Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік. Қоректік заттардың маңызы мен олардың нормалары. Энергиялық баланс.Негізгі энергия алмасу жайлы түсінік пен жұмыс түріне қарай жұмсалған энергия түрлері. Жоспары: - Заттар мен энергия алмасу туралы жалпы түсінік
- Негізгі алмасу
- Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны.
- Энергия алмасуын зерттеу әдістері
- Зат алмасу реттелуі. Азот тепе-теңдігі.
- Тамақтану. Қоректік заттардың маңызы мен физиологиялық нормалары
Заттар мен энергия алмасуы туралы жалпы түсінік
Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
- Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
- Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
- Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
- Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады: анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция).
Заттар алмасуы барысында энергия өзгеріп отырады: аспен түскен күрделі органикалық қосылыстардың потенциалдық энергиясы механикалық, электрлік, жылу энергияларына айналады.
Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны арасында тепе-теңдік сақталады (энергияның сақталу заңына бағынады)
Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдары:
- АТФ синтезі
- Механикалық жұмыс
- Химиялық синтез
- Заттардың тасымалдануы
- Электрлік жұмыс (МП, ӘП)
- Дене температурасын сақтау
- Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз ету.
Организмде түзілген энергия жылу бірлігі – калория немесе кджоуль (СИ жүйесі) түрінде көрсетіледі
Организмде тотыққандағы қоректік заттардың калориялық коэффициенті
| | |
1 г белок
|
4,1 ккал
|
17,17 кДж
|
1 г май
|
9,3 ккал
|
38,94 кДж
|
1 г көмірсу
|
4,1 ккал
|
17,17 кДж
|
Достарыңызбен бөлісу: |