Нұсқаулар Нысан Ұс н пму 18. 2/05



Дата25.02.2016
өлшемі156.34 Kb.
#21857

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар





Нысан

ҰС Н ПМУ 7.18.2/05




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Курстық жобаларды орындауға

Жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары

пәні бойынша

5В072100– Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың бекіту парағы





Нысан

ҰС Н ПМУ 7.18.1/05














БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Пфейфер Н.Э.

20___ж «___»__________

Құрастырушы: аға оқытушы_________________ Тугамбаева Т.Б.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Зертханалық сабақтарға


«Жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары»

пәні бойынша


5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Кафедраның отырысында ұсынылды 20___ж. «___»_________, №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі_________Жапаргазинова К.Х. 20___ж. «___»_________
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті ОӘК мақұлданды

20___ж. «___»_________, №____ Хаттама


ОӘК төрағасы___________________Нургожин Р.Ж. 20___ж. «___»_________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы___________________Варакута А.А. 20___ж. «___»_________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


Ұсынылатын тақырыптар тізімі

1. Қаптама құбырлы жылуалмастырғыштың есептеуі

2. Пластиналы жылуалмастырғыштың есептеуі

3. Қаптама құбырлы конденстаордың есептеуі

4. Қапитама құбырлы буландырғыштың есептеуі

5. Ректификациялық қондырғының есептеуі

6. Абсорбциялық қондырғының есептеуі.

7. Десорбциялық қондырғының есептеуі

8. Гидромеханикалық аппараттардың есептеулері: тұндырғыш, сүзгі, жоғарғы және төменгі қысымды сепараторлар, бұлғауыштар және т.б. аппараттар.

9. Кептіру қондырғысының есептеуі

10. Кристалдау қондырғысының есептеуі

11. Мембраналы бөлу қондырғыларының есептеуі

12. Тоңазытқыш қондырғыларының есептеуі

13. Каталитикалыфқ крекинг реакторының есептеуі

14. Риформинг қондырғысының есептеуі

15. Құбырлы пештердің есептеуі


Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Пән бойынша орындалатын курстық жобалаудың мақсаты кәсіпорындардың, соның ішінде органикалық өндірістердің негізгі жабдықтаулары мен аппараттарын есепеу әдістемелерін игеру. Аппрататтарды есептеуде олардың барлық негізгі түйіндерін, мекемділігін, қажетті фланецтерді, қақпақтарды, желге, сейсмикалық жағдайларға тұрақтылықтарын есептеуді үйрену.

Курстық жобалауға берілген тақырыптар бойынша жұмыс істеу кезінде конструктивтік есептеулермен қатар, материалдық және жылу баланстары құрастырылады, аппараттың размерлері есептеледі және оларды МСТ сай таңдау орындалады. Сонымен қатар аппараттардың орналасуы кезіндегі тіреуіштері де міндетті түрде есептеледі.

Курстық жобаның көлемі 40-60 бет болуы қажет және міндетті түрде жұмыс қорғалады


Курстық жобаны орындаудың әдістемелік нұсқаулары

Курстық жоба екі міндетті бөлімнен тұрады:



  1. Түсініктеме хат (ТХ);

  2. Графикалық бөлім

    1. Түсініктеме хаттың құрамы

Жобаның түсініктеме хаты текстілік құжат (ТҚ) болып табылады және келесі элементтерден тұруы тиіс:

1) титул беті;

2) курстық жобалауды орындауға берілген тапсырма;

3) мазмұны;

4) шартты белгілер, сиволдар, өлшем бірліктер, терминдер тізімдері (қажет болғанда);

5) кіріспе;

6) негізгі бөлім;

7) қорытынды;

8) қолданылған әдебиеттер тізімі;

9) қосымшалар;

10) графикалық материал.

Түсініктеме хаттың негізгі бөлімі келесі бөлімшелерден тұруы қажет:

1) Қарастырылатын процестің физика-химиялық негіздерінің сипаттамасы

2) Процестің технологиялық схемасы

3) Есептеу бөлімі:

а) материалдық баланс;

б) жылулық баланс;

в) конструктивтік есептеу;

г) негізгі және қосымша аппараттарды таңдау.

Түсініктеме хаттың көлемі 30 беттен кем болмауы тиіс.


    1. Графикалық бөлімнің құрамы

Курстық жобаның графикалық бөлімі ТХ-тың қосымшасы болады және келесі бөлімшелерден тұруы қажет:

1) технологиялық схеманың (ТС) сызуы;

2) негізгі аппараттың жалпы түрінің (ЖТ) сызуы;

Түсініктеме хаттың негізгі бөлімінің мазмұнына қойылатын талаптар

1) Қарастырылатын процестің физика-химиялық негіздерінің сипаттамасы

Бұл бөлімде алынған тапсырмаға сай болатын процестің физика-химиялық негіздері берілуі тиіс, әдеби шолу орындалуы қажет. Сонымен қатар жүретін процестің ерекшеліктері, параметрлері, қолданылатын аппараттардың сипаттамалары беріледі. Қарастырылатын процестің өндірістегі ролі мен орнының анықтамасы теріледі.

2) Процестің технологиялық схемасы

Курстық жоба тықырыбына сай технологиялық схема сипаттамасы берілуі тиіс.

Технологиялық схеманы құрастыру алдында өндірус әдісінің химиялық концепциясына байланысты операциялық блок-схема құрастыру қажет. Бұл блок-схемаға белгілі бір ретпен барлық физикалық, химиялық және физика-химиялық процестер (операциялар) кіуі қажет.

Технологиялық схеманың сипаттамасы қысқа, айқын және түсінікті болуы тиіс. Технологиялық процестің қалыпты жүруі үшін қолданылатын сатыларды сипаттау бірізді болуы қажет.

3) Есептеу бөлімі


Курстық жобаның есептеу бөлімі келесі есептеулерден тұрады:

а) материалдық баланс;

б) жылулық баланс;

в) конструктивтік есептеу;

г) негізгі және қосымша аппараттарды таңдау.

Есептеулердің барлық түрлері есептеудің осы түріне қолданылатын әдістемелерге сай және арнайы әдебиеттерді қолданумен орындалуы тиіс.

Есептеулердің барлық түрлері оларды орындауға қажетті алғашқы мәліметтерден басталуы тиіс.

Заттардың физика-химиялық, жылу, механикалық және т.б. қасиеттері мен константалар жайлы мәліметтер арнайы анықтамалардан, пәннің оқу-әдістемелік кітаптарынан, сонымен қатар өнімді өндірудің қабылданған технологиялық регламенттерінен алынуы тиіс.

Негізгі физикалық шамалардың атаулары мен белгілеулері СИ жүйесіне 8.417-81 МСТ бойынша сай болуы тиіс.

Конструктивтік есептеу кезінде аппараттың барлық размерлері есептеледі.

Аппараттың материалды балансы (МБ). МБ дайындауда алғашқы мәліметтер: технологиялық процестің химиялық сатылары бойынша, осы бөлімде орындалатын стехиометриялық есептеулер және стехиометриялық баланс, шикізат дайындау сатылары аппараттарының, реакциондық массаны бөліп алудың, мақсатты өнімді алу және тазартудың материалды баланстары; реагенттердің конверсия дәрежесінің, талғамдығының және өнім шығымының есептеулерініњ белгілері; базалық өндірістердің есеп беру көрсеткіштері және материалды баланстары.

Аппараттың МБ 1-ші кестеде беріледі.

Кесте 1 – Аппараттың материалды балансы

Кіріс

Шығыс

Компоненттер

кг/сағ

м3/сағ

Компоненттер

кг/сағ

м3/сағ

1

2

3

4

5

6

Аппараттың жылу балансы. Жылу балансын аңықтаудың мақсаты аппараттың түріне тәуелді.

Жылу балансын ќұрастырудың алғашқы мәліметтері:

- аппараттың материалды балансы;

- материалды тасқындар мен жылу тасымалдаушылардың жылу физикалық қасиеттері;

- аппаратта өтетін химиялық және физикалық процестердің жылу эффектілері. Жылу балансының теңдеуі құрастырылады және белгісіз (ізделетін) шама анықталады. Еспетеу мәліметтері жылу балансының кестесінде көрсетіледі.

Кесте 2 – Аппараттың жылу балансы

Кіріс статьялары

Кіріс КДж/сағ.

Шығыс статьялары

Шығын КДж/сағ.

1

2

3

4

Аппараттың конструктивті есептеуі:

- оның негізгі геометриялық көлемдері (диаметр, жұмыстың бөлімінің биіктігі және жалпы биіктігі) анықтау;

- аппараттың корпусының конструкциясын (конфигурациясы, тұтас пісірілген, құйылған және т.б.) өңдеуі;

- араластырғыш және жылуалмасу құрылысы есептеуі;

-аппараттың негізгі элементтерін дайындаудың конструкциялық материалдардың таңдау;

- фланцтар, штуцерлер, люктер конструкцияларын таңдау;

- технологиялық штуцерлердің санын және орнын анықтау;

- аппарат қабығындағы саңылауды бекіту әдістерін таңдау;

- араластырғыш қондырғылардың бірліктерінің тығыздау түрін таңдау;

- аппараттың стандартты элементтерін таңдау;

- жұмыс жағдайдағы аппараттың салмағын анықтау.



Түсініктеме хаттың элементтерін дайындаудың талаптары
Түсініктеме хаттың барлық элементтері университеттің стандартына сай орындалады

Титул беті А4 форматты беттерде орындалады.

Жоба жетекшісі тақырыпқа сәйкес Тапсырма құрастырады, оны кафедра меңгерушісі бекітеді және студенттке береді.

Оқу жұмысының мазмұнының құрамына кіріспе, барлық бөлімдерінің, бөлімшелерінің, пунктарының атаулары, қолданылған деректер, қосымшалардың тізімі кіреді.

Кіріспеде беріледі:

- негізгі органикалық және мұнай химиялық синтез өнеркәсібі тармағының қазіргі заманғы күйінің қысқа сипаттамасы;

- атауы, негізгі тұтынушылық және техникалық сипаттамалары;

- базалық өндірістің сипаттамасы, техникалық деңгейі, жоспары және ары қарай даму бағыттары және т.б.;

- жобаланатын аппараттың қысқа сипаттамасы;

- курстық жобалаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері;

Қорытындыда бүкіл жұмыстың бағалауы беріледі. Орындалған жұмыстың техника- экономикалық бағалауы, ғылыми, әлеуметтік, немесе танылатын құндылығы беріледі. Қорытындыда жұмыс немен аяқталғанын көрсету керек.

Қосымшаларда иллюстрациялы және көмекші түрлі материалдар беріледі. Қосымшада беріледі:

- үлкен форматты кестелер мен суреттер;

- қосымша есептеулер;

- жұмыста қолданылатын стандартқа жатпайтын жабдықтауларды бейнелеу;

- ЭЕМ-дың басындылар;

- конструкторлық, технологиялық және қолданбалы түрлі өздік материалдар мен құжаттар.

Түсіндірме хаттың текстін дайындаудың талаптары
Түсіндірме хаттың тексті А4 (210x297) форматты ақ қағаздың бір бетінде беріледі.

Иллюстрациялар, кестелер және ЭЕМ басылымдары А3 беттерде жасалып, МСТ 2.501-88 бойынша орындалады.

Мәтіндік бөлімнің беттері рамкаланбайды, төрт жағынан да ақ жолдар қалтырылады. Ақ жолдардың мөлшерлері сол жақ-3 мм; оң жақ-10мм; жоғарғы-2мм; төменгі-2мм.

5.1.3 Компьютерде дайындалғанда: формат А4, шрифті № 14, ал абзац-1,25 см.

Дайындау кезіндегі қателер, жаңылыстар болса, олар қолмен (шрифтпен, қара сия, туш, пастамен) түзетіледі.

Тексттік құжаттың беттерінің нөмірленуі сабақтас болады. Бірінші бет титул беті болады.

Беттерді нөмірлеу араб цифрлерімен тексттің астында, ортада беріледі. Бірінші және екінші бетте нөмір қойылмайды. Кіріспе 3-ші бет болады.

5.2 Оқу жұмыстарының бөлімдері

Оқу құжатының (ОҚ) тексті бөлімдерге, бөлімшелерге, пунктар, подпунктарға бөлінеді.

Бөлімдердің аттары абзацтан жазылады, соңына нүкте қойылмайды.

Бөлімшелердің аттары абзацтан жазылады, соңына нүкте қойылмайды.

Пункттің аты бас әріптен басталады, соңына нүкте қойылады, текст осы жолдан басталады.

Әр бөлім жаңа беттен басталады.

Пункттар мен подпункттерде түгендеулер берілуі мүмкін. Олардың алдына дефис қойылады.
Текстің мазмұндауының жалпы талаптары
ОҚ-ның тексті қысқа, анық болуы керек.

Терминдер мен анықтамалар біркелкі және стандарттарға сәйкес болуы керек, немесе ғылыми-технологиялық әдебиеттерге сәйкес болуы керек.

Цифрлі материал кесте түрінде көрсетіледі. Кестенің қысқаша атауы болуы мүмкін. Кестелер араб цифрлерімен сабақтас (қосымшадағы кестелерден басқа) нөмірленеді.Кестенің аттары мен жолдары жазбаша әріптермен жазылады, соңына нүкте қойылмайды. Кесте сызулармен шектеледі. Графалардың саны көп болғанда бөлімдерге бөліп, бірінің астына бірін келтіруге рұқсат беріледі. Кестелерді құрастыру МСТ 2.105-95 және СТ ҚР 1.5-2000 сәйкес жасалады.

Математикалық формулалар

Формулаларды жазғанда алдыңғы және кейінгі жолдардан бір-бірден жоларалық интервал қалтырылады.

Символдардың және сандық коэффициенттердің түсініктемелері формуланың дәл астында беріледі.

Мысал, әрбір үлгінің тығыздығы Р, кг/м3 формуламен аңықталады.



, (1)

мұндағы m – үлгінің салмағы, кг;

V – үлгінің көлемі, м3

Бір бірінің артынан берілетін формулалар үтірмен бөлінеді. Формулалар жалпы түрде, құрамындағы әріптік белгілерді түсіндіруімен, берілуі керек. Формулаларды көшіру тек қана +,–, x, =, белгілерінде мүмкін.

Формулалар барлық ОҚ ішінде араб цифрлерімен жақша ішінде сабақтас нөмірленеді. Формулалар мен бірліктердің белгілерін бір жолда келтіруге болмайды.
Жобаның графикалық бөлімінің талаптары

Техникалық сызбаны, аппараттың жалпы түрінің сызуы, жабдықтаулардың орналасу жоспарлары негізгі А1 форматты беттерде, МСТ 2.301-68 орындалады.

Сызу бір немесе бірнеше беттерде орындалуы мүмкін. Техникалық сызбаны орындағанда беттерді қосуға болады. Сонда форматтар А1 x3 немесе А4 x8 болады.

Форматта рамка және негізгі жазу болуы керек. Рамка форматтың сол жақ жиектен 20 мм, ал басқа жиектерден-4мм қашықтықта орналасады

Негізгі жазуды МСТ 2.104-68 бойынша сызудың оңжақ төменгі бұрышында орналастырады. ТС-ның негізгі жазулары графаларда көрсетіледі:

1-ші графада-дипломдық жобаның тақырыбы (ТС немесе ҚЖ арналған), аппараттың атауы (ЖТ арналған);

2-ші графада-ФС РК 3884 8997 РГКП-004-2004 сәйкес орындалған сызудың белгілеулері (1-ші сурет);

3-ші графада-сызудың түрі (ТС,ЖТ,ҚЖ);

4-ші графада-осы құжатқа берілген литера;

5-ші графада «Салмақ», килограммен өлшенетін заттың салмағы;

6-ші графада-осы форматтың негізгі бейнеленуінің масштабы;

7-ші графада-беттің реттік нөмірі, алдымен ТС нөмірленеді, сонан соң жалпы түрлі (ЖТ) сызуларды және жабдықтардың орналасу жоспарын(ЖО) нµмірленеді;

8-ші графада-құжаттың беттерінің жалпы саны;

9-ші графада-құжатты шығаратын оқу орнының аталуы, топтың нөмірі;

10-ші графада-құжатқа қолдарын қойған адамдардың фамилиялары;

11-ші графада-10 шы графадағы адамдардың қолдары;

12-ші графада-оқу жұмысына қол қою күні.

Нәрсені бейнелеуден басқа сызудың құрамында болуы мүмкін:

а) техникалық талаптар мен сипаттамалардан тұратын, тексттік бөлім;

б) сипаттауларды белгілейтін жазулар;

в) мөлшерлерімен, техникалық талаптарымен және т.б. кестелер. Сызулардағы барлық жазуларды МСТ 2.304-81 бойынша стандартты шрифтпен қарандашпен жазады.МСТ келесі мм размерлерді көрсетеді: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40;Б типті 750еңкіш шрифті қолдану ұсынылады.
Өндірістің технологиялық сызбасының сызуларының талаптары

Технологиялық сызба (ТС)- аяқталған ТП құрастыратын бірлік процестер мен операциялардың жиынтығын бейнелейтін графикалық суреттелу. Ол өндірісті жобалауда жүргізілетін негізгі құжат болады. ТС ТП-тің барлық шикізаттың цехқа келіп түсуінен, дайын өнімді транспортты тараға орауға дейін, көрсетуі керек.

ТС-ның сызуында болуы керек:

- графикалық құжаттың қажетті элементтері: рамка, негізгі жазу; - техникалық жабдықтаулардың тізімі, кестелер, жазулар және т.б.;

- технологиялық жабдықтардың жеңілдетілген суреттеуі;

- технологиялық жабдықтардың шартты белгілеулері;

- шартты суреттеулер және белгілеулер.

ТС сызуында көрсетілген элементтердің орналасуы И қосымшасына сәйкес болуы керек.

Кестеде көрсетіледі:

- графада «Поз. белгіленуі»- аппараттардың шартты белгіленуі;

- графада «Аталуы»-стандартта бекітілген, аппараттың аталуы;

- графада «Мөл»-жобада анықталған, аппараттардың фактілі саны;

- графада «Ескерту»-аппараттың негізгі техникалық сипаттамалары.

Аппараттарды нөмірлеуі, шикізаттың мақсатты өнімге алмасуы, олардың технологиялық тізбеде орналасу ретінде беріледі.

ТС сызуындағы жұмыс алаңында аппараттардың орналасуы, өндірістік ғимараттардағы орналасуына максималды сәйкес болуы керек.

ТС аппараттарды жеңілдетілген суреттеулер түрінде көрсетеді. Барлық жабдықтаулар (машиналар, аппараттар, сорғылар және т.б.) сызбада жіңішке сызықтар 0,3 - 0,5мм ретінде көрсетіледі, ал құбыртасымалдар және арматуралар

- тұтас негізгі сызықтар ретінде көрсетіледі.

Аппараттардың суреттеулері стандарттарға сәйкес: мұнаралы аппараттар-МСТ 2.790-74, суалтатын аппараттар МСТ 2.788-74; жылу алмастыру аппараттар МСТ 2.789-74; кептіргіш аппараттар МСТ 2.792-74, тұндырғыштар және с‰згілер – МСТ 2.791-74; центрифугалар-МСТ 2.795-80; сорғылар және желдеткіштер-МСТ 2.782-96.

Арматуралардың шартты суреттеулері МСТ 2.785-70, құбыртасымалдардың элементтері МСТ 2.784-96, гидравликалық және пневматикалық торлардың элементтері МСТ 2.780-96,

БӨАжА-ның алғашқы құралдары МСТ 21.404-85 бойынша беріледі.

Аппараттардың, арматуралардың және БӨАжА техникалық құралдардарының белгіленуі:

- аппараттың атауында бас әріппен;

- ТС да берілген аппараттың реттік екібелгілі нөмірін және арматура мен БӨАжА құралдарының үшбелгілі нөмірімен.

Құбыртасымалдар МСТ 2.784-96 бойынша беріледі. Сужылуқамтамасыз ету құбыр тасымалдарғы және канализациядағы тасымалдайтын орта МСТ 21.106-93 ИУС-9-1994 бойынша белгіленеді.

Құбыртасымалдардағы тасқындардың жылжу бағыттары бағдаршалармен көрсетіледі. Бағдаршалардың мөлшерлері МСТ 2.721-74 бойынша беріледі.

Аппараттың жалпы түрінің сызуларының талаптары

Жалпы түрлі сызулар МСТ 2.120-73-дің негізгі талаптарына сәйкес орындалады.

Келесі элементтерден тұрады:

- аппараттың суреттелуі, салынатын аппараттың құрылысы туралы мәліметтерден;

- негізгі көлемдерінен – конструкторлық, қосылатын, габаритті;

- негізгі жазудан;

- аппараттың құрайтын бөлімдерінің тізімінен;

- техникалық сипаттамадан;

- техникалық талаптардан (керек жағдайларда);

- штуцерлердің қолданылу кестесінен.

Құрайтын бөлшектер МСТ 2.106-96-ке сәйкес толтырылады

Сызбадағы техникалық талаптар МСТ 2.316-68-ке сәйкес толтырылады. Технологиялық сипаттаманыњ техникалық талаптардан жеке орналастырады.

Технологиялық сипаттамада көрсетеді: аппараттың қолданылуын; көлемін, өнімділігін; жылуалмасу бетінің көлемін, ортаның максималды температурасын; ортаның уыттылығы мен жарылыс қауіптілігін.

Сызудың жұмыс алаңында аппараттың басты түрін МСТ 2.305-68 бойынша береді.



Әдебиет
Негізгі әдебиет

  1. Жантасов Қ.Т., Молдабеков Ш.М., Айбалаева О.Д., Жантасов М.Қ.,Альмаханов Б.А. Жобалау негiздерi және өндіріс жабдықтары. Шымкент 2005, 264 бет.

2. Ахбердиев А., Молдабеков Ш.М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім. – Алматы. 2002, РБК, 302 б.

3 Ахбердиев А., Молдабеков Ш.М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 2-ші бөлім. – Алматы. 2003, РБК, 311 б.

4 Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Химиялық технологияның процестері және аппараттары пәнінің мысалдары мен есептері (бірініші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы тарауларының қазақ тіліндегі аудармалары. – Шымкент. 2002.
Қосымша әдебиет

5 Тугамбаева Т.Б., Баймухамбетова М.Г. Электрохимиялық өндірістер технологиясы: Сыртттай оқыту түрінің студенттеріне арналған бақылау жұмыстарын орындаудың әдістемелік нұсқаулары. Павлодар. Кереку. – 2007.



6 Бірімжанов Жалпы химия. Алматы. Рауан. – 2002.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет