Нормативтік сілтемелер Анықтамалар



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М

Білім беру процесінің субъектілері.
Педагог - білім беретін ортаның ұйымдастырушысы, консультант 
бақылаушы. 
Білім алушы өз білімінің бағдаршысы. 
- Білім беру ақпараттары. 
- Білім беру технологиясы. 
- Ақпараттық технологиялар. 
Электронды оқыту білім беру ақпараттарының және ақпараттық 
технологияларының маңыздылығын ұсынады, сонымен қатар білім беру 
технологиясы негізінде білім беру процесінің (педагог, білім алушы)
субъектілерінің арасындағы байланысты ұйымдастыру құралы болып 
табылады. 
Бағдарламалап оқыту технологиясы. 
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшілік жақтарын бағдарламалап 
(жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады.
Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту – оқыту бағдарламасына негізделген. 
Бұл бағдарламада;
1) оқу материалының өзі;
2) оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті;
3) меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. 
Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық 
тұрғыдан аяқталған. Оқушы бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта 
құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, 
тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал 
қайталанып беріледі. 
Жоспарлап оқытудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл 
технологияның негізін екі талапқа сай құрған: 
1. Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу; 
2. Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімдеу 
Бұл әдіс бір бағытты деп аталады. 
Жоспарлап оқыту технологиясы. 
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары: 
- оқу материалының мөлшерленіп берілуі; 
- оқушылардың өздігінен белсенді жұмыстануы; 
- оқушылардың материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
- оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас 
ерекшеліктеріне сәйкестігі; 
- оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану 
мүмкіндігі. 


11 
Жоспарлап оқытудың шығуы, оқытуда техникалық құралдарды қолдануға 
және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасадыЖоспарлап оқытудың басты 
міндеті – автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді 
қалыптастыру. 
Аталған оқыту арнайы оқыту бағдарламалар көмегімен іске 
асадыБағдарламалап оқытудың екі әдісі бар: компьютер көмегімен және 
дәстүрлік әдіспен. 
Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы 
блок материалдары мен тес сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес 
дәуірінде компьютердің әлі дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды. 
Мұғалімге сабақты АКТ –ны пайдалану арқылы өткізу түсіндіру әдісінен 
басқа әрекеттік әдіске көшуге мүмкіндік береді. Бұл кезде оқушы бұл білім 
беру әрекетінің белсенді субьектісі болып табылады. 
АКТ-ны пайдалану арқылы өткен сабақ, күнделікті сабаққа қарағанда 
көрнекі, танымды боладыСабақта ақпараттық коммуникативтік технологияны 
пайдаланудың негізгі түрлерін қарастырайық: 
- мультимедиялық проектор, бұл сабақтан тыс іс-шаралармен ғылыми- 
зерттеушілік жұмыстарды өткізуде пайдаланылады
- Бүкіләлемдік Internet компьютерлік желісі: 
1. Әлемнің түкпір түкпіріндегі балалармен хат алмасу мүмкіндігі;
2.Ақпараттың барлық көздерінен ғылыми, мәдени ақпараттардың 
пайдаланылуы (мұражайлармен әлемнің барлық қоймалары); 
3.Халықаралық сервер арқылы болып жатқан жағдайларды көру 
мүмкіндігі. 
АКТ-ны бастауыш сыныпта белсенді түрде пайдалану білім берудің 
басты мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді, деректерді жинауға мүмкіндік 
береді, тапқан деректерді талдап, өз ойын қағаз негізінде және де ауысша дұрыс 
жеткізуге көмектеседіАКТ баланы логикалық пайымдауға, таңдау жасаумен 
дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі. 
Сабақта АКТ–ны пайдалану келесі жағдайларды жасауға мүмкіндік 
береді:
- дидактикалық материалды жасаумен оларды енгізуге; 
- белгіленген тақырыптарда презентация жасау; 
- заманауи бағдарламаларды пайдалану; 
- оқу нәтижелерінің маниторингін бақылау; 
- тест тапсырмаларын дайындау [19] 
Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық технологиялар нарығының жедел дамуы 
жүріп жатыр. Түрлі электрондық тақырыптық шығарылымдар, альбомдар, 
энциклопедиялар, және басқа да мультимедиялық құрылғылар оқыту 
барысында 
иллюстрациялар, 
жазбалар, 
шығармашылық 
жұмыста 
пайдаланылатын құралдар пайдаланылады. Сабақта әр түрлі материалдарды 
пайдалану формасы, әсіресе сабақта бейне роликтарды және басқа да 
материалдарды пайдалану оқушыларды эмоционалдық жағынан жоғарылап, 
пәнді оқуда қызуғушылығын тудырып, балалардың зерігуін төмендетеді. 


12 
Компьютер сабақта көрнекі материалдарды көрсетудің, ақпаратты сақтаушы, 
және де білімді бақылаудың құралы бола алады. 
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін 
арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және 
техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, 
телекоммуникациялық желілер). 
Оқушының білімін көтерудің ең бастысы - пәнге деген қызығушылын 
арттыру. Қызығушылықты тудырудың тәсілдері көп. Олар: түрлі дидактикалық 
ойындар, сайыстар, жарыстар, кештер, үйірмелер, олимпиадалар. Сабақтың 
ойын түрінде өткізілуі сынып оқушыларының жалпы көңіл-күйлерінің 
көтерілуін, яғни белсендіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын 
арттыруға ықпал етеді. Ал осы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын 
арттыруда АҚТ маңызы зор. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу 
құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет