Нұр Астана. 2012. №19. 10 мамыр



Дата21.06.2016
өлшемі8.39 Kb.
#152518
Нұр Астана.- 2012.- № 19.- 10 мамыр.

Солтанбекова А.



«Борат»-ты ұнатпайтын елші.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Кеннт Фэйерфакс Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды.

КазАТУ студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамына дәріс оқыған елші АҚШ президентін сайлау тарихына кеңірек тоқталды. Еліміздегі «Болашақ» халықаралық бағдарламасын да тілге тиек еткен Фэйерфакс студенттерге осы бағдарлама аясында АҚШ-тың жетекші ЖОО-да оқуын жетілдіруге кеңес берді.



Елімізге өздерін қызықтырған сауалын қойған студенттер «Борат» фильміне қатысты дипломаттың жеке пікірін сұрағанда, Фэйерфакс мырза: «Маған «Борат» фильмі ұнаған жоқ және мен Саша Коэнді күлдіргі актер деп есептемеймін де, Өзіме «Борат» ұнамаса да Қазақстанның жоғары ресми тұлғаларының бұл фильмге катысты айтқан пікірлері қатты әсер етті. Егер сіздердің орындарыңызда америкалықтар болатын болса олар «Е-е-е, мынадай кино түсіріліпті. Бірақ бұл Қазақстан емес! Қазақстанды көргіңіз келсе, келіңіздер, біз сізге нағыз Қазақстанды көрсетеміз!», - деп елге мыңдаған туристерді тартуға мүмкіндік берер еді»,- деп жауап берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет