Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет
Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 030205 4 – "Мейіргер ісі"
Студенттің аты-жөні:___________________________________
Тобы:___________ Курсы:_____ Күні:__________ Билет номері:________
№ 1- ші клиникалық жағдай 1-жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін дәрігер қабылдауында балалардың физикалық дамуын- бас айналымы мен кеуде айналымын анықтап, баға беріңіз. Тапсырма: 1-жасқа дейінгі балаға дәрігер қабылдауында антропометрия жүргізіп, физикалық дамуын – бас айналымын, кеуде аумағын анықтап, бағалау .
№
|
Бағалау критерийлері
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырады, баланың аты-жөнін, жасын сұрады. Баланың сеніміне кірді. Баланың физикалық дамуына бақылау жасап отырудың маңызды екендігін айтты.
|
|
|
|
2
|
Керекті құралдарды дайындады. Қолын гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатты, керек жағдайда резеңке қолғап кию керектігін айтты. Сантиметрлік таспаны спиртке малынған салфеткамен сүртті.
|
|
|
|
3
|
Сантиметрлік таспаны келесі белгілі жерлерге – нүктелерді бастыра салатынын айтып, салып анықтады: – бастың артқы жағына – шүйде бұдырмақтарын бастыра; – алдыңғы жағында – қас доғаларын бастыра, құлақ қалқаны үстімен айналдыра бас шеңберін алды
|
|
|
|
4
|
Алынған қорытындыны баланың даму тарихына жазды.
|
|
|
|
5
|
Сантиметрлік таспаны бала кеудесіндегі келесі нүктелерді бастыра салатынын айтып,салып анықтады: -арқасында – жауырынның астынғы бұрыштарын бастыра; -қолтық астынан айналдыра, алдыңғы жағында – сүт бездерін бастыра шеңбер алып анықтады(пубертатты жастығы қыз балаларда – 4-5қабырға аралығынан анықтайтынын айтты).
|
|
|
|
6
|
Алынған қорытындыны баланың даму тарихына жазды.
|
|
|
|
7
|
Қолдарын жуып, құрғатты.
|
|
|
|
8
|
Сантиметрлік жолақты спиртті салфеткамен сүртті.
|
|
|
|
9
|
Қортындыны жазып, нормативпен салыстырды. Қортындымен баланың анасын таныстырды.
|
|
|
|
10
|
Бала күтімі жайлы брошюралар беріп, айсайын бақылауда болу маңыздылығын айтты.
|
|
|
|
Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен.
Қорытынды балл:__________________ Қорытынды бағасы: __________________
Емтихан алушының аты – жөні және қолы: __________________
Достарыңызбен бөлісу: |