Глоссарий
Айшықтау – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мақсат – сөздерге ерекше леп, екпін беру. Сөз айшықтары –
сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары. Айшықтауға шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ, дауыс ырғағы т.б жатады.
Аудитория (лат. audio – «естимін») тікелей мағынасында «тыңдаушы топ» дегенді білдіреді. Мақсатты аудитория – тыңдаушылардың таңдап алынған белгілі тобы.
Бақас – алдау, қиянат жасау.
Босқындар – өз елін, жұртын қандай да бір келеңсіз жағдайға байланысты қалдырған адамдар, мысалы, соғыс, ашаршылық, жұт, стихиялық бәле және т.б.
Бөргез – қалың тікенекті өсімдік, «бөрікөз» деген сөзден шыққан.
Образды сөздер – суретті сөздер.
Мақсаты – сөзді бейнелі етіп сипаттау, оған эмоционалды-экспрессивті баға беру.
Пропонент – пікірталасқа қатысып, өз тезисін ұсынушы.
Достарыңызбен бөлісу: |