О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет4/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

І. Хан жарлықтарына хандар мен би, болыстардың жазған хаттары 
жатады. Олар:
1. «Жеті жарғы».
2. 1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүз- 
басы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналы- 
суға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа 
өтініші.
3. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қол астындағы адамдармен бірге
Ресей бодандығына алуды сұрап, Анна Иоанновнаға жазған хаты
(ХVIII ғ.).
4. 1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың
Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі (ХVIII ғ.).
5. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы 
бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император
І Петрге жазған хаты (ХVIII ғ.).
«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 
жылдары құрастырылған.
«Жеті жарғы» – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөй билердің 
қатысуымен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы.
Бұл заңдық құжатта жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке, 
қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету сияқты үлкен мәселелер қаралады. 
«Жеті жарғы» кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым 
келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту 
сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту 
13 жасқа толған кезден басталған.
Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есі дұрыс емес адамдарды 
жауапқа тартпаған. 
Қазақ халқы «Жеті жарғыны» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып 
келді.


7
Орынғазы Әбутәліп
«Жеті жарғы»
Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:
– қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу 
(ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
– ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, 
жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
– денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 
қой, шынашақ – 20 қой);
– төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
– егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары 
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат 
әйел жасаса, жазадан босатылады);
– егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
– ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал ана-
сы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
– өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
– егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес 
айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 
түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
– әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. 
Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге 
тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан боса-
тылады;
– егер ері әйелін көзіне шөп салуда ұстаса, өлтіруге құқылы, бірақ 
қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп 
күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз 
деп табылып, жазадан босатылады;
– біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлім- 
ге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімі- 
мен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге 
тиіс;
– әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса 
арсыздығы үшін айып салынады;
– қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар 
белгілеген жазаға бұйырылады;
– құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
– кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
– құл өмірі құнсыз, ол – қожайынның билігінде;
– ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара 
сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, 
ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
– ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;


8
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
– ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға 
тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;
– өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
– барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;
– дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
– куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
– билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
– егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы 
барымтамен алуға болады;
– ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет