«Нерв жүйесінің п атофизиология сы» пәні бойынша тест тапсырмалары



Дата23.11.2023
өлшемі70.23 Kb.
#484172
Тест студенттерге. КАЗ Жүйке жүйесі-2ОМ


«Нерв жүйесінің патофизиологиясы» пәні бойынша тест тапсырмалары

Тежегіш бақылауы әлсіреген гиперактивті нейрондар тобы мына жағдайларда қалыптасады:


A. NMDA рецепторларының блокадасы
B. натрий каналдарының блокадасы
C. нейрондардың ауыр гипоксиялық зақымдануы
D. нейрондардың цитоплазмасында кальцийдің төмен болуы
E. синапстық саңылауға аспартаттың жоғарылауы
***
Толық ашығудың 10-12-ші күні ми нейрондары энергия алу үшін тотығу субстраты ретінде келесі заттарды пайдалана бастайды:
A. глюкоза
B. гликоген
C. үшглицеридтер
D. кетондық денелерді
E. гексоза фосфаттарды
***
Нейрондардағы иондар мен сұйықтықтың дисбалансының салдарының бірі болуы мүмкін:
A. нейрон плазмалеммасының тұрақты деполяризациясы
B. нейрондардағы осмостық қысымның төмендеуі
C. нейрондық мембраналарда липидтердің асқын тотығуының тежелуі
D. нейрондық протеосинтез ферменттерінің белсенділігінің артуы
E. К+ иондарының жасушаішілік кеңістікте жиналуы
***
Нейрон функциясы бұзылуының спецификалық механизмдеріне жатады:
A. нейрондардың апоптозы
B. нейрон мембраналарының зақымдануы
C. аксон бойымен медиаторлардың тасымалдануының бұзылуы
D. нейрондардың энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылуы
E. энергия тапшылығына байланысты иондар мен сұйықтықтың дисбалансы
***
Перифериялық ағзаларда немесе нерв жүйесінде нейродистрофиялық процестердің дамуына осы жердегі бұзылыстардың маңызды үлкен:
A. түйіспелерде (синапстарда)
B. нейроглияларда
C. саркоплазмалық ретикулумда
D. гематоэнцефальдық тосқауылда
E. ми қабықтарында
***
Патогендік агенттердің орталық жүйке жүйесіне нерв талшықтары арқылы енуі тән:

  1. пневмококтарға

  2. сіреспе токсиніне

  3. стрептококк экзотоксиніне

  4. ішек таяқшаларына

  5. тұмау вирусына

***
Орталық нерв жүйесіне вирустар мен антиденелердің енуі осы арқылы іске асырылады:

  1. дендриттер және олардың жалғамдары

  2. нейронның синаптикалық аппараты

  3. микротүтікшелердің қатысуымен жылдам аксональды тасымалдау

  4. баяу антеградтық аксональды тасымалдау

  5. ретроградты аксональды тасымалдау

***
Нейронның интегративті қызметінің бұзылуы осының бүлінісінен туындайды:
A. посттетаникалық потенциалдың
B. өсінділер арқылы басқа нейрондармен байланысуының
C. химиялық синапстардың қатысуымен қозуды өткізудің
D. постсинапстық мембранада натрий иондары үшін арналардың ашылуының
E. мембранада пайда болатын постсинапстық потенциалдардың барлығының
***
Ботулиндік токсиннің әсерінен синапстар функциясы бұзылуының негізгі механизмі түсіндірілед:

  1. синапстық саңылаудан глицин секрециясының тежелуімен

  2. синапстық саңылаудан ацетилхолин секрециясының тежелуімен

  3. постсинапстық мембранада серотонинге рецепторлардың бөгелуімен

  4. моноаминооксидаза белсенділігін тежеумен

  5. холинэстераза белсенділігін тежеумен

***
Денервациялық синдромға тән белгі:
A. трофогендердің түзілуінің жоғарылауы
B. денервациялық құрылымдардың электрогенезінің артуы
C. нейрондардың қозуының жоғарылауы, реактивтілігінің бұрмалануы
D. Нейрондарға шамадан тыс К+ енуі және Са2+ шығуы
E. нейронның ГАМКэргиялық тежелуінің күшеюі
***
Выраженный денервационный синдром развивается в результате:

  1. десимпатизации

  2. частичной декортикации

  3. разобщения нервной системы с органами и тканями

  4. разобщения коры большого мозга с подкорковыми центрами

  5. разобщения центральной и периферической вегетативной нервной системы

***
Денервацияланған ағза жасушаларының нейрогендік дистрофиясының патогенезінде маңызды:

  1. трофогендердің жасушаға көптеп түсуі

  2. денервацияланған жасушалар қозымдылығының артуы

  3. денервацияланған ағзаның функциялық белсенділігінің күшеюі

  4. постсинапстық мембраналарға нейромедиаторлардың әсер ете алмауы

  5. денервацияланған жасушалардың мембраналарындағы натрий каналдарының бөгелуі

***
Нейронаралық қатынастар деңгейіндегі патологиялық интеграцияны білдіретін және ОНЖ өзара байланысқан гиперактивті нейрондар тобының қалыптасуы:
A. дендриттердің зақымдануы
B. патологиялық жүйе
C. патологиялық доминанта
D. патологиялық детерминанта
E. патологиялық күшейтілген қозу генераторы
***
Жұлынның дорсальды түбірлері кесілгенде, зақымдалған жақтағы аяқ-қолдың қозғалысының үйлесімділігі бұзылады. Бұл құбылыстың дамуы осыған байланысты болады:
A. жұлындағы тежеуші ​​механизмдердің белсенуімен
B. деафферентацияланған құрылымдардың қозымдылығының жоғарылауымен
C. әртүрлі құрылымдардан келетін импульстарға нейрондардың реактивтілігінің жоғарылауымен
D. ОНЖ нейрондарына түсетін афферентті импульстардың тітіркенуімен
E. иннервация аймағында трофикалық бұзылыстардың дамуымен
***
Ер адам С., 45 жаста, ми бағанының ауқымды инфарктынан кейін (ортаңғы ми деңгейінде) денесі шалқайған күйде. Науқастың басы артқа қарай шалқайған, арқа мен аяқ-қолдың созылатын бұлшықеттерінің тонусы күрт жоғарылаған, қолдары мен саусақтары бүгілген, аяқтары созылған. Бұл белгілер науқаста келесі аурудың дамуын көрсетеді:
A. патологиялық парабиоз
B. патологиялық детерминанта
C. нерв құрылымдарының деафферентациялық синдромы
D. децеребрациялық ригидтілік
E. денервация синдромы
***
Орталық нерв жүйесінің органикалық зақымданулары кезінде пациенттерде ерте постнатальдық кезеңде қалыпты болып саналатын Бабинский рефлекстері, ұстау, сору және басқа рефлекстер пайда болады. Олардың ересек пациенттерде дамуы осының салдарынан болады:
A. тежеуші нейрондардың шамадан тыс белсенуінен
B. қозу механизмдерінің тікелей зақымдануынан
C. ми қыртысының жұлынды бақылау қызметінің белсенуінен
D. жұлынның немесе сопақша мидың орталықтарының тежеуден шығуынан
E. NMDA типті глутаматты рецепторлардың блокадасынан
***
Нерв жүйесі зақымданған кезде жүйелік қатынастардың патологиясы болып табылатын, афференттік нервтердің ұзақ тітіркенуінің салдарынан дамитын ОЖЖ жалпы қозымдылығының жоғарылаған жағдайын атаңыз:

  1. истереозис

  2. денервация синдромы

  3. деафферентация синдромы

  4. патологиялық детерминанта

  5. патологиялық күшейтілген қозу генераторы

***
ОНЖ белгілі бір сәтте орталық үстемдігі жоғары функционалдық құрылымы ретінде патологиялық доминанттылық келесі деңгейде жүзеге асырылады:
A. синаптикалық байланыстар
B.жүйеаралық қатынастар
C.жүйеішілік қатынастар
D. жасушаішілік процестер
E. жасушааралық қатынастар
***
Нейропатологиялық синдром осының клиникалық көрінісі болып табылады:
A. антижүйелердің
B. патологиялық жүйенің
C. патологиялық доминантаның
D. зақымдалған нерв жасушасының
E. патологиялық парабиоз ошағының
***
Неврологиялық немесе психопатологиялық синдромдарды жою үшін организмде қорғаныстық механизмдер қалыптасады, олар нерв жүйесінің резистенттілігін арттыруға және зақымдануды жоюға бағытталған. Оларға жатады:
A. антижүйелердің қалыптасуы
B. қозу процестерінің тежелуден басым болуы
C. патологиялық күшейтілген қозу генераторларының дамуы
D. нейрондардың жасушаішілік регенерациясының төмендеуі
E. гематоэнцефалдық бөгеттің өткізгіштігінің артуы
***
Бас миының гипоксиялық зардапталуға тұрақтылығы осы жағдайда жоғарылайды:

  1. NMDA - рецепторлары белсенгенде

  2. глутаматергиялық денервацияда

  3. глутаматтық рецепторларының белсендіргіштері әсер еткенде

  4. нейрондарда NO - синтетаза белсенділігі жоғарылағанда

  5. нейрондар беткейінде ГАМҚ-рецепторларының саны азайғанда

***
Ишемияның дамуына әсер ететін мидың метаболизмдік ерекшеліктеріне жатады:
A. оттегіні аз пайдалануы
B. фосфокреатинин деңгейінің төмендігі
C. энергия көзі ретінде бос май қышқылдарын пайдалануы
D. антиоксиданттық жүйе ферменттерінің белсенділігінің төмендігі
E. глюкоза мен гликогеннің үлкен қорының болуы
***
Ми арқылы қан ағыс деңгейінің жүйелі қан қысымының өзгеруінен тәуелсіздігі осы шаманы құрайды:
A. 0-ден 180 мм сын. бағ. дейін.
B. 40-тан 160 мм сын.бағ. дейін.
C. 60-тан 180 мм сын. бағ. дейін.
D. 80-нен 200 мм сын. бағ. дейін.
E. 90-нан 220 мм сын.бағ. дейін.
***
Мидағы қанайналым реттелуінің негізгі факторы:
A. миогенді фактор
B. гуморальды фактор
C. нейрогендік фактор
D. метаболизмдік фактор
E. мембраногендік фактор
***
Ми артерияларының кеңеюі келесі жағдайларда болады:
A. гиперкапния
B. гипероксемия
C. рН жоғарылауы
D. артериялық қысымның жоғарылауы
E. прекапиллярлық артериолалардың тонусының жоғарылауы
***
Бассүйек миының ауыр жарақатын алған Ф., есімді науқаста бассүйек ішілік қысымның 32 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы, перфузия көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Бұл жағдайдағы мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуын, бассүйек ішілік гипертензия дамығанда келесі процестердің дамуымен байланыстырады:

  1. жұлын сұйықтығының резорбциясының жоғарылауы
    B. веналық қанның ағып кетуінің жылдамдауы
    C. мидың синустарына енетін жердегі веналардың қысылуы
    D. мидың қарыншаларындағы қысымның төмендеуі
    E. экстракраниальды тамырлардың қысылуы

***
Ми ишемиясында ошақтық некроз дамуы осыған негізделген:

  1. митохондриалық ферменттер белсенділігі жоғарылауына

  2. нейротрофиялық факторлар белсенділігі күшеюіне

  3. глютамат-кальцийлік каскад әрекеттеріне

  4. тежеуіш әсері бар аминқышқылдарының деңгейі жоғарылауына

  5. NMDA-peцепторлар гипореактивтілігіне

***
Өтпелі ишемиялық шабуылдар келесі белгілермен сипатталады:
A. мида кисталардың дамуы
B. тек ақ затта ишемияның дамуы
C. мида ақ инфаркттардың дамуы
D. ми инфарктының геморрагиялық трансформациясы
E. 24 сағат ішінде неврологиялық дисфункцияның қайтымдылығы
***
Нейрондарда қайтымсыз өзгерістер дамуы үшін перфузия деңгейі:

  1. 80 мл/100 г/мин-1

  2. 50 мл/100 г/мин-1

  3. 35 мл/100 г/мин-1

  4. 20 мл/100 г/мин-1

  5. 10 мл/100 г/мин-1 және одан төмен

***
Науқас 70 жаста, денесінің оң жақ бөлігінің әлсіздігіне, сөйлеуінің қиындауына шағымданады. Анамнезінде–артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы. Тексергенде денесінің оңжақ бөлігінің гемипарезі және гемианестезиясы байқалды, Бабинский рефлексі оң нәтижелі. Миды компьютерлік томография жасағанда ми ішілік гематома белгілері анықталған жоқ. Жоғарыда көрсетілген бұзылыстар науқаста осы патология дамығанын айғақтайды:

  1. ишемиялық инсульт

  2. геморрагиялық инсульт

  3. субарахноидалық қан құйылу

  4. артериовеналық мальформация

  5. гемореологиялық окклюзия

***
Ишемиялық инсульттің бақыланбайтын қауіп факторларына мыналар жатады:
A. гиперкоагуляция
B. гипергомоцистеинемия
C. артериялық гипертензия
D. қант диабеттің 2 типі
E. тұқым қуалаушылық
***
62 жастағы ер адам, дене салмағы 115 кг,темекіні шамадан тыс көп шегеді. Аяқ астынан сол жақ бөлімінің салдануы дамып, сезімталдығы жойылған. 3 сағаттан кейін қайтыс болған.Ашып тексеріп қарағанда мидың оң жақ шүйде-самай бөлімінде шеті тегіс емес қабыршақтанған сұр ошақ анықталған. Артерияларда қантамыр саңылауын 75%-ға тарылтатын, тығыз, дөңгелек, ақшыл-сарғыш түсті өсінді табылған. Науқаста нерв жүйесі патологиясының типтік түрлері дамуының мүмкін болатын себептерін атаңыз:
A. жасы
B. темекі
C. ер кісі
D. атеросклероз
E. дене самағының артық болуы
***
Ишемиялық инсульттің кардиоэмболиялық түрі дамуының ең маңызды модификацияланатын қауіп факторлары:
A. қант диабеттің 1 типі
B. артериялық гипотензия
C. жүрекшелердің фибрилляциясы
D. алкогольді асыра пайдалану
E. бүйректің созылмалы ауруы
***
Ишемиялық инсульт дамуының жүйелі этиологиялық факторларының тобына жатады:
A. ми артерияларының қысылуы
B. ми артерияларының диссекциясы
C. ми тамырларында тромб түзілуі
D. ми артерияларының атеросклерозы
E. артериялық гипотензия
***
Ишемиялық инсульттің патогенезінде маңызды:

  1. АТФ түзілуінің күшеюі

  2. глутаматтық эксайтоуыттылық

  3. NMDA-рецепторлар белсенділігінің тежелуі

  4. нейрондардан кальцийдің көптеп шығуы

  5. антиоксиданттардың жоғарылауы

***
Инсульт кезінде глутамат және аспартаттың салдарынан постсинапстық NMDA-рецепторлардың белсенуі қабаттасады:
A. калийдің жасушаға көп енуімен
B. кальцийдің жасушаға көп енуімен
C. липидтердің асқын тотығуының тежелуімен
D. протеолиздік ферменттердіңбелсенділігітежелуімен
E. АМРА-рецепторлар белсенділігітежелуімен
***
Ишемиялық аумақта жасушадан тыс глутаматтың концентрациясының жоғарылауы және глутаматтық рецепторлардың белсенділігінің тым артуы келесі ауытқуларға алып келеді:

  1. нейрондардың деполяризациясының тежелуіне

  2. апоптоз және некроздану салдарынан нейрондардың өліміне

  3. вольтаж-тәуелді кальцийлік каналдардың тежелуіне

  4. АТФ-тәуелді насостардың белсенділігінің күшеюіне

  5. нейротрофиялық факторлардың синтезінің күшеюіне

***
Ишемияға ұшыраған мида ионотропты постсинаптикалық AMPA рецепторларының гиперактивациялануынан туындайды:
A. жасушалардың осмостық ісінуі
B. нейрондардан натрий мен судың шығуы
C. NMDA рецепторлардың магниймен бөгеттенуі
D. кальций үшін иондық арналарының жабылуы
E. нейрондардың эксайтоуытты механизмдерінің тежелуі
***
Ишемиялық жартылай көлеңке (пенумбра) аумағында орналасқан:

  1. қайтымсыз зақымдалған нейрондар

  2. қалпына келу деңгейі жоғары нейрондар

  3. қайтымсыз зардапталған нейроглия жасушалары

  4. биоэлектрлік белсенділігі жоғары нейрондар

  5. функциясы тұрақсыз, бірақ өмір сүруге қабілетті нейрондар

***
Инсульт кезінде мидың ишемиялық ісінуінің патогенезінде маңызды:
A. нейрондардан натрий мен хлордың бөлінуі
B. тамыр қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі
C. тамырларда гидростатикалық қысымның төмендеуі
D. жасушалардың АТФ-тәуелді натрий сорғысының жеткіліксіздігі
E. периваскулярлық кеңістікте онкотикалық қысымның төмендеуі
***
Ишемиялық инсульт кезінде петехиялар мен паренхималық гематомалардың дамуы осының дамуын айғақтайды:
A. ишемиялық жартылай көлеңке
B. мидың ишемиялық ісінуі
C. коллатералдық қанайналымның артуы
D. ми инфарктының геморрагиялық трансформациясы
E. ми тінінің реперфузиялық зақымдануы
***
Ишемиялық инсульт кезіндегі нейрондық өлімнің кешіктірілген механизмдеріне мыналар жатады:
A. нейрондардың гипоэргозы
B. тотығутық стресс
C. глутаматты эксайтоуыттылық
D. мидың цитотоксикалық ісінуі
E. лактатацидоз
***
Науқаста ми қанайналымының қауырт бұзылысынан кейінгі ерте кезеңде зардапталған церебралдық тамырда қанағыс қалпына келгеніне қарамастан, неврологиялық симптомдардың айқындығы өрши берді. Науқаста инсульттен кейінгі ерте кезеңде неврологиялық симптомдардың өршуінің себебін атаңыз:

  1. нейрондардың реперфузиясы

  2. нейрондардың бүрісуі

  3. нейрондардан кальцийдің шығуы

  4. нейрондардың осмолярлығының төмендеуі

глутаматтық рецепторлардың тежелуі
***
62 жастағы ер адам, дене салмағы 115 кг,темекіні шамадан тыс көп шегеді. Аяқ астынан сол жақ бөлімінің салдануы дамып, сезімталдығы жойылған. 3 сағаттан кейін қайтыс болған.Ашып тексеріп қарағанда мидың оң жақ шүйде-самай бөлімінде шеті тегіс емес қабыршақтанған сұр ошақ анықталған. Артерияларда қантамыр саңылауын 75%-ға тарылтатын, тығыз, дөңгелек, ақшыл-сарғыш түсті өсінді табылған. Науқаста нерв жүйесі патологиясының типтік түрлері дамуының мүмкін болатын себептерін атаңыз:
A. жасы
B. темекі
C. ер кісі
D. атеросклероз
E. дене самағының артық болуы
***
Науқас Д., 60 жаста, мидағы қанайналымның жедел бұзылыстанының белгілерімен түскен. Анамнезінен – 15 жыл бойы артериялық гипертензия бойынша ем қабылдайды. Тексеру кезінде диаметрі 10-15 мм-ге дейінгі ошақтық зақымданулар, ұсақ перфорациялы артериялардың зақымдануы түріндегі микроангиопатия анықталды. Бұл белгілер осының дамуын айғақтайды:

  1. криптогендік инсульт

  2. геморрагиялық инсульт

  3. субарахноидалды қан құйылу

  4. атеротромбоздық инсульт

  5. лакунарлық инсульт

***
Ишемиялық инсульттің атеротромбоздық түрі дамуының ең маңызды факторларына жатады:
A. атеросклероздық түйіннің тұрақсыздығы
B. ми инфарктының геморрагиялық трансформациясы
C. мида жұлын сұйықтығымен толтырылған қуыстардың пайда болуы
D. мидың ақ затындағы микроангиопатиялар
E. ми тамырларындағы ангиодистониялық бұзылыстар
***
Солжақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральді инфаркты және жүрекшелердің фибрилляциясы байқалған науқаста ишемиялық инсульт дамыды. Осы жағдайда ми ишемиясы дамуының басты патогенездік факторы болып табылады:

  1. қан тұтқырлығының жоғарылауы

  2. қандағы формалық элементтердің агрегациясың күшеюі

  3. қандағы фибринолиздік жүйелердің белсенділігінің артуы

  4. жүйелік перфузиялық қысымның төмендеуі

  5. қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуы

***
Терең перфорациялық артериялардың бітелуі ишемиялық инсульттің келесі патогенетикалық түрінің дамуына әкеледі:
A. лакунарлық
B. кардиоэмболиялық
C. атеротромбоздық
D. гемодинамикалық
E. криптогендік
***
Ишемиялық инсультпен ауырған Н., есімді науқастың тыныс алуы жиі және терең. Салдарынан PaCO2 сынап бағаны бойынша 29 мм дейін төмендеген, бұл өз кезегінде ми тамырларының реактивтілігінің осындый өзгерістерін тудырады:

  1. мидағы қанайналымның төмендеуі

  2. қан тамырларының қарсыласуының төмендеуі
    C. қан ағыстың тікелей жылдамдығының артуы
    D. қанның көлемдік ағымының жоғарылауы
    E. ми тамырларының кеңеюі

***
Респираторлық және кардиоваскулалық жүйелердің реттелуінің бұзылуымен, жұтынудың бұзылуымен, сөйлеу қабілетінің жойылуымен және тетраплегия дамуымен сипатталатын витальді функциялардың айқын бұзылыстары мидың осы бассейнінде қанағыс баяулағанда байқалады:
A. каротидті жүйеде
B. мидың ортаңғы артериясында
C. мидың алдыңғы артериясында
D. ішкі күретамырларда
E. вертебро-базилярлық жүйеде
***
Ишемиялық инсульт кезінде нейропротекция жүргізудің негізгі мақсаты:
A. пенумбра
B. инфаркттың ядросы
C. шекті аймақ
D. олигемия аймағы
E. некроз аймағы
***
Геморрагиялық инсультке қарағанда, ишемиялық инсультте жиі байқалады:
A. ми тінінің қысылуы
B. ошақтық көріністер
C. ішкі гидроцефалия
D. бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы
E. ми инфарктының геморрагиялық трансформациясы
***
Ишемиялық инсультке қарағанда, ми қабықтарының торлы қабық асты кеңістігіне қан құйылуымен көрінетін мидағы қанайналымның жедел бұзылыстарының осы түрінде байқалады:
A. ми бағанының зақымдануы
B. бассүйек ішілік қысымның төмендігі
C. микроглиялардың айқын активациясы
D. асептикалық менингит
E. көру қабілетінің бұзылуы
***
Спонтанды субарахноидальді қанқұйылу дамуының (85% жағдайда) негізгі себебіне жатады:

  1. аневризманың жарылуы

  2. артериялардың қатпарлануы

  3. қанның ұю жүйесінің бұзылуы

  4. ми тамырларының қабынулық өзгерістері

  5. бас миының артерия-веналық мальформациясының жарылуы

***
Геморрагиялық инсульттың анатомиялық көрінісі:
A. мидың ақ инфаркты
B. мидың вазогендік ісінуі
C. колликвациялық некроз
D. мидың сұр түсті жұмсаруы
E. мидың ошақты геморрагиялық инфильтрациясы
***
Ишемиялық инсультке қарағанда геморрагиялық инсульттің ағымының ауыр болуына ықпал ететін факторларға жатады:
A. өте айқын компрессия және мидың ісінуі
B. глутаматты эксайтоуыттылықтың болмауы
C. құйылған қандағы вазодилатациялық заттектердің ықпалы
D. тотығуға қарсы жүйелердің айқын белсендірілуі
E. АТФ тапшылығының айқын болмауы
***
Науқас В. геморрагиялық инсульт алған. Инсульттан кейінгі кезеңде науқаста ауырсыну сезімі мен жанасулық (тактильді) сезімталдықтың бұзылуы байқалған. Бұл симптомдар келесі нерв құрылымының басым зақымдануына тән:
A. таламус
B. мишық
C. гиппокамп
D. маңдай бөлігі
E. шүйде бөлігі
***
Инсульттің ең жиі кездесетін клиникалық синдромы спастикалық гемипарез болып табылады. Оның дамуы осының зақымдануымен байланысты:
A. мишық
B. гипоталамус
C. пирамидалық жолдар
D. экстрапирамидалық жүйе
E. жұлынның алдыңғы мүйіздері
***
Сіреспемен ауыратын науқаста бұлшықетінің ұзақ уақыт жиырылуы, денесінің, аяқ қолдарының түрлі мәжбүрлі жағдайда «қатып қалуы» байқалады. Гиперкинездердің осы типі қай топқа жатады:

  1. клонусты құрысу

  2. тонусты құрысу

  3. атетоздарға

  4. хореяларға

  5. тик (тартылу)

***
Пирамидальді гиперкинездер дамығанын айғақтайды:

  1. хорея

  2. атетоз

  3. тремор

  4. бұлшықеттердің фибрилляциясы

клоникалық құрысулар
***
Пирамидалық жүйелердің зақымдануына тән көріністерді атаңыз:
A. атаксия, тартылу (тик)
B. каузалгиялар, фантомды ауырсынулар
C. тониялық және клониялық құрысулар
D. параличтер, патологиялық рефлекстер
E. паркинсондық дірілдер, асинергия
***
Нерв жүйесінің қимылдық функциясы бұзылыстарынан қозғалыстың мүмкін болмауы аталады:

  1. парез

  2. миотония

  3. миастения

  4. паралич

  5. гиперeстезия

***
Бас миы мен сопақша мидың шекарасындағы қиылыстан жоғары орналасқан пирамидалық жолдың (орталық нейрон және оның аксондарының) зақымдануы кезінде дамиды:

  1. опистотонус

  2. Паркинсон ауруы

  3. зақымданған жердегі периферияық салдану

  4. зақымданған жердегі спастикалық салдану

  5. зақымданған жерге қарама-қарсы жақтағы спастикалық салдану

***
Орталықты салдануларға тән белгілерге жатады:
A. гипорефлексия
B. бұлшықеттердің гипотониясы
C. бұлшықеттердің электроқозымдылығының сапалық өзгерістері
D. сіңірлік және периосталық рефлекстердің күшеюі
E. бұлшықеттердің фибриллярлық және фасцикулярлық тартылуы
***
Жұлынның сегментарлық-рефлекстік аппаратының қыртысты әсерлерден босауының нәтижесінде туындаған орталық салданулар кезінде зардапталған аяқ-қолдарда байқалады:

  1. сіңірлік рефлекстердің жойылуы

  2. бұлшықет тонусының артуы

  3. гипо-, арефлексия

  4. бұлшықет атрофиясы

  5. парестезия

***
К., есімді науқас ишемиялық инсультпен ауырады. Сол қолының спастикалық параличі дамыған. Бұл ишемиялық зақымдану ошағының, ми жарты шарының келесі қатпарында орналасқанын айғақтайды:
A. маңдайлық төменгі қатпар
B. самайлық жоғарғы қатпар
C. гиппокамп қатпары
D. орталықтан кейінгі қатпар
E. орталық алдыңғы қатпар
***
15 жасар жасөспірім суға сүңгу кезінде омыртқасы-жұлыны жарақаттанған. Объективті: тетраплегия. Бұл жағдайдағы зақымдану деңгейін атаңыз:

  1. сегізкөз аймағы
    B. бел аймағы
    C. кеуде және бел аймақтары
    D. кеуде аймағы
    E. мойын аймағы

***
Адамдардағы монопарездер осы кезде жиі дамиды:

  1. мишық зақымданғанда

  2. ми бағаны зақымданғанда

  3. ми қыртысы зақымданғанда

  4. ішкі капсулаға қан құйылғанда

  5. жұлын деңгейіндегі пирамидалық жолдың зақымдануында

***
Адамдарда гемипарездер туындауының жиі себебі саналады:

  1. мишықтың зақымдануы

  2. ми қыртысының зақымдануы

  3. сопақшамидың деңгейінде пирамидалық жолдардың зақымдануы

  4. жұлынның деңгейінде пирамидалық жолдардың зақымдануы

  5. ішкі капсулаға қан құйылулар

***
Науқас Ш., 75 жаста, денесінің оң жақ бөлігінде қимыл-қозғалыс жоқ, айқын гипертонус, гиперрефлексия байқалады, Бабинский рефлексі оң нәтижелі. Жоғарыда көрсетілген симптомдар қимыл-қозғалыс бұзылысының келесі синдромының дамуын және зақымданған ошақтың осы жерде орналасуын айғақтайды:

  1. оңжақтық әлсіз параплегия, мишық

  2. оңжақтық әлсіз параплегия, ішкі капсула

  3. оңжақтық орталықты гемиплегия, ішкі капсула

  4. оңжақтық орталықты гемиплегия, қара субстанция

  5. оңжақтық орталықты гемиплегия, мишық

***
Жұлындық рефлекстің күшеюі осы кезде дамиды:

  1. жұлын мотонейрондары бүлінгенде

  2. ілкі неврологиялық кома дамығанда

  3. жұлынның тежегіш қыстырма нейрондарның қызмет атқаруында

  4. жұлынның ОНЖ-нің жоғары орналасқан бөлімдерімен байланысы үзілгенде

  5. жұлынның артқы түбіршіктерін кескенде (деафферентациясында)

***
Зардапталған бұлшықеттердің тонусы төмендейді:

  1. орталықты параличте

  2. перифериялық параличе

  3. децеребрациялық сіреспеде

  4. құрысуларда

  5. атетозда

***
Сол жақ жамбастың артқы бетіндегі тіндердің ауыр зақымдануынан кейін науқаста аяқтың белсенді қимылдарының күрт шектелуі, сол аяқ бұлшықеттерінің әлсіреуі және гипотония белгілері, сол жақ Ахиллес рефлексінің төмендеуі байқалады. Бұл симптомдар нерв жүйесінің локомоторлық қызметі бұзылуының келесі түрі дамуын айғақтайды:
А. әлсіз паралич
B. орталықты паралич
C. перифериялық парез
D. спастикалық парез
E. миастения
***
Науқаста жазылатын және бүгілетін бұлшықеттер тонусының бір уақытта жоғарылауы, қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуы, тұрған бойда аяқ-қолдардың ұзақ уақыт бойы ұйып қалуы байқалады. Патологиялық рефлекстер анықталмаған. Жүйке жүйесінің локомоторлы функциясы бұзылыстарының негізінде осының зақымдануы жатыр:

  1. мишықтың

  2. ми бағанының

  3. пирамидалық жүйелердің

  4. экстрапирамидалық жүйелердің

  5. вегетативті нерв жүйелерінің

***
Экстрапирамидалық жүйе зақымданған кезде байқалатын бір немесе бірнеше антагонист бұлшықеттердің тонусы жоғарылауының ұзаққа созылуы гипокинезияның келесі түріне тән:
A. әлсіз
B. ригидті
C. спастикалық
D. миастениялық
E. перифериялық
***
Бұлшықеттік гипертония, белсенді қимыл-қозғалыстың қарқындылығының баяулауы, аяғын тыпырлатып, жай басып, қысқа адыммен, ақырын ғана бірсарынды сөйлеу осының зақымдануына тән:

  1. пирамидалық жолдың

  2. ми қыртысының

  3. паллидо-нигральді жүйелердің

  4. жұлынның алдыңғы мүйіздерінің

  5. гипоталамус-гипофизарлық бөлімнің

***
Науқас 68 жаста, тыныштық жағдайда басы мен қолдарының діріліне (тремор) жүріс-тұрысының қиындауына, гипомимия, сирек кірпік қағуына шағымданады. Тізесінің биік көтеріп жүруі, арқасын бүгіп жүруі, бұлшықеттерінің тартылуы байқалады. Дофамин және тирозингидроксилаза ферментінің азайғанын анықтаған. Осы ауруға (синдромға) тән көріністер:

  1. бұлшықеттердің тонусының әлсіреуі

  2. Леви денешіктерінің нейрондарда жойылуы

  3. нигростриарлық нейрондардың дегенерациясы

  4. пирамидті жүйе құрылымдарының зақымдануы

  5. жолақты денеде дофамин мөлшерінің көбеюі

***
Атаксия, бұлшықеттердің гипотониясы, интенциялық дірілдер, нистагм, баяу және дыбыстарды бөліп сөйлеу келесі бөлімнің зақымдалуына тән:
A. мишық
B. паллидо-нигральды жүйе
C. мидың төбе бөлігі
D. ортаңғы ми
E. гипофиз
***
Нейрохирургиялық бөлімшеге мишықта өспе дамыған науқас жатқызылған. Тексеру кезінде атаксия анықталды, оған тән:
A. бұлшықет тонусының жоғарылауы
B. қозғалыстардың координациясының бұзылуы
C. аяқтарының қозғалыстарының әлсіреуі
D. патологиялық рефлекстердің пайда болуы
E. ерікті қозғалыстардың жоғалуы
***
Myasthenia gravis кезінде нерв және бұлшықет жасушаларының жанасқан жерінде орналасқан ацетилхолиндік рецепторлардың альфа тізбегіне аутоантиденелер өндіріледі. Осының салдарынан келесі өзгерістер байқалады:
A. нерв-бұлшықеттік тасымалданудың бұзылуы
B. температуралық сезімталдықтың бұзылуы
C. нерв-бұлшықеттік синапстарда холинергиялық рецепторлар санының артуы
D. постсинапстық әрекет потенциалының жоғарылауы
E. синапстық деполяризацияның жоғарылауы
***
42 жастағы науқас көзінің нашар көретініне, көзінің алды екеу болып көрінетініне, шөлдейтініне, жұтынуының бұзылуына шағымданады. Ауырғанынан бір күн бұрын үйде маринадталған саңырауқұлақтарды жеген. Тексеріп қарағанда: диплопия, мидриаз, птоз байқалады. Жұтыну және таңдай рефлекстері анықталмайды. Сіңірлік рефлекстер қалыпты, сезімталдық өзгермеген, менингеальді симптомдар байқалмайды. Осы жағдайда нервтік-бұлшықеттік сигналдар берілуінің бұзылуы байланысты:

  1. ацетилхолин қорының жоғалуымен

  2. постсинапстық мембрананың Н-холинорецепторларының бөгелуімен

  3. қимылдық аксондардың аяқшаларынан ацетилхолин босауының бөгелуімен

  4. пресинапстық мембранада кальций каналдарының активациялануымен

  5. ацетилхолин экзоцитозының кальцийге тәуелді активациялануымен

***
Перифериялық нерв зақымдануының көріністеріне жатады:

  1. бұлшықет гипертрофиясы

  2. сезімталдықтың бұзылуы

  3. патологиялық рефлекстердің пайда болуы

  4. қорғаныстық рефлекстердің күшеюі

  5. бұлшықет тонусының жоғарылауы

***
Демиелинизацияланған нейропатиялар кезінде байқалады:

  1. экстрапирамидалық жүйелердің ілкі зақымдануы

  2. аксондардың миелинді қабығының ілкі зақымдануы

  3. перифериялық нервтер аксондарының ілкі зақымдануы

  4. қозуды өткізудің қалыпты жылдамдығы

  5. нерв импульстерін өткізудің жылдамдауы

***
Қантты диабет кезінде перифериялық нейропатиялардың патогенезінде маңызды:

  1. нейрофиламенттердің зақымдануы

  2. заттектердің аксондық тасымалдануының бұзылуы

  3. нервтің миелинді қабығының антиденелермен бұзылуы

  4. перифериялық нервтердің (vasa nervorum) тамырларының зақымдануы

  5. қимылдық аксондар аяқшаларынан ацетилхолин босауының бөгелісі

***
Науқас Н., 56 жаста, ауыр дәрежелі гиперхромды, макроцитарлы, мегалобласты анемиямен ауырады, парестезиялар, терең сезімталдықтың төмендеуі, тұрғанда және жүргенде тепе-теңдік бұзылуы, тізе және ахиллес рефлекстерінің төмендеуі, аяқтарының спастикалық парезі байқалады. Науқастағы неврологиялық бұзылыстардың дамуы осының тапшылығымен байланысты:

  1. транскобламин

  2. метилкобаламин

  3. фолий қышқылы

  4. метилмалон қышқылы

  5. 5-дезоксиаденозилкобаламин

***
Инсульттан кейін немесе жұлынның зақымдануы нәтижесінде орталық нерв жүйесінде патологиялық күшейтілген қозу генераторының пайда болуы патологиялық ауырсынудың келесі түріне тән:
A. висцеральды
B. перифериялық
C. нейропатиялық
D. ноцицептивтік
E. соматикалық
***
Науқас А., 15 жаста, құрсақ қуысындағы қатты ауырсыну сезіміне шағымданып ауруханаға түскен. Құрсақ қуысын тексеру кезінде хирург іш пердесінің гиперемиясы мен ісінуін, іріңді экссудатты анықтаған. Кең таралған іріңді перитонит байқалған науқаста дамыған ауырсынудың түрі:
A. висцеральды
B. париетальды
C. функционалдық
D. иррадиациялы
E. жаңғыртып ауырсыну
***
Науқас Д., 28 жаста, жоғарғы азу тістері жарақаттануына байланысты жұлдырып тастаған. Содан кейін қызыл иекте қарқынды, диффузды,жаңғырықты ауру сезімі пайда болған. Дене температурасы 37,80С дейін көтерілген, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған. Науқастағы ауырсыну түрін атаңыз:

  1. фантомды

  2. висцералық

  3. проекциялық

  4. біріншілікті (эпикритиқалық)

  5. екіншілікті (протопатиялық)

***
Табиғи антиноцицептивтік жүйенің әлсіреуі және дезинтеграциясы осы дамуының патогенетикалық факторы болып табылады:
A. патологиялық ауырсынудың
B. рецепторлық анестезияның
C. құрысулық синдромның
D. экстрапирамидалық параличтердің
E. менингеальды тітіркену синдромы
***
Эпикритикалық (біріншілікті) ауырсынуға тән:

  1. диффузды түрде болуы

  2. қабылдау межесінің жоғары болуы

  3. зақымданғаннан кейін бірден басталуы

  4. өткізгіш талшықтардың түрі - миелинсіз, С типі

  5. тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін ауырсынудың узақ уақыт сақталуы

***
А-дельта (Aδ) типті афферентті жіңішке ноцицептивтік талшықтар сипатталады:
A. миелинді қабық болмайды
B. импульсті өткізу жылдамдығының баяулауы (< 1 м/с)
C. нейрондардан Р субстанция бөлінуін блоктау
D. біріншілік (эпикритикалық) ауырсынудың дамуына қатысу
E. вегетативті жүйке жүйесінің бөлігі ретінде болуы
***
С типті мультимодальды талшықтарға тән белгілер:
A. тек орталық жүйке жүйесінде таралуы
B. NMDA рецепторларының тежелуі
C. нерв импульстарын жылдам өткізу
D. жедел, локализацияланған (эпикритикалық) ауырсынудың дамуына қатысу
E. температуралық, механикалық және химиялық тітіркендіргіштермен қозуы
***
А., есімді науқаста омыртқа аралық жарық (грыжа) дамуына байланысты омыртқаның қатты ауырсынуы байқалады. Жергілікті анестетикті қолдану арқылы блокадалар тағайындалған, оның негізгі әсер ету механизмі нейрондардың аксондарында Na+ арналарын жабу болып табылады. Нәтижесінде келесі өзгерістер байқалады:
A. нерв талшықтарының қозымдылығының жоғарылауы
B. миелинсіз жұқа ноцицептивтік С-талшықтардың активтенуі
C. нерв талшығы бойымен импульстің таралуының жылдамдауы
D. әрекет потенциалдарының өткізілуінің және деполяризацияның баяулауы
E. нейрондық мембрананың гиперполяризация процестерінің баяулауы
***
Науқастың сол жақ аяғына ампутация жасағаннан кейін жоқ аяғында шыдатпайтын қатты ауырсыну сезімінің пайда боғанына шағымданды. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді және инемен рефлексотерапия ауырсыну сезімін басуға тиімсіз болған. Осы ауырсыну сезімінің орталықты механизмі болып саналады:

  1. өткен өмірлік тәжірибесінің есте сақталуы

  2. антиноцицепциялық жүйенің нейрогендік механизмдерінің активациясы

  3. деафферентацияланған біріншілікті нейрондардың қозуының күшеюі

  4. регенерирацияланатын ноцицептивті талшықтардың аяқшаларының тым қозуы

  5. ампутацияланған аяқтың нерв талшықтарының регенерациясы, неврома түзілуі

***
Науқас М., 48 жаста, сол жақ аяғына ампутация жасағаннан кейін жоқ аяғында шыдатпайтын қатты ауырсыну сезімінің пайда боғанына шағымданды. Патологиялық ауырсынудың осы түрінің пайда болуының перифериялық механизмдеріне жатады:

  1. өткен өмірлік тәжірибесінің есте сақталуы

  2. регенерирацияланған ноцицептивті талшықтардың аяқшаларының тежелуі

  3. деафферентацияланған біріншілікті нейрондар қозуының күшеюі

  4. ампутацияланған аяқтың нерв талшықтарының регенерациясы, невринома түзілуі

  5. жұлынның дорсальді мүйіздеріндегі екіншілікті ноцицепциялық нейрондардың тежелуі

***
Шонданай нервтің зақымдануымен бірге ортанжіліктің жарақатынан кейін 3 апта өткеннен соң науқаста ұстамалы түйіліп, аяғына «қайнаған су құйғандай» немесе «ине тығып алғандай» күйдірген тәрізді ауырсыну сезімі пайда болды. Зақымданған жеріндегі ауырсыну сезімі гиперемия және ісінумен қатар дамыды. Зақымданған жерге тиіп кетсе ауырсыну сезімі одан сайын күшейеді. Осы ауырсыну сезімінің даму механизмі байланысты:

  1. жарақаттанған жердегі нервтердің демиелинизацияануымен

  2. ноцицептивті талшықтардың катехоламиндермен тежелуімен

  3. зақымданған жерде эндогенді алгогендердің азаюымен

  4. ноцицептивті талшықтардың ацетилхолинмен қозуымен

  5. парасимпатикалық нерв жүйелерінің қозуымен

***
Науқас, 36 жаста, диагнозы «Мерез» зәр шығарудың қиындауына, аяқ-қолының ұйып қалуына, денесінің жыбырлауына, инемен шаншығандай сезімнің пайда болатынына шағымданады. Тексеру жүргізгенде сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталды. Науқаста сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстарының қандай типтік түрі байқалады?

  1. атетоз

  2. атрофия

  3. миастения

  4. гипостезия

  5. парестезия

***
Сезімталдықтың бұзылуы және иннервацияланған аумақтағы "қолғап" және "шұлық" түріндегі анестезия осының зақымдалуы кезінде байқалады:

  1. гипоталамустың

  2. жұлынның артқы мүйіздері

  3. жұлынның бүйірлік бағаналары

  4. перифериялық нерв бағаналары

  5. ауырсынуды сезудің қыртыстық проекциясы

***
Сезімталдықтың диссоциациясы осы кезде дамиды:

  1. жұлын көлденеңінен толық зақымданғанда

  2. жұлынның жартылай бүйірлік зақымдануында

  3. көру төмпешігінің патологиялық процестерінде

  4. жұлынның алдыңғы мүйізіндегі жасушалар зақымданғанда

  5. жолақ дене зақымданғанда

***
Жұлынның артқы түбірінің зақымдануына келесі симптомдар тән:

  1. параличтер

  2. парестезиялар

  3. толық аналгезия

  4. сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылуы

  5. сезімталдықтың диссоцияцияланған бұзылыстары

***
Қандағы натрий мөлшерінің 180 ммоль/л дейін жоғарылаған кезде құрысулардың пайда болуы осының дамуымен байланысты болуы мүмкін:
A. мидың ісіну
B. бассүйек ішілік гипертензия
C. нерв жасушаларының сусыздануы
D. ми нейрондарының гиперполяризация процесі
E. мидың төмен амплитудалы биоэлектрлік белсенділігі
***
Бір жастаға нәрестелерде құрысулық синдромның кең таралуы, оларда осының болуымен түсіндіріледі:
A. нейрондардың жоғары гидрофобтығы
B. гамма-аминомай қышқылының мөлшері жоғары
C. нейротрансмиттерлер – аспартат пен глутамат аз мөлшерде
D. мидың төмен амплитудалық электрлік белсенділігі
E. бас миының тежеуші ​​механизмдерінің жетілмеуі
***
Науқаста апноэ кезеңдерімен қабаттасатын мойнының, бетінің және дене бұлшықеттерінің тартылуымен көрінетін клонустық құрысулар дамыды. Аузынан көпіршіктенген сілейкейдің бөлінуі байқалды. Көз қарашығы ұлғайған, жарыққа реакциясы жоқ. 2 минутқа созылған ұстамадан кейін бұлшықеттердің босаңсуы байқалады. Осы патология дамуының негізінде жатады:

  1. нейрондардың қозымдылығының төмендеуі

  2. нейрондармен разрядтарды генерациялаудың тежелуі

  3. көк дақтың аумағында дофаминдік нейрондардың ыдырауы

  4. стриатумда холинергиялық жүйенің белсенділігінің басым болуы

  5. гиперсинхрондық разрядтармен қатар нейрон белсенділігінің артуы

***
Балаларда эпилепсияның пайда болуы байланысты:
A. гиппокамптың склероздануымен
B. мидағы өспелік процестермен
C. есірткі қабылдаумен
D. ми қыртысының дамуындағы ауытқулармен
E. соматосенсорлық қыртыстың зақымдануымен
***
Эпилептикалық нейрондар келесі белгілермен сипатталады:
A. төмен қозымдылықпен
B. мембрананың тұрақсыздығымен
C. мембраналардың гиперполяризациясымен
D. жоғары жиілікті разрядтардың генерациясының төмендеуімен
E. глутамат әсерінен деполяризацияның болмауымен
***
Эпилептикалық ошақтың патогенетикалық мәні:
A. ГАМК ергиялық рецепторлардың активтенуі
B. потенциалы Na+ тәуелді каналдардың блокадасы
C. патологиялық күшейтілген қозу генераторларының қалыптасуы
D. импульстардың синаптикалық өткізгіштігінің төмендеуі
E. детерминантты құрылымның бұзылуы
***
Эпилептикалық нейрондардың патогномиялық ерекшелігі:
A. құрысулық ұстама межесінің үдемелі жоғарылауы
B. амплитудасы мен жиілігі төмен әрекет потенциалдарының генерациясы
C. мембраналық потенциалдың пароксизмалық деполяризациясының ығысулары
D. ацетилхолиндік рецепторлардың белсенділігінің тежелуі
E. глутаматтың бөлінуінің тежелуі
***
Жайылған эпилепсиялық талманың парциальді (бөліктік) талмадан айырмашылығы:
A. гипосаливации
B. көз қарашығының тарылуы
C. сана-сезімінің сақталуы
D. аяқ-қолдың құрысуы
E. бет бұлшықеттерінің құрысуы
***
Науқас В., 20 жаста, соңғы 5 жыл бойы құрысулық ұстамалар мазалайды. Ұстаманың алдында науқас аузында ащы дәм сезінеді, сосын есінен танып қалады, содан кейін таралымды тоникалық-клоникалық құрысулар дамиды. Тексергенде ешқандай ошақты неврологиялық симптомдар немесе когнитивті бұзылыстар анықталмады. Патогенездік тұрғыда науқасқа негізгі препараттар ретінде тағайындаған жөн:

  1. ноотроптарды

  2. антиоксиданттарды

  3. антидепрессанттарды

  4. антиконвульсанттарды

  5. иммуномодуляторларды

***
Менингитпен салыстырғанда менингизм кезіндегі жұлын-ми сұйықтығында болатын ерекшеліктер:
A. жұлын-ми сұйықтығында глюкоза болмайды
B. жұлын-ми сұйықтығында өзгерістер болмайды
C. жұлын-ми сұйықтығында нейтрофилдер көп болады
D. жұлын-ми сұйықтығында фибринозды қабықтар пайда болады
E. Жұлын-ми сұйықтығында нәруыз деңгейі жоғарылайды
***
Науқаста гиперпиретикалық қызба, басының қатты ауырсынуы, жүрек айнуы, тоқтаусыз құсу, көз қарығуы (жарыққа қарай алмауы) байқалды. Науқастың жағдайы өте ауыр. Науқастың денесі керілген, басы шалқайған, аяқтары тізебуынға бүгілген және ішіне қарай тартылған. Санында және жамбасынында петехиальді бөрітпелер пайда болған. Керниг және Брудзинский симптомы екі жағынан да оң. Жұлын-ми сұйықтығы сарғыш-жасыл түсті, мөлдір емес. Осы нейроинфекция енетін жер:

  1. бадамшабез

  2. мұрын-жұтқыншақ

  3. жыныс жолдары

  4. зақымданған тері

  5. несепшығаратын төменгі жолдар

***
Преимущественный путь передачи Neisseria meningitidis:
A. алиментарный
B. трансмиссивный
C. воздушно-капельный
D. гематогенный
E. контактный
***
Этиологиялық факторы Neisseria meningitidis болып табылатын менингит кезінде жұлын сұйықтығындағы қабынулық өзгерістер синдромы осы көріністермен сипатталады:
A. жұлын сұйықтығының қысымы төмендейді
B. жұлын сұйықтығында нәруыз мөлшері азаяды
C. жұлын сұйықтығының салыстырмалы тығыздығы төмендейді
D. жұлын сұйықтығындағы глюкозаның деңгейі артады
E. нейтрофильді плеоцитоз байқалады
***
Менингококк инфекциясының дамуының негізгі көріністері мен ауырлығы қоздырғыштың келесі патогендік факторымен байланысты:
А. пили
B. капсула
C. эндотоксин
D. гиалуронидаза
E. нейраминидаза
***
Менингококтық менингит дамуының басты патогенездік факторы:
A. нейрондардың гипогидратациясы
B. бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
C. ликворлық кеңістіктердің тарылуы
D. жұлын-милық сұйықтықтың өндірілуінің азаюы
E. гемато-энцефалиялық тосқауылдың өткізгіштігінің азаюы
***
Менингиалдық симптомдар дамығанын көрсетеді:
A. дене және аяқ-қолдардың ұзын бұлшықеттерінің сіреспелілігі
B. бұлшықеттердің жиырылу функциясының әлсіреуі
C. аяқ-қолдардың бұлшықеттерінің әлсіз параличі
D. дене және аяқ-қолдардың треморы
E. дене бұлшықеттерінің парезі
***
Сірнелі менингитпен сырқаттанған науқастың жұлын-ми сұйықтығында осындай жасушалар басым болып келеді:

  1. нейтрофилдер

  2. эозинофилдер

  3. лимфоциттер

  4. моноциттер

  5. базофилдер

***
Менингиттің салдарынан дамитын мидың ісінуі, келесі ауру дамуының ең қолайсыз болжамы болып табылады:
A. кома
B. гипертермия
C. геморрагиялық бөртпе
D. клоникалық-тоникалық құрысулар
E. патологиялық пирамидалық белгілер
***
Ваготомия кезінде организмде болатын өзгерістер:
A. бронхоспазм дамуы
B. ішек моторикасының жоғарылауы
C. асқазанның секреторлық функциясының төмендеуі
D. жүрек соғуының сиреуі
E. ұйқы безінің сөл өндірілуінің күшеюі
***
Жоғары нерв қызметінің ауытқуын айқындайтын бұзылыстарға жатады:
A. инстинкттердің бұзылуы
B. қызбалық, ашушаңдық
C. сезімталдықтың бұзылуы
D. кеңістікті бағалау рефлекстердің бұзылуы
E. анализдік-синтездік қызметтің бұзылуы
***
57 жастағы науқас 10 жыл бойы асқазан ойықжара ауруымен ауырады. Аурудың қайталануы қарқынды іш аумағының қатты ауырсынуымен, тәбетінің төмендеуімен, жүдеуімен, жүрегінің айнуымен бай қалады. Емдеу барысында аурудың барлық симптомдары жойылған, бірақ науқаста онкопатология туралы жабысқақ ой пайда болды. Науқас дәрігерлер асқазан обыры диагнозын жасырып жүргеніне күдіктеніп, аушуланшақ болып кетті. Сонымен бірге, ЖНҚ патологиясының типтік түріне осының дамуы тән:

  1. амнезиялар

  2. сандырақ пен галлюцинациялар

  3. перифериялық параличтер

  4. вегетативті функциялардың бұзылыстары

  5. бас миы қыртысында органикалық өзгерістер

***
Жоғары нерв қызметі мен нейровегетативті функциялардың бұзылуымен сипатталатын мидың функционалдық аурулары патогенездік тұрғыда келесі аурудың дамуымен байланысты болуы мүмкін:

  1. вирусты гепатит

  2. Иценко-Кушинг ауруы

  3. Аддисон-Бирмер ауруы

  4. диффузды гломерулонефрит

  5. біріншілікті артериялық гипертензия

***

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет