О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



бет8/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
географияны оқыту әдісі

Сабақты өткiзу жолдары


Жаңа сабақты түсiндiруде әртүрлi тәсiлдердi пайдаланумен қатар көрнекi материалдарды молынан пайдалану жолдарын қарастыру – мұғалiмнiң мiндетi.
Әңгiме, баяндау, тек түсiндiру арқылы географияны оқыту онша ойдағыдай нәтиже бермейдi. Оқушылардың оқу материа- лын оқып-үйрену кезiнде таным белсендiлiгi жоғары болатын сабақтар бiлiм мен бiлiктiлiктi сапалы түрде меңгерудi қамтамасыз ете алады. Оқу үдерiсiн жандандыру түрлi әдiстi таңдай бiлуге, қолда бар көрнекiлiкке, құрал-жабдыққа, т.б. көптеген себептерге байланысты.
Жаңа сабақты түсiндiру мұғалiмнiң қойған сұрақтарына тiке- лей қатысты. Күрделi сұрақтарға жауап беруi оқушылардың гео- графиялық бiлiм деңгейiне байланысты, қойылған сұрақтарға да қатысты.
Түсiндiру, қалыптастыру жолында дәптерге жазу, тақтаны пайдалану, оқулық бетiндегi анықтамаларды, қосымшаны пайда- лану жолдарын iздестiру қажет.
Қайталау сабақтарының болашағы зор. Қайталау жаңа сабақты бекiтуде, жаңа танымдар мен түсiнiктерде қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.


    1. География пәнiндегi сабақтардың түрлерi


География пәнiн өтуде қазiргi кезде сабақтардың бірнеше түрi қолданылады. Әр сабақтың өзiндiк ерекшiлiктерi мен әдiс- тәсiлдерi бар. Бiр сабақтар жаңа сабақтар өтуде, екiншiлерi үй тапсырмасын сұрауда, үшiншiлерi сабақты қайталау мен қоры- тындылауда қолданылады. Бiз төменде осындай сабақтардың әртүрлі үлгiлерiн ұсынып отырмыз.


Сарамандық және зертханалық сабақтар


Оқушылардың iскерлiк дағдыларын қалыптастыру бағытын- да зертханалық және сарамандық жұмыстардың маңызы зор. Сарамандық жұмыстардың дидактикалық қызметi қазiргi таңда күннен-күнге өсiп келедi. Сарамандық жұмыстар оқушылардың теориялық және сарамандық бiлiмiне бақылау қызметiн ғана ат- қармайды, сонымен қатар олардың ойлау қабiлетiн, шығармашы- лық белсендiлiгiн, өз бетiнше жұмыс iстеу дағдысының дамуы- на жағдай жасайды. Оқуды еңбекпен ұштастыру оқушыларға өндiрiс орындарының әлеуметтiк тәжiрибелерiн игеруге, қоғам байлығын өндiруге, араласуына, мамандық таңдауына мүмкiндiк бередi. География сабағының әр тақырыптарында сарамандық және зертханалық сабақтар өтуге болады. Мысалы, Қазақстанның жер бедерi, геологиялық құрылымы, тектоникасы, климаты, iшкi суы, пайдалы қазбалары, аумақтық аудандары, т.б. тақырыбының барлығында карта және кескiн картамен жұмыс жасататын сара- мандық жұмыстар орындалса, 6-сыныптағы «Жергiліктi жер пла- нын сызу» тақырыбында топографиялық жұмыстар орындалды.
Оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн арттыруға ар- налған сабақтар (көбiнесе дәстүрлi емес сабақтар).

  1. Сот сабағы.

  2. Конференция сабағы.

  3. Баспасөз-конференция сабағы.

  4. Инновация сабағы.

  5. Топпен жұмыс сабағы.

  6. Кiрiктiрме сабақ.

  7. Мәслихат сабағы, т.б.

Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сабақта еркiн сөй- леп, өзара сұрақтар қойып, өз пiкiрлерiн айтып, өз ойларын ке- ңейтуге мүмкiндiк беретiн сабақтар оқушылардың өз бетiмен даярлануына, iзденуiне мол мүмкiндiк жасап, нашар оқитын оқушыларға талпыныс тудырады. Оларды еңбекқорлыққа, iзде- нiмпаздыққа, әртiстiк шеберлiкке баулиды. Мысалы, қазiргi таңда географияда экологиялық мәселелер көп айтылады. Қазақ- стандағы Арал Каспий, Балқаш көлдерiнiң, Семей, Байқоңыр, Сарышаған аймақтарының экологиялық жағдайлары туралы оқушылардан құралған әртүрлi маман иелерiн сомдап, баспасөз- конференция, конференция сабақтарын өтуге болады. Оқушылар мамандар кейпіне ену үшiн көп iзденедi, оқиды, тiптi, шеберлiк- терiн шыңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет