Нормативтік сілтемелер



Дата07.07.2016
өлшемі209.8 Kb.
#183601

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА


САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ БӨЛІМІ

САПАНЫҢ ҚҰЖАТТАЛҒАН ПРОЦЕДУРАСЫ: БАСШЫЛЫҚ ТАРАПЫНАН ТАЛДАУ








МАЗМҰНЫ:
  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР………………………………………………………….........…….75

  2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………...………..75


  3. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР…………………………………………………..75

  4. БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……………………………………………….......…..75

  5. БАСШЫЛЫҚ ҮШІН САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ МАТЕРИАЛ ЖИНАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ....................................75

  6. БАСШЫЛЫҚ ҮШІН СМЖ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІ ҚАРАСТЫРУ МЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТӘРТІБІ ………....................76

  7. ЖАУАПКЕРШІЛІК БӨЛІНІСІ…………………………………...........................……..77

  8. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ………………………………………………..........................………...77

  9. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ………………………..……………………...78

  10. ТАНЫСУ ПАРАҒЫ………………………………………………...............…………….79



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Басшылық тарапынан сапа менеджмет жүйесін талдау бойынша сапа процедурасы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» ШЖҚ-дағы РМК (бұдан былай – ҚазҰМУ) сапа менеджмент жүйесінің басшылық тарапынан талдануы бойынша жұмыстарды өткізудің бірыңғай тәртібі мен мерзімділігін анықтайды.

1.2. Университеттегі сапа менеджмент жүйесінің қызметін (бұдан былай – СМЖ) оның баламалығы мен нәтижелілігін, ҚазҰМУ-дың сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарының 9001 СжХҰ ХС талаптарымен сәйкестікте іске асырылуын қамтамасыз ету үшін және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда басшылардың түзету, алдын алу әрекеттері арқылы үдерістерге араласуы үшін ұдайы бақылау аталған процедураның мақсаты болып табылады.

1.3. Процедура ҚазҰМУ жоғары басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және сапа менеджмент жүйесі бөлімінің қызметкерлері үшін нормативтік құжат болып табылады.

  1. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


Процедура келесі халықаралық және ұлттық стантарттар негізінде жасалған:

9000 СжХҰ ХС

Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

9001 СжХҰ ХС

Сапа менеджмент жүйелері. Талаптар.

9004 СжХҰ ХС

Сапа менеджмент жүйелері. Тұрақты даму.

19011 СжХҰ ХС

Сапа менеджмент жүйесі және/немесе қоршаған орта аудиті бойынша ұсыныстар

1157 ҚР СТ

Жоғары кәсіптік білім. Білім беру ұйымының сапа менеджмент жүйесі.
  1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР


Аталған процедурада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар 9000 СжХҰ ХС мен Сапа менеджмент жүйесінің сөздігінде келтірілген.
  1. БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


МЖМБС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

СжХҰ – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым;

ХС – Халықаралық стандарт;

СБӨ – Сапа жөніндегі басшылық өкілі;

СМЖ – Сапа менеджмент жүйесі.


  1. БАСШЫЛЫҚ ҮШІН САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ МАТЕРИАЛ

ЖИНАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

5.1 Басшылық тарапынан СМЖ-ны талдаудың дереккөзі болып СМЖ ішкі/сыртқы аудиты бойынша Есептер және ҚазҰМУ-дың құрылымдық бөлімшелер/үдерістер басшыларының сапа бойынша сараптамалық материалдар негізінде жасалған Сапа жөніндегі басшылық өкілінің есебі болып табылады. СМЖ қызметі жөніндегі есеп жылына бір рет немесе қажеттілікке орай дайындалады.

5.2 Сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есептерді СБӨ-ге бас ішкі аудиторлар тапсырады (Үлгі №16). Сыртқы аудит бойынша есепті сыртқы аудиторлар тапсырады.

5.3 СБӨ сұрауы бойынша бөлімше/үдеріс басшылары өз бөлімше/үдеріс аясындағы сапа бойынша негізгі және көмекші үдерістердің сараптамалық материалдарын әзірлейді. Материалдар төмендегідей мәліметтерді қамтиды:



  • СМЖ-нің ішкі және сыртқы аудит нәтижелерін;

  • ҚазҰМУ-дың Сапа жөніндегі басшылыққа сәйкес білім алушылар және/немесе тұтынушылар тарапынан кері байланыс (білім алушылар мен тұтынушылардың шағымдары мен сұрауларын талдау);

  • үдерістер қызметінің мониторингі және өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің заңнамалық және нормативтік талаптарға, ұйым талаптарына және тұтынушылар талабына сәйкестігі бойынша;

  • басшылық тарапынан алдыңғы талдаулар нәтижесі бойынша түзету және алдын алу әрекеттерінің орындалу нәтижелерін;

  • үдеріс қызметін қамтамасыз етуге бөлінген ресурстарды пайдалану нәтижелерін;

  • СМЖ-ға әсер ететін өзгерістерді;

  • жақсарту бойынша ұсыныстар.

Құрылымдық бөлімше басшылары өз есептерінде есеп берілетін кезеңдегі бөлімшелеріне қатысты СМЖ-ның негізгі және көмекші үдерістер қызметін талдайды, болжамды түзету және алдын алу әрекеттері мен СМЖ нәтижелілігін арттырудың болжамды жолдарын көрсетеді.

5.4 Сараптамалық материалдарын ұсыну үлгілерін ҚазҰМУ Ректоры және СБӨ-нің келісуі бойынша СМЖ бөлімі анықтайды.

5.5 СБӨ аудиттер Есептерін, талдау материалдарын сараптайды, қажет жағдайда бөлімше басшыларынан қосымша қажетті мәліметтерге сұрау салып, айқындайды. Осы мәліметтер негізінде СБӨ басшылық үшін СМЖ-ны жақсарту және кемелдендіру бойынша ұсыныстар, СМЖ құжаттамасына өзгерістер енгізу қажеттілігіне негіздеме, ҚазҰМУ-дың сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары берілген СМЖ қызметі жөніндегі есепті дайындайды.

6 БАСШЫЛЫҚ ҮШІН СМЖ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІ ҚАРАСТЫРУ МЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТӘРТІБІ

6.1 СМЖ қызметі жөніндегі СБӨ дайындаған есепті ҚазҰМУ Сапа жөніндегі Кеңесте тыңдалып, талқыланады. Ректор қарауы бойынша мәжілісте мүдделі құрылымдық бөлімше басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалар қатысуы мүмкін.

6.2 Талқылау қорытындылары Ректордың қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді. Мәжіліс хаттамасы СМЖ-ны талдау нәтижелері бойынша Іс-шаралар жоспарын дайындауға негіз болады. СМЖ-ны талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарына бағытталған шешімдер мен әрекеттер :


  • СМЖ мен оның үдеріс нәтижелілігін арттыру;

  • негізгі және көмекші үдерістердің оңалу көрсеткіштерін анықтауға;

  • көрсетілетін қызметтер мен шығарылатын өнімдердің сапасын тұтынушылар

талабына сәйкес жақсартуға;

  • шынайы қажеттіліктерді анықтауға және ресурстарды жоғары мөлшерде бөлуге

бағытталған шешімдер мен әрекеттер енгізіледі.

СМЖ-ны талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарында жауапкершілік бөлінісі, орындалу мерзімі, қажет жағдайда ресурстар қарастырылуы тиіс. Жоспар барлық мүдделі тұлғалардың назарына ұсынылады.

6.3 Есептер, сараптау материалдары бар жазбалар мен СМЖ-ны талдау бойынша іс-шаралар жоспарын СБӨ жеке іс құжаты ретінде сақтайды. Жоспардың орындалуын бақылауды СБӨ жүзеге асырады. Орындалған іс-шаралардың нәтижелері бар жазбалар СМЖ-ның ҚазҰМУ басшылығы тарапынан жасалатын кейінгі талдауларына енетін мәліметтері болып табылады. Жазбаларды талдау барысында төмендегідей мәселелер тұрақты негізде қарастырылады:


  1. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


    Өзгеріс нөмірі

    Парақ нөмірлері

    Өзгеріс енгізу негіздемесі

    Қолы


    Қолдың анықтамасы

    Күні


    Өзгеріс енгізіл

    ген күн


    ауыстырылған

    жаңа

    жойыл-ған



















































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































  2. ТАНЫСУ ПАРАҒЫ




р/н

Аты-жөні

Лауазымы

Жеке қолы

Күні

Ескертпелер
































































































































































































































































































































































































































































































































































178 беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет