Научный журнал g global май, 2015 Қазақстан Республикасындағы ақылы жолдарды дамыту мен оның экономикалық тиімділігі



Дата12.06.2016
өлшемі54.71 Kb.
#130898
Научный журнал G – global май, 2015
Қазақстан Республикасындағы ақылы жолдарды дамыту мен оның экономикалық тиімділігі
Жантелеуова Г.М.
Атырау Мұнай және Газ институты

Дороги страны являются ее лицом, показателем развития и богатства государства. Технический уровень существующих автомобильных дорог не соответствует современным, а тем более перспективным требованиям. Потребительские свойства автомобильных дорог не позволяют полноценно обеспечить пользователей (участников движения), а во многих случаях не отвечают и функциональному назначению отдельных автомобильных дорог.
Countries are dear are her face, index of development and riches of the state. The technical level of existent highways falls short of modern, and the to more perspective requirements.
Consumer properties of highways do not allow valuably to provide users (participants of motion), and in many cases does not answer to the functional setting of separate highways.

Қазақстан даму жолына түскен ел болғандықтан бүгінде біраз мемлекеттермен байланыс саласы даму үстінде. Автокөлік жолдары – Қазақстан Республикасының жалпы көлік жүйесінің маңызды саласы бола отырып, олардың даму деңгейі мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ жеке аймақтардың да экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді. Себебі, автокөлік жолдары тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын негізгі қатынас құралы болып есептеледі.

Елмен елді байланыстырудың маңыздылығы болып автокөлік жолдарын салу болып табылады. Елдегі жол саласын дамытуға қатысты бірқатар оң шешім, оңтайлы бағдарламалар қабылданып жатыр. Негізінен, Қазақстан жол саласына өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының аяғынан бастап мән бере бастады. Сол жылдары Қазақстанда мемлекеттік маңызы бар, ұзындығы 1200 шақырымды құрайтын Алматы-Астана жылдамдықты жолы қайта жөндеуден өтті.

«Жол саласының экономикамыздың күре тамыры» екендігін Елбасының өзі сол кездері жиі айтатын. Елбасының ұсынысымен Қазақстанда 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып аталды. Сол жылы елімізде автомобиль жолдары саласын дамытудың 2001-2006 жылдарға арналған тұңғыш мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ал қазір де жол саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырып жатыр. Негізінде, дамыған мемлекеттердің  барлығы дерлік  жол  саласы экономиканы дамытудың локомотиві екенін мойындаған.

Мәселен, мысалы: АҚШ-тағы бүкіләлемдік банк мамандарының тапсыруымен зерттеулер жүргізген ғалымдар дамыған және дамушы елдердің экономикасын талдаған екен. Сонда олар жол саласына салынған әр 1 долларды аз уақытта 2-3 доллар етіп қайтарып алуға мүмкіндік мол екенін байқаған. Осыдан барып әлем ғалымдары «жол саласы экономикада жетекші рөл атқарады» деген шешімге келген. Сондай-ақ әлем ғалымдары «керісінше, жол салынбай, осы салаға аса мән берілмей қалса, басқа салалар да тоқырауға түседі» деген екен. Осыған қарап-ақ жол саласына аса мән берілуі керектігін аңғаруға болады.



Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзалмай құю стансаларымотельдер және басқалары) болады.

Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланатын aвтомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның  17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%-інеасфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір құйматастан құйылған. 

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен және «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Заң шеңберінде жүзеге асуда.

Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының мақсаты – экономика мен халықтың көлік қызметтеріне деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алатын көлік-коммуникация кешенін қалыптастыру. Бұл кешенді шаралар ауқымындағы кейбір ірі жобалар өткен жылдан бері іске қосылып та үлгерді.

Астана-Бурабай жолын мысалға алуға болады. Бұл еліміздегі тұңғыш автомагистральдік жол. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы халықаралық маңызы бар жол болып табылады.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансконтиненттік көлік дәлізіне шынымен де бүкіл әлем көз тігіп отыр. Бұл жолдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор. Жол біздің өзара ішкі аймақтарымызды ғана байланыстырмайды. Осы жол Батыс Қытайдан бастап, Батыс Еуропаға дейінгі аралықтарды байланыстырады. Көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Оның 2787 шақырымы Қазақстанның аумағымен, 2233 шақырымы Ресейдің үстімен өтсе, ал қалған 3425 шақырымы Қытайдың  үлесіне  тиеді. Қазақстанның аумағымен өтетін 2787 шақырым жол еліміздің бес облысының үстімен өтеді. Олар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары. Бұл жолдың басты ерекшеліктерінің бірі – бұл жол арқылы уақыт үнемдеу болып табылады.

Қазір Еуропаға баратын басқа да трансконтиненттік жолдар әлемде бар. Ол жолдардың біріншісі – Ресейдің аумағы арқылы өтетін Транссиб магистралі. Жолдың ұзындығы – 11 500 шақырым. Бұл жолмен Еуропаға 14 тәулікте жетеді. Мұны «жоғарғы жол» деп атайды. Бұдан кейін төменгі су жолы бар. Мұның ұзындығы – 24 мың шақырым. Бұл су жолымен жүрсе, Еуропаға Суэц каналы арқылы жету үшін 35 тәулік керек. Қазақстанның аумағы арқылы өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы іске қосылса, жолдың ұзындығы 8445 шақырым болғанда, Еуропаға 10 тәулікте жетеді. Бұл жолдың экономикалық тиімділігімен қатар жол, уақыт үнемдеуге де үлкен септігін тигізеді. Сондықтан аталмыш жолдың келешегінен үлкен үміт күтілуде. Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі арқылы еліміз трансконтинентальдық көлік орталығына айналуына мүмкіндігі мол. Егер бұл жол сапалы түрде халықаралық межеде салынатын болса, біздің еліміздің экономикалық әлеуеті жоғарылай түседі. Бұл жол – ұлы Жібек жолының бір тармағы. Жол құрылысын салуда қазақстандық жергілікті мамандар жұмыспен қамтылады, халықаралық көлік қатынасы көбейеді, жолдың маңынан халыққа қызмет көрсететін түрлі әлеуметтік нысандар ашылады.

Ақылы жолдар енгізу жайы бүгінде қызу талқыға түсіп жүрген мәселе. Халықаралық маңызы бар сапалы жолдар салатын болса, ол жолдардың қызметін шетел азаматтары да пайдаланады. Осыны ескергенде, ақылы жолдар туралы ұсыныс туындады. Соңғы жылдарда Қазақстанда автомобильдердің саны тұрақты (жылына 15-20 пайызға) өсуде.

Қазақстанның қазіргі даму ке­зеңінде еліміздің автожолдарын халықаралық талаптарға сай қайта құрып, жаңаша жабдықтау уақыт талабы болып тұр. Өйткені, Еуразия кіндігіне орналасқан жеріміз бізді транзиттік ел болуға ыңғайлы. Сондықтан, автожол қызметтерін жо­ғары дәрежеде жетілдірудегі бас­ты мақсат бәсекелестік қағидаларын негізге алып, әлемдік автожол жүйесіне интеграциялану болып табылады.

Республикалық және халықаралық автожолдарды салуды, жөндеуді, бабында ұстауды ел бюджетіне салмақ салмай, заман талабына сай коммерциялық жүйемен ұйымдастырып, атқаруы тиіс. Өз кезегінде ақылы автожол жүйе­сі өмірімізге біртіндеп еніп келеді. Мысалы: Астана-Щучье ақылы жолы көпшілік көңілімнен шығады. Бұл жолдағы күннен-күнге келеңсіз жағ­дай­лардың саны да азайып отыр. Республикалық және халықаралық ақылы автожолдарды салу бұл ел экономикасын дамытудың қазіргі заманғы басты алғышарттарының бірі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы, қараша 2014,

2. Абрамов А.И. Место транспорта в системе общественного производства/А.И. Абрамов.-М.гВысшая школа, 1982.-79 с.

3. Абрамов С.И. Организация инвестиционно-строительной деятельности/ С.И.Абрамов. М.: Центр экономики и маркетинга, 1999.-222 е.



4. Абчук В.А. Экономико-математические методы: Элементарная математика и логика. Методы исследования операций / В.А. Абчук. -СПб.: Союз, 1999.- 145с.

5. Алехин Б. А., Захаров А. И. Альтернатива: государственные корпорации в государственном секторе // Автомобильные дороги. 2005. - №9.-с. 13.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет