ҚО порталына орналастырылатын фотосуретке қойылатын талаптар
Фотосуретте қолданушының бет әлпеті (көзі, қасы, құлақтары, мұрыны, бет пішімі анық көрінуы керек және шашы бетінің бір бөлігін жауып қалмамасын) толығымен сыйюы қажет. Фотосурет бет әлпетті айқын көрсету үшін жоғары сапалы болуы керек.
Фотосуретте келбет турасынан әрі оның кескіндерін бұрмаламайтын бет қимылымен болсын.
Сурет оның иесінің қазіргі нақты келбетіне сәйкес болуы қажет, сондықтан, ҚО порталына жарияланғанға дейінгі 12 ай мерзімнен ерте болмасын.
Фотосурет өлшемі 40 мм, 50 мм кем болмасын, сонымен бірге, түсірілімнің тігінен өлшемінің 70 пайызында бет әлпеті орналасуы тиіс.
ҚО порталында фотосуретті орналастыру нұсқасы
Тышқан меңзерңн Сіздің Аты-Жөніңіз жазылған сілтемеге (беттің сол жағына қарай - сіздің фотосуретіңіз орналасатын орынның төменгі тұсында) апарып шертіңіз. Ашылған терезеден «Ақпаратты редакциялау» (Редактировать информацию) қосымша бетін таңдаңыз. Берілген беттен «Қатысушының суреті» (Картинка участника) блогын таңдағаннан соң, «Шолу... » (Обзор) батырмасына шертіңіз, соңынан, пайда болған диалогтың терезеден өз фотосуретіңізді таңдап, беттің соңғы бөлігінде орналасқан «Сақтау» (Сохранить) батырмасына басыңыз. Сіздің фотосуретіңіз ҚО порталының Негізгі бетінде пайда болуы тиіс.
Ескерту: фотосуретті алдын ала ҚО порталына орналастырылатын фотосуретке қойылатын талаптарға сәйкес редакциялап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |