Нұра ауылдық бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Жолау Төлебайдың есепті баяндамасының тезистері
Нұра селолық округі ауданның солтүстік-шығысында орналасқан. Округтің елді мекендері: Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер. Жер көлемі 641500 га. Халқы – 1370 адам. Оның ішінде: Нұра селосында - 710, Мамыр аулында – 210, Дүкен аулында – 181, Белшер аулында 269 адам тұрады. 2013 жылға 20 бала туылып, 6 адам қайтыс болып, 5 отбасы құрылды.
Округте Т.Жүргенов атындағы орта, Дүкен, Мамыр, Белшер негізгі мектептері, мектеп жанындағы интернат, «Бөбек» балабақшасы, 3 мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін шағын орталық, 3 клуб, 3 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП, пошта, байланыс жүйесі, 2 телехабарлар тарату орталығы, метеростанция, электр жарығын беру станцасы, халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен бірге 9 жеке сауда дүкені, 2 жеке монша, бар.
Округтегі атқарылған негізгі жұмыстарға тоқталар болсам облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында селодағы дәрігерлік амбулаторияның қасбетіне жөндеу жүргізілді. Бұл құрылыс жұмысына түрлі салада қызмет жасайтын ауылдан шыққан жерлес азаматтар, Нұра өңірінде қызмет жасаған аудан азаматтары демеушілік көрсетті. Сонымен қатар көп жылдан бері айтылып келе жатқан « Қожа» бөгетін салу жұмысы биыл аяқталды.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша жер пайдаланушы ауылшаруашылығы құрылымы 19, пайдаланып отырған жер көлемі 11592 га. Округ бойынша мал басы: түйе – 47 бас, жылқы - 460, ірі қара – 3771, аналығы-1688 бас, қой ешкі -9900, құстар - 1636 басты құрайды. Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру жұмысы жүргізіліп 2013 жылға 110 бас қолдан ұрықтандырылды. Ауданда өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде жергілікті тұрғындар Болат, Саламат Қоқымбаевтар бақша өнімдерінің барлық түрлерін апарып сатып нәтижесінде аудан әкімінің алғыс хатын иеленді. Ақтөбе қаласында өткен облыстық жәрмеңкеде де ет, балық т.б барлық өнім түрлері апарылып,арзан бағаға сатылды.
Шағын кәсіпкерлік бойынша тіркеуде тұрған кәсіпкерлік субьектілер саны – 35, шаруа қожалықтары – 19, жеке кәсіпкерлер саны – 16. Кәсіпкерлікке қамтылған жұмысшы саны – 23,тұрғындарға қызмет көрсетуге – 13 сауда жасаушы, 4 мал дәрігерлік қызметінде, 2 телехабарлар таратуда кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік субьектілері арқылы бақша дақылдарын егуде 9.8 га жерге бақша егіліп, 133,4 тн өнім алынып тұрғындарға сатылды. Биылғы жылға дайындалған мал азығы-18234 тонна. Көлік саны бойынша 107 бірлік, жүк таситыны - 25, жолаушы тасуға арналғаны - 5, жеңіл көліктер - 44, тракторлар саны – 33. Еңбек ресурсы селолық округ бойынша –535 адам, жыл ішінде есепте тұрып тіркелген жұмыссыздар саны 12 адам.
Орта мектепке 3 адам, резерват мекемесіне 1 адам, оның ішінде жұмыссыз болып тіркеуге алынғандардан 5 адам жұмысқа орналасты. Әр түрлі саладағы жұмыстарға ақылы қоғамдық жұмысқа 12 адам тартылды. Округте 2013 жылға әлеуметтік жәрдемақы алушылар жоқ, себеп жанұялық табыстың отбасын қамтуына байланысты кедейшілік шегінен шыққандығы. Әлеуметтік төлемдер бойынша табысы төмен 32 отбасының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.
Қаржы көрсеткіштері бойынша 41362 теңге мүлік, 58169 теңге жер, 934592 теңге көлік, 12792 теңге мөр алымы жиналынды.Барлық жиналған салық көлемі-1046917 теңге.
Тазалық жұмыстары: Спорт және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұдайы спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Нұра селолық округі бойынша абаттандыру жұмысына 187000 теңге бөлінген. Осы аталған қаражатқа баннерлер орнатылды, округтегі мекемелердің жанына және жеке тұрғындарға таратылып беріліп 100 түп тал, гүлдер егілді. Көшені күл-қоқыстан тазартуға 82000 мың теңге қаралып, округ бойынша 45 тонна күл- қоқыс шығарылды.Бөлінген қаражат игерілді.Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 173000 теңге қаралып, қараша айында толық игеріледі. Бұралқы иттермен мысықтарды аулау көзін жоюға 70000 мың теңге қаралып,70 бас ит-мысықтардың көзі жойылып, қаражат игерілді.
Білім саласы бойынша округтегі жалпы білім беретін 1 орта мектеп, 3 негізгі мектеп жұмыс жасайды, 2013/2014 оқу жылына тартылған оқушы саны 398 бала. Т.Жүргенов атындағы орта мектеп жанында интернат жұмыс жасайды, онда 14 бала тәрбиеленуде. «Бөбек» балабақшасында 30 бала тәрбиеленуде. 4 мектепте ай сайын 129 балаға 485300 теңгенің ыстық тамағы беріледі. «Мектепке жол» акциясы кезінде мекеме қызметкерлері, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлерден 293.0 мың теңге жиналып, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына, ата-анасы жоқ балалар мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.
Электр энергиясымен елді мекендер толық қамтылған. Электр жарығы толық уақытылы беріліп тұрады.
Телехабарлар таратылуы Округ орталығына 1 канал арқылы телехабар таратылады, Дүкен елді мекенінде 2 канал дербес телетаратқыш жұмыс жасап тұр.
Мәдениет саласы бойынша округте 3 кітапхана, 3 клуб үйі жұмыс жасайды. Мереке күндері және жылдық жоспарларында белгіленген шаралар уақытылы аталып өтілуде. Округтегі елді мекендер бойынша ұйымдастырылып келе жатқан спартакиада биыл бесінші рет Белшер селосында өткізілді.
Денсаулық саласы бойынша 1 ОДА, 3 ФАП бар оларда 1 дәрігер, 7 медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды,компьютерлендірілген. Өкпе ауруымен жаңадан тіркелгендер жоқ.
Қылмыс жағдайы бойынша тіркелген қылмыс жоқ.
Ауыз сумен қамту. Нұра селосы, Мамыр, Дүкен елді мекендері аудан орталығынан тасылатын тасымал сумен қамтамасыз етілуде, Белшер елді мекені құдық суын пайдаланады.
Бүгінгі күнгі округ бойынша басты проблема: ауыз су мәселесі және қыс мезгілі кезіндегі елді мекендер мен аудан орталығы аралығындағы жол қатынасы. Округтегі саяси - әлеуметтік ахуалы тұрақты, алдағы уақытта осы аталған жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |