Ақшаның атқаратын қызметтері



Дата14.11.2023
өлшемі458.68 Kb.
#483259
финанс ақша нарығы


Кіріспе
Ақша — айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Ақшаның атқаратын қызметтері

  • құн өлшемі

Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. 

  • айналыс құралы

Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі — айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А — ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т — ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. 

Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл — тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы — несие беруші (кредитор), ал сатып алушы (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшаның келесі қызметі — қop жинау және байлық құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі — бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.

  • дүниежүзілік қызметі

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар — ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. 

Ақша дегеніміз не?


Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?

Қорытынды


Ақша нарығы қазіргі заманғы қаржы экономикасының үздіксіз жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Бұл үнемдеушілерге қысқа мерзімді несиеге мұқтаж адамдарға несие беруге мүмкіндік береді және оны тиімді пайдалануға капитал бөледі. Бұл несиелер, көбінесе бір түнде немесе бірнеше күн немесе бірнеше апта ішінде беріледі, үкіметтер, корпорациялар мен банктер өздерінің жақын мерзімді міндеттемелерін немесе реттеуші талаптарын орындау үшін қажет. Сонымен бірге, қолында артық ақшасы бар адамдарға пайыздар табуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет