Новодолинский кентінің 2013 жылдың 12 айындағы
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының
орындалу барысы туралы
ЕСЕБІ
Кентте нақты секторды дамыту бағдарламасын орындау аясында сумен жабдықтау және су бұру, энергиямен жабдықтау, көпшілік тамақтандыру және кабельдік телевизия қызметтері саласында 6 жауапкершілігі шектелген серіктестік қызмет жасайды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі үстіміздегі жылдың 12 айында 20,8 млн. теңгені құрады.
Президент жаңа Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның индустриялық және әлеуметтік жаңғыруының негізгі құралы екендігін атап көрсетті. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі қаншалықты үстем болса, Қазақстанның дамуы солғұрлым тұрақты болмақ.
«Бизнес-220» Жол картасы бағдарламасы аясында шағын бизнесті дамыту үшін қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған тегін оқыту курстары ұйымдастырылды, кенттің 3 кәсіпкері курстан өтіп, сертификаттарын алды.
2013 жылы кенттегі жұмыс істер тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілері 6 бірлікке, яғни 82-ден 88 -ге өсті. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 561 адамды құрады. «Сластена», «Перекресток», «Любимый» дүкендері, «Оазис» шаштаразы, ЖК Клещин таксиі, ЖК Свиридовтің азық-түлік бөлімі ашылды және бұлар қосымша 9 жұмыс орнының ашылуына жағдай туғызды.
Кәсіпкерліктің тұрақты және теңгермелі түрде дамуы, сол сияқты бар тұрақты жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын ашу үшән 2014 жылы 2 шағын кәсіпкерлік субъектісінің ашылуы жоспарланған: Торговая 8 көшесіндегі өнеркәсіп тауарлары дүкені, Дзержинский 27 көшесіндегі азық-түлік дүкені және кент кәсіпкерлері мен бақшалық өндіріс кооперативтерінің ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын бөлімнің ашылуы.
Біздің қызметімізде құнсыздану үрдістерін ұстап тұруға көп көңіл бөлінеді. Басты мәселелердің бірі – 27 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру.
Осындай мақсатпен желтоқсан айында кенттің 17 кәсіпкерімен азық-түлік өнімдерін кымбаттатпау туралы меморандумдарға қол қойылды, әр азық-түлік бөлімдерінде «Әлеуметтік қатарлар» құрылды. Нан бөлке өнімдері саудасымен айналысатын кәсіпкерлермен әр бөлкеге 2 теңгеден артық сауда бағасын қою туралы меморандумға қол жеткізілді.
Кентте жергілікті тұрғындардың өнімдері – көкөністер, жеміс-жидектер, сүт өнімдері саудаланатын базар жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы атап өткендей – әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі болып ел дамуының басты көрсеткіші ретіндегі халықтың әл-ауқатын арттыру болып қала береді. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағыты болып тұрғындарды жұмыспен қамту белгіленген.
2013 ж. өткен кезеңінде тұрғындарды жұмыспен қамту бөліміне 64 адам, оның ішінде 33-і жастар, өтініш жасаған, жұмыспен қамту бөлімімен бірлескен жұмыстар арқасында олардың барлығы жұмыспен қамтылды.
«Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы Мемлекеттік бағдарламасы оқытудың тиімді жүйесін құру мен жұмысқа тұрғызудағы көмекті, еңбек ресурстарының ұтқырлығын көтеру мен кәсіпкерлікті дамытуды қарастырады. Осы Бағдарламаның жұмысы кезінде 8 отбасы Шахтинск қаласынан пәтер алып, жұмысқа орналастырылды, 3 адам мамандық және жұмыс орындарына ие болды, өзін өзі жұмыспен қамтушы және кәсіпкерлер қатарынан 10 адам кәсіпкерліктерін дамытуға 21 слн. Теңге соманың несиесін алды, оның ішінде 6 адам кенттегі ауылшаруашылығын – өсімдік шаруашылығы, құс өсіру, мал өсіру – дамытуға мүмкіндік алды.
Тұрғындарды жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыруға кент кәсіпкерлері белсенді қатысуда, олар мұқтаж, аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмектерін көрсетіп, кентте өткізілетін мәдени және спорттық шаралардың демеушілері болып табылады.
Айтатын болсақ, 2182 адам 1 млн. 636 мың теңге сомаға мемлекеттік емес көздердің қайырымдылық көмегінің 14 түріне ие болды. Кенттегі әртүрлі шаралардың өткізілуіне біздің округтің депутаттары да белсенді түрде көмек пен қолдау көрсетуде.
2013 жылдың қаңтар айынан кентте «Забота» аз қамтылған отбасыларына демеу көрсету қайырымдылық қоры» Жеке қоры өз жұмысын жүргізуде, онда аз қамтылған отбасылар балалары мәдени-сауықтыру және спорттық шаралармен қамтылған. Дене шынықтырумен айналысу және оларды спортқа тарту үшін ғимаратта спорттық құралдар орнатылған зал жабдықталған, демеушілік қаражаттар есебінен балаларға арналған қоршаулы спорт алаңы орнатылған.
Кентте жұмысы жергілікті атқарушы билікпен, кенттің мекемелері мен ұйымдарымен тығыз байланыста құрылған Ардагерлер кеңесі жұмыс істейді.
Президент Жолдауының жолдарына мұқият құлаөқ салсақ, олардың біздің күнделікті қажеттіліктеріміз бен шаруаларымызға тікелей қатысты екенін түсінеміз. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, ауылды дамыту, жастар саясаты, мәдениетті дамыту мәселелеріне қатысты. Мемлекет басшысының ерекше қамқорлығы білім беруде болып табылады, ал білім беру осымен ғана шектелмей, әлеуметтік қалыптасу үрдісінде пайдаға жарауы керек. Дәл осындай білім – біздің әрбір оқушы мен студентіміздің жетістікке жетуінің кепілі.
2012-2013 оқу жылында мектепте 637 оқушы білім алды. Олардың 36 оқушысы мектеп түлектері және БҰТ тапсыру нәтижесінде қала мектептері арасында 4 орынды иеленді. Олардың 10 жоғары оқу орнына, 18 орта арнаулы оқу орындарына түсті, 8 адам жұмысқа орналастырылды.
Балалардың лайықты дәрежеде дамуы, сапалы білім, тәрбие алуы үшін белгіленген жағдайлар жасалған. Талдау көрсеткендей, жыл сайын мектептердің материалдық базасын жақсартуға бағытталған қаржыландыру көлемі ұлғаюда. Сабақтар 33 оқу кабинетінде жүргізіледі, 3 кабинет бейнеаппаратурамен жабдықталған, Интернетке қосылған 3 компьютерлік сынып бар, олар компьютерлердің заманауи түрлерімен жабдықталған. 2 интерактивті тақталары бар лингафондық, мультимедиялық кабинеттер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылының басына 10 сынып 2 млн. 704 мың теңге сомаға «Классная комната» жиһазы жиынтығымен жабдықталды.
2013 жылы оқушыларымен бірге 200 мың теңгенің «Моя энергосберегающая школа» грантын жеңіп алған оқытушы Шклярова Татьяна Михайловна айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Грант мектептің акт залын жылылауға жұмсалды.
Осы педагогтың басшылығымен жасалған оқушыларлың экологиялық жобалары халықаралық деңгейде атап өтілген: Фаизов Илья Экологтардың Норвегиялық слетының қатысушысы, ал Гаврилова Ирина Швецияға шақырту алды.
Балалардың сәйкесінше дамуы үшін № 11 ЖББМ жанынан оқу жылының басында Шахтинск қаласы Балалар сурет мектебінің 30 баланы қамтыған филиалы ашылды.
Кенттің 20 баласы Шахтинск қаласының № 1 музыка мектебінің кенттегі филиалында музыкалық білім алуда.
Білім берудің маңызды міндеттерінің бірі – балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтуды қарастыратын Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту үшін жағдайлар жасау боп табылады.
Кенттегі мектепке дейінгі балалар саны 355. Олардан 234 бала дамыту мен тәрбиелеу туралы мемлекеттік тапсырысты табысты түрде іске асырып жүрген мектепалды мекеме «Аленка» бала-бақшасына ресімделіп, қатынап жүрсе, 38 бала №11 ЖББМ жанындағы мектепалды дайындықпен қамтылған. Есеп беру кезеңінде балаға 3-тен 6 жас аралығында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепалды тәрбие мен білім беру 2010-2014 жылдары кент бойынша 100% ды құрайды. 0-ден 2 жас аралығындағы 146 бала жасы толғанға дейін «Аленка» б/бақшасына ресімделу үшін есепте тұр.
«Ұлт денсаулығы- біздің табысты келешегіміздің негізі » денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінің ұзақ мерзімді модернизациясы аясында Елбасы медицина алдына ауқымды міндеттер белгілеп берді – бұл медициналық қызметтер сапасының жаңа стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жетілдіру және мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмыскердің денсаулық сақтау жолындағы ынтымақты жауапкершілігі.
Ұлттық медициналық бағдарламаның кезеңмен енгізілуін біз өзіміздің Емхана бөлімшесі қызметінен көре аламыз:
-
Штатқа отбасылық дәрігердің жаңа бірлігі енгізілді, 2014 жылдың ІІ
жартысында тағы 1 бірлік отбасылық дәрігер енгізу жоспарланған.
- белгілі жастағы топтардың, ересектердің, сол сияқты балалардың профилактикалық медициналық байқаудан өтуіне бақылау жүргізіледі.
- жергілікті жерлерде науқастардың қанындағы холестерин мен қанттың құрамын анықтау үшін қажетті препараттар алынған.
- зертханаларға анализ тапсыру кезектілігінің мәселесі шешілді, ол 2 аптадан 4 күнге дейін қысқартылды.
- тұрғындарды жаппай туберкулез ауруына тексеру үшін жергілікті бюджеттен заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы флюроаппараттың жұмысына қаражат бөлінеді. Осы жылы кентте 585 адам аталған қызметті пайдаланды.
Үстіміздегі жылдың 12 айында медициналық мекемеге 1380 адам бір ретөтініш жасап, олар медициналық байқаудан, емдеуден өтті және профилактикалық медициналық көмек алды.
Емхананың медициналық статистикасы көрсеткендей, тұрғындардың арасындағы көпшілік профилактикалық медициналық жұмыстар, жекелеген тұрғындардың жауапкершілігі және қала мен облыстың медициналық мекемелерінде жаңа құрылғылардың енгізілуі арқасында онкологиялық, қант диабеті, туберкулез және қан айналым жүйесі аурулары ерте кезеңінде анықталып, науқастар уақытылы ары қарай емделуге жіберілді және медициналық есепке алынды.
Емхана ғимаратын жөндеу мәселесі бойынша, өздеріңіз білетіндей 2010 жылы «Жол картасы» Мемлекеттік бағдардамасы бойынша шатырын, жылыту және кәріз жүйелерін ауыстыру, ғимараттың қасбетіне косметикалық жөндеу жүргізу жұмыстары өткізілген. 2013 жылы 20,0 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оған ғимараттың ағымдағы ішкі және сыртқы жөндеуі, терезе блоктарын ауыстыру енгізілген. Облыстық өкілетті органдарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлу туралы өтініш жасалды.
Денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортты белсенді түрде насихаттау болып табылады. Президент жаңа Жолдауында дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша қамқорлығында болуы тиіс деп көрсетті. Дәл осы салауатты өмір салты ұл денсаулығының кілті болып табылады.
Кент аумағында 14 балалар ойын алаңы, 3 қоршалған спорт алаңы, 1 хоккей корты және спорт залы жұмыс істейді. Мектептің спорт залында 12 спорт секциялары мен үйірмелері жұмыс атқарады.
Тұрғындардың басым топтарын дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту мақсатында, кент әкімі аппараты штатына спорт жөніндегі нұсқаушы бірлігі енгізілген. Бұдан басқа, аймақтың кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде ұжымның кем дегенде үштен бір бөлігі тартылатындай етіп дене шынықтырумен және спортпен айналысу сабақтары міндетті түрде енгізілу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы кент спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 4 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
2013 жылы кент аумағында грек-рим күресінен 2 қалалық ашық турнир және ерлер командалары арасында шағын футболдан жарыстар өткізілді. Біздің спортшылардың ары қарай сәтті өнер көрсетулері үшін футболдан құрама командаға спорттық экипировка алуға демеушілік көмек жасалды.
Тұрғындардың қысқы мерзімде белсенді түрде демалуын ұйымдастыру үшін хоккей корты құйылып, қарлы мүсін құрылғылары жасалды.
Нұрсұлтан Әбішұлы басқа да кез-келген салалар сияқты жалпықазақстандық мәдениетке де тың серпіндер беру керектігін, оның әлемдік стандарттарға сай болуын, танымал, жетістіктеріне қарай бағалануы керектігін атап өтті.
2013 жылы біздің басты назарымыздан мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын күшейту мәселесі тыс қалған жоқ. Кент Мәдениет үйінің жалпы қаржыландырылуы 10 млн. 563 мың теңгені құрады. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын күшейту саласында сахналық костюмдер және пластиктік карталарды пайдалана отырып төлемдерді қабылдау үшін посттерминал алынды.
Мәдениет үйі жұмысының негізгі бағыты тілектеріне қарай клубтар құру болып табылады. Қазіргі уақытта 15, оның ішінде 7 балалар клубтық құрылымдары жұмыс істейді және олар 244 ересектер мен балаларды топтастырған. Өткен кезеңде 11515 адамды қамтыған 169 шара өткізілген. МҮ ұжымының мәдени-көпшілік жұмыстары жергілікті деңгейде шаралар өткізумен шектелмейді. Көркемөнерпаздар ұжымдары Ақтас, Шахан, Долинка кенттері мен Абай қаласының мекемелері мен кәсіпорындарындаконцерттік бағдарламаларымен жиі болады.
Кенттің кітапхана филиалы оқырмандардың оқу мәдениетін және ақпараттық мәдениетін қалыптастырумен айналысады. Кітапхананың кітап қоры 31 мың дананы құрайды, оның 9886 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар. Кітапхана ұжымымен ересек тұрғындар және балалар арасында ағартушылық, көрнекілік және мәдени-көпшілік жұмыстары жүргізіледі. 2013 жылы 85 шара өткізілсе, оның ішіндегі 55-і балаларға арналған.
Мемлекет басшысы жастарға баса көңіл аудара отырып, қазақстандықтардың жаңа толқыны – ел дамуының жаңа бағытының қозғалтқышы деп атап өтті. Мемлекет басшысы жастарға үндеу тастай отырып: «2050 – Стратегиясы – Сендер үшін. Сендер оның жүзеге асуына қатысасыңдар және сендер оның табыстарының жемісін көресіңдер. Әрқайсың өз орындарыңда жұмысқа кірісіңдер. Немқұрайлы болмаңдар. Барлық халықпен бірге еліміздің тағдырын жасаңдар» - деген.
Кентіміздің Жастар ресурстық орталығының жұмысына 90-нан астам жастар қатысады және олар кентте өткізілетін салауатты өмір салты, кентті абаттандыру және көгалдандыру бойынша акциялардың бастамашылары болып табылады. Жастар кентте және қалада өткізілетін мәдени-көпшілік және спорттық шараларға белсене қатысады.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында ұлт Көшбасшысы: «Мемлекет тәртіпсіздікке қатысты нөлдік төзімділік қағидасын ұстануы керек» - деп атап айтты.
Кенттегі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Шахтинск қ. ІІБ-ден екі бірлік полиция учаскелік инспекторы және бір бірлік криминалдық полицияның жедел уәкіл-і бекітілген.
2013 ж. 12 айында кент аумағында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс деңгейі 63-тен 54 фактіге, яғни 14 пайызға төмендегені байқалған. Талдау көрсеткендей, кент аумағында бірде-бір кісі өлтіру фактісі тіркелмеген, 1 қарақшылық шабуыл оқиғасы тіркелген, жеке меншіктің мүлкін ұрлау 1 бірлікке артқан, тонау фактісі 1 бірлекке кеміген және бұзақылық жасау оқиғалары өткен жылғы деңгейде қалған. Полиция қызметкерлері алкогольдік өнімдерді аса көп және есірткі заттарын қолданатын тұлғаларды, қоғамдық тәртіпті және абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды есепке қою бойынша ауқымды жұмыстар атқарып, оларға 329 әкімшілік материал (өткен жылы осы кезеңге 230) ресімделді. Кент аумағындағы қоғамдық тәртіпті күшейту және бақылауда ұстау үшін үстіміздегі жылдың ІІ-тоқсанынан бастап тұрғындар және мүдделі органдар арасынан ерікті халық жасағын енгізу жоспарлануда, сол үшін қазіргі уақытта аталған қоғамшылдардың тізімі және жұмыс тәртібі жасалуда.
Ауыл шаруашылығы секторында тұрғындардың үй шаруашылығында мал басы санының өсуі байқалады: ІМҚ мал басы 39 пайызға – 269-дан 374 басқа, қойлар мен ешкілер 60 пайызға – 132-ден 211 басқа, шошқалар 473 пайызға – 128-ден 606 басқа, жылқылар 27 пайызға – 11-ден 14 басқа, құстар 12 пайызға – 1453-тен 1630 данаға өскен. Мал өсіруді дамыту бойынша мемлекеттік қолдау мақсатында кенттің 17 тұрғынына тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен 35 тонна жем алуға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, көктемде және күзде Шахтинск қаласының ветеринарлық станциясымен бірігіп ауылшаруашылық жануарларына өңдеу және сәйкестендіру жүргізілді. Сәйкестендіру барысында 226 бас мал өңдеуден өткізілді. 41 тұрғынға 103 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, жануарға 102 ветеринарлық төлқұжат, қосалқы шаруашылығының барлығы туралы 1 анықтама берілді.
Аграрлық секторда кент фермерлерімен 28,5 га. картофель, көкөніс және басқа да дақылдар отырғызылды, нәтижесінде 31 тонна картофель, 20 тонна қырыққабат, 5 тонна қызылша және 2 тонна сәбіз жинап алынды. Шахтинск аймағы тұрғындарын көкөніс өнімдерімен жекелей қамтамасыз ету үшін 3 бау-бақша қоғамдастығы жұмыс істеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басты мәселе тұрғындарды сумен, су бұрумен, үздіксіз электрмен, байланыспен және қатты тұрмыс қалдықтарын шығарумен қамтамасыз ету болып табылады.
Осы бағыттың басты мәселерінің бірі жылыту маусымына дайындық және оны өткізу болып есептеледі.
Жаңа жылыту маусымына дайындық шаралары аясында сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызмет көрсетуші «Придолинские ВКС» ЖШС-мен жоспарланған барлық жөндеу-алдын алу жұмыстары өткізілді, олар, су құбыры бұрғысын тазалау және айдау, резервтегі су құбыры сорғысын, КНС 1 және КНС 2-дегі айдау сорғыларына резервтік қозғалтқыштар дайындау, сорғылау айдау станцияларындағы электр өткізгіштерін ауыстыру, жалпы ұзындығы 4,8 шқ. Құрайтын орталық коллекторларды тазалау және жуу, орталық кәріз құдықтарын тазалау, тұрғындар өтініші бойынша үй маңындағы құдықтарды тазалау. Кенттің тазалау құрылғыларында қабылдау құдығын жөндеу және бекіту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде суды тазалау құрылғыларынан кент аумағынан тыс жерге шығару қалпына келтірілді. Сол сияқты осы жылы 1 бірлік арнайы техника алынды («КАМАЗ» автомашинасы базасындағы АС-машина). Осы машинаның қуаттылығы жеке сектор тұрғындарының үй маңындағы септиктерін сорғылау қызметін бұрынғыдан жеделірек көрсетуге мүмкіндік береді.
2013 жылы кент тұрғындарының қатысуымен болған қоғамдық тыңдауларда қабылданған, таңдап алынған жобаға сәйкес, кенттің жаңа тазалау құрылғылары құрылысының ЖСҚ-сын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде. Содан кейін Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына аталған нысан құрылысына арналған бюджеттік өтінім беріледі.
Кенттің энергия нысандарын жылыту маусымына дайындау барысында «КРЭК» ЖШС-мен электр желілері мен трансформаторлық подстанцияларды тексеру жұмыстары тұрақты жүргізілді. Нәтижесінде ТП трансформаторларында өртке қарсы модулдер орнату, трансформаторлық өзектерді, оқшаулағыштарды фарфордан шыныға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Электр желілерінде желілік ажыратқыштарды жөндеу, электр өткізгіштердің тартылысын реттеу, электр желілері астынан өскен ағаштарды кесу жұмыстары атқарылды. Желілердегі жүктемені азайту үшін Лесная көшесінде (ЖВЖ 0,4 кВт) және Торговая көшесінде (ТП 4) қосымша СИП жүргізілді. ТП 5 және ТП 4-те (ЖВЖ 0,6 кВт) резервтік әуе қосу жүргізілді, Торговая 2 және Центральная 3 үйлерінің үйішілік тартуларына жаңғырту жүргізіліп, есептеу құралдары пәтерлерден сыртқа шығарылды.
Қатты тұрмыс қалдықтарын шығару бойынша қызмет көрсету саласында «Кропачев» ЖК-мен 2013 жылдың 12 айында 10 890 м3 қоқыс шығарылды. Көрсетілген ақылы қызметтер бойынша төлем 90 пайызды құрайды. Қарыздарды өндіру сот орындарына жасалған талап арыздарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Кропачев» ЖК ҚТҚ шығару бойынша келесі жеңілдіктер көрсетеді:
100 пайыздық жеңілдік – соғыс ардагерлеріне, 3 жасқа дейінгі балаларға, «Забота» аз қамтылған отбасыларын қолдау ЖҚ қамқорлығындағы балаларға;
50 пайыздық жеңілдік –көп балалы отбасыларына, кенттен тыс жерлерде тұратын студенттерге.
Кентте 27 қоқыс нүктелері бар. Қараша ай ында ҚТҚ алаңдарына жасалған талдау көрсеткендей, 7 ҚТҚ нүктелері күрделі жөндеуді қажет етеді (бұзылған), 7 – ішінара жөндеуді қажет етеді (жанындағы қаланған жерлерін қалпына келтіру), 13 – косметикалық жөндеу (сылақтау, ақтау). Әкім аппаратымен үнемделген қаражаттар есебінен Торговая к. 14 үй аумағында орналасқан қоқыс алаңына жөндеу жүргізілді. 2014 жылға қалған қоқыс орындарын жөндеуден өткізуге ақшалай қаражат жоспарланған.
Кенттегі телефон байланысы қызметін «Ремстройсервис» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ көрсетеді.
Абоненттер саны: «Ремстройсервис» ЖШС - 1408 абонент, оның ішінде заңды тұлғалар – 50, тұрғындар 1358 (95 пайыз), «Қазақтелеком» АҚ – 525 абонент. Көрсетілетін телефон байланысы қызметі үшін төлем 100 пайыз. Жұмыс істемей қалған телефондар зақымданулары бақылау мерзімінде қалпына келтіріледі. Барлық абоненттермен қызмет көрсету жөнінде дербес келісім шарттар жасалған. Сол сияқты, «Қазақтелеком» АҚ-мен кентте жаңа сымсыз радиобайланыс енгізілген.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс, олардың түрлері мен тәсілдерін жетілдіру мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
2013 жылдың 12 айында 1003 өтініш түсті (2012 жылы 1319). Кент әкімінің жеке қабылдауында 5 адам болды, әртүрлі 687 анықтама берілді, 282 нотариалдық ресімдер жүргізілді.
Барлық өтініштер тиісті мерзімдерде қарастырылып, тиісті жауаптары беріледі. 2014 жылдың ағымдағы уақытына орындау мерзімі әлі келмеген 1 өтініш бақылауда тұр.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Кент әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік қызметтің алты түрі көрсетіледі. 4 қызмет ветеринария саласында, 2 қызмет әлеуметтік көмек саласында көрсетіледі, олар: 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, қосалқы шаруашылығының барлығы туралы анықтама беру, оны аймақтық ХҚО-дан алуға да болады.
2013 жылы кент әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету туралы 121 адам өтініш жасады, оларға 271 қызметтің түрі көрсетілді. 2012 жылы кенттің 21 тұрғынына 147 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар аппаратта байқалған емес. Мемлекеттік қызметтер уақытында, бұзушылықтарсыз, кабинеттердегі көрінетін жерлерде орналастырылған қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көқрсетіледі. Қарағанды облысы жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес әр қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді тіркеу журналдары жүргізіледі. Қызмет көрсету сапасын жақсарту және бақылауда ұстау үшін мемлекеттік қызметтің әр түрі бойынша карточкалар ресімделеді. 2012 жылы 21 карточка толтырылса, 2013 жылы 121 карточка «жақсы» деген бағамен толтырылған.
Ағымдағы жылдың 12 айында жүргізілген жұмыстарға жасалған талдауға сәйкес 2013 жылға қалалық бюджеттен кентті дамытудың 3 бағдарламасына 31 млн. 454 мың теңге қаражат бөлінді және олар толығымен игерілді.
«Автомобиль жолдарының қызмет етуі және оларды күтіп ұстау» бағдарламасы бойынша 15 млн. 500 мың теңге игерілді.
Осы қаражатқа 2013 жылдың мамыр айында Дзержинский көшесінің жалпы аумағы 6 300 м2 автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді.
Кенттің автомобиль жолдарын тиісінше күтіп ұстау мақсатында қысқы кезеңде асфальт жолдарды қардан тазарту, жол жиектерін грейдерлеу, кент көшелерінің асфальтталған жолдарын мұздан арылту, қарды кент аумағынан шығару және жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстары жүргізілді. Қардың қалың түскен уақыттарында жедел шаралар қолдану үшін кент көшелерін кезекпен қардан тазартудың жоспары құрылды. Қысқы жұмыс түрлері бойынша 197 сағат жұмыс атқарылды.
Жазғы кезеңде орталық көшелер жиектерін грейдерлеу, арам шөптерді шабу, жол жиектерін топырақтан тазарту жүргізілді, жолдың асфальт жабындысын тазарту және дымқылдау үшін су шашыратқыш машина іске қосылды, Лесная, Поселковая, Придолинская, Октябрьская, Октябрьдің 41 жылдығы, Садовая көшелерінің, Торговая, Центральная, Лесная шолақ көшелерінің жеке секторының топырақ жабындылы жолдарын грейдерлеу, Торговая-Центральная көшелерінің екі қабатты үйлер секторының орамішілік жолдарын тегістеу жүргізілді. Саяжай науқанының алдында «Цветущий сад» және «Геолог» саяжай телімдеріне апаратын жолдар грейдерленді. Сол сияқты Центральная-Дзержинский көшелері ауданындағы саябақ және спорт алаңының қоршауларын орнату үшін алаңдарды тегістеу жүргізілді. «Заречная» станциясындағы теміржол өткелін жөндеу кезінде Қарағанды тасжолына шығу үшін кенттің тазалау құрылғылары жанынан өтетін жолдар грейдерленді. Жолдарды жазғы күтіп ұстау бойынша 101 сағаттың жұмысы атқарылды.
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 7 млн. 790 мың теңге игерілді.
Көше жарықтарын жарықтандыру және күтіп ұстау бойынша үлкен жұмыс көлемі жүргізілді. Осы бағдарлама аясында Лесная көшесіне 20 жарықтандыру бағанын орнату жоспарланған болатын, бірақ үнемдеу мен қаражаттарды қайта бөлу нәтижесіне сәйкес, аталған көшенің тұтынушылық қажеттілігіне қарай 32 баған орнатылды, көше жарықтары үшін төлемді үнемдеу есебінен Бобуха көшесінің жеке секторы ауданында 9, кент саябағында 3 жарықтандыру бағаны орнатылды. Барлығы 44 жарықтандыру бағаны орнатылып, оларда күн панелдерінен қайтадан қуат көздерін алатын жарықдиодтық шамдар қойылған.
Көше жарықтарын күтіп ұстау бойынша жұмыс істеп тұрған тұрған бағандардағы 50 жану шамдары энергия үнемдеуші шамдарға ауыстырылды, қосуреттеу құрылғысына жөндеу жүргізілді және фотореле ауыстырылды, 4 металл бағанға жөндеу жүргізілді, ай сайын кенттің көше жарықтарына тексеру шаралары жүргізіліп отырды. 2013 жылдың 12 айында жүргізілген энергия үнемдеу шараларына сәйкес көше жарықтары бойынша энергия үнемдеу 59 674 кВт құрады (1 млн. 82 мың теңге).
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 8 млн. 164 мың теңгенің қаражаты игерілді.
Осы қаражаттарға кенттік саябақтың ұзындығы 225 м. Болатын жаңа қоршауы және 2 кіру топтамасы, қосымша 2 балалар ойын кешені орнатылды. Сол сияқты, осы бағдарлама аясында 8 аялдама павильондары жөндеуден өткізілді, Молодежный тұйық көшесі 1-ші үй тұрғындарының өтініші бойынша балалар ойын алаңының орны ауыстырылды, Энгельс 28 және Центральная 13 көшелері ауданында 2 балалар ойын алаңдары орнатылды.
Ауылшаруашылық өнімдерін сату кезіндегі жайлылық пен ыңғайлылық тудыру үшін Торговая көшесінде орналасқан шағын базар жөндеуден өткізілді.
2013 жылы әзірленген жоспарға сәйкес, орам ішіндегі қураған ағаштарды санитарлық кесу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде Центральная, Магистральная, Торговая, Бобух көшелері шаршысында 333 дана қураған ағаштар кесілді. Жарықтандыру бағандарын орнату үшін Лесная көшесінде 300 ағаш кесілді.
Кентті сыртқы келбетін безендіру конструкцияларына 11 баннерді әзірлеу және орнату жұмыстары жүргізілді.
Кентті санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 2013 жылдың 18 наурызынан 15 шілдесіне дейін көктемгі үшайлық және 4 қыркүйектен 4 қарашаға дейін күзгі екіайлық өткізілді.
Кентті санитарлық тазалау барысында 22 «таза бейсенбілік» және 18 сенбілік өткізіліп, оған жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың 42 ұжымы, жалпы саны 2800 адам қатысты, сол сияқты кентті тазалауға аула аумақтарын абаттандыру жағынан тұрғындар ат салысты.
Әкім аппараты кызметкерлерінің, полиция учаскелік инспекторларының және Шахтинск қаласы санэпидемстанциясы өкілдерінің біріге жүргізген рейдтері барысында үй маңы аумақтарын тиісті жағдайда ұстамауға байланысты 5 ескерту жасалып, 7 ұсыным ресімделді.
Сенбіліктер өткізу кезінде Центральная және Средняя көшелеріндегі 2 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды, кіре беріс белгісі сырланып, 1500 дана ағаш ақталды, 600 дана қураған ағаш кесілді, «Кропачев» ЖК 6 671 м3 ҚТҚ шығарылды. Кентті санитарлық тазалау барысында барлығы 15 бірлік арнайы техника түрлері жұмылдырылды.
Кент кәсіпкерлерімен іргелес аумақтарда ағаштар мен жол жиектерін ақтау, гүлдер отырғызу сияқты жұмыстар жүргізілді.
Кентті абаттандырудың үшайлығы аясында 150 дана түрлі тал өскіндері және 30 бұталы өсімдіктер отырғызылды. Шараларға Техникалық көлік басқармасы, балалар бақшасы ұжымдары мен кент тұрғындары ат салыса қатысты. Ардагерлердің қатысуымен кент саябағындағы «Ардагерлер және тыл еңбеккерлері саяжайына» және мектеп түлектерінің қатысуымен «2013 жылдың түлектері саяжолында» 45 дана түрлі қылқанжапырақты ағаштар отырғызылды. Кент саябағында сол сияқты гүлзарлар орнатылып, гүлдер отырғызылды.
Құрметті тұрғындар!
Кентті дамыту және абаттандыру аясында ауқымды жұмыстар атқарылды және қорытындылай келе, 2013 жылы Әкім аппаратының алдына қойылған міндеттер орындалғанын айта кету керек, бірақбарлық уәкілетті органдар мен тұрғындар жаңа жылда біріге отырып назар салатын және шешетін, шешімін таппаған түйінді мәселелер әлі де көп.
Сіздерді 2014 жылға арналған жоспарлармен таныстырмас бұрын, жыл барысында өткізілген есеп беру кездесулеріндегі кент тұрғындарының басты ұсыныстары мен ескертулері, оларды орындау бойынша әзірленген тиісті шаралар жоспарымен таныстыра кетуге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі күнде:
1. Кенттегі қаңғыбас иттерді аулау бойынша қалалық ветеринария қызметі мамандарымен 6 шара жүргізіліп, нәтижесінде 45 ит ауланды, үстіміздегі жылдың қаңтарында жүргізілген тағы 1 шара барысында 7 ит ауланды. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрғындар өтініштеріне сәйкес тұрақты жалғасын табады.
2. Торговая көшесі тұрғындарының жаяужол жоспарлау туралы өтінішіне сәйкес, аталған жер теліміне «Қазақтелеком» АҚ күшімен ұсақ қиыршық тастар төселді.
3. 5Б бағытындағы автобус маршруты жұмысының нашарлығы туралы мәселе көтерілген болатын. Осы сұрақ автобустардың күн сайын маршрутқа шығуы бойынша бақылауға қойылды, жасалған талдауларға сәйкес, орташа есеппен алғанда күніне 2-3тобусқатынап жүрді, бірақ көлік құралдарының сынуы немесе жүргізушілердің науқастануына байланысты бір ғана автобустың шыққан кездері анықталды. Жолаушыларды тасымалдау сапасын көтеру мақсатында үстіміздегі жылдың қаңтар айында қызмет көрсетушімен осы бағыттағы автобустар санын төртеуге көтеру туралы келісімге қол жеткізілді.
4. Автомобиль жолдарын қардан тазалау, ал көктемгі кезеңде оларды грейдерлеу мәселесі үнемі бақылауда ұсталды. Қыс кезінде автожолдарды қардан тазалау жұмыстары әзірленген және бекітілген жолдардың сызбасына сәйкес тұрақты түрде жүргізілді. Орталық жолдар жиектерін және кент ішіндегі, сол сияқты «Цветущий сад» саяжай аумақтарына апаратын жолдарды грейдерлеу 2013 жылы бөлінген қаражаттар шегінде жүргізіліп отырды, аталған бағыттағы жұмыс 2014 жылы да жалғасын табады.
5. «Қазақстан Халық банкі» АҚ банкоматының орналасқан орнын сақтау туралы ұсыныс – орындалды. Сұрақ оң шешімін тауып, банкомат тұрған жерінде қалдырылды және жұмыс істеуде.
6. Қоқыс алаңдарынан ҚТҚ уақытында шығарып отыру сұрақтары бойынша қызмет көрсетушімен бірлесе отырып жасалған, апта сайын қадағаланып отыратын ыңғайлы жұмыс кестесі анықталды. Сараптамаға сәйкес, ЖК Кропачевтың қызметінде қызметті сапалы түрде көрсету бойынша кейбір қиындықтар бар екенін ескерте кету қажет.
Қызмет көрсетушінің берген есептеріне сай бұл құралдардың жетіспеушілігінен туындаған жағдай. ҚТҚ шығару қызметінен жиналған әрайлық орташа алымның – 840 мың тенге шығыны: техниканы жалдауға – 544 мың тенге, ҚТҚ- ты көмудегі шығын – 131 640 мың тенге, салықтар - 33 500 мың тенге, қызметкерлер еңбегін төлеуге - 225 мың тенге, коммуналдық шығын - 14 300 мың тенге. Қорытындылай келе, жиналған 840 мың тенгенің нақты шығыны ҚТҚ шығару бойынша орташа түрде 948 мың тенгені құрайды - залал 108 440 тенге.
ҚТҚ нүктелерін қарастыра келегенде, тұрғындардың тек қатқыл тұрмыс қоқыстарынан бөлек, талдардың кесілген шыбықтарының жиналып, шығарылуы, арам шөптер мен егіп-отырғызылған алаңдардың пәлектері, құрылыс қоқыстары және қатқыл тұрмыстық қоқыстарға жатпайтын , қызмет көрсетуші тарапынан шығару көлемі бойынша қосымша шығынға әкелетін мал өсіруге қатысты қоқыстар шығарылатыны анықталды.
Мекеменің тағы да дұрыс жұмыс істеуіне кедергі болатын нәрсе, ол ақылы қызмет көрсету бойынша ақының уақытында төленбеуі - 90%. Қарызды өндіру сот ұйымдарына берілген талап арыздармен іске асырылады. 01.12. 2013 жыл бойынша сотқа 904 474 тенге құрайтын талап арыз берілген. Талап арыз бойынша «Кропачева» ЖК пайдасына 280 мың тенге көлемінде қарастырылған сот шешімі болды.
Осылай, кентте ҚТҚ шығару бойынша қызметті сапалы түрде көрсету қазіргі уақытта қызмет көрсетуші тарапынан ҚТҚ шығару қызметінің тарифін көтеру қажеттілігі бойынша осы жылдың 1 тоқсанында аяқталатын « Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК және АЖ» ММ қажетті есептеулерімен берілген арызы қарастырылуда. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші тарапынан шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша арнайы техника (тиегіш)сатып алу үшін банкке несие бөлінуіне құжаттар тапсырылды.
7. Школьная және тұйық көшесіндегі көше жарықтарын қалпына келтіру сұрағы орындалу қызметіне сай қараша айында толығымен қалпына келтірілді.
Қалған сұрақтар жұмыс барысында шешімін тапты.
Кентті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында 2014 жылы 28 934 мың тенге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде:
«Елді мекен көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 3 529 мың тенге көлемінде қаражат қарастырылды. Соның ішінде:
Көше жарығының электроэнергиясын төлеуге 1451 мың тенге ( 80 000 сағ/квт) бөлінді. Көше жарығының 239 жарық нүктесін күтіп ұстауға 2078 мың тенге көлемінде қаражат бөлу жоспарланды. Энергияны үнемдеу саясатын жалғастыру және 100 ДРШ шамын энергияны үнемдеу шамына алмастыру, апаттық жағдайда тұрған жарық тіректерін , сонымен қатар Школьная көшесі бойынша шамның 25 данасын ауыстыру, көше жарығының есепке алу құрылғысын ТП 8 жайынан подстанцияның алдыңғы жағына шығаруды жасау, Школьная көшесіндегі электр желісіне тексеріс жүргізу жоспарлануда, сонымен бірге көше жарығының нысандарын және желіні , олардың үздіксіз қызмет етуі үшін жөндеулер жүргізу бойынша жұмыстар қоса кірістірілген.
«Елді мекендерді абаттандыруу мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 9655 мың тенге бөлінді.
Берілген қаражат:
- Центральная көшесі бойынша асфальтталған жаяу жолды қондыруға – 4950 мың тенге (1650 шаршы метр);
- 1200 мың тенге екі балалардың ойын алаңын құруға жоспарланған;
- 1500 мың тенге көлеміндегі қаражат 300 дана санындағы талдарды кесуге салынған
- 12 балалардың ойнау алаңын жөндеу, сырлау жұмыстарына, баннер дайындауға, билборд құруға, ҚТҚ нүктелерін жөндеуге 1805 мың тенге қарастырылған.
«Кенттің автомобиль жолының қызмет етуі» бағдарламасы бойынша – 2014 жылы 15750 мың тенге бөлінді.
Оның ішінде 13 967,2 мың тенге :
- Магистральная көшесіндегі жолды «Ольга» дүкенінен Центральная көшесі қиылысына дейін 342 метр (2052 ш.м.) ұзындықта орташа жөндеу жұмысына; – Торговая көшесіндегі ұзақтығы 545 м.(3320 ш.м.) болатын автожолды орташа жөндеуге қарастырылған.
Жалпы аумағы 150 ш.м. болатын Энгельс, Школьная, Садовая, Магистральная көшелеріндегі жолдардың шұңқырлық жөндеуіне 375 мың тенге көлемінде қаражат қарастырылған.
Сметалық құжаттаманы дайындау мен инжинирингтік қызметтерге 87,8 мың тенге жоспарлануда.
Кенттің қысқы және жазғы жолдарын күтіп ұстауға 1 320 мың тенге бөлінген.
Құрметті тұрғындар!
Елбасының жаңа «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» атты Жолдауын талдап, іс жүзіне асыруға байланысты, біз 2014 жыл бәріміз үшін еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік өміріндегі маңызды әрі жаһанды өзгерістер жылы болатынын түсінеміз.
Берілген Жолдаудың маңыздылығы мен тарихи мағынасын түсініп, ойлану, әрқайсымыздың өз жұмыс орнымызда реттелген, нақты да адал атқарған қызметімізден біздің Қазақстан Республикасының тағдыры мен келешегі тәуелді екенін түсіну кез-келгеніміз үшін өте маңызды.
2014 жыл біз үшін, кент тұрғындары үшін , тағы да ерекше – 17 желтоқсанда Новодолинский кенті үшін Мерейтой – құрылғанына 60 жыл.
Бүгінгі күнде әкім аппаратында мерейтойға арналған, құрамына ұйымдастыру, қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар енгізілген іс-шараның жылдық жоспарын дайындау бойынша жұмыс басталды. Мерейтойлық шараларды дайындау мен оны өткізу жұмыстарына атсалысуға барлық тұрғындарды шақырамын.
Осы сәтті пайдалана отырып, барлық қатысушылар мен кент қонақтарын 2014 жылдың басталуымен құттықтай отыра, әрқайсыларыңыздың алға қойған мақсат, міндеттеріңізге жетуде жаңа табыстар тілеймін, келе жатқан жыл біз үшін шығармашыл да жемісті жыл болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |