріптестерінің жетістіктерімен салыстырғандағы тиімділігіне.

4. Өзін - өзі жетілдіруге, сабақ үрдісін ұйымдастырудың тиімді түрлерін іздеуге деген қажеттілік туады.

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары тұлғада жекеленген пәндік білімдерді емес, интеграцияланған білімдерді қалыптастыруға бейім. Сондай нәтижеге жетудің бір әдісі – интеграциялық оқыту. Ал тіл пәндерінің рөлі елімізде күннен – күнге артып келеді

Интеграция – бірнеше бөлшектердің бірігуі деген ұғым. Яғни интеграциялап оқытуда – барлық тіл пәндері бір ортақ, бүтін зат ретінде саналып, базалық оқытудың бөлінбес бір компоненті болып қаралуы керек. Өйткені оқыту мақсаты бір:

1. Өнімді көптілділікті қалыптастыру;

2. Түрлі тілдерді меңгеруде ортақ әдіс, ортақ тақырып, ортақ міндет, ортақ принциптің болуы.

Осы тіл блогының бірлігі оқушының сөйлеу қабілетін дамытады. Тілдерді салыстыра оқытқанда оған тірек болатын тіл – ана тілі. Барлық тілдерді оқығандағы ортақ әрекет – мәтінді оқу, түсініп, тыңдап айтып беру, сөздікпен жұмыс істей алу, тезис, конспект құрастыру. Осы жағдайда тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының орны ерекше.

Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының ерекшелігі және артықшылығы неде? Ол:

- үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастыру;

- үйретуде көрнекіліктің дидактикалық принциптерін жүзеге асыру;

- оқушылардың барлығын бірдей қамтамасыз ету;

- оқушылардың мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалану;

- ауызекі сөйлеуге дағдыландыратын сөйлеудің қызметін жүзеге асырады.

Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау

( тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.

Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.

Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.

Мысалы, орта буында оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:

а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;

ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді.

Ал, видеосабақтар ең алдымен арнайы даярланған сөйлеу үлгісіндегі материалдарды енжар қабылдамай, керісінше өз бетінше ізденуге үйретеді және мұғалімнің көмегі арқылы сөйлеу бағытындағы әрекетін қалыптастырады. Видеосабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады. Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:

- есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне

жан - жақты мүмкіндік беру;

- оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру видеосабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;

- оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.

Тек видео көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:

- видео көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;

- Видео көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. 7 сыныпта өзім қолданған ойынның ең қарапайым түрін мысалға келтірейін.

Дисплей экранында 10 сөз – тапсырма жазылады. Сөздің керекті жеріне к немесе қ жазу керек. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай, қате жауап 0 ұпай. Бұл жұмысты орындауға экран бетіндегі курсор көмектеседі. Ол жауап жазатын орынға ауысып отырады. Ойын басында экран мына түрде болады:

к немесе қ жаз

ба...ша биі... қара...ат

ме...теп оқулы... желто..сан

Сабақ арасында мұндай ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Тек тиістісін таңдай біліп, орнымен қолдана білген жөн. Мектебімізде осындай техникалық құралдарды пайдалану үшін толық жағдай жасалған. Ол үшін арнайы лингафон, мультимедиа, компьютер кабинеттері жабдықталды, интерактивтік тақталар орнатылды, Интернетке шығу жолы бар. Қазақ тілі сабақтары мүмкіндігінше мультимедиа кабинетінде өткізіледі. Мектептің арнайы сайты бар, қамтығыш компьютерлік желі құрылған. Арнайы дәрісханаларда бес интерактивті тақта орналасқан. Жаңадан жабдықталған компьютер сыныбында мультимедиялық мүмкіндіктер, интернет торабымен байланыс жүзеге асырылады. Барлық пән мұғалімдерінің сабақ кестесіне сай өз сабақтарын компьютер сыныптарында өткізулеріне толық мүмкіндіктері бар. Осы орайда мектебімізде жоғары жетістіктерге жетіп, оң нәтиже көрсетіп жүрген мұғалімдер де баршылық екенін атап өткен жөн.

Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты қазақ тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет.

Оқыту жүйесінде компьютерді енгізбеген оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз. Сондықтан теориялық дәрісті компьютерде көрсету – ұсыну тәсілімен ұштастыруды өз тәжірибемде кеңінен қолданамын. Сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютер көмегімен ұғындырамын. Осы сатыда алдын – ала дайындаған сурет, график және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асыра аламын.

Оқушыға тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну , ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.

Қатемен жұмыс барысында да компьютер көмегін орынды пайдалануға тырысамын. Мысалы, қателер сипатын мультимедиялық экран арқылы көрсетемін:

Қателер сипаты

№ Оқушының

аты – жөні Орфоэп.

қателер Сөздің

лек.мағ. Емле

қатесі Тыныс

белгісі Үнд.

заңы Бағасы

1. Санаева Е. + + 4

2. Ускембаев Т. + 5

3. Шынтасова А. + + 4

Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек14» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.

Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет