Название цикла: Қалыпты тірек-қимыл аппараты және тері


Тематический план практических занятии



бет2/5
Дата31.01.2024
өлшемі85.91 Kb.
#490438
1   2   3   4   5
ОДА каз 1курс КТП анатомия

Тематический план практических занятии

Анатомия. Тәж.сабақ 1.



Халықаралық анатомиялық номенклатура. Біліктер мен жазықтықтар туралы түсінік. Қаңқаға жалпы шолу. Тұлға сүйектерінің құрылысы: омыртқа, төс, қабырғалар. Тұлға сүйектерінің жастық ерекшеліктері.

Анатомиялық номенклатура. Жазықтықтар мен біліктер. Тұлға қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Кеуде торы. Омыртқалардың құрылыс ерекшеліктері. Сегізкөздің, құйымшақтың, қабырғалардың, төстің құрылысы. Тұлға сүйектерінің жастық ерекшеліктері.




2

Кіші топтарда қаңқамен, тұлға сүйектерімен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия. Тәж.сабақ 2.

Иық белдеуі және қолдың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы.
Жамбас белдеуі және аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы. Жастық ерекшеліктері.



Иық белдеуінің сүйектері. Бұғананың және жауырынның құрылысы. Қолдың еркін бөлігінің сүйектері. Тоқпан жіліктің; білек сүйектерінің: кәріжіліктің, шынтақ жіліктің, қол ұшы сүйектерінің: білезік сүйектерінің, алақан сүйектерінің, саусақ сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас сүйегінің құрылысы. Аяқтың еркін бөлігінің сүйектері. Ортан жіліктің, тізе тобығының, сирақ сүйектерінің: асықты жіліктің, асықты жілік шыбығының; аяқ ұшы сүйектерінің: тілерсек, табан, саусақ сүйектерінің құрылысы. Жастық ерекшеліктері.




2

Кіші топтарда қаңқамен, иық және жамбас белдеуі сүйектерімен, қол және аяқтың еркін бөлігінің сүйектерімен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия. Тәж.сабақ 3

Ми сауыты және бет сүйектерінің құрылысы. Жастық ерекшеліктері.



Бассүйектің милық және бет бөлімінің жұп және тақ сүйектері. Маңдай сүйегінің, сынатәрізді сүйектің, шүйде сүйегінің, төбе сүйектерінің, торлы сүйектің, самай сүйектерінің құрылысы.
Жоғарғы жақ сүйегінің, таңдай сүйектерінің, төменгі мұрын кеуілжірлерінің, өре сүйегінің, мұрын, көз жас сүйектерінің, бет сүйектерінің, төменгі жақ сүйегінің, тіласты сүйегінің құрылысы. Жастық ерекшеліктері.






2

Кіші топтарда бассүйекпен, бассүйектің милық және бет бөлімінің жеке сүйектерімен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия. Тәж.сабақ 4

Бас сүйектің топографиясы. Бүтін бас сүйек. Жастық ерекшеліктері.



Тұтас бассүйек. Бассүйектің милық бөлімінің топографиясы.
Бассүйектің ішкі және сыртқы негізі. Бассүйек күмбезі. Жастық ерекшеліктері.






2

Кіші топтарда бассүйекпен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия. Тәж.сабақ 5

Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі. Жастық ерекшеліктері.

Бассүйек сүйектерінің қосылыстары. Самай-төменгі жақ буыны, құрылысы, қызметі. Тұлға сүйектерінің қосылыстары. Омыртқалардың қосылыстары. Сегізкөз бен құйымшақ қосылысы. Сегізкөз-мықын буыны, құрылысы, қызметі. Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылысы. Атлант-қарақұс, ортаңғы атлант-біліктік буындар, құрылысы, қызметі. Омыртқа бағанасы. Қабырғалардың омыртқа бағанасымен қосылысы. Тұтас кеуде торы. Жастық ерекшеліктері.




2

Кіші топтарда муляждармен, плакаттармен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия Тәж.сабақ 6

Иық белдеуі және қолдың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі. Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі. Жастық ерекшеліктері.



Иық белдеуі сүйектерінің қосылыстары. Төс-бұғана, акромион-бұғана буындары, құрылысы, қызметі. Қолдың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары. Иық буыны, шынтақ буыны, кәріжілік-білезік буыны, құрылысы, қызметі. Қол ұшы сүйектерінің қосылыстары. Жамбас белдеуі сүйектерінің қосылыстары. Сегізкөз-мықын буыны, қасаға симфизі, құрылысы, қызметі. Тұтас жамбас астауы. Аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары. Ұршық буыны, тізе буыны, сирақ сүйектерінің қосылыстары, аяқ ұшы сүйектерінің қосылыстары (Шопар және Лисфранк буындары): құрылысы, қызметі. Тұтас аяқ ұшы. Жастық ерекшеліктері.




2

Кіші топтарда муляждармен, плакаттармен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия Тәж.сабақ 7

Бас және мойын бұлшықеттері мен шандырлары Тұлға бұлшықеттері және шандырлары.



Бас және мойын бұлшықеттері мен фасциялары. Шайнау және ымдау бұлшықеттерінің топографиясы және қызметі.
Арқа бұлшықеттері мен фасциялары. Кеуде бұлшықеттері мен фасциялары. Көкет. Іштің бұлшықеттері мен фасциялары. Мойын аймақтары мен үшбұрыштары. Шекарасы мен құрылымдары. Мойын шандырлары мен кеңістіктері. Кеуде үшбұрыштары.
Іштің ақ сызығы. Шап өзегі. Кіндіксақинасы. Іштің тік бұлшықетінің қынабы. Жастық ерекшеліктері.




2

Кіші топтарда планшеттермен, плакаттармен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы

Анатомия. Тәж.сабақ 8

Иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігінің бұлшықеттері: топографиясы және қызметі Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігінің бұлшықеттері: топографиясы және қызметі.
Қолдың және аяқтың шандырлары мен сіңірлері қынаптарының топографиясы

Иық белдеуінің бұлшықеттері. Иық бұлшықеттері. Білек бұлшықеттері. Қол ұшы бұлшықеттері. Топографиясы және қызметтері.
Жамбас белдеуінің бұлшықеттері. Сан бұлшықеттері. Сирақ бұлшықеттері. Аяқ ұшы бұлшықеттері. Топографиясы және қызметтері.
Қолдың және аяқтың шандырлары мен сіңірлері қынаптарының топографиясы.
Қолтық және шынтақ шұңқыры.
Білезік өзегінің, білезіктің кәрі жіліктік және шынтақтық өзектерінің топографиясы.
Сан өзегі, әкелуші өзек, сирақ-тізе асты өзегі және тақым шұңқыры.




2

Кіші топтарда планшеттермен, плакаттармен, «Пирогов» интерактивті тақтасында жұмыс және/немесе тестілік және ситуациялық есептерді шешу.

Ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешуді бағалау парағы, тестілік тапсырмаларды орындауды бағалау парағы













16









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет