негізіне логофобияның болуы (С. С. Ляпидевский, С. И. Павлова) әр түрлі
деңгейде өз
ақаулығына көңіл аударуы (В. И. Селиверстов, В. М. Шкловский) алынады.
Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық сипаттаманы ескере отырып, өзінің
ақаулығына көңіл аударуын негізге ала отырып тұтықпаларды 3 топқа бөледі: нольдік, біркелкі,
орташа және айтарлықтай немесе жоғары деңгейде ақаулыққа көңіл аудару.
Бірінші топтағы балалар өздерінің ақаулығын байқамайды, көңіл аудармайды. Олар
үлкендермен де
өзінің құрдастарымен, бөтен адамдармен ұйалмай қарым – қатынас жасайды.
Екінші топтағы балалар тұтықпаға байланысты іштей қайғырады, әр түрлі амал арқылы
тұтықпаны байқатпауға тырысады. Дегенмен ақаулықты сезінуі, іштей қайғыруы тұлғаның
дамуына оншалықты әсерін тигізбейді. Үшінші топтағы балалар үнемі
өзінің ақаулығын
сезінеді. Ондай балалар әрдайым сөйлеу қиыншылықтарына көңіл аударып, терең және ұзақ
қайғырып, ренжиді. Соның салдарынан олар өздерін кем санайды, секемшіл келеді және
сөйлеу алдында қорқыныш пайда болады.
Сонымен, тұтықпада тек сөйлеу функциясының
бұзылуымен қатар нерв
жүйесінің, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы, психологиялық ерекшеліктері
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: