«Нұр Отан» партиясы
Саяси кеңесінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 001 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
КІРІСПЕ
Бағдарламалық құжаттар – «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына ЖолдауларындаҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік, еркіндік пен демократияға негізделген мемлекет пен қоғам құрылысының маңызды тарихи кезеңінің табысты аяқталғанын атап өтіп, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі одан әрі дамуының стратегиялық бағытын айқындап берді.
«Қазақстан–2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады».
|