Назар аударыңыз! 2008 жылдың 15 шілдесінен бастап, Сақтандыру омбудсманы сақтандыру дауларының реттеу бойынша өтініштерді қабылдайды. Өтініш берушілер үшін даулардың реттелуі тегін жүргізіледі
Сақтандыру омбудсманына сақтандыру ұйымдары мен клиенттер арасындағы көлік құралдары иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша қарым-қатынастарын реттеу жөнінде жолығу бойынша
Назар аударыңыз! 2008 жылдың 15 шілдесінен бастап, Сақтандыру омбудсманы сақтандыру дауларының реттеу бойынша өтініштерді қабылдайды.
Өтініш берушілер үшін даулардың реттелуі ТЕГІН жүргізіледі.
Сақтандыру омбудсманы жеке және нақты дауға қатысатын өкілдер мен қорғаушылардың қызметтерін төлеу талабына қатысты қарым-қатынастарды реттеуге уәкілеттендірілмеген. Сақтандыру омбудсманыныңшешіміреттеу тарабының екеуімен де мақұлданған жағдайда Сақтандыру ұйымы үшін міндетті болып табылады.
Сақтандыру омбудсманы тек меморандум жасасқан сақтандыру ұйымдарының қарым-қатынастарын ғана реттеуге құқылы.
Сақтанушы, сақтандырылған тұлға, пайда табушы (бұдан былай мәтін бойынша - өтініш беруші) қарым-қатынастарды реттеу үшін Сақтандыру омбудсманына жолықпас бұрын жолығуға ниет білдіріп отырған сақтандыру компаниясына Сақтандыру омбудсманына жолыққысы келетіндігі туралы хабарлау тиіс. Бұл үшін өтініш беруші «Сақтандыру омбудсманына жолығу ниеті туралы» бланктің екі данасын толтырады (№1 Қосымша).
Хабарламада мыналар көрсетілу тиіс:
«Сіз жолығуға ниет білдіріп отырған компания» бөлімінде өтініш беруші Сақтандыру омбудсманына жолыққысы келетін сақтандыру компаниясының атауы көрсетіледі;
«Ақшаңызды көрсетіңіз» бөлімі. Егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса - өкілдің (байланыс орнатылатын тұлға) деректері жазылады:
«Тегі» жолағында - өтініш берушінің тегі жазылады;
«Индекс» жолағында - өтініш берушінің пошталық индексі жазылады (мұнда және басқа бөлімдерде өтініш берушімен кері байланыс орнату үшін қазіргі тұрып жатқан жері (орналасқан жері) жазылады;
«Облыс» жолағында - өтініш беруші тұратын облыстың атауы, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Қала» » жолағында - өтініш беруші тұратын қаланың атауы, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Көше» жолағында - өтініш беруші тұратын көшенің атауы, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Үй» жолағында - өтініш беруші тұратын үйдің нөмірі, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Үй телефоны» жолағында – Астана уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта хабарласуға бола алатын өтініш беруші тұратын қаланың коды мен телефон нөмірі жазылады;
«Ұялы телефон» жолағында – өтініш берушінің немесе заңды тұлға өкілінің ұялы телефонының нөмірі жазылады;
«Үй телефоны» жолағында– Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта «Жұмыс» және «Ұялы» телефондар жауап бермеген кезде аса қажет болған уақытта хабарласуға бола алатын өтініш беруші тұратын қаланың коды мен телефон нөмірі жазылады;
«e-mail» жолағында - өтініш берушінің егер бар болса, электрондық поштасының мекен-жайы жазылады;
«Жолығу мәні болып табылатын сақтандыру оқиғасының деректерін көрсетуіңізді сұраймыз» бөлімі.
«ЖКО күні» жолағында – жол-көлік оқиғасы болған күн жазылады;
«Сипаты» жолағында – орын алған оқиға қысқаша сипатталады (жол-көлік оқиғасы);
«Сіздің КҚ» жолағында – өтініш берушінің көлік құралының маркасы мен тіркеу (мемлекеттік) нөмірі жазылады;
«Сақтандыру полисі» жолағында – өтініш берушінің сақтандыру полисінің (көлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандырылуы) сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады;
«2-қатысушының аты-жөні» жолағында – жол-көлік оқиғасының екінші қатысушысының тегі, аты және әкесінің аты жазылады;
«2-қатысушының КҚ» жолағында – жол-көлік оқиғасының екінші қатысушысының көлік құралының маркасы мен тіркеу (мемлекеттік) нөмірі жазылады;
«Көлік оқиғасына күнәлі тұлға» жолағында – күнәсынан жол-көлік оқиғасы болған тұлға немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қауіптілігі жоғары көзді (көлік құралын) пайдалану нәтижесінде келтірілген зияндықты өтеу жауапкершілігі жүктелген тұлға жазылады;
«азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру компаниясында сақтандырылған» жолағында – осы Жадынаманың 1.4.9-т. көрсетілген тұлға көлік құралдарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымының атауы жазылады;
«Наразылық білдіруіңіздің мәнісін хабарлауыңызды сұраймыз» бөлімінде – сақтандыру ұйымының тарапынан болжанып отырған бұзушылықтың сипатталуымен бірге Сақтандыру омбудсманына жолығу себебі жазылады;
«Осы оқиғаға қатысты Сіздің қандай талаптарыңыз немесе ниеттеріңіз бар» бөлімінде – сақтандыру ұйымы осы жолдауды орындау үшін қажетті талаптар немесе қалаулар жазылады;
«Сіздің жолдауыңыздың мәнін неғұрлым анық түсінуге септігін тигізетін қосымша ақпаратты ұсынуыңызды сұраймыз» бөлімінде - өтініш берушінің ойынша осы жалдаудың реттелуі үшін маңызы бар қосымша ақпарат жазылады.
Сақтандыру ұйымына осы хабарламаның екі данасы жолданады. Біреуі сақтандыру компаниясына, екіншісі сақтандырушының хабарламаны алғандығы туралы белгісі бар екіншісі өтініш берушіде қалады.
Егер сақтандыру компаниясы 3 жұмыс күні аралығында жағдайды реттемесе, немесе сақтандыру компаниясы берген жауап өтініш берушіні қанағаттандырмаса, ол Сақтандыру омбудсманына жолығуға құқылы. Бұл үшін ол Қарым-қатынастарды реттеу туралы өтініштің бланкісін толтырады (№2 Қосымша).
Қарым-қатынастарды реттеу туралы өтініште мыналар көрсетілу тиіс:
«Ең алдымен өзіңіздің деректеріңізді хабарлаңыз» бөлімі. Егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, өкілдің (байланыс орнатылатын тұлға) деректері жазылады:
«Тегі» жолағында - өтініш берушінің тегі жазылады;
«Аты» жолағында - өтініш берушінің аты жазылады;
«Әкесінің аты» жолағында - өтініш берушінің әкесінің аты жазылады;
«Индекс» жолағында - өтініш берушінің пошталық индексі жазылады (мұнда және басқа бөлімдерде өтініш берушімен кері байланыс орнату үшін қазіргі тұрып жатқан жері (орналасқан жері) жазылады;
«Облыс» жолағында - өтініш беруші тұратын облыстың атауы, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Қала» » жолағында - өтініш беруші тұратын қаланың атауы, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Көше» жолағында - өтініш беруші тұратын көшенің атауы, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Үй» жолағында - өтініш беруші тұратын үйдің нөмірі, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Пәт/офис жолағында - өтініш беруші тұратын пәтердің нөмірі, не болмаса заңды тұлғаның орналасқан жері жазылады;
«Үй телефоны» жолағында – Астана уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта хабарласуға бола алатын өтініш беруші тұратын қаланың коды мен телефон нөмірі жазылады;
«Ұялы телефон» жолағында – өтініш берушінің немесе заңды тұлға өкілінің ұялы телефонының нөмірі жазылады;
«Үй телефоны» жолағында– Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта «Жұмыс» және «Ұялы» телефондар жауап бермеген кезде аса қажет болған уақытта хабарласуға бола алатын өтініш беруші тұратын қаланың коды мен телефон нөмірі жазылады;
«e-mail» жолағында - өтініш берушінің егер бар болса, электрондық поштасының мекен-жайы жазылады;
«Өтініш түсірілетін» бөлімінде - өтініш беруші Сақтандыру омбудсманына жолығатын Сақтандыру компаниясының атауы жазылады;
Наразылық білдіруіңіздің мәнісін хабарлауыңызды сұраймыз» бөлімінде – сақтандыру ұйымының тарапынан болжанып отырған бұзушылықтың сипатталуымен бірге Сақтандыру омбудсманына жолығу себебі жазылады;
«Сақтандыру компаниясының Сақтандыру омбудсманына жолығу ниеті туралы хабарлама жолдаған күні» бөлімінде - Сақтандыру омбудсманына жолығу ниеті туралы хабарламаның жолданған күні жазылады (сақтандыру ұйымының белгілеуіне сәйкес);
«Осы оқиғаға қатысты жоғарыда аталған сақтандырушыға қатысты Сіздің қандай талаптарыңыз немесе ниеттеріңіз бар» бөлімінде – сақтандыру ұйымы осы жолдауды орындау үшін қажетті талаптар немесе қалаулар жазылады;
«Сіздің жолдауыңыздың мәнін неғұрлым анық түсінуге септігін тигізетін қосымша ақпаратты ұсынуыңызды сұраймыз» бөлімінде - өтініш берушінің ойынша осы жалдаудың реттелуі үшін маңызы бар қосымша ақпарат жазылдаы.
Қарым-қатынастардың реттелуі туралы өтінішке қосылып берілетін құжаттар:
Сақтандыру компаниясының хабарламаны алғандығы туралы белгісі бар Сақтандыру ұйымының Сақтандыру омбудсманына жолығу ниеті туралы хабарлама;
өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі;
өтініш берушінің сақтандыру полисінің көшірмесі;
өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылған тұлғаның, пайда табушының) түсірілген өтініші бойынша қарым-қатынастарды реттеуге қатысты басқа да құжаттар.
Толтырылған өтініш пен қосылып берілетін құжаттар Сақтандыру омбудсманына мына мекен-жай бойынша жіберіледі: 050002, Алматы қ., Қайырбеков к-сі, 16, 67-офис, тел. 8 (727) 230-87-16, 230-38-14.
Сақтандыру омбудсманы қарым-қатынастың реттелуі туралы өтінішті өтініш қаралуға алынған сәттен бастап, күнтізбелік 1 күннің ішінде қарастырады.
Өтініштің қаралу мерзімі Өкілдер кеңесінің 22 тамыз 2007 жылғы №1 шешімімен бекітілген көлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелерін реттеу мерзімі Сақтандыру омбудсманы қызметінің регламентімен белгіленеді және оларға мыналар кіреді:
Үш жұмыс күні - өтініштің қаралу құзыреттерін тексеру (өтінішті қараудан бас тарту немесе қарауға алу);
Төрт жұмыс күні – қабылданған өтініш бойынша құжаттардың сұралуы;
Бес жұмыс күні - қабылданған өтініш бойынша сақтандыру компаниясына ұсыныстар енгізу;
Бес жұмыс күні – жағдайдың реттелуі бойынша ұсынылған ұсыныстарды қарастыру, ұсынылған құжаттарды қарастыру;
Он екі жұмыс күні – (егер ұсыныстар қабыл алынбаса, не болмаса жағдайдың реттелуі туралы ұсыныс тараптарды қанағаттандырмаса), өтініш мәнісінің қарастырылуы және ол бойынша тиісті шешім қабылдау.