Ойын терапиясы



бет1/93
Дата24.01.2024
өлшемі0.74 Mb.
#489632
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ НА ДОМУ(1)



Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 04.09.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика).
Сабақтың мақсаты:Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,дайындық жағдайында қоршаған ортамен байланыстыру
Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: ым және қимылдың қатынастағы ролімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Шығармашылық ойындар : « Айна », «Ертегіні бейнеле »,әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу »
Сөздік: Ишарат қимылы—мимика пантаномика.
Сөйлеу тілін дамыту :Сөздерді дұрыс пайдалану ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру
Сабақтың түрі: ойын терапиясы.
Ойын материалы:Әр-түрлі ишараттар мен қимылды көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалары, суреттері ,
Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау.
ІІ.Кіріспе : әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу ». Баланың қимылды қайталауын бақылау.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Тренинг Мен қандаймын ?
Мен-тіл алғышпын,
Мен- қайрымдымын,
Мен –үлкенді сыйлаймын ,
Мен –кішіге қамқормын,
Мен –күштімен,
Мен-ептімін,
Мен –бәрінен де мықтымын !
2.Ойын « Айна »Әр-түрлі қимылды шатастырмай тез орындауын ,оқушы көңіл-күйінің көтерілуін қадағалау.
3.Дидактикалық ойын :Ертегіні бейнеле. «Шалқан » ертегісі
Оқушының әр-түрлі ертегі кейіпкерін дыбыспен ,қимылмен ажыратып айта отырып ертегі мазмұнын түсіндіру.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :
Бүгін қандай ойындар ойнадық ?
Саған сабақ ұнады ма?

Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 06.09.2018 ж


Сабақтың тақырыбы: Сезім тілі. (мимика).
Сабақтың мақсаты:Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,дайындық жағдайында қоршаған ортамен байланыстыру
Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: ым және қимылдың қатынастағы ролімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Психологиялық дайындық: Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Сто сұрақтары
Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушы не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-Мақсаты
-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау
Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен,
артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсың?
Бір адамның бет әлпеті түрлі болып өзгеретінін білесің бе?Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.
Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл – шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
Мимика – адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.
Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.
Ал ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, еріндері берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды.
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...-үйде жалғастыру...
Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 11.09.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынас (қарым-қатынас қызметі)
Сабақтың мақсаты:
Іскерлік қарым-қатынасқа орай сөз әдебін игерту, оқушы қызығушылығын ояту.
Дамытушылығы:
Тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу, бір-бірін сыйлауға баулу.
Сабақтың типі:
Топтастыру, сұрақ – жауап, пікірталас, шығармашылық бес жол өлең, іскерлік ойын.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің амандасуы оқу-құралдарының дайындығын тексеру.
Амандасу
ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
Қызығушылықты ояту
Жаттығу: «Қарым-қатынас»
Жаттығудың ережесі қол арқылы бір-бірімізбен тез амандасып, қоштасып, ұрысып, татуласуымыз қажет.
-Рахмет, жаттығуды жақсы орындадың.
Ойланайықшы, адамдар бір-бірімен қандай құрал-әдістер арқылы қарым-қатынас жасайды, телефон, радио құралдарынан басқа адамдар өз ойларын, пікірлерін қалай білдіреді?
Біз өмір сүріп жатқан ортамызда бір-бірімізбен әртүрлі қатынас жасаймыз. Яғни бұл қатынас- психологияда қарым-қатынас деп аталады.
Қарым-қатынас әдіс-құралдарын атап, (сөз, бет-әлпеті, жест, көзқарасы, қимылы т.б.) жеке ойларын білдіріп ортаға салады, өзге мұғалімнің ойын тындай отырып өзінің пікірін нақты мысалдармен нақтылайды.
«Қарым-қатынас» жаттығу арқылы оқушы жаңа сабақты меңгеру деген қызығушылық оянып, зейінін жаңа сабақты меңгеруге бағыттайды. Оқушы «қарым-қатынас» туралы анықтамаларымен танысады, біледі.
Сіз қарым-қатынастың әртүрлі құралдарын атадыңыз. Ендеше сіз атамаған басқада құралдарға, қарым- қатынас мазмұны, қызметі, қарым- қатынас типтері, қарым- қатынастағы әдеп принциптері және қарым-қатынаста кездесетін кедергілер туралы әңгіме қарастырамыз.
Қарым-қатынас: адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен етене әрі жанды байланысы, тілдесу, пікірлесу, әңгімелесу , сөйлесу адамдардың бір-бірімен араласуы.
Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым - қатынас болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет