Тұрақтылық – тепе-теңдік қалыптан шығарылған, бірақ, бастапқы қалпына 4-6 тербелістен соң қайта келетін таразы қабілеті.
Сезімталдық – тостағаншаларда жатқан жүктер арасындағы минимальды айырмашылықты көрсететін таразы қабілеті.
Таразы сезімталдығы иінағаш иығы ұзындығына тура және иінағаш салмағына, жүксалмаққа (тостағанша салмағына, жүкке, артық тиеуге), иінағаштың иілген шамасына, сүйеу (трек) нүктесінен иінағаштың орталық күшіне дейінгі қашықтыққа кері пропорционалды.
Таразы сезімталдығы келесі теңдеумен анықталады:
мұндағы:
S – сезімталдыдық, мм/мг;
L – иінағаштың иығының ұзындығы, мм;
P – тостағаншаның жүкпен салмағы, мг;
p – таразыны тепе-теңдік жағдайдан шығаратын, артық тиеу салмағы, мг;
h – сүйеу нүктесінен, жүк көтергіш және тірегіш призмаларды қосатын сызыққа дейінгі қашықтық, мм;
R – иінағаш салмағы, мг;
m – тірек нүктесінен иінағаштың орталық күшіне қашықтық,мм;
Z – бағыттағыш (стрелка) ұзындығы, мм;
X – шкаланың бөліну бағасы, мм.
Теңдеуде көрсетілгендей L, R, m, Z, X шамалары таразының құрылымына байланысты.
Дәлдік – өлшенетін дене массасы және стандартты өлшегіш тас массасы арасындағы дұрыс қатынасты көрсететін таразы қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |