Нұржанова, Г. К



Дата15.06.2016
өлшемі74.62 Kb.
#137155
Нұржанова, Г.К.

Орталық Қазақстан жағдайында Phaponticum carthamoides-марал тамырын мәдени түрге айналдыру және оның кейбір биоморфологиялық ерекшеліктері/ Г.К. Нұржанова //ҚарМУ. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті аспиранттары, магистранттары және студенттерінің XXX мерейтойлық аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдары 24-25 мамыр. - Қарағанды, 2007. - 30-34 б.
Дәрілік өсімдіктердің шикізатынан әр түрлі препараттар алынуына байланысты олар медицина саласында аса маңызды роль атқарады[1]. Осыған байланысты қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерге сұраныс күннен-күнге арта түсуде. Сондықтан дәрілік өсімдіктер әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Осындай өсімдіктердің қатарына біздің зерттеуге алынған күрделігүлділер (Аsteraceae) тұқымдасының өкілі, бағалы дәрілік өсімдік Марал тамыры-Phаponticum carthamoides жатады. Орталық Қазақстан флорасында Марал тамыры кездеспейтін болғандықтан, бұл өсімдікті зерттеу тек ғана ғылыми қызығушылық тудырып қоймай, сонымен бірге практикалық маңызы да ерекше. Осыған байланысты біздің алдымызға мынадай мақсат қойылды: Марал тамырын Қарағанды жағдайында мәдени түрге айналдырып, өсіру мүмкіндігін, егу мерзімін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үш мынандай міндеттер қойылды:

1. Марал тамырының тұқымының сапасын, яғни өнімділігі мен өну қарқындылығын лабораториялық жағдайда зерттеу.

2. Марал тамырының тұқымының өнімділігі мен өну қарқындылығына әр түрлі ұзақтықта сақтаудың әсерін табу.

3. Марал тамырының тұқымының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

4. Орталық Қазақстан жағдайына Марал тамырын егудің ең тиімді мерзімін анықтау.

5. Тәжірибе учаскесінде өсірілген Марал тамырының биологиялық ерекшеліктерін даму фазаларына байланысты зерттеу.

Жоғарыда айтылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін тәжірибелік жұмыстар байырғы әдістер бойынша екі бағытта, яғни лабораториялық және далалық жағдайда жүргізілді.

1. Марал тамырының Phаponticum carthamoides тұқымның сапасын лабораториялық жағдайда анықтау үшін және тұқымның дамуын, өсу динамикасын зерттеу үшін байырғы Фирсова М.К. [2] әдісі қолданылды. Бұл әдіс бойынша лабораториялық жағдайда Марал тамырының тұқымының өнімділігі мен өну қарқындылығы белгілі бір уақытта, белгілі бір температурада анықталып жазылып отырды. Тұқымның өну қарқындылығын анықтау, он сақталу мерзіміне байланысты жүргізілді. Сақтау мерзімі: 6 ай, 1 жыл, 2 жыл сақталған тұқымдардың өнімділігі мен өну қарқындылығын зерттеу нәтижесі 1-ші кестеде көрсетілген.

Бұл кестеде біз 6 ай, бір жыл, екі жыл сақталған тұқымның өнімділігі мен өну қарқындылығын анықтадық. Кестедегі көрсеткіш бойынша Марал тамырының өнімділігі мен өну қарқындылығының ең жоғарғы нәтижесі 6 ай сақталған тұқымдардан байқалды, мұнда оның өну қарқындылығы - 78%, өнімділігі - 82 % -ті көрсетті.

Сонымен қатар, тұқымның биологиясы, яғни тұқымның өскінінің морфологиялық ерекшеліктері зерттелді. Phаponticum carthamoides өскінінің (тұқым жарнағы пайда болған күннен бастап) даму-өсу динамикасын зерттеу барысында негізінен 6 фазаға көңіл аударылды:

1. тұқымның ісінуі;

2. тұқымда ең алғашқы тамырдың қылтиып пайда болуы;

3. тұқым асты қылтасы-гипокотильдің пайда болуы;

4. тұқым жарнағының қабықтан шығуы;

5. тұқым жарнағының бір-бірінен ажырап ашылуы;



6. алғашқы нағыз жапырақтың пайда болуы.

Осы айтылған даму фазаларына салыстырмалы түрде сипаттама берілді.

Лабораториялық жағдайда Петри тостағаншасының үстінде өсірілген Марал тамырының тұқымының бөрітуі төртінші күннен кейін байқалады. Осы күннен бастап, тұқымның перикарпииі ашылып, тұқым қабығы жыртылып, негізгі тамыр қылтиып пайда болды (Сурет 1 в). Келесі этапта тамырының астыңғы қылтасы-гипокотиль пайда болады. (Сурет 1 г). Оның түсі ақ, ал қалған бөлігі, яғни тұқым жарнағы әлі де болса тұқым қабығында жасырын жатты. Алтыншы күні гипокотильдің ұзаруы байқалды, ол доға тәрізді иіліп ұзара бастады. Бұл кезеңде оның ұзындығы 3-4 мм, диаметрі 0,5-0,8 мм болды. Келесі кезеңде гипокотиль түзуленіп, ол тұқым жарнағының жапырақтарын сыртқа ала шықты (Сурет 1д). Тұқым жарнағының ашылуы бір күннен кейін байқалды. Марал тамырының тұқым жарнағының түсі жасыл, пішіні дөңгелек, эллипс тәрізді болып келеді. Оның ұзындығы 1,4±0,4мм, ені 1,06±0,4мм, сыртында түктері байқалмайды. Осы кезеңде өскіннің ұзындығы 1,0-1,Зсм, тамыры 1,5-2см-ге жетті (Сурет 1е). 18-20-шы күні дөңгелек эллипс пішінді, түсі қоңыр-жасыл түсті алғашқы нағыз жапырақтары пайда болды, оның ұзындығы 1,5-2мм, ені 1,0-1,3 мм-ді көрсетті (сурет 1 ж). Тұқым мен өскіннің биоморфологиялық ерекшеліктерін, даму фазаларын зерттеу нәтижесінде Марал тамырының 6 даму фазасынан тұратындығына және әрбір фазаның бірінен соң бірі белгілі бір ретпен жалғасып отыратындығына көз жеткізілді.

2. Далалық зерттеулер Фитохимия институтының тәжірибе учаскесінде жүргізілді. Мәдени жағдайдағы Марал тамырының фенологиялық фазаларының басталуы, жаппай жүруі, аяқталуы және даму фазаларының ұзақтығы бақыланды. Фенологиялық бақылау И.Н.Бейдеман [3], И.Г.Серебряков [4] әдістері бойынша жүргізілді. Мәдени түрге жерсіндірілген Марал тамырының өсу-даму фазаларын бақылау әрбір бес күн сайын белгіленген 10 өсімдікте жүргізілді. Ол үшін екінші жылғы Марал тамырының өркенінің ұзындығын, әр түптің енін, яғни түптің диаметрі, тамыр мойнының диаметрі, жапырақтың ұзындығы мен ені өлшеніп отырды. Мәдени түрде айналдырылған Марал тамырының өсуі мен дамуы негізінен даму фазаларының басталуы мен аяқталуына байланысты жүргізілді. Сол сияқты фенологиялық байқаулар, яғни әрбір даму фазасының кезеңдері, сыртқы ортаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, жауын-шашынның болуы т.б. факторларға байланысты жүргізіледі [5]. Әрбір даму фазаларының өзі 3 кезеңге бөлінеді: басталуы, жаппай жүруі, аяқталуы. Осы кезеңдерде марал тамырының қарқынды өсуі қай кезеңге сәйкес келетіндігі т.б. бақылаулар анықталды.

Осы тәжірибе учаскесіндегі Марал тамырының бірінші жылғы өсіп шыққан розеткалы жапырақты ересек өсімдіктеріне, өскіннің пайда болуынан бастап, вегетациялық дәуірінің соңына дейін биоморфологиялық зерттеу жүргізілді. Олардың алғашқы жарнақтық жапырақтары және нағыз жапырақтарының пішіні, (биоморфологиясы) өсу ортасының жағдайына байланысты болатындығын анықтау үшін әрбір 5 күн сайын олардың сыртқы пішіндері салыстырмалы түрде зерттелді. Сол сияқты жаз бойы жас ювенильдік особьтар ересек шаққа көшкеннен кейін, олардың жапырақтарының ұзындығы, ені, бір түптегі пайда болған жапырақтар саны т.б. ерекшеліктеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Вегетация дәуірінің соңында бір түпте Марал тамырының 8-12-ге дейін розеткалы жапырақтары пайда болатындығы анықталды. Жапырақтарының ені 35-60 см, ұзындығы 15-33 см болды. Бірінші жылғы особьтар осы жасыл күйінде қыстауға кетті және оның вегетациялық дәуірінің ұзақтығы 180 күнге созылатындығы анықталды.

Екінші жылғы Марал тамырының өсіп - дамуын, оның фенологиялық фазаларына байланыстың және әрбір даму фазаларының басталғанынан бастап аяқталу кезеңдері сыртқы ауа температурасының, қысымның, ылғалдылықтың әсеріне байланысты аса мән беріліп зерттелді. Осыған байланысты климатограмма мен даму фазасының кезеңдеріне сәйкес Марал тамырының өркенінің өсу динамикасының феноспектірі жасалды (кесте 2,сурет 2,3). (Кестеде көрсетілгендей екінші жылғы особьтардың вегетациялық дәуірінің басталуы, яғни сабақтану кезеңі мамыр айының бірінші он күндігінен басталды. Осы кезде ауаның температурасы 17-19°С болды. Мамыр айының 12-сі күні жапырақтардың қарқынды өсуі басталды.

Жаңадан пайда болған жапырақтардың саны 3-10-ға дейін жетті, ұзындықтары 6-10 см, ені 25 см болды. Осы кезде оның бойы 25-30 см ұзарды.







Маусым айының басында бутон беру дәуірі басталды. Жаппай бутон беру дәуірі 12 маусымда байқалды. Осы кезде ауаның температурасы 23°С, ал ауаның ылғалдылығы 56 %-ті көрсетті. Бутон беру дәуірінің басқа фазаларымен салыстырғанда созылу себебі дәл сол кезде ылғалдылық аз болды, небәрі 14 мм көрсеткішті көрсетті.

Екі аптадан кейін гүлдеу кезеңі басталды. Бұл уақытта өркеннің биіктігі 55-80 см-ге жетті, яғни тәулігіне 1 см өсіп отырды. Осы кезде кейбір өркендердің ұзындығы 90-100 см-ге жетті, бір түптегі жапырақ саны 15-40 дана болды. Олардың ұзындығы 20-52 см болды. Сөйтіп гүлдеу дәуірінің соңына қарай бір түптегі генеративтік өркеннің саны 3-7 дана болды, бірақ та көпшілігінде генеративтік өркенңің саны 1-3 болды. Гүлдеу дәуірінің аяғында учаскедегі кейбір особьтар тұқым мен жеміс беру кезеңіне көше бастады. Бұл кезде ауаның температурасы 21-23°С, ылғалдылығы 52% көрсеткішті көрсетті. Сол сияқты марал тамырының жаппай тұқым беру дәуірінде тұқымның өнімі де анықталды. Бұл кезде ауаның температурасы 22-25°С көрсеткен, ал ауаның ылғалдылығы 41 %-ті көрсетті.

Бір себетте пайда болған тұқым саны 125-190 дана болса, ал бір түптен жиналатын тұқым салмағы 1,7-3 гр болды. Сонымен екінші жылғы Марал тамырының вегетациялық дәуірінің ұзақтығы 100-120 күнге созылды.

Жұмыстың келесі міндеті Марал тамырының тұқымын себудің ең тиімді мерзімін анықтау болды. Ол үшін тәжірибе учаскесінде Марал тамырының тұқымын жаздың басында және күздің ең соңғы айында - яғни қазан айының екінші 10 күндігінде себілді. Мұнда тұкымының далалық жағдайдағы өнімділігі 83%-ті көрсетті. Учаскедегі тұқым себілген қатардың бір-бірінен ара қашықтығы 60 см, тұқымды себу тереңдігі 2-3 см. болды. Бір гектарға есептегенде тұқымның себілу мөлшері 15-18 кг\га шамамен есептеліп алынды. Көктемде себілген тұқымдардың өскіндері мамырдың аяғында қаулап өсті. Бірақ осы көктемде себілген тұқымдардан өсіп шыққан өскіндерінің көпшілігі ыстыққа төтеп бере алмай, өскіндердің 50-60%-ті өліп қалды. Ал күзде егілген тұқымдардың жас өркендерін пайда болуы, келесі жылы қыстап шығып, сәуір айының бірінші он күндігінде қаулап өсі өскіндер пайда болды.

Сонымен Қарағанды жағдайында Марал тамырын егудің ең тиімді мерзімі күз ай деп есептейміз.


Қорытынды

1. Марал тамырының (6 ай сақтаудан өткен) тұқымның өнімділігі 82 %, өну қарқындылығы 78 %-ті көрсетті.

2. Орталық Қазақстан жағдайында мәдени түрге айналдырылған Марал тамырының тұқымын себудің ең қолайлы мерзімі қар түсер алдында, күз айының соңғы он күндігі екендігіне көз жеткізілді.

3. Марал тамырының бірінші жылғы даму фазасының ұзақтығы 180 күн екендігі анықталды.

4. Бірінші жылғы розеткалы жапырақты марал тамыры қыста қардың астында төмені температураға төзіп, жақсы қыстап шығатындығы анықталды.

5. Екінші жылғы Марал тамырының қыстап шыққан бір жылдық өсімдіктеріні генеративтік фазаға көшуі маусым айында байқалып, оның вегетациялық дәуіріні ұзақтығы 120 күн болатындығы анықталды.

6. Марал тамырының шикізат көзі жерасты тамырсабағын жинаудың ең тиімді кезеңі 3-ші жыл, тамыз айының аяғы екендігі анықталды, осы кезеңінде олардың шикізат көз болып есептелетін жер асты мүшелерінің өнімділігі жоғары болады.
Әдебиеттер тізімі

1. Гаммермен А.Ф., Гран И.И. Дикорастущие лекарственные растения СССР. М., 1976. с. 15-25

2. Фирсова М.К. Методы исследования и оценка качества семян. М.: Колос, 1985, 310 с.

3. Бейдеман И.Н. Изучение фенологии растений //В кн. Полевая геобатаника. М. - Л., 1960, Т.2.



4. Серебряков И.Г. Жизненные формы высших растений//Полевая геоботаника. М.;Л., 1964 Т.З.

5. Работнов Т.А. Методы изучения семенного размножения травянистых растений в сообществах // С Науч.тр. Полевая геоботаника. М., 1960. т.2. с 20-46.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет