Құндылық 2-топ



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата04.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#497631
  1   2   3
Құндылық 2-топ



Құндылықтар,
қызығушылықтар,
нормалар тұлғаның
рухани негізі ретінде
Қабылдаған: Әубәкір А.С
Орындағандар:
Тагаева Назерке
Жахан Зерен
Батырбек Сымбат
Оспанова Қымбат
Аманқұлова Жібек
Турлыбекова Аяулым


Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы,
пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің немесе әлдененің
бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім
немесе әлдене үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние
құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар,
ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер
және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі
қасиеттері) құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа
тән. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту
қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени
туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды,
сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік
болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады.
Құндылық деген м з не?


Қызығу (латынша interest - мәні бар, маңызды) - адам ерекше
сезінетін қимылдың нақты себебі.
Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық
қатынасы деп анықтауға болады. Окушының
танымдық қызығуы танымдық саласына
қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген
қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі.
Л.Выготский бұл жөнінде былай деген: "Ең алдымен, баланы бір
әрекетке тарту үшін, сен оны қызыктыр, оның бұл әрекетке дайын
екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық
күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса
сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек.
Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму
деңгейіне байланысты ойлау
әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді"
Қызығу дегеніміз - жеке адамның объектіге,
оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай
таңдамалы қатынасы.


Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық
сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны
баршаға белгілі. Рухани-адамгершілік құндылықтар
мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ
ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен
ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері мен
көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы
ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие
жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде
ұйымдастырып, жоғары сынып оқушыларының
рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет