О. С. Даулетбахова Н. М. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне «Аудит» пәні бойынша практикалық және семинар



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі318 Kb.
#170436
  1   2   3
Ф.7.11-19

Досым О.С. Даулетбахова Н.М.

050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттеріне

«Аудит» пәні бойынша практикалық және семинар сабағын жүргізуге арналған

Әдістемелік нұсқау

Шымкент 2008 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Досым О.С. Даулетбахова Н.М.

050508 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу бөлімі студенттерін

«Аудит» пәні бойынша практикалық және семинар сабағын жүргізуге арналған

Әдістемелік нұсқау

Шымкент 2008 ж

УДК 621


Құрастырған: аға оқытушы Досым О.С., оқытушы Даулетбақова Н.М «Есеп және аудит» кафедрасы
“Аудит" пәнінен семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент:М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2008- б.
Әдістемелік нұсқау «Аудит» пән бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік нұсқау 050508- «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер үшін арналған.
Әдістемелік нұсқауда тақырып бойынша сұрақтар, тақырыптың негізгі мазмұны және студенттің өзіндік бақылау сұрақтары, сонымен қатар қосымша есептер мен тесттер қарастырылған.
Рецензент: Жакешова А.П -э.ғ.к. доцент «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы

Абишева Ф.П.-ТОО «Проект» бас.бухгалтер


«Есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

(Хаттама №_6__ «15_» _12______2008ж.) және


«Экономика және қаржы» институтының әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды

(Хаттама №_7__ «16__» _12____2008ж.)

М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №_3__ «19__» __12______2008ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2008ж.


Шығарылымға жауапты Даулетбақова Н.М
Мазмұны

1 Кіріспе

2 Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері

3 Семинарлық сабақтың тақырыптары

4 СӨЖ тапсырмалары

5 Есептер

6 Тест

7 Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандырылуы



Кіріспе

Қазақстанда нарықтық қатынастардың енуімен қатар тәуелсіз бақылау ауқымды даму үстінде, себебі тәуелсіз бақылау экономикалық субъектілердің қаржылық есеп көрсеткіштерінің дұрыстығын пайдаланушылар үшін дәлелденді.

Қаражаттарды салу үшін каржылық жағдайына талдау жасау
кэсіпорынның, өндірістік-шаруашылық әрекеттің дамуына бақылау жасау әр инвестордың, несие берушінің, акционердің басты міндеті болып табылады. Аудит - берілген есеп берудің дұрыстығының жауаптары және оның нормативтік құқықгық актілерге сәйкестігі. Әрбір болашақ экономист маман үшін аудиторлық ойдың қалыптасуын және аудитгі жүргізу үшін теориялық, әдістемелік негізін міндетті түрде білу керек.

Біздің еліміз аудиттен - оның халықаралық деңгейде қабылдауын күтуде. Тек Қазақстанда емес сонымен қатар ТМД елдерде бүкіләлемдік банктің жобасьнша аудит жүргізуге сенім білдіретін фирмалар бар.

Халықаралық сертификаты бар аудиторлар отандық бизнес және жалпы мемлекеттің беделін жоғарылатады, олардың жасау қорытынды-

лары беделді және олар инвестициялардың тартылуына негіз болады. Жалпы алғанда мемлекеттің бәсекеге қабілеттігі - бұл аудиттің де бәсекеге қабілеттілігі.

Аудит пәні бұрын өткен пәндердің, яғни «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Басқару есебі», «Қаржылық есеп», «Салық салу» пәндерінің логистикалық жалғасы болып табылады. Сонымен бірге жоғарыда көрсетілген пәндерінен аудит пәнінің әдістемелік негізінде өзіндік ерекшелікгері бар. Қаржылық жағдайына талдау жасағанда, өндірістіктиімділігін анықгағанда және оньң дәрежесін t бағалағанда аудит сыртқы ақпараттың дұрыстығын растайды. Бағдарлама оқу курсының мазмұнын толығымен ашады,ол занды акгілерге, бухгалтерлік есеп және аудит стандарттарына сәйкес жасалған. Курсты оқу кезінде курстық жүмыстың орындалуы қарастырылады. Дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің сиапаттық белгісі болып аудиторлық қызметтің қарқынды дамуы табылады.

Аудит - бүл тәуелсіз зерттеу, ұйымның қаржылық есептілігін және басқа да экононмикалық ақпаратын талдау, ішкі бақылау жағдайын және бухгалтерлік есепті жүргізудің әрекет ететін заңдылыққа сәйкестігін тексеру, сонымен қатар әртүрлі сұрақгар бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету.

Берілген бағдарламада ұйымның әдістемесі және оның жеке бағыттарында аудитті жүргізу келтіріледі. Аудитті жүргізудің әдіетемелік негізі ретінде халықаралық тәжірибеде кең қолданылатын халықаралық стандарттар қабылданған. Қазіргі кезеңде пәннің ролі және маңызы Қазакстанның экономикасына нарықтық қатынанастардың енуімен және халықаралық одақтың есепті және қаржылық есепті, сонымен бірге аудитті жүргізудің талаптарымен тығыз байланысты.
Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері
«Аудит» -бұл тәуелсіз зерттеу,ұйымның қаржылық есептілігін және басқа да экономикалық ақпартын таладу, ішкі бақылау жағдайын және бухгалтерлік есепті жүргізудің әрекет ететін заңдылыққа сәйкестігін тексеру, сонымен қатар әртүрлі сұрақтар бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету.

Осы аталған мақсатқа жету міндеттері- Өндірістік- шаруашылық әрекеттің дамуына бақылау жасау әр инвестордың, несие берушінің, акционердің басты міндеті болып табылады. Аудит-берілген есеп берудің дұрыстығының жаупатары және оның нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі.Мақсаты жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтап түзету және қосымша кеңестер беу.

Қаражаттарын бағыттау үшін мекемелердің қаржылық жағдайын зерттеу, олардың шаруашылық - өндірістік бағытын бақылау әрбір инвестордың, қатынасушының, кредитордың, және акционердің негізгі міндеті. Ұсынылған есептеменің нақтылығын, оның нормативтік-қуқықтық талаптарға сәйкестігіне жауапты тек жүргізілген аудит қана бере алады.

Аудит жүргізудің теориялық әдістемелік негіздерін және аудиторлық пікірдің қалыптасуын білу әрбір болашақ маман – экономистке қажет.

Курсты меңгерген студент аудиттің әдістерін, функцияларын және принциптерін білуі қажет. Аудит жүргізудің кезеңдері мен тәртіптерін, тексеру нәтижесі бойынша құжаттарды дұрыс рәсімдеуді, аудиторлық қорытынды жасауды, аудиторлық тексерулердің тәртіптері мен ерекшеліктерін.



Пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқып үйрену керек: «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Басқару есебі», «Қаржылық есеп», «Салық салу».

1 Бөлім. Аудиттің қызметі мен стандарттары.

1-ТАҚЫРЫП: Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы

Сабақты жүргізу тәртібі: Кіріспе-бақылау, сұрау.

1.Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы.

2.Аудиттің пайда болуы және дамуы.

3.Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы.

4.Аудитгің пәні. обьектісі және кызметі.

5.Сыртқы аудиттің түрлері жэне аудитке ілеспе кызметгер.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау

Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы. Аудиттің пайда болуы және дамуы.

Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы. Аудитгің пәні. обьектісі және кызметі. Сыртқы аудиттің түрлері жэне аудитке ілеспе кызметгер.
Өзіндік бақылау жұмысы:

Тақырыпты толығымен қарастырғаннан кейін келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Аудит дегеніміз не?

2.Аудит анықгамасына енгізілген сөздермен сөйлемдерді қысқа-ша түсіндіріңіз.

3.Келесідей түсініктерге сипаттама беріңіз: аудиттың мақсаты, маңызы мен мінддеттері.

4.Аудиттың пайда болу себебін көрсетіңіз.

5. Аудит түрлерін сипаттаңыз.

6.Ішкі және сыртқы аудит арасындағы байланысты анықгаңыз жене ерекшелікті көрсетіңіз?



Тақырып 2.Аудиторлық қызмет және оны нормативтік –қүқықтық реттеу.Сабақты жүргізу тәртібі: Сұрау, семинар-пікірталас

1.ҚР аудит жүргізуді нормативтік реттеу жүйесі.

2.ҚР аудиторлық қызметтіі жүргізуді анықтайтын қүқықтық-нормативтік актілерге шолу(Азаматтық Кодекс, Салық кодексі, Қылмыстық кодекс, «ау-

диторлық қызмст туралы» заң жэне басқа да ҚР заң қүжаттары).

3.Мемлекеттік органдардың, қоғамдық үйымдардың аудиторлық қызметті аттестатциялауялау жэне лицензиялау.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау
ҚР аудит жүргізуді нормативтік реттеу жүйесі. ҚР аудиторлық қызметтіі жүргізуді анықтайтын қүқықтық-нормативтік актілерге шолу(Азаматтық Кодекс, Салық кодексі, Қылмыстық кодекс, «ау-

диторлық қызмст туралы» заң және басқа да ҚР заң қүжаттары). Мемлекеттік органдардың, қоғамдық үйымдардың аудиторлық қызметті аттестатциялауялау жэне лицензиялау.


Өзіндік бақылау жұмысы:
1.ҚР аудит жүргізуді нормативтік реттеу жүйесі.

2.ҚР аудиторлық қызметтіі жүргізуді анықтайтын қүқықтық-нормативтік актілерге шолу(Азаматтық Кодекс, Салық кодексі, Қылмыстық кодекс, «ау-

диторлық қызмст туралы» заң және басқа да ҚР заң қүжаттары).

3.Мемлекеттік органдардың, қоғамдық үйымдардың аудиторлық қызметті аттестатциялауялау жэне лицензиялау




Тақырып 3. Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы

Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау,ситуациялық жағдаяттады шешу.

1.Аудиттің халықаралық стандартгары мен олардың сипаттамасы.

2.ҚР аудит стандарттары.

3.Аудитордың мамандық этикасының Кодексі.

4.Аудитордың мамандық этикасының қағидалары, ереже лері, фирмаішілік аудит стандарттары.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау

Аудиттің халықаралық стандартгары мен олардың сипаттамасы. ҚР аудит стандарттары. Аудитордың мамандық этикасының Кодексі. Аудитордың мамандық этикасының қағидалары, ереже лері, фирмаішілік аудит стандарттары.


Өзіндік бақылау жұмысы:

Тақырыпты толығымен қарастырғаннан кейін келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Жұмысшы стандарттар

2.Жалпы стандарттар

3.Корытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары

4. Аудиттің фирмаішілік стандарттары

5.Аудитордың мамандық этикасының кодексі.


Тақырып 4. Қателер мен алаяктық, олардың елеулілігін бағалау Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау, құжаттар толтыру, пікірталас

1.Елеулілік түсінігі - қателіктер және заңсыз әрекетгер.

2.Заңсыз бұрмалауды кездестіргендегі аудитордың эрекеттері.

3.Халыкаралық тәжірибеде елеулілік деңгейін аныктау.

4.Елеулілік қағидаттарын
аудит қортындыларын талдауда қолдану.

5.Бұрмалаудың елеулілігін


бағалау.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау

Елеулілік түсінігі - қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз


бұрмалауды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері. Халыкаралық
тәжірибеде елеулілік деңгейін анықтау. Елеулілік қағидаттарын
аудит қортындыларын талдауда қолдану. Бұрмалаудың елеулілігін
бағалау.
Өзіндік бақылау жұмысы:

Тақырыпты толығымен қарастырғаннан кейін келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Қателер және заңсыз әрекеттер

2.Қателіктер мен алаяқтық қай ХАС-да жүргізіледі.

3. Есепке алу жазбаларындағы алдаушылық

4.Ерекше операциялар

5. Кездейсоқ қателер


Тақырып 5. Аудиторлық тәуекелділік

Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау, топтық жоба,құжаттар толтыру.

1.Аудиторлық тәуекелділік және оның құрамы.

2.Ажырамас-тәуекелділік және оны бағалау.

3.Бақылау тәуекелділігі.

4.Таба алмау тәуекелділігі.

5.Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәуекелділіктің арасындағы байланыс.

6.Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау

Аудиторлық тәуекелділік және оньң құрамы. Ажырамас-тәуекелділік және оны бағалау. Бақылау тәуекелділігі. Таба алмау тәуекелділігі. Елеулілік жэне оның деңгейін анықтау аудиторлық тәуекелділіктің арасындағы байланыс. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру.



Өзіндік бақылау жұмысы:

Тақырыпты толығымен қарастырғаннан кейін келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Бөлінбейтін тәуекелдік

2. Бақьшау тәуекелдігі.

3. Таба алмау тәуекелдігі

4. Айқыңдамау (қателерді) тәуекелдігі

5. Таңдау арқылы зерттеу тәуекелдігі

2.Бөлім. Аудиторлық бақылау жүйесі.

Тақырып 6. Аудиторлық дәлелдеулер

Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау, топтық жоба,құжаттар толтыру.

1.Аудиторлық дәлелдер және оның түрлері.

2.Аудиторлық дәлелдер алудың әдістері мен ақпарат көздері.

3.Дәлелдер алудың белгілер жүйесі.

4.Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер);

5.Аудиторлық әдістемелер түрлерінің жүйесі.

6.Кейбір аудиторлық әдістемелер түрлеріне жеке сипаттама.


Өзіндік бақылау жұмысы:

1.Аудиторлық дәлеледеулер дегеніміз не?

2.Дөлелдеулер алудың негізгі көзі.

3.Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге қандай ақпарат көздерін жатқызуға болады

4.Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талаптары

Тақырып 7. Аудитордың жүмысының сапасын бақылау.

Сабақты жүргізу тәртібі:Ситуациялық есептер шығару.Сұрақ-жауап.

1.Аудит жүргізгенде, жүмыс сапасын бақылау, аудиторлық фирмаларда, аудиторлардың жүмысын үйымдастыру және аудиторлық ұйымдардың жүмыс сапасын бақылау фирмашілік аудиторлық

стандарттар.

2.Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері. Іс қүжаттарының маңызы мен мәні.

3.Аудитор жұмысынъң сапасын бақылаудағы негізгі маңызы. жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі кағидалары мен әдістемелеік жүйелер.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау

Аудит жүргізгенде, жұмыс сапасын бақылау, аудиторлық фирмаларда, аудиторлардың жұмысын ұйымдастыру және аудиторлық ұйымдардың жүмыс сапасын бақылау фирмашілік аудиторлық стандарттар.

Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері. Іс құжаттарының маңызы мен мәні. Аудитор жұмысынъң сапасын бақылаудағы негізгі маңызы жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі кағидалары мен әдістемелеік жүйелер.
Өзіндік бақылау жұмысы:

1.Жұмыс кұжаттарының мақсаты және маңызы

2.Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмүны

3.Жүмыс қүжаттарын стандарттау

4.Жұмыс құжаттарының мазмүнына қойылатын негізгі талаптар.

5.Ағымдағы қүжатгардың картотекасы:

6.Жұмыс құжаттарын пайдалану.

Тақырып 8. Клиенттің ішкі бақылау жүйесі. Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрақ-жауап.Құжаттар толтыру.

1.Ішкі бақылау жүйесі және оның құрамы (ІБЖ).

2.Бухгалтерлік есеп жүйесін бағалаудың мақсатгы (БЕЖ).

3.Есеп саясатын, ұйымдастыру құрылымын және есеп мамандары

арасындағы атқаратын қызметтерді бөлу, кұжатгар айналымы, істелген жұмыстардың операциясын көрсету жэне қортынды есепті дайындауды талдау.

4.Бақылау ортасы (БО) туралы түсінік және оның құрамы, көптүрлілігі. Бақылау ортасын бағалау. Бақылау тәсілдері (БТ) және олардың көп түрлілігі. Бақылау жүйесінің сенімділігін (тиімділігін) бағалау әдістері. Бақылау тәсілдерін тестілеу.


.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау
Ішкі бақылау жүйесі және оның құрамы (ІБЖ). Бухгалтерлік есеп жүйесін бағалаудың мақсатты (БЕЖ). Есеп саясатын, ұйымдастыру құрылымын және есеп мамандары арасындағы атқаратын қызметтерді бөлу, кұжатгар айналымы, істелген жұмыстардың операциясын көрсету және қортынды есепті дайындауды талдау. Бақылау ортасы (БО) туралы түсінік және оның құрамы, көптүрлілігі. Бақылау ортасын бағалау. Бақылау тәсілдері (БТ) және олардың көп түрлілігі. Бақылау жүйесінің сенімділігін (тиімділігін) бағалау әдістері. Бақылау тәсілдерін тестілеу.


Өзіндік бақылау жұмысы:
1.Ішкі бақылау құрылымы және оның элементтері

2.Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі қандай элементтерден тұрады

3. Клиенттің бухгалтерлік есеп жүйесі

4. Бақылау ортасы

5. Бақылаушы қызмет және ішкі аудит

6. Бақылау қуралдары




Тақырып 9. Сұрыптауды пайдалану. Сабақты жүргізу тәртібі: Сұрау, ситуациялық есептерді шешу, құжаттарды толтыру.

1.Сұрыптаудың аудиттегі негізгі қағидаттары.

2.Сұрыптаудың кажеттілігі жэне сұрыптап тексеруді жүргізудің кезеңдері.

3.Сұрыптап тексеруге қажет.

4.Сұрыптау жиынтығын анықтау.

5. Элементгердің ең жоғарғы құынын және элементтер кілтін анықгау. 6.Сальдосы бар жэне шоттар айналымына сәйкес сүрыптау шамасьш анықтау.

4.Сұрыптау тәсілін тандап алу.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау
Сұрыптаудың аудиттегі негізгі қағидаттары. Сұрыптаудың кажеттілігі және сұрыптап тексеруді жүргізудің кезеңдері. Сұрыптап тексеруге қажет. Сұрыптау жиынтығын анықтау. Элементтердің ең жоғарғы құынын және элементтер кілтін анықтау. Сальдосы бар және шоттар айналымына сәйкес сұрыптау шамасьш анықтау. Сұрыптау тәсілін тандап алу (кездейсоқтық, жүйелі)
Өзіндік бақылау жұмысы:
1.Аудиторлық сұрыптау туралы түсінік

2.Сұрыптау тәуекелдігі

3.Статистикалық және статистикалық емес сұрыптау

4.Іріктеуді жоспарлау

5.Мәліметтер жиынтығы

6.Стратификация

7.Болжамды қателер

Тақырып 10. Аудиторлык тексеруді жоспарлау.Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау, ситуациялық есептерді шешу.
1.Жоспарлаудың қағидаттары мен кезеңдері.

2. Аудитордың клиентпен алдынала танысуы (бастапқы жоспар).

3.Фирма ішіндегі бастапқы жоспарлау стандарты (құжат) және оның негізгі бөлімдерінің сипаттамасы: шаруашылық субьекті жалпы ақпарат, негізгі есептілік көрсеткіштер, ішкі бақылаудың және есеп жүйесін жазу, аудитордьвд пікірі.

4.Міндеттеме хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім шарт.

5.Аудиттің жалпы жоспарын дайындау.

6.Бақылау тәсілдерінің тестісін және аудит бағдарламасының тәсілдерін маңызыдылық тарапынан қалыптасыру.



Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау
Жоспарлаудың қағидаттары мен кезеңдері. Аудитордың клиентпен алдынала танысуы (бастапқы жоспар). Фирма ішіндегі бастапқы жоспарлау стандарты (құжат) және оның негізгі бөлімдерінің сипаттамасы: шаруашылық субьекті жалпы ақпарат, негізгі есептілік көрсеткіштер, ішкі бақылаудың жэне есеп жүйесін жазу, аудитордьвд пікірі. Міндеттеме хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім шарт. Аудиттің жалпы жоспарын дайын-дау. Бақылау тәсілдерінің тестісін және аудит бағдарламасының тәсілдерін маңызыдылық тарапынан қалыптасыру.

Өзіндік бақылау жұмысы:

1.Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциіггері

2.Жоспарлау принциптері

3.Аудитті жоспарлау кезеңдері

4.Алдын-ала жоспарлау

5.Міндеттеме хат және аудит жүргізу жөніндегі келісім шарт.

6.Аудиттің жалпы жоспарын дайындау.

7.Бақылау тәсілдерінің тестісін және аудит бағдарламасының тәсілдерін маңызыдылық тарапынан қалыптасыру.



Тақырып 11.Электрондық дайындалган көрсеткіштер аудиті. Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

1.Компьютермер дайындалған көрсеткіштер аудитіне қойыла-іын талаптар.

2.Компьютер жүйесімен дайындалып өңделген ақ-иараггарды дайындау.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау

Компьютермер дайындалған көрсеткіштер аудитіне қойылатын талаптар. Компьютер жүйесімен дайындалып өңделген ақпараттарды дайындау.


Өзіндік бақылау жұмысы:

1.Компьютерлік акдараттық жүйелер

2.Компьютермен қамтамасыз ету бөлімінде бақылаудың жинақталуы

3.Бағдарламалар мен мәліметтердің шоғырлануы.

4.Енгізілетін қүжаттардың жоқ болуы.

5.Мәліметтерге және компьютерлік бағдарламаларға кіру жеңілдігі

6.Көзге көрінетін іздердің және шаруашылық операциялары нәтижелерінің болмауы (жоқ болуы).

Тақырып 12. Аудиторлық қорытынды: жасау, тапсыру тәртібі. Сабақты жүргізу тәртібі:Сұрау, ситуациялық есептерді шешу.

1.Шаруашылық субьекгісінің басшысына жүргізілген аудиттің қортындысы туралы жазбаша мәлімет беру. Аудиторлық қортынды: қүрылымы мен түрлері сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір. 2.Аудиторлық ескерту түрлері. Ескертпесі бар пікір. Теріс пікір. 3.Аудиторлық қортындыға қол қою мерзімі. Қаржылық есепті тапсырғаннан кейінгі уақиғаларға шолу жасау. Әдейі арналғані аудиторлық қортынды.



Тақырып бойынша әдістемелік нұсқау
Шаруашылық субьекгісінің басшысына жүргізілген аудиттің қортындысы туралы жазбаша мәлімет беру. Аудиторлық қортынды: қүрылымы мен түрлері сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір. Аудиторлық ескерту түрлері. Ескертпесі бар пікір. Теріс пікір. Аудиторлық қортындыға қол қою мерзімі. Қаржылық есепті тапсырғаннан кейінгі уақиғаларға шолу жасау. Әдейі арналғані аудиторлық қортынды.
Өзіндік бақылау жұмысы:
1.Клиент басшылығына хат

2.Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары

3.Қорытынды есептің аты (атауы).

4.Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім.

5.Қорытынды жасау бөлімі.

6.Теріс аудиторлық қорытынды



СӨЖ тапсырмлары:

1 модуль бойынша

1.Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы.

2.Аудиторлық қызмет және оны нормативтік -құқықтық реттеу.

3.Аудиторлық қызмет және оны нормативтік -құқықтық реттеу.

4.Қателер мен алаяқтық,олардың елеулілігін бағалау.

5.Аудиторлық тәуекелділік



2 модуль бойынша

1.Аудиторлық дәлеледеулер

2.Аудитордың жұмысының сапасын бақылау.

3.Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.

4.Сұрыптауды пайдалану

5.Аудиторлық тексеруді жоспарлау.

6.Электрондық дайындалған көрсеткіштер аудиті.

7.Аудиторлық қорытынды:жасау тапсыру тәртібі.



ЕСЕПТЕР

Есеп 1.

1. Негізгі мәліметтер:

«Әсел» ЖШС 2008 жылы желтоқсан айында Сальдо аудиторлык фирмасына 2008 жылғы бухгалтерлік есебін қалпына келтірудегі қызметтер туралы келісімге тұру ұсынысы көрсетілген хат жіберді.

2008 жылы желтоқсан айында келісім \ шарт жасалды, сонымен қатар қызмет көрсетілді.

2008 жылы наурыз айында «Әсел» ЖШС жоғарыда аталған аудиторлық фирмаға 2008 жылғы қаржылық есепті аудиттен өткізу жөнінде келісім жасау жөніндегі ұсьшысын жіберді.



Талап етіледі:

«Сальдо» аудиторлық фирмасы берілген ұсынысты қабылдайды ма, жоқ па, сол жауабын анықтау керек.


Есеп 2.

Негізгі мәліметтер:

Бюджеттен тыс қордың аудиторлық тексеруі барысында бухгалтердің ақша сомасын заңсыз иемденгедігі анықталды



Талап етіледі:

Берілген ситуациялар аудиторлық іс-әрекеті



Есеп 3.

Негізгі мәліметтер:

«Аэрофлот» ассоциациясы 2007 жылдың қорытындысы бойынша келесідей көрсеткіштері бар:

-жылдық түсімнің көлемі таратылған қызметті құрайды-27098066 теңге.

- Жыл аяғындағы акциздік соманың балансы-5567908 тенге.



Тапсырма :

Келісім-шарттың негізін құрыңыз. «Аэрофлот» ассоциациясы аудитор шақыруға міндетті ме? Анықтаңыз.



Есеп 4.

Негізгі мәліметтер: «Пачоли» аудиторлық фирмасы АҚ «Барс» қатысуымен негізі қаланды. 2004 жылдың қаңтар айында «Пачоли» фирмасы АҚ «Луч» фирмасының каржылық есеп беруін аудиттен өткізді, ал бұл кезеңде оның акциялары АҚ «Барс» еншісінде болатын.

Талап етіледі: Бұзылу және қорытындылау салдарының мінезін анықтау.

Есеп 5.

Негізгі мәліметтер:

«Веста » сауда фирмасының бірнеше дүкендері бар.Өзінің бухгалтериясының жұмысын жеңілдету мақсатында «Автомаитка » НПО компьютерлік фирмасымен бас офиспен бөлшек сауда дүкендерінің бухгалтерлік есебінің бірегей орталықтандырылған жүйесін құруға келісімшартқа тұрды. НПО «Автомаитка » компаниясында бухгалтерлік есеп бойынша мамандардың болмауына байланысты«Веста » фирмасының жетекшілері аудиторлық фирмаға компьютерлік фирмаман бірлесе отырып есеп регистрлерін ақпарт базасынана және бухгалтерлік мәлімет анықтамасын жасауға ұсыныс жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет