Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді. Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады.Виталдық құндылықтарға: өмір, денсаулық, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамның хал-жағдайы (топтық тыныштық, көңіл күй) күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейі және т.б. жатадыТәндік, денелілік. Кез-келген қоғамда адамның тәндігі құндылықтар өрісінің маңызын кұрайды. Тәндік сипаттама тек қана антропологиялық зерттеулердің және өлшеулердің (дененің келбеті, бойы, физикалық белгілері және т.б.) игілігі ғана емес. Әрине бұл қасиеттер арқылы адамның нәсілдік және этникалық детерминанттарын анықтауға болады. Алайда, қоғамдық мәдени факторлар көбінесе адамдардың тәнін және тәндік мәдениетін, одан әрі адамдардың сипаттамасына байланысты мінез-құлқын, қатынастарын қалыптастырады. «Мәдени тән» өмір сүруді қамтамасыз етудің механизміне түзету жасай отырып, антропологиялық және әлеуметтік тәндерден жоғары тұрады. Бейнелердің «мәдени Мені» мәдени ұйымдастықпен, намыс, күш-қуат, әсемдік, дене ептілігі туралы түсініктермен, әлеуметтік және орнықтылықпен, сонылықпен арақатынаста болады.Ағартушылық дәуірінде ол жоғары және барлығы мойындаған жетістікті мерекеледі. Буржуазиялық дәуірде дене артықшылығының, ақыл-ойдың және рухани әсемдіктің үйлесімдігі сияқты қасиеттер жедел белең ала бастады. Өнерде еркектер мен әйелдердің ең алдымен кемеліне келген кезі жоғары бағаланды. XX ғасырда Еуропа мәдениетінде адам тәнінің ақталуы, адамның соматикалық бастауын (сома, грек тілінде — организм денесі, тірі заттың, бейне бір жыныстық клеткаларында, орналасқан, өлмейтін, өзгермейтін тұқым қуалаушылық қасиеті) жетілдіретін әр түрлі мектептер дүниеге келді.Адамдардың назарын, уақытын, қаржысын өзіне аударған ең көп тараған түріне спорт жатады. Айта кеткен жөн, спорттың барлық түрлері олармен шұғылданушылар және жанкүйерлер болып бөлінеді және бұл оның айрықша сипаты. Егер бірінші топтағылар тән мәдениетімен шұғылдану тәжірибесіне тікелей енсе, ал екіншілері барлық уақытта спорттық мақсатқа қатысы бар деп те айтуға болмайтын жанама түрде қатысады.Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, дәрежесі, байлық, мамандық, от басы, сабырлылық, кәсіпқойлық, тәртіп, тәуекелге бел байлаушылық, әлеуметтік теңдік, жыныс теңдігі, үлкенге немесе болашаққа бағытталғандық, ұлттық теңдік.Байлық. Материалдық байлықты мойындамау бағыты кез-келген қоғамда кездесе бермейді, тек қана арнайы ниеттестіктен өткен және қанағат етерлік өмір кешуге қалыпты бағыт алған қоғамда кездеседі.Бүл жағдайда, артық байлықтың жоқтығы, одан бас тартумен толықтырылған. Мұндай байлықтан бас тартатын әдет-ғұрыпты потлач деп атайды. Мысалы, кейбір тайпаларда көп жылдар бойы жинаған артық заттарды өртеп жіберу салты бар.Дегенмен, байлық, шаруашылықтың сипатына тәуелді, ал оған дегендегі қатынас сол қоғамға тән әлеуметтік-мәдени факторларға байланысты. Көшпенді халықтардың ең басты байлығы — мал, отырықшы шаруалардың — жер, ал феодалдық қоғамда жеке адамның мәртебесі оның өмір салтын паш ететін байлыққа тікелей байланысты болады. Байлық құндылық ретінде басқа бағыттармен қайшылыққа келуі мүмкін. Бүкіл әлемдік көркемөнерлік мәдениетте тұрақты түрде байлыққа тікелей моральдық теріс қатынас бар. Әділдік жолмен жиналмаған байлық азғырылады да, дәулетін, жиған-тергенін қоғамдық мақсатқа жұмсаған байлардың іс-қимылдары мақұлданады. Оның үстіне байлықты көпшілік жағдайда сараңдық пен жауыздыққа баламаласа, ал кедейшілікті өзара көмекпен және шын аштықпен байланыстырады.шыСаяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық, бейбітшілік.Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш, намыс, шыншылдық, адал ниеттілік, парасаттылық, берілгенділік, өзара көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік және балаларға әлеуметтік ілтипаттылық.Діни құндылықгар: құдай, сенім, кұтқарылу, рахат, рәсім, мешіт.Қоғамды қадірлеу: еңбекқорлық, патриотизм, қол жеткізе білу қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді қатынасу, жоғары локальдық (мемлекеттің интернациональдылық) бағытталу.Эстетикалық құндылықтар: әсемдік (немесе эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйлесімдік, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.Білім — қоғамның рухани өмірінін негізгі элементтерінін бірі. Білімнің көптеген түрлері қызметі жағынан өмірдегі іс-әрекеттердің белгілі типтерімен, деңгейімен арақатыста болады. Білімнің ол түрлері мыналар: практикалық білім, рухани білім, эмпириялық білім, теориялық білім, экзотериялық білім.Практикалық (тәжірибелік) білім адамның қарекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлік дағдысымен біте қайнасқан. Ол тәжірибеге белгілі бір түрде қызмет етеді (жер өңдеу, жас балаға қарау, малға қарау, үй салу, балаларды тәрбиелеу ауруларды емдеу, механизмдермен, ақпараттармен жұмыс істеу және т.б), былайша айтқанда, рефлексия деңгейіне жеткен, бірақ нақты қарекеттермен тығыз байланыста өмір сүреді. Кейінірек тәжірибелік қарекеттер өзінің күрделі түріне көшкенде білім ноухауға айналады, өйткені ол қарекеттің барлық салаларында жоғарғы технологияны іске қосуды қамтамасыз етуді қажет етеді.