56
әрдайым оқып-үйрену үшiн қажет. Материалдың оқулықта қалай
берiлгенiне қарай оқушылар игеретiн бiлiм деңгейi де күрделене
түседi.
Жақсы оқулық балаларға бiлiмді ойдағыдай меңгеруiне көмек-
тесiп қана қоймай, сонымен қатар пәнге ықыласын тудырады.
География оқулығының басты бiр ерекшелiгi, мәтіндiк құрам
бөлiктен (компоненттен)
басқа карталар, суреттер, фотосуреттер,
сызба, кесте, профильдерден тұрады. Осындай құрам бөлiктердi
қосымша қолданған кезде ғана жұмыс табысты болмақ.
Қазiргi қолданылып жүрген география оқулықтарының тиiмдi
әрi түсiнiктi болуы олардың әдiстемелiк құрал-жабдықтары тү-
гелге жуық жаңартылды: әртүрлi тапсырмалардың көлемi өстi
(бiлiм негiзiн байыту, оқылған материалды дәйектеу, өз бетiнше
бiлiгi мен бiлiмiн қолдана бiлу, т.б. негiзделген). Сондай-ақ оқу
құралдарының барлығын бiрдей пайдалану мүмкiндiгi туды.
Әрине, мұның барлығы оқушылардың аталмыш пәндi толық
игерулерiне көп көмегiн тигiзедi. Жалпы мектептердегi жұмыс
тәжiрибесi көп мұғалiмдердiң география оқулықтарының функ-
циясын толық игергенiн және оларға сәйкес әдiстемелiк оқуды
қолдануға ынталы екендiктерiн көрсетедi.
География оқулық-
тары сабақта жаңа тақырыпты өткенде көп жәрдемiн тигiзедi.
Әсiресе мәтіндiк карталы оқулықтар, санақ материалдары
(қолдану кестелерi, графиктер) жиi қолданылады. Оқулықтарда
сабақ үстiнде материалдарды сұрыптауға, оқушыларға қойылған
сұрақтардың мәнi мен түрiне көп көңiл бөлiнедi.
Бiрақ iс жүзiнде әлi де соңғы география оқулықтарындағы
бiлiм, тәрбие мүмкiндiктерi толығымен қолданылмайды. Кейбiр
мұғалiмдер
сабақта оқулықты қолдануда, оларды жаңа тақы-
рыпты бiлуге пайдалануда, бiлiмдi бақылауда ондағы материал-
дарды жеткiлiксiз бiлуiнiң салдарынан қиналады. Мұндай оқу
үдерiсi өте қауiптi, себебi сыныпта балаларды әдейiлеп кi тап-
пен жұмыс iстетпеуге алып келеді,
берiлген материалды игеру
қиындай түседi, сөйтiп, бiлiм және тәрбие сапасы төмен дейдi.
Бiрақ жұмыс басқа оқу құралдарынсыз, керiсiнше, тек қана
оқулықпен шектеледi. Мұғалiм тапсырманың оқулыққа тiкелей
байланысты болуын және оқушылардан оқулықтағы тақырып-
ты дұрыс қабылдауларын қадағалайды. Осындай оқыту бағыты
57
ұзақ
мерзiмге созылып кетсе, онда тиянақты оқып-үйренуге
мүмкiндiк болмайды, себебi оқушылардың пәнге ынтасы жойы-
лады, олардың бiлiмi үстiрт болып шығады, ал ең басты жұмыс
амалы – есте сақтау. Осындай бағыттарда оқушылар үй тапсыр-
масын орындау кезiнде белгiлi қиындықтарды сезiнедi, мыса-
лы, үздiксiз оқулық арқылы қабылдау оқушының көп уақытын
алады. География оқулығымен жұмыс iстеудi жоспарлаған
кезде кейбiр мұғалiмдер рационалдық жұмысты таңдауға мән
бермейдi. Кейбiр түсiнiктеме оқу қолданған кезде барлық сынып-
тарда оқушылардың жас қабiлетi ескерiлмесе, орта және жоғары
сыныптардағы оқушылардың сабаққа ықыласы төмендейтiнi
байқалады. Сондықтан 5-7 сыныптарда сабақ өткенде (бұл әдiске
оқушыларды бастауыш сыныптарда үйретсе де) оқушыларға
тақырыптық жоспар құруды үйреткенiмiз жөн.
Оқулықпен жұмыс iстеудi бiз осы кезге дейiн тақырыппен
және тақырып құрам бөлiктерiмен жұмыс iстеу деп түсiнiп
келдiк. Ал география оқулығына мұндай көзқарас дұрыс емес.
Географиялық тақырыптарды қосымша құралсыз, карталар,
иллюстрациялық материалдар, статистикалық анықтамаларсыз
түсiну қиынға түседi. Сондықтан география оқулығымен жұмыс
iстеген кезде оқулықтың әрбiр құрам бөлiктерiн, сонымен қатар
бiрнеше құрам бөлiктердiң бiрге өтiлуiне көңiл бөлiнгенi жөн.
География
оқулығының мазмұны, оның әдiстемелiк құрал-
жабдықтары география сабағын өткiзудiң арнаулы әдiстерiн бел-
гiлейдi: 1-сызбанұсқада оқулықтың әртүрлi құрам бөлiкте рiмен
жұмыс iстеу көрсетiлген: тақырыптық-тақырыппен, сұ рақ тар
және тапсырмалармен, география терминдерiмен және ұғымдар
туралы сөздiктермен: мәтінен тыс профилiмен, статис тикалық
материалдар (кестелер, диаграмма, графиктер), карталармен, фо-
тосуреттер және суреттермен (сурет түрiнде).
Оқулықпен жұмыс iстеу әдiсiнiң көп бөлiгi 5-6 сыныптардың
курсына кiредi, мұнда оқушылар
осы әдiстермен танысады,
олардың өздiгiнен жұмыс iстеуi жоғары 7-9 сыныптарда баста-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: