Бисенова Умиткан Амировна
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1) Санға 7-ні қосу және азайту тәсілдерін таныстыру. Екі амалдан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттер қолдануға үйрету.
2) Оқушылардың ауызша есептеу,логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
3) Еліміздің дәстүрін сыйлайтын азаматы болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, т.б.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, ойын, сұрақ – жауап, т.б.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушыларды сабаққа дайындау.
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар,біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстанның бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы.
- Ал, біздің облысымыз қалай аталады?
- Маңғыстау облысы деп аталады.
- Маңғыстау облысының орталығы қай қала?
- Ақтау қаласы.
- Ал біздер қай ауылда орналасқан мектепте оқимыз?
- Ақшұқыр ауылында орналасқан мектепте оқимыз.
- Олай болса, балалар, Ақшұқыр ауылынан Ақтау қаласына саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа шыққымыз келеді ме?
-Иә.
- Ал біздер Ақтау қаласына жаяу барамыз ба? Немен барамыз?
- Мектеп автобусымен барамыз.
- Жақсы, балалар, олай болса автобусқа мініп, Ақтау қаласына бағыт алмай тұрып, өз ауылымыздың бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Қанекей, бәріміз экранға назар аударайық.
- Берілген тапсырманың дұрыс жауабына сәйкес фигураны көтеріңдер.
II. Негізгі бөлім
1) Жаңа сабақ.
- Балалар,саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Бәріміз автобусқа мініп Ақтау қаласына келдік. Ақтау қаласындағы жаңа ғимаратқа көшкен Ш. Есенов атындағы университетке келдік. Бұл университет облысымыздағы бірден-бір мемлекеттік жоғарғы оқу орны болып табылады.Әр түрлі салада жұмыс жасайтын маман иелерін осы оқу орнында дайындайды.
Бұл университетке келіп, біз жаңа сабақпен танысамыз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы - 7 санын қосу және азайту.
Сабағымыздың мақсаты:
-
Санға 7-ні қосу және азайту тәсілдерін таныстыру.
-
Екі амалмен шығарылатын өрнектер мен есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
1. Сабақты түсіндіру (слайд бойынша)
- Балалар,экранға назар аударайық. Нелердің суретін көріп отырмыз?
-Оқулықтардың.
-Осы математика оқулығы мен қазақ тілі оқулығының барлық санын табу үшін,алдымен оқулықтарды бір ондыққа толтырып алуымыз қажет. Ол үшін 7 қазақ тілі оқулығына неше математика оқулығын қосамыз?
- Ол үшін 7қазақ тілі оқулығына 3 математика оқулығын қосамыз.
- Сонда неше оқулық болды?
- Он оқулық болды.
- Енді он оқулыққа қалған 4 математика оқулығын қоссақ қанша оқулық болады?
- Барлығы 14 оқулық болады.
- Олай болса. 7-ге 7 санын қосқанда қанша болады екен?
- 14 болады.
- Енді 14 дәптерден 7 дәптерді қалай азайтамыз? Ол үшін 14 дәптерден 4 дәптерді азайтамыз. Сонда қанша дәптер қалды?
- 10 дәптер қалды.
- Енді 10 дәптерден 3 дәптерді азайтайық. Қанша дәптер қалды?
- 7 дәптер қалды.
- Олай болса, 14-тен 7 санын азайтқанда қанша болады екен?
- 7 болады.
2. Дәптермен жұмыс:
№1 тапсырманың ә бөлігін дәптерге орындату.
3. – Балалар, Ш. Есенов университетінен жаңа сабақты түсініп,автобусқа мініп,саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Ақтау қаласына Алматы қаласынан цирк келген екен. Циркке барғыларың келеді ме?
-Ия
-Олай болса, циркке де аялдама жасайық.
- Балалар, осы цирк жөнінде не білеміз?
- Дұрыс балалар. Өте жақсы. Ал циркте өнер көрсететін жануарлардың ең үлкенін білеміз бе?
- Ия. Ол –піл.
- Сол үлкен жануар пілдің бізбен ойнағысы келеді екен. Пілмен ойнаймыз ба?
- Ойын: «Кім шапшаң?» деп аталады. Экранда көрсетілген мына цифрлар мен таңбаларды пайдаланып, тез теңдіктер құрастыруларыңыз керек.
7 + 8 = 15 15 – 7 =8 8 + 7 =15 15 – 8 = 7
- Балалар, піл сендерге өте риза болды.
4. – Цирктен шығып,автобусымызға отырып,Ақбота ойын-сауық орталығына барайық. Ақбота ойын – сауық орталығына барып көрдік пе?
- Ия.
- Бұл жерде, балалар, 7 санына байланысты ұғымдар туралы әңгімелейміз. Олай болса, экранға назар аударайық.
- Балалар,7 саны қандай сан?
- 7 саны қасиетті,киелі сан. Қазақ халқында 7 санына байланысты көптеген ұғымдар бар. Сол ұғымдарды білеміз бе?
- «Ақбота» ойын-сауық орталығынан 7 санына байланысты ұғым алдық. Үйден тағы да 7 санына байланысты ұғымдарды үлкен кісілерден сұрап,оқып, біліп келейік.
5. – Саяхатымызды әрі қарай жалғастырып, жаңадан бой көтерген « Ақтау» сауда орталығына барайық. Бұл жерде болып көрдіңіздер ме?
-Бұл сауда орталығында тағамдар,киімдер,ойыншықтар,т.б.бөлімдері бар. Олай болса, мен сендерді екі топқа бөлемін. Бірінші топ тағамдар бөліміне барады. Тағамдар бөлімінің өз тапсырмасы бар екен. Ол оқулығымыздағы №4 тапсырма.
Ал екінші топ ойыншықтар бөліміне барады. Ол бөлімнің де өз тапсырмасы бар. Ол тапсырма оқулықтағы № 5 тапсырма.
Әр топтан бір-бір оқушыдан есептің берілгенін оқытып,слайд арқылы қысқаша шартын түсіндіру.
Екі топтан 2 оқушыны тақтаға шығару.шығарылған есепті тексеру.
6. – Ақтау сауда орталығының тапсырмасын орындап тастап,саяхатымызды жалғастырамыз.
-Балалар, біз қайда тоқтадық?
- Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрға тоқтадық.
-Бұл жерде не болады деп ойлайсыңдар?
- Концерт,спектакль, әр түрлі қойылымдар.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. драма театрдың да бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Тағы да экранға назар аударып, көрсетілген теңдіктердегі бос шаршыларды толтырайық. (Тексеру.)
7. – Драма театрдың тапсырмасын да жақсы орындадық. Енді әрі қарай жүріп оқушылардың шығармашылық үйіне келдік. Бұл жерде оқушылар өздерінің шығармашылығын дамытады. Оқушылардың шығармашылық үйі де бізге тапсырма дайындап қойған екен. Ол - оқулықтағы жасыл қоршаудағы тапсырма.
Бір оқушыға оқыту.
- Экранға қарайық.
-Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Оқушылардың шығармашылық үйі сендерге риза болды.
- Балалар, осымен біздің Ақтау қаласына саяхатымыз аяқталды. Автобусымызға мініп мектепке келейік.
- Балалар, саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, күнделігімізді ашып, үйге тапсырма алайық. Үйге тапсырма №3
Бағалау. Мадақтау.
III.Қорытынды бөлім.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік?
- Қанекей, бәріміз экранға назар аударайық. Экранда сөзжұмбақ берілген,сол сөзжұмбақты шешіп көрелік.
|
т
|
О
|
ғ
|
ы
|
з
|
|
ж
|
е
|
Т
|
І
|
|
|
|
А
|
л
|
п
|
ы
|
с
|
о
|
Н
|
|
1) 1 ондық – 1 бірлік
2) Киелі сан
3) 4 ондық + 2 ондық
4) 100 – 90
- Ерекше тор көзден қандай сөз шықты?
- Отан
- Отан дегенді қалай түсінеміз ?
- Туған жер, туған ел, атамекен, Қазақстан
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қашан тойланады? Осы мереке жақын арада болады екен. Балалар, Қазақстан елінің болашағы сендерсіңдер. Олай болса, біз елімізге қандай жақсы істер жасауымыз керек?
- Туған жерді сүю, қорғау, құрметтеу – әр адамның парызы. Олай болса, балалар, Қазақстанды сүйейік, қорғайық және құрметтейік!
Достарыңызбен бөлісу: |