Әкімтаева нұркенже әбділхамитқызы далалық оқу тәжірибесі барысында «Биология» мамандығы студенттерінің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру



бет1/3
Дата12.07.2016
өлшемі218 Kb.
#195516
түріДиссертация
  1   2   3

ӘОЖ 581.543:58:371.38


Қолжазба құқығында



ӘКІМТАЕВА НҰРКЕНЖЕ ӘБДІЛХАМИТҚЫЗЫ

Далалық оқу тәжірибесі барысында «Биология» мамандығы студенттерінің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру

6М011300-Биология мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013 ж


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар инситуты «Биология және география» кафедрасында орындалған



Ғылыми жетекші

-

педагогика ғылымдарының кандидаты

Назарова Гүлмира Асылбекқызы




Ресми оппонент

-

Биология ғылымдарының кандидаты

Б.А.Дүйсембеков



:

Магистрлік диссертацияны қорғау «_____» ____________ 2013 ж сағат ______



Жаратылыстану және аграрлық технологиялар инситуты «Биология және география» кафедрасында (120014, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі № 66, № 9оқу ғимаратында) өткізіледі.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ


Диссертацияның көлемі мен құрылымы:

Диссертация 81 беттен тұрады. Диссертация кiрiспеден, екі тараудан, қорытынды мен 79 пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.



Түбірлі сөздер:

Плакаттық топ, далалық оқу тәжірибесі, табиғат күнтізбесі, өндірістік.



Кiрiспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, ғылыми жаңалығы мен практиалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Биология мамандығы бойынша студенттерге білім беру теориясы мен практикасында фенологиялық білімнің алатын орны» атты бірінші тарауда фенология ғылымының қалыптасуы және білім беру жүйесіне енгізілу тарихы; биологиялық білімінің бір құрама бөлігі ретінде плакаттық топ өсімдіктерінің фенологиялық жағдайына бақылау әрекетінің мазмұны; студенттердің өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыруда далалық оқу тәжірибесінің алатын орны және студенттердің плакатты топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру мазмұны мен құрылымына талдау жасалды.

«Далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастырудың мазмұны мен әдіс-тәсілдері және оны эксперименттік тәжірибеде сынау нәтижесі қарастырылады.

Қорытындыда теориялық талдау мен тәжiрибелiк жұмыстың нәтижелерi бойынша қорытындылар баяндалады.

Зерттеудiң өзектілігі:

Жоғары биологиялық білім берудің мақсаты жауапкершілігі жоғары, биологиялық білім беру мен тәжірибе жүргізу аясында сапалы жұмыс жасауға қабілетті, білім беруді жалғастыруға және меңгерген әмбебеп және кәсіби біліктілігінің негізінде жаңашыл әрекет етуге дайын түлекті кәсіби деңгейде қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Осыған байланысты оқытудың басты мақсаты әрбір студенттің өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жан-жақты жағдай туғызу болып табылады.

Жоғары педагогикалық білім беруді дамыту болашағы іргелі және практикалық бағдарланған білімді біріктірумен тікелей байланысты. Жоғары педагогикалық мектепті реформалаудың маңызды ұстанымы іргелендіру – нарықтық еңбек жағдайында студентті кәсіби қызметке және өмірге теориялық және практикалық дайындаудың өзара байланысын арттыру. Студент тәжірибеде білімнің орнын және ролін ұғынып, оны жүзеге асыру жолдарын және құралдарын табуға және теорияны өз тәжірибесінде пайдалануға, теория мен практиканың өзара байланысын ұғынуға міндетті.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің биология мамандығы бойынша оқитын студенттерінің зерттеушілік біліктіліктерін дамытуда жергілікті жерде өсетін өсімдік түрлеріне фенологиялық бақылауға үйретудің маңызы зор. Себебі, фенологиялық бақылау биология саласы бойынша ғылыми зерттеу жүргізудің арнайы зерттеу әдістерінің бірі. Осы әдісті меңгеру олардың пәнге қызығушылығын арттырады, сонымен қатар, мектепте оқушыларды табиғи нысандарға бақылау жасауға үйретуде кәсіби әдістемелік дайындығын іске асырады.

Студенттердің кәсіби біліктіліктерін дамыту проблемаларын көптеген ғалымдар зерттеген. Болашақ мұғалім тұлғасының қалыптасуына, оның кәсіби ойлауына шығармашылықтың әсерін талдау О.А.Абдулина, Э.Ф.Зеер, М.И. Лукьянова, Н.А.Савотина, Т.М.Сорокина еңбектерінде, мұғалімдердің шығармашылық әрекетпен айналысуының мәні мен шарттарын Т.А Хайновская, В.А. Дольф, Т.А.Дронова еңбектерінде қарастырды. Мұғалім тұлғасын кәсіптендіру үдерісінде ғылыми–зерттеушілік және оқу–зерттеушілік жұмыстары мүмкіншіліктерін пайдаланудың түрлі жақтарын М.М.Поташник, Д.А.Белухин, Е.А Климов және басқалар зерттеді.

Ал, Қазақстандық зерттеушілердің арасынан болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығы мен кәсіби–зерттеушілік мәдениеті туралы  К.С.Успанов, Н.Д. Хмель,  С.Т.Каргин зерттеулерінде, сондай-ақ студенттердің зерттеушілік әрекетке бағыттылығын қалыптастыру жайлы Р.Б.Исмайлова, И.С.Өтебаев еңбектерінде қарастырылған. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негізін, студенттердің ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін Ш.Т.Таубаева, Б.Т. Кенжебеков зерттеді.

ЖОО білім беруде қойылатын талаптардың бірі студенттерде тек қажетті білімдер жүйесін ғана қалыптастырып ғана қоймай, сонымен қатар сол білімді өз бетінше меңгеруге және ұғынуға үйрету болып табылады.

Бұл үдерісте студенттердің фенологиялық бақылау жұмысын ұйымдастыру және оны өткізу жағдайы ерекше орын алады. Себебі, ол жаратылыстанушылық-педагогикалық бағытта білім беруде көптеген оқу-тәрбиелік міндеттерді, соның ішінде білімдерді кіріктіру және студенттердің санасында биологиялық тұтас ғылыми бейнені қалыптастыруды, олардың практикалық біліктіліктерін дамытуды тиімді шешуге мүмкіндік жасайды.

Алайда, ЖОО биология мамандығы бойынша білім алушы студенттердің кәсіби біліктіліктерін арттыру проблемалары бойынша әдебиеттерді талдау, осы мамандықтарды даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмыс бағдарламаларымен, тәжірибелерімен танысу далалық оқу тәжірибесінде студенттерді фенологиялық бақылау жүргізу барысында ғылыми танымдық жұмыстарына даярлау мүмкіндіктерінің толық анықталмағанын, фенологиялық білімнің жаратылыстанушылық білім беру жүйесіндегі орнының айқындалмағанын көрсетті.

Демек, студенттерді далалық оқу тәжірибесі арқылы фенологиялық бақылау жұмысына даярлау қажеттігі мен оны іске асыру әдістемесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бары анық байқалады.

Осы айтылған мәселелердің өзектілігі бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Далалық оқу тәжірибесі барысында «Биология» мамандығы студенттерінің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру» деп таңдауымызға негiз болды.



Зерттеудiң мақсаты:

Далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастырудың тиімді әдістемесін жасау.



Зерттеу нысаны:

Далалық оқу тәжірибесінде студенттерді плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізуге үйрету үдерісі.



Зерттеу пәнi:

Далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастырудың мазмұны мен әдіс-тәсілдері.



Зерттеудiң болжамы:

Далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру, егер:



  • студенттерді кәсіби дайындаудың құрама бөлігі ретінде фенологиялық білім мазмұны анықталса;

  • студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру ұстанымдары анықталса;

  • далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастырудың мазмұны мен әдіс-тәсілдері жасалып және эксперименттік тәжірибеден өткізілсе тиімді болады.

Зерттеудің мiндеттерi:

    1. Мәселенің жаратылыстану, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде қарастырылу деңгейін сараптау және соның негізінде студенттерді кәсіби дайындаудың құрама бөлігі ретінде фенологиялық білім мазмұнын айқындау;

    2. Студенттердің өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыруда далалық оқу тәжірибесінің алатын орнын анықтау;

    3. Студенттердің плакатты топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру ұстанымдарын анықтау;

    4. Далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастырудың тиімді мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жасау және эксперименттік тәжірибеде тиімділігін тексеру.

Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi:

Жалпы байланыстар мен өзара үйлескен құбылыстардың; адамның еңбекте және қарым-қатынаста өзін-өзі іске асыру тәсілі ретіндегі іс-әркеттің философиялық тұжырымдамалары; жаңаша ойлау, теория мен практиканың өзара байланысы, педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде қарау тұжырымдамасы; жеке тұлғаға бағдарланған оқыту тәсілі; кәсіби әрекет теориялары; шығармашылық әрекет теориялары және т.б.



Зерттеу көздерi:

Қазақстан Республикасының ресми қаулы-құжаттары (Заңдар, қаулы-қарарлар); iргелi философиялық-әлеуметтiк, психологиялық-педагогикалық, биологиялық, экологиялық және әдiстемелiк еңбектер, тәжірибе.



Зерттеу әдiстерi:

Теориялық: анализ, синтез, салыстыру және қорытындылау, модельдеу; эксперименттік: тікелей және жанама түрде педагогикалық бақылау жүргізу, педагогикалық тәжірибе, әңгімелесу, сауалнама алу, аралық бақылау; математикалық өңдеу әдісі.



Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:

    • Фенология ғылымының қалыптасуы және білім беру жүйесіне енгізілу тарихы жүйеленді;

    • Плакаттық топ өсімдіктерінің фенологиялық жағдайы - биологиялық білімінің бір құрама бөлігі ретінде мазмұны анықталды;

    • Студенттердің өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыруда далалық оқу тәжірибесінің алатын орны айқындалды;

    • Студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру ұстанымдары анықталды.

Зерттеудiң практикалық мәнi:

Далалық оқу тәжірибесі барысында студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі құрастырылды;



Қорғауға келесi қағидалар ұсынылады:

1. Жаратылыстану білімдерінің мазмұнына кіретін фенологиялық білімдер жүйесі ұғымдардың үш тобымен берілуі керек:

  1. Жалпы фенологиялық .

  2. Жеке фенологиялық.

  3. Қолданбалы фенологиялық.

2. Студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін далалық оқу тәжірибесінде қалыптастыру біршама тиімді оқу үдерісінің формасы. Дәрісханалық және студенттік өзіндік жұмысы, үйірме жұмысы шеңберінде студент ең алдымен зерттеушілік жұмыстың дағдыларын меңгереді, содан кейін меңгерген теориялық білімдерін далалық оқу тәжірибесімен байланысты зерттеп отырған жұмысында іске асырады. Плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық зерттеу жүргізу, бақылау, эксперимент, статистикалық мәліметтер арқылы негіздеуді қажет етумен байланысты.

3. Ботаникадан далалық оқу тәжірибесінде студенттердің фитофенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыру ұстанымдары: кіріктіру, жүйелілік, өзара байланыстылық (кешенділік), өзіндік жұмыс пен танымдық белсенділіктің өзара байланыстылығы, зерттеушілік, экологияландыру, технологиялық, кезеңділік, Іс-әрекеттерінің қызметтік бейімділіктері.

4. Ботаникадан далалық оқу тәжірибесінде студенттердің фитофенологиялық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің құрама бөліктерін:

- далалық оқу тәжірибесінің мақсаты: фитофенологиялық бақылау жүргізудің әдістері мен әдістемелік тәсілдерін меңгеру негізінде студенттің әртүрлі өзіндік тапсырмаларды орындай алатын қабілеттері арқылы көрінетін біліктілігінің қалыптасуына ықпал етуі;

- студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізулеріне ықпал ететін тапсырмалардың жүйесімен бейнеленген — далалық оқу тәжірбие мазмұны;

- студенттердің зерттеу және бақылау жұмысын жүргізулеріне ықпал ететін — оқыту әдістері мен технологиялары;

- далалық оқу жағдайында табиғи қоршаған ортада басым роль атқаратын тірі табиғи нысандар мен бірлестіктерден құралған — оқыту құралдары құрайды.

Зерттеу базасы:

Тәжірибелік жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетiнде «Биология және география» кафедрасына қарасты І, II курстарымен далалық оқу тәжірибесі барысында өткізілді.

Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және ендiру:

Эксперимент жүргiзу барысында жүзеге асты және зерттеудiң негiзгi қағидалары мен нәтижелерi республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды, сондай-ақ мерзімді басылымдарды жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламаларда көрініс тапты.



Негізгі бөлім
Фенологиялық бақылау – адамзаттың ертеден келе жатқан әрекеттерінің бірі. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін, әсіресе егін шаруашылығында табиғатта болатын маусымдық өзгерістерді бақылау қажеттілігі туындаған. Маусымдық құбылыстардың сипаттамасын антика заманы зерттеушілерінің еңбегінен табуға болады. 1840 жылы белгиялық ботаник Ш.Морран жыл мезгілерінің ауысуынан болатын органикалық табиғаттың маусымдық дамуы жөніндегі білімдер жүйесін анықтап, оны «Фенология» терминімен атауды ұсынған.

ХІХ ғасырдың аяғы отандық географиялық және картографиялық фенологиялық дамуымен сипатталады, ол алғашқы ботаникалық және агрофенологиялық карталардың жарық көруімен дәлелденеді.. Батыс Европада, АҚШ және Жапонияда бұл уақытта ерікті фенологиялық жүйе қарқынды жұмыс жасап жатқан болатын.

XX ғасырдың басы мектеп жаратылыстануы биологиялық әдісті кеңінен енгізумен сипатталады. Оның басты «қозғаушы күші» оқулықтар мен оқу құралдары болды. И.И.Полянскийдің «Табиғаттың үш патшалығы туралы» деген оқу құралын ерекше атап көрсету керек. Мәні бойынша ол тек фенологиялық білімнің маңыздылығы мен мазмұнын ғана ашып қоймай, сонымен қатар олардың жүйесін ашып көрсеткен алғашқы оқу кітабы болатын.

Қазіргі фенология кіріктірілген пән, ол туралы энциклопедияда да айтылады: «Фенология — табиғаттың маусымдық құбылыстарының заңдылығын зерттейтін білім саласы» деп анықтама беріледі. Фенология жалпылама және жекелік болып екіге бөлінеді. Біріншісі органикалық дүние мен метеорологиялық факторлардың арасындағы заңдылықтарды анықтайды. Бұл үшін күн сайын толтырылып отыратын күнделік негізінде әр құбылыстардың бірнеше жылдар бойы басталуы мен аяқталу уақыты туралы (өзендердің еруі мен қатуы, жапырақтардың шығуы мен түсуі, өсімдіктердің гүлденуі мен дәнденуі және тағы басқалар) мәліметтер жазылған жинақтағыш табиғи календарь жасалады. Ал жекелік фенология немесе биофенология, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму фазаларын (мыс.: гүлдеу, ұрықтану фазаларын және тағы басқаларды) зерттейді.

Фенологиялық білім өзінің табиғаты бойынша ғылыми жаратылыстанудан өзгешеленбейді, алайда олар зерттеу нысанының бағыты және ұсыныстары бойынша бір-бірінен өзгешеленеді. Осыған байланысты олар белгілі бір белгілерге ие, олардың ішінде төмендегілерін ажыратамыз:

а) осы білімдерді ғылымның бір саласынан екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік жасайтын жеке және жалпылық жатыр;

б) басқа жаратылыстану ғылымдарының ғылыми білімдері жүйесімен кешенге кіреді;

в) ғылымның дамуы және қоғамдық тәжірибе мен олардың өзарақатынасына байланысты өзгере отырып, динамикалық сипатқа ие болады.

Осылайша фенологиялық білім өзінің мәні бойынша табиғаттың негізгі қызметінің жалпы мағынасын ашатын түрлі жаратылыстану ғылымдарының ұғымдары мен заңдылықтарының өзара байланысын құрайды.

Біздің пікіріміз бойынша, жаратылыстану білімдерінің мазмұнына кіретін фенологиялық білімдер жүйесі ұғымдардың үш тобымен берілуі керек:

1. Жалпы фенологиялық.

2. Жеке фенологиялық.

3. Қолданбалы фенологиялық.

Бұл ұсынылып отырған жүйе жалпы категориялық ұғымдар. Жеке оқу пәндерінде олар мазмұндарының ерекшелігіне сәйкес бейнеленеді. Осы ұғымдарды жергілікті жердің материалдары негізінде сәйкес пәндер арқылы немесе жеке арнайы курстар арқылы оқытуға болады. Осы ұғымдар жүйесінде «плакаттық топ өсімдіктерінің фенологиялық жағдайы» жөніндегі түсініктер болашақ биолог мамандығы бойынша білім алушы студенттердің дүниетанымдарын қалыптастыруда зор мәнге ие.

«Плакаттық топ өсімдіктері» ұғымы А.Нұрғызарыновтың анықтамасы бойынша, гидроморф жерлерде өсетін, ауысып тұратын ортаға бейімделген өсімдіктер болып табылады.

«Плакаттық топ өсімдіктері» ұғымының мәні ең алдымен оның географиялық орнымен анықталады. Себебі, ұғымның шығу тегіне зер салсақ, биологиялық үлкен энциклопедияларда: «плакорная растительность (А.Нұрғызарынов бойынша қазақша: «плакаттық өсімдіктер) - (грек. ауд. plax плоскость, равнина немесе жазық), тегіс құрғаған суайрық жазықтарының зоналық өсімдіктері. Терминді 1927 жылы Г.Н.Высоцкий енгізген. Балшықты топырақтарда жер асты сулары терең орналасқан жерлерде өседі» деп анықтама берілген. Ландшафтық (географиялық) зоналылық бірнеше типтерге бөлінеді (1 суретке қараңыз).






1 – сурет. Негізі орналасу орнындары типтерінің сызбасы

(қарапайым ландшафтының түр өзгерісі) а) плакортты (элювиальді); б) трансэлювиальді; в) аккумулятивті-элювиальді, г) ағынды сужинау аймағы; д) элювиальді-аккумулятивті - делювиальді; е) негізі (транссупераквальные); ж) супераквальді – батпақтану және тұздану; з) жайылмалық; и) субакваториялық
Ылғалданудың плакортты (элювиалді) типі аз еңісті ((1–2°) су айрық беткейлерге тән, айтарлықтай беткі ағысы жоқ, атмосфералық ылғалану басым жерлер.

Сырдарияның атыраулық жазығы, теңіз жағалауы, көптеген көл жүйелері мен оларды қоршаған шөл және шөлейт дала ландшафтары өзара белгілі дәрежеде байланысты болғанымен әр қайсысының өзіне тән тән ерекшеліктері бар. Бұл өзгешіліктер олардың топырақ климат жағдайынан байқалады. Соған сәйкес олардың әр қайсысына тән өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады. Аймақта өсімдік қауымдастығын төрт топқа бөледі: саздақ және құмды жазықтардың, тау етегіндегі даланың және Сырдарияның атыраулық өсімдіктері.

Осы плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жасауды ұйымдастыру студенттердің арнайы біліктілігін қажет етеді. ЖОО білім алушы студенттердің өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін тиімді қалыптастыру жолдарын іздестіруде ең алдымен «өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу» әрекетінің, осы әрекетке «қабілеттілік» ұғымының мәнін, мазмұнын анықтап алу қажет деп ойлаймыз.

Фенология табиғаттағы маусымдық құбылыстың басталуын мен аяқталуын зерттейтін ғылым саласы десек, өсімдіктерге фенологиялық бақылау жүргізу олардың маусымдық дамуын бақылаумен айналысуды сипаттайды. Ол жоспарлы жұмыс әрекетін бейнелейді.

Яғни, плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу өзінің мәні бойынша табиғат аясында тікелей байқау, көру үдерісінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, фенологиялық бақылау - ғылыми зерттеу әрекетінің маңызды кезеңі. Плакаттық топ өсімдіктеріне ғылыми фенологиялық бақылау ұйымдастыру үшін ең алдымен жергілікті жерден сол ландшафтының арнайы үлескісінің болуы шарт.

Студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілетінің анықтамасын жалпы «қабілет» ұғымына сәйкес анықтай аламыз. Психологиялық сөздіктерде берілген анықтамалар бойынша: «қабілет дегеніміз – адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс беретін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық–физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы». Осы анықтамаларға сүйене отырып, біз студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттері деп плакатты топ өсімдіктерін табиғи жағдайда дұрыс тани білу (морфологиялық белгілері бойынша), бақылау немесе зерттеу жүргізудегі мақсат пен міндетті айқындай алу, бақылау жүргізу алаңын ережеге сәйкес таңдап, оған сипаттама беру, өсімдіктердің маусымдық даму фазаларын ажырата білу, бақылау нәтижелерін дұрыс тіркей білу, нәтижелерді өңдеу, тұжырым жасай алу, бақылау нәтижесі бойынша есепті рәсімдеуі.

Студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерінің нәтижелі дамуы олардың жеке тұлғалық, шығармашылық потенциалын жетілдірудің, болашақ кәсіби әркеттерінің мәнмәтініндегі меңгерген білмдерін өзектендірудің; ЖОО түлектерінің жалпы және кәсіби мәдениеттерінің деңгейін арттырудың алғы шарттары болып табылады. Осы аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірнеше ұстанымдарға, яғни мазмұнын, білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдістерін, тәсілдерді және құралдарын таңдаудың негізіне алынатын ережеге сүйену керек.

Әрбір теорияның негізінде жүйетүзуші ұстаным болады. Сонымен қатар, қалған басқа ұстанымдар оған қатысты негізі, яғни плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүгізу қабілетін қалыптастыру мақсатына жетудің құралдары мен шарттары жөніндегі ұсыныс ретінде қарастырылады.

Білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдамасына сәйкес, негізгі әрі жүйетүзуші ұстаным: теория мен практиканың бірлігі.



Далалық-оқу тәжірибесінде студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерін қалыптастыруды ұйымдастырудың маңызды ұстанымдары:жүйелілік,кіріктірушілік,оқу және зерттеу әрекеттерінің өзара байланысы, іс-әрекеттерінің қызметтік бейімділіктері, сабақтыстығы, дербес және танымдық белсенділіктің өзарабайланыстылығы, технологиялық, экологиялық.

Ботаникадан далалық оқу тәжірибесінде студенттердің фитофенологиялық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің құрама бөліктерін:

- далалық оқу тәжірибесінің мақсаты: фитофенологиялық бақылау жүргізудің әдістері мен әдістемелік тәсілдерін меңгеру негізінде студенттің әртүрлі өзіндік тапсырмаларды орындай алатын қабілеттері арқылы көрінетін біліктілігінің қалыптасуына ықпал етуін;

- студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізулеріне ықпал ететін тапсырмалардың жүйесімен бейнеленген — далалық оқу тәжірбиенің мазмұны;

- студенттердің зерттеу және бақылау жұмысын жүргізулеріне ықпал ететін — оқыту әдістері мен технологиялары;

- далалық оқу жағдайында табиғи қоршаған ортада басым роль атқаратын тірі табиғи нысандар мен бірлестіктерден құралған — оқыту құралдары құрайды.

Өсімдіктану пәні бойынша далалық оқу тәжірибесі үдерісінде біз ұсынған студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жасау қабілетін дамыту әдістемесінің тиімділігін тексеру - зерттеу жұмысымыздың эксперименттік кезеңінің мақсаты болды. Эксперимент барысында көптеген ғалымдардың еңбектерінде ұсынылған педагогикалық диагностиканың және нәтижелерді математикалық өңдеу әдістерін қолдандық .

Зерттеудің мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді белгіледік: 1)өсімдіктану пәні бойынша студенттердің плаккатты топ өсімдіктері жөніндегі және оларға фенологиялық бақылау жүргізу әдістемесі туралы білімнің берілу жағдайын айқындау; 2) студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізуге әзірлігін анықтау;

3)студенттердің плакаттық топ өсімдіктеріне далалық оқу тәжірибесі барысында фенологиялық бақылау жүргізуге қабілеттерін қалыптастыру әдістемесін жасап, тәжірибелік сынақтан өткізу; 4) ұсынылған әдістеменің тиімділігін бағалау;

Эксперименттік жұмыс 2011-2013 оқу жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында жүргізілді. Экспериментттік жұмысқа биология мамандындығының 1 және 2 курстарының студенттері қатыстырылды.

Зерттеуде біз студенттерде далалық оқу тәжірибесі барысында плакаттық топ өсімдіктеріне фенологиялық бақылау жүргізу қабілетінің даму жағдайында бір-бірінен айырмашлығын көрсететін үш деңгейін шартты түрде айқындап бөлдік

Төменгі деңгей.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет