«Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына концепция
-
Заң жобасының атауы
«Оңалту және банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (ары қарай – заң жобасы).
-
Заң жобасын даярлаудың қажеттілігінің негіздемесі
Мемлекет елбасы алдағы жылдарға арналған, 100 қадамнан тұратын, ұлт Жоспарының шеңберінде Қазақстан Республикасын дамытудың 5 институционалдық реформасын анықтады.
Қазақстанның жоспарланған реформалауы «жаһандық ішкі шақыруға жауап» және бір уақытта «жаңа тарихи жағдайдағы 30 дамыған мемлекетке кіру» стратегиясы атануға негізделген.
Негізінен, реформалардың біреуі Қазақстанды индустриализациялау бағдарламасын іске асыруды жалғастырумен, сонымен қатар, өнеркәсіп саласын әртараптандыруға негізделген экономикалық дамуға өтумен байланысты.
Ұлт жоспары бойынша іс-шараларды орындау республиканың өзінің белсенді ішкі дамуын жалғастырып қана қоймай, еліміздің халықаралық беделін нығайту және оны шетелдік серіктестермен біріктіру арқылы сыртқы да дамуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
№56 қадам экономиканың басымдылық секторларында «зәкірлік инвесторлармен» біріккен кәсіпорындар құруды қарастырады.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде маңызды роль кәсіпорынның экономикалық құнын тиімді пайдалануды және таратуды, мүмкін болған төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді, және бәсекеге қабілетті және пайдалылық деңгейіне келешекте шыға алатын өмірге қабілетті ұйымдардың қаржылық сауығуын қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілерінің тиімді банкроттық жүйесін құруға бөлінеді, бұл өз кезегінде маңызды экономикалық нәтижелерге әкелуі мүмкін, мысалы: инвестицияларды ынталандыру, қолжетімді мөлшерлемелер бойынша несиелерге рұқсатты ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау, қаржылық тұрақтылықты сақтауға жәрдемдесу және экономикалық өсуді ынталандыру.
Атап айту керек, аталған бағыт бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, 2010 жылдан бастап дәрменсіздіктің тиімді жүйесін құру және Бүкіләлемдік Банктің несие берушілері және борышкерлерінің құқығын қорғау Принциптеріне және халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен Ұлттық Комисся Ұйымы (UNSITRAL) дәрменсіздік мәселесі бойынша Басшылығына банкроттықтың ұлттық жүйесіне сәйкестік мәніне Бүкіләлемдік Банк Қазақстанның бағалауын жүргізді.
Бүкіләлемдік Банктің сарапшыларының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы банкроттық жүйесінің потенциалдық кемшіліктеріне заңның кейбір қағидаларының анық еместілігі немесе маңызды қағидаларының жоқ болуы, несие берушілердің құқықтарын жеткіліксіз қорғау, институтционалдық кемшіліктер, сонымен қатар, рәсімдердің қажетсіз созылуына соқтыратын талаптардың бар болуы жатады.
Қаржылық қиындықтар көріп отырған бизнес субъектілеріне арналған сәйкес құқықтық базасын құру мақсатында, Бүкіләлемдік Банктің ұсынымын ескере отырып, 2011 жыл 2015 жыл аралығында «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Оңалту және банкроттық туралы» және «Оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Кәспкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуына шектеу қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары даярланды және қабылданды.
Заң шығару қызметінің нәтижесінде оңалту рәсіміне үйлесу түбегейлі өзгерді, бұл бизнес-ортасында танымал болуға мүмкіндік берді: оңалту банкроттықтан жекеленді (кәсіпкердің беделіне нұқсан келу төмендетілді), меншік иесі оңалтуда бизнесті басқаруды жалғастырудың нақты мүмкіндігіне ие болды, төлемге қабілетсіздікті реттеудің баламалы әдістері енгізілді, уәкілетті органның несие берушілерге өткізіп берумен бірге келісу функциялары алынып тасталды.
Заңнамалықтың үйлесімдерінің өзгерістеріне байланысты, кәсіпорынның қаржылық сауықтыру әдісі сияқты, оңалту рәсімінде қолданылатын бизнестің мүддесінің өсімін статистика көрнекті көрсетеді: оңалту және банкроттық туралы заңнаманы реформалауға дейін 2010 жылдың 1 қаңтарына оңалту рәсімі кезінде 41 кәсіпорын болды, 2011 жылдың 1 қаңтарына – 69, 2012 жылдың 1 қаңтарына – 95. Өзгерістер енгізілгеннен кейін оңалтылатын кәсіпорындар саны есеге артты: 2013 жылдың 1 қаңтарына – 131 кәсіпорын, 2014 жылдың 1 қаңтарына – 168 кәсіпорын, 2015 жылдың 1 қаңтарына – 198.
Бұдан басқа, электрондық аукцион жіберілді, банкроттыққа дейін жеткізу және құжаттамаларды жасыруға басшыларға жауапкершілік күшейтілді, бұл ашықтылық пен анықтылықты көрсетеді, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімдеріне сенім деңгейін арттырды.
Сонымен бірге, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе үлгісі бойынша бұрыннан келе жатқан кәсіпорындарды сақтауға мүмкіндік туғызатын, шешілмеген мәселелер қалады.
Біріншіден, банкрот инвестиция салған кездеде жоюдың алдын-ала алмайды, яғни бизнесті құтқару әдісін тапқан, банкроттық рәсімі жүріп жатқан кәсіпорын иесінің жоюды тоқтатуға және оңалтуға жүгіру немесе әдеттегі қызметін жалғастыруға мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі күнге, ұлттық заңнама оңалтудан банкроттыққа ғана өтуді қарастырады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі болғанда рәсімнен рәсімге өтуді немесе банкроттықты тоқтауды қарастыратын механизмді даярлау меншік иелеріне, қатысушы (құрылтайшы) несие берушінің келісімімен оңалту рәсіміне өтуіне мүмкіндік береді, мысалы, стратегиялық инвестор болған жағдайда, немесе бизнесті несиелеуге қаржылық ұйымдардың келісімін алуға, немесе несие берушілердің алдында әкімшілік шығындарды және қарыздарды өтеу шартында әлемдік келісім жасау жолымен банкроттық рәсімін тоқтату. Бұндай классикалық үйлесу қазақстандық заңнаманы даярлау кезінде ЮНСИТРАЛ және Бүкіләлемдік банк сарапшыларымен ұсынылған.
Жоғарыда көрсетілген ережелерді енгізу «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер және толықтырулармен іске асыралатын болады.
Бұдан басқа, борышкерді банкроттық деп тану туралы шешімді жою (күшін жою) немесе борышкерді банкроттық деп тану туралы шешімді орындауды тоқтату туралы шешімі механизмін даярлау бойынша азаматтық процессуалдық заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.
Екіншіден, саудада банкроттың мүліктік кешені сатып алынған болсада банкроттықтағы бизнес әрқашан жоюға жатады. Кәсіпорынды жою және заңды тұлғаларды мемлекеттік тізімнен шығару заңды тұлғаның жекешелендірілу құралдарының, заңды тұлғаның өнімін, олар орындайтын жұмыс немесе қызметін (фирмалық атауы, тауарлық белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) қолдануын тоқтатуға әкеп соғады, бұл нарықтың текшелерін жоғалту себептері болуы мүмкін.
Жұмыс істейтін кәсіпорындар негізінде компанияларды сату үшін мүмкіндіктерді құру және оны бизнес-бірліктер ретінде сақтау мақсатында заң жобасында меншік иесінің құқығы сатып алушыға өтуімен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар негізінде барлық компанияларды сату мүмкіндігі қарастырылады. Осы мақсаттарға заң жобасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, сонымен қатар «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңға өзгерістер енгізуді қарастыратын болады.
Үшіншіден, заң бойынша 9 аймен шектелген, сотта қараудың ұзақтығы және көпсатылығы банкроттық мерзіміне әсерін тигізеді. Нәтижесінде, рәсімдер құны артады және несие берушілерге, оның ішінде қаржылық жағдайы тікелей қарыз жабудан тәуелді болатын сондай бизнес субъектілері сияқты жеткізіп берушілерге қайтару дәрежесі төмендейді.
Осы мәселені шешу үшін соңғы сатысы апеляциялық сот болатын, банкроттықта сот актілеріне шағым берудің маңызды (қысқартылған) ретін орнату бойынша азаматтық процессуалдық заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылады.
Бұдан басқа, шағымдану мерзімінің өтуін (15 күн) немесе апеляциялық шағым нәтижесін (1,5 ай) күтпей борышкердің банкроттық деп тану туралы сот шешімін шұғыл орындау тиімді. Осы кезеңде мүлікті сату бойынша қайталанбайтын салдары болуы мүмкін емес, ал басқарушыда дайындалу іс-шараларына кідірмей кірісу мүмкіндігі болады – борышкерді банкрот деп тану туралы хабарлама беру, бірінші жиналысты ұйымдастыруды бастау және басқалар. Осыған байланысты, кідірмей орындалуға жататын, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімімен Азаматтық процессуалдық кодексіндегі сот актілерінің тізіміне толықтыруларды қарастырады.
Төртіншіден, оңалту және банкроттық рәсімінің қатысушылары арасындағы таластар әрекет ететін сотта қаралатын ережелерге сәйкес әртүрлі соттармен қарастырылады, бұл сот актісі ретінде көрсетілмеуі мүмкін емес, шағымдануға әкеп соғады және банкроттық мерзімін созады. Экономикасы дамыған бірқатар елдерде бұндай мәселелер болмайды, өйткені дәрменсіздік (банкроттық) туралы істерді, сонымен қатар банкрот маңайындағы таластарды банкроттық бойынша мамандандырылған сот қарастырады. Басқа мемлекеттер маңызды құзыретімен сот құрусыз басқа үйлесім қолданады: рәсімдер кезінде пайда болған таластар бойынша істер банкроттық және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімін қабылдаған сотпен қарастырылады.
Заң жобасы банкроттық (оңалту) туралы шешім қабылдаған, соттың банкроттық (оңалту) рәсімінің ішіндегі таластарды қарау бойынша сотта қаралуды анықтау бойынша азаматтық процессуалдық заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастырады.
Заң жобасында бекітілген, ережелерді іске асыру тәсілімен, Қазақстанның оңалту және банкроттық жүйесі шаруашылық субъектілерінің әлеуетін сақтауға мүмкіндік беретін, қаржылық қиыншылықтарға тап болған, олардың қаржылық сауығуы жағдайында ұзақмерзімді жоспарында экономиканың өсуіне белгілі үлес қоса алатын негізгі құрылымды бөлімдермен толықтырылады, бұл мемлекетте қолайлы инвестициялық климатты құруға оңды әсерін тигізеді.
Заң жобасын даярлау кезінде Заңның материалдық құқықтағы басқада заңнамалық актілермен байланысы, сонымен қатар енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты басқа заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы қарастырылатын болады. Заңның басқа заңнамалық актілерімен байланысы мәселесінде келісімі және қарама-қайшылықтың болмауы қамтамасыз етіледі. Қажетті жағдайда Заңға басқа заңнамалық актілерге сілтемелер енгізілетін болады.
-
Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары
Заң жобасының мақсаты қолайлы инвестициялық климатты құру үшін бизнесті, жұмыс орындарын және салық салу базасын сақтау бөлігінде оңалту және банкроттықтың тиімді жүйесін көтеру болып табылады.
-
Заң жобасын реттеудің мәні
Заң жобасын реттеудің мәні заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің (банктердің банкроттығы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан және жинақтау зейнетақы қорларынан басқа) оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу саласындағы құқықтық қатынастар болып табылады.
-
Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы 2 баптан тұрады.
Бірінші бабында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлімі), Қазақстан Республикасының процессуальдық кодексіне, сонымен қатар «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады.
Екінші бабы заң жобасын іске асырудың енгізу тәртібін қарастырады.
-
Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжамданған құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижелері
Заң жобасымен қарастырылған, іс-шараларды іске асыру бизнесті сақтау және қалпына келтіру үшін жүйе мен жағдайларды ары қарай дамыту үшін алдын ала жағдай құрады деп күтіледі, бұл жұмыс орындарын, жұмыс істеп тұрған өндірісті сақтауға мүмкіндік береді және «өмірге бейімді» салық төлеушілерді сақтау есебімен мемлекет кірістерінің өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Заң жобасын іске асыруды енгізген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілері оның ережелерін орындау бойынша шығындарды артпайды.
Заңнамалық базаны жетілдіру өмірге бейімді кәсіпорындарды сақтауға мүмкіндік беру жолымен бизнес субъектілерінің қызметін реттеуде банкроттық жүйенің ролін көтеруге жағдай туғызады. Бұдан басқа, заң жобасын қабылдау несиелеу және инвестициялау секторына тәуекелдерді алдын-ала айтуды қамтамасыз ету және бизнес үшін дағдарыстан шығу мүмкіндігін дамыту себебінде оңды әсерін көрсетеді.
-
Даярланып жатқан заң жобасына сәйкес басқа заңнамалық актілерді бір уақытта (кейінгі) келтіру қажеттілігі
Қажет етілмейді.
-
Заң жобасы мәнін басқа нормативтік құқықтық актілерімен
регламенттеу
Заң жобасының мәні Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (Жалпы бөлімі), Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексімен, «Оңалту және банкроттық туралы», «Шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жауапкершілігі қосымша және шектеулі серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен регламенттеледі.
-
Қарастырылатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы
Банкроттықтан оңалтуға немесе әдеттегідей қызметке өту (әлемдік келісім)
Халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясы (UNSITRAL) 2005 жылы қабылдаған дәрменсіз туралы заңдылық мәселесі бойынша заң органдары үшін Басшылықты ала отырып, экономикасы дамыған елдерде, дәрменсіз туралы іс бойынша қатысушыларға активтердің құнын жоғары деңгейде арттыру үшін күшті ынталандыру құрылады. Бұл несие берушілер арасында үлкен соманы таратуға және дәрменсіз ауыртпалықты азайтуға септігін тигізеді.
Бұндай үйлесу жою және оңалту арасындағы дәрменсіздік туралы заңдылықта қамтамасыз етілетін теңдестірумен тығыз байланысқан. Дәрменсіздік туралы заңдылық жою тәсілімен қарызды тезірек өндіріп алу басымдылығы және оңалту көмегімен коммерциялық кәсіпорын борышкердің құнын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Осындай тепе-теңдікке қол жеткізу қажеттілігі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басқада түсінігімен тікелей бацланысты, мысалы, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және жұмыс орындарын қорғау.
Осыған байланысты, халықаралық тәжірибеде көптеген мемлекеттерде дәрменсіздік туралы заңдылықты (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Швеция, Нидерланды, Ресей және тағы басқа) кәсіпорынның төлемге қабілетсіздігі мәселесін шешу кез келген кезеңде борышкердің оңалту мүмкіндігін жою балама ретінде қарастырады. Осы жағдайда борышкердің құндылығы қоғам және несие беруші үшін оның қызметін жалғастыру үшін жағдай жасау жолымен көтеріледі.
Латвияда банкроттықтан оңалтуға өту мүмкін, егер несие берушілермен алдын-ала оңалту жоспары даярланған және келісілген болса. Оңалту жоспарына алда болатын банкроттық рәсімін жүргізу бойынша шығындар және несие берушімен есептескенге дейін жабылатын, жоспарды даярлауға төлем кіргізілу қажет.
Германия, Швеция, Ұлыбритания, Нидерланды, Ресей, Белорусь елдерінде заңдылықта негізгі процесс, төлемге қабілетсіз борышкерлерге қатысты жоюды тоқтата алатын, несие берушімен әлемдік келісім жасау болып табылады, яғни борышкердің ісін реттеу туралы борышкер және несие беруші арасындағы ерікті келісім.
Әлемдік келісім жасауға байланысты жоюдан оңалтуға өту немесе банкроттық рәсімін тоқтату заң жүзінде қарастырылған құзыреттікте, оңалтуды іске асыру туралы сот шешімін қабылдағаннан кейін немесе әлемдік келісімді бекіткеннен кейін банкроттық рәсімін іске асыру туралы сот шешімі өзінің іс-әрекетін тоқтататуды орнататын ережелер бар.
Кәсіпорынды сату және бизнесті сақтау
Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес заң жүзінде жоғарғы деңгейде экономикалық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған борышкердің мүлкін сатудың икемді және анық тәртібі қарастырылады. Жұмыс жасайтын кәсіпорын ретінде барлық компанияны сату мүмкіндігі беріледі. Бірінші кезекте жұмыс істейтін кәсіпорын ретінде әрекет компанияны сатуға бағытталады. Екінші орында қолайлығы бойынша – біртұтас ретінде кәсіпорынды сату.
Әртүрлі жағдайда, кәсіпкер-борышкерді баяулата басу үшін балама ретінде бірқатар мемлекеттердің (АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Белорусь және тағы басқа) шетелдік заңдылықтары жеке меншіктік құқықты, мүліктік құқықты және жекешелендіруге құқықты (фирмалық атау, тауарлық белгі және таңба) қоса алғанда, банкроттың мүліктік кешенін жаңа жеке меншік иесіне тезірек және толық сатуды қарастырады.
Кәсіпорынды немесе оның өндірістік бөлімшелерін сату таратудың кез келген кезеңінде іске асыра алады. Маңызды операция жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында шетелдік мемлекеттердің заңдылығымен келесі қарастырылады:
а) кәсіпорынның құнының тиісті бағалауы орындалуы қажет;
б) операция несие берушімен және (немесе) сотпен мақұлдануы қажет;
с) ұсыныстарды қабылдау, өңдеу және сараптаудың тиісті тетігі құрылу қажет (көптеген мемлекеттерде ашық аукцион өткізу қарастырылған, кейбір мемлекеттерде сатып алушыларды іздеудің икемді рәсімі қолданылады).
Кейбір құзыреттіліктерде (айқын мысал Франция бола алады) еңбек ұжымымен консультациялар өткізу және келісімді іске асыру туралы сөйлесуде еңбек ұжымы өкілінің қатысуы қарастырылады (көп жағдайда кәсіпорынды немесе өндірістік бөлімшені өткізіп беру жұмысшыларды жұмыстан шығару немесе еңбек шартының өзгеруі болуы мүмкін).
Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімін шұғыл орындауға жүгіну
Шетелдік мемлекеттердің заңдылықтарында (АҚШ, Испания, Франция, Ресей, Польша, Белорусь) шағымдану мүмкіндігімен дәрменсіздік рәсімін қолдану туралы сот шешімін шұғыл орындауға жүгіну туралы талаптар қойылады.
Бұдан басқа, Ресейде, шұғыл орындауға оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану туралы сот шешімі ғана емес басқа да соттық актілері жатады, мысалы: басқарушының немесе несие берушілердің жиналысының әрекетін шағымдану туралы, басқарушыны тағайындау немесе шеттету туралы, рәсім мерзімін ұзарту туралы, несие берушілердің талаптарының тізіміне талап енгізу туралы, рәсімді аяқтау және жаңарту туралы, әлемдік келісімді жасау немесе бұзу туралы.
Осындай үйлесім жалғасуынан рәсімдерді жүргізумен байланысқан шығындар мөлшері және несие берушілердің талаптарын өтеу дәрежесі байланысты болатын рәсімдерді жүргізу мерзіміне маңызды оңды әсерін көрсетеді.
Шағымдану рәсімін қысқарту
АҚШ, Польша, Ресей сияқты және тағы басқа мемлекеттердің халықаралық тәжірибесі дәрменсіздік рәсіміндегі сот актілерінің шағымдануының қысқартылған ерекше тәртібінің орындылығын растайды.
Польшада нақты борышкердің рәсімінде бекітілген сот-комиссарының шешімі тек қана апелляциялық тәртібінде қайта қаралады, сонымен бірге сотта, үш соттан тұратын алқалық құрамда. Ары қарайғы шағымдану қарастырылмаған.
Ресейде бір жағы оңалту және банкроттық рәсімін өтетін борышкер болып табылатын, апелляциялық шағымды беру мерзімі істер бойынша 15 күннен 10 күнге дейін қысқартылған. Оларға апелляциялық инстанция шешімі соңғы болып табылатын сот актілерінің қатары заңды түрде орнатылған: несие берушілер жиналысын жарамсыз деп тану туралы, рәсімді өткізу мерзімін ұзарту туралы, рәсімнің қатысушылары арасындағы қарама қайшылықты шешу туралы және басқалар.
Оңалту және банкроттық рәсіміндегі барлық таластарды бір сотпен (сотпен) қарастыру
Германия, АҚШ, Нидерланды, Испания, Австрия, Ресей сияқты және басқа мемлекеттердің халықаралық тәжірибесі дәрменсіздіктің нақты ішкі рәсіміндегі барлық таластарды бір сотпен және бір сотпен қарастыру жөнді екенін растайды.
Мысалы, Польшада борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішті үш адамнан құрылған сот жалпы құзыреттікпен қарастырады. Бірақ, банкроттық деп кәсіпорынды тану туралы осы соттың шешімінде осы соттың конкурстық өндірістік бөлімінен нақты сот-комиссар бекітілгені көрсетіледі. Сот-комиссарының өкілеттігіне барлық рәсімдердің кезеңдерін қарастыру кіреді (оңалту жоспарын бекіту, мәмілеге келісу), сонымен қатар рәсімге қатысушылардың арасындағы таласты қарастыру.
Нидерландыда сот оңалту және банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімі шығарылғаннан кейін қызметіне басқарушының іс-әрекетіне бақылау жасау және рәсімдердің ішіндегі барлық таластарды қарау кіретін нақты қадағалаушы сотты тағайындайды. Басқарушы қадағалаушы сотты жасалған іс-әрекеттері туралы үнемі ақпараттандырып тұруға міндетті.
Испанияда құзыретіне банкроттық (оңалту) туралы істі қарау кіретін мамандандырылған коммерциялық сот жұмыс істейді. Коммерциялық соттың құзыретіне банкроттық рәсімін қозғаудан кейін рәсімдер барысында пайда болатын кез келген істерді (қылмыстықтан басқа) қарастыру кіреді: банкроттық алдында мүлікті шығару бойынша борышкердің келісімін жарамсыз деп тану туралы талаптар бойынша, борышкердің басшыларын қаражаттандыру жауапкерлішілігіне тарту туралы, сонымен қатар рәсімнің қатысушылары арасындағы басқа таластарды қарастыру.
Германияда оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізуге байланысты барлық таластарды қарастыратын банкроттық бойынша мамандандырылған сот жұмыс істейді.
Шетелдік тәжіриби Қазақстан Республикасына қолдануға болады деп есептейміз.
-
Заң жобасын іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығындар
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат шығындарын қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |