«Ел болам десең – ұрпағыңды ойла»



Дата12.07.2016
өлшемі41.23 Kb.
#193544
«Б А Л А - Б А Қ Ы Т»
Адам баласы өмірге келгенде «өлмейтін» табиғи күштердің жиынтығын бойына жинақтап туады. Сол табиғи күшін шашып- төкпеуге көмектесу, табиғат берген қабілетін шыңдап әріқарай дамытып жетілдіру- тәрбиешінің ұлы миссиясы.

Бала мен ересек адам. Олардың арасында қарым-қатынас қандай болу керек? Қоғамның болашақ азаматтарының жан-жақты дамуына қалай ықпал етуге болады? Бұл сұрақтар қоғамның негізгі міндетінің бірі болып адамзатын үнемі толғандырып келеді.

Қазіргі таңда, еліміз егеменділік алып, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына енуге қарқынды еңбек ету Республика бойынша білім беру мекемелерінің басты міндеті болып саналады.

«Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі». Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себуге, «Балалық шақ» ұжымының балалар үйінің қосар үлесі аз емес.

Біздің «Балалық шақ» үйіміз Қарағанды обылысының Жезқазған қалашығында орналасқан. Балалар үйінде білімді де, білікті маман педагогтар. Балалар үйі бес жанұяға бөлінген. Әр отбасында үш тәрбиеші, он бес баладан қамтылған.

Осы балалардың көңілдеріндегі қаяуды жазып, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеу үшін педагогтар білімін де, білгенін де аямай еңбек етуде.



«Ел болам десең – ұрпағыңды ойла» - дегендей халқымыздың болашағын ойлап, ертеңгі күні өркениетті елдермен тең түсу үшін балаларымызды бүгіннен бастап тәрбиелеуіміз керек. Баланы жан-жақты тәрбиелеудегі негізі мақсатымыз- ол балаларға күнделікті өмірге деген көзқарасын қадағалап, кемшілігін түзете отырып, жастайынан ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, үнемі тазалыққа баулу. Осындай тәрбиелеу кезінде, «бес саусақ бірдей емес» дегендей мінездері, талғамы әртүрлі балалардың бәрінің бірдей көңілдерін табу оңай еместігі баршамызға аян.

Өмірден қиындық көрген балаларды аялы алақандарымен маңдайларынан сипай отырып, халықтық педагогика үлгісінде, ұлттық салт пен сананы бойларына сіңіру, салт-дәтүрді қастерлеуге үйрету-әр тәрбиешінің алдына қойған мақсаты.

Бала да бір, балауса шыбық та бір. Олар өз ортасына қарап өседі, дағдыланады. Жалпы біздің балалар үйіміз-көпұлтты мемлекетіміздің кішкентай ғана көпұлтты отауы. Сондықтан тіліне де, дініне де кемшілік көрсетпей, әр баланың табиғи ерекшелігіне бойұсына отырып тәрбиелеуді әрбір тәрбиеші өз міндетім деп түсінеді.

«Балалық шақ» үйінің төрайымы- балаларымыздың анасы да, әрі әкесі-Фатима Ідірісқызының жетекшілігімен көптеген игі істер


атқарылуда. Балалар үйінде «домбыра», «би», «шебер қолдар» үйірмелері, «сырласу» клубы, «қуыршақ театры» үйірмесі жұмыс істейді.

Тәрбие жұмысын жүргізуде отырып, әрбір баланың мінез-құлық қасиетін қалыптастыру, ақыл-ойына , сана-сезіміне, тәрбиесіне, ерік-күшіне ықпал жасап өсіру, жан-жақты тәрбиенің негізі.

Осыған дәлел, өзімізде бишілер ансамблі мен күйшілер оркестрі бар. Оларға маман музыкант пен іскер хореограф дәріс береді. Өнерлі ұландар қаланың, облыстық деңгейді жарыстарды қойып, 2007 жылы Астана қаласындағы жасөспірімдер арасындағы Республикалық өнер сайсында «Гран-при» жүлдесін жеңіп алып, лауреат атанды. Күйші балалар Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Нұрғисаның, Сәкеннің күйлерінен дархан даланың жомарттығын, қазақтын кеңпейілдігін ұялатса, биші қыздарымыз ұлттық дәстүрдегі мың бұралған билерден сұлулықты, әсемділікті, қазақ қызына тән биязылық пен нәзіктікті қалыптастырады.

Жанұя тәрбиешілері балалардың сабаққа даярлықтарын қатты қадағалайды. Өйткені, бүгінгі оқушы- ертеңгі маман. Оларды келешекте білікті де білімді азамат болып өсуіне өздері жауапты екендіктерін сезінулерінде. Балалар үйінің ұжымы жолға қойылған келесі оңтайлы іс- балалардың еңбек етуіне мүмкіндігін жасау. Өзімізге бөлінген жер 100 шақырымдай жерде орналасқанына қарамастан, балалар демалыс кездерінде, жазғы еңбек тоқсандарында жұмыс істеп, көкөніс егіп, өсіріп, өз еңбектерінің жемісін жеуде. Еңбектің сенім мен қуаныш әкелетін біздің балалар осы бастан сезінуде. Еңбек бала күшіне сай және басқа адамдарға жеміс әкелген жағдайда ғана қунышты. Осы қунышты сезінген балалар өздері еккен көкөністің барлық түрін жыл сайын қамбамызға жиып алып, келер көктемге дейін пайдаланады.

«Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген халық нақылы балалар санасында берік сақталуына сенімдіміз.

Балалардың қысқы-жазғы демалыстары да ойдағыдай ұйымдастырылуда. Қыста ғана Францияға барған балалар, жаз айларында Қара теңізге шомылып, Қрымда демалды. Сонымен бірге өзіміздің Қарқаралы мен Көкшетау біздің балалардың жыл сайын демалатын-сауықтыру мекендері.

Балалардың осындай демалыстарын ұйымдастырушысы да, қолдаушысы да «Қазақмыс» корпорациясына балалардың да, ұжымның да айтар алғыстары шексіз.

Елбасымыз «Қазіргі жас буын мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп жастарымыздан үлкен үміт күтіп отыр. Әрі бұл халық көкейіндегі ой. «Үйрету – үлкеннен, үйрену- кішіден» демекші берген тәлім – тәрбие, өнегеміздің жемісі – ұядан ұшырған көптеген қарлығаштарымызды – мақтанышымыз деп айта аламыз.



  1. Татагулов Ермек – Щучинск қаласындағы кадет корпусын бітіріп Алматы қаласының әскери институтын (институт сухопутных войск) бітірді, кәзіргі уақытта Тараз қаласында рота командиры болып жұмыс істеп жүр.

  2. Хасен Меруерт, Амзен Маржан- Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде оқиды, «биші» мамандығында, биыл жазда делегацияның мүшесі болып Францияда қазақ өнерін таныстыру мақсатымен іс сапарға жүріп келді.

  3. Тарыбаева Сауле – Алматы қаласында ЖенПИ-да физика- математика факультетінде оқып жатыр. Тобының үздік студенттерінің бірі.

  4. Қуанышев Нурлан- Алматы қаласындағы К.Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқиды.

  5. Байгазиев Әділхан – Карағанды қаласындағы техникалық университетінің студенті.

  6. Мусалимов Ержан, Аманова Сауле- Қазақстан-Рессей университетінің «экономика» факультеттерінің студенттері. Тағы да коптеген басқа балалар жоғары оқу орындарында оқиды.

Қорыта айтқанда балалар үйіндегі балалар, тәрбиеші аналарының аялы алақанында алаңсыз тәрбиеленуде. Келешекте қоғамның бір кетігіне кірпіш болып қаланар, саналы азамат болып өсетініне сенімдіміз.
Қарағанды обылысының

«Балалық шақ үйі» Жезқазған қалашығы 2008 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет