НҰСҚаулар бұл есеп банктердің резидент еместерден тартылған қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттердің қаражатын есепке алу үшін арналған



Дата08.07.2016
өлшемі40.76 Kb.
#185284
түріНұсқаулар
«Резидент еместерден тартылған қаржылық заемдарды және коммерциялық кредиттерді пайдалану және өтеу жөнінде есеп» № 11- ОБ ведомствалық статистикалық есеп беру нысандарын толтыру бойынша
НҰСҚАУЛАР

Бұл есеп банктердің резидент еместерден тартылған қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттердің қаражатын есепке алу үшін арналған. Есепті резидент еместер алдында қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттер бойынша міндеттемелері бар барлық банктер тоқсан сайын, жалпы банк жүйесі бойынша жасайды.


1. Есеп 3-бөлімнен тұрады:

  • 1-бөлімде ҚР Ұлттық Банкі берген тіркеу куәліктері (бұдан әрі - ТК) және хабарлау туралы куәліктері (бұдан әрі - ХК) бар қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттерді игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету қамтылады.

  • 2-бөлімде өзге де қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттер көрсетіледі.

  • 3-бөлімде 1, 2-бөлімдерде көрсетілген қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттер бойынша жиынтық болжамды төлемдер көрсетіледі.

1 және 2-бөлімдер бойынша мың бірлікпен заем валютасында әрбір заем бойынша есеп жасалады.

3-бөлім бойынша есеп мың АҚШ долларында жасалады.


Қаржылық заемдарға мыналар кіреді:

  1. ақшалай нысанда тартылған заемдар;

  2. халықаралық капитал нарықтарында қаражатты тарту мақсатында банктердің шетелде құрылған еншілес ұйымдарының сол банктерге енгізген салымдары (депозиттері);

  3. борышкердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалар;

  4. банк клиенттерінің экспорттық-импорттық мәмілелерін қаржыландыру.

Коммерциялық кредиттерге мыналар кіреді:

1) тауарларды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттарға сәйкес өндірушілер, жеткізушілер және мердігерлер ұсынған тауарлар және қызмет көрсетулер;

2) тауарларды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге алынған алдын-ала ақы (аванстық төлем).



2. Есепті толтыру.

1-бөлімнің А және Б бағандарында ҚР Ұлттық Банкі берген ТК және ХК нөмірі және берілген күні көрсетіледі.



2-бөлімнің Б бағанында өткен кезеңдегі есепте көрсетілген заемның реттік нөмірі көрсетіледі.

1 және 2-бөлімдердің 1-бағанында есептік кезеңнің басындағы өтелмеген негізгі борыш көрсетіледі. Әрбір заем бойынша осы мән өткен тоқсанның аяғындағы борыштың қалдығына сәйкес болуы тиіс.

1 және 2-бөлімдердің 2-бағанында есепті кезеңде борышты қайта құру және сыйақыны капиталдандыру есебінен негізгі борыштың көбеюін қоса есептегенде, алынған кредиттік қаражат көрсетіледі.

1 және 2-бөлімдерінің 3, 6-бағандарында қайта құрылған борыш есебінен борыштың көбеюі/азаюы көрсетіледі. Қайта құрудың негізгі түрлері мынадай болуы мүмкін: берешектің мерзімін (қысқа мерзімді кредиттің өтеу мерзімін (бір жыл және одан аз) ұзақ мерзімге (бір жылдан астам) өзгерткен жағдайда) ұзарту, кредитордың талап ету құқықтарын қайта беруі.



1 және 2-бөлімдерінің 4-бағанында капиталдандырылған сыйақы (негізгі борышты көбейтетін есептелген сыйақы) көрсетіледі.

1 және 2-бөлімдерінің 5-бағанында есепті кезеңде борышты қайта құру есебінен негізгі борышты азайтуды қоса алғанда, негізгі борышты өтеу бойынша есептелген төлемдер көрсетіледі.

1 және 2-бөлімдерінің 7, 8-бағандарында есепті кезеңнің аяғындағы өтелмеген негізгі борыш көрсетіледі және борыштың қалдығы есепке алынатын баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.

1 және 2-бөлімдерінің 9-бағанында есепті кезеңнің басындағы сыйақы бойынша берешек (шығыстар) көрсетіледі. Әрбір заем бойынша осы мән өткен тоқсанның аяғындағы сыйақы бойынша қалдыққа сәйкес болуы тиіс.

1 және 2-бөлімдерінің 10, 11-бағандарында есепті кезеңдегі сыйақы бойынша операциялар көрсетіледі: 10-бағанда – есепті кезеңдегі есептелген сыйақы, 11-бағанда – капиталдандырылған сыйақыны қоса алғанда, сыйақы бойынша төленген төлемдер көрсетіледі (4-баған).

1 және 2-бөлімдерінің 12-бағанында есепті кезеңнің аяғындағы сыйақы бойынша берешек көрсетіледі.

1-бөлімнің 13-бағанында есепті кезеңнің аяғында кредиттік келісімнің жай-күйіне сәйкес мынадай тізіммен толтырылады: «қолданылып жүрген», «тараптардың міндеттемелерді толық орындауы», «кредитордың борышты толық есептен шығаруы (кешіруі)» немесе «кредиттік келісімді бұзу». Осының негізінде Ұлттық Банк тиісті ТК, ХК күшін жойған деп таниды. Кредиттік келісім тараптардың міндеттемелерді толық орындағанға дейін, оның ішінде егер негізгі борыш өтелсе, бірақ сыйақы бойынша берешек немесе мерзімі өткен төлемдер бар болса қолданылады деп саналады.

1-бөлімнің 14-бағанында, 2-бөлімнің 13-бағанында кредит бойынша түсініктемелер көрсетіледі. РЕПО операциялары бойынша бағалы қағаздың түрі және эмитенті көрсетілуі тиіс.
Есептің 3-бөлімінде есепті кезеңнен кейінгі алдағы айлардың ішінде негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша болжамды төлемдер көрсетіледі. Басқа шетелдік валюталармен тартылған заемдар есепті кезеңнің аяғындағы Ұлттық Банктің бағамы бойынша АҚШ долларына аударылады.
3. Негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер, заемдар және кредиттер бойынша ілеспе төлемдер «Резидент еместерге қаржылық талаптар мен олардың алдындағы міндеттемелердің жай-күйі туралы есеп» 9-ПБ нысанында көрсетіледі.


4. Көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс

1, 2-бөлімдер.

Бағ.1=Бағ.7 өткен тоқсандағы есеп

Бағ.2>=Бағ.3+Бағ.4

Бағ.5>=Бағ.6

Бағ.7 =Бағ.1 + Бағ.2 - Бағ.5

Бағ.9 =Бағ.12 өткен тоқсандағы есеп



Бағ.12 = Бағ.9 + Бағ.10 - Бағ.11

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет