Лекция Лекция тақырыбы: М.Әуезов фольклортанушы ғалым Лекция жоспары: Фольклор және Әуезов Әуезовтің қырғыз эпосы Манасты зерттеуге қосқан үлесі



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі23.56 Kb.
#463838
түріЛекция
  1   2
3-лекция
М 2уезов аудармалары

3-лекция
1. Лекция тақырыбы: М.Әуезов – фольклортанушы ғалым
2. Лекция жоспары:
1. Фольклор және Әуезов
2. Әуезовтің қырғыз эпосы Манасты зерттеуге қосқан үлесі
3. Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Әуезов шығармаларымен танысады, мән-мазмұнын ұғынады;
2. Әуезовтің ғылыми-әдеби мұрасының ерекшеліктері туралы білімдерін қорытындылайды;
3. Өзінің зияткерлік дамуы, мәдени дамуы, таным деңгейін жетілдіру үшін жазушы шығармаларын пайдаланады;
4. Әуезов шығармашылығындағы адамгершілік құндылықтарды біледі;
5. Әуезов шығармашылығын тану арқылы ұлы жазушының шығармашылық лабораториясын, ғылымдағы зерттеулерін игереді;
4. Лекция мазмұны:
М. Әуезов - қазақ фольклоры мен әдебиетінің тұңғыш зерттеушілерінің бірі. Еңбектерін жүйелесек: 1. Абай жайлы; 2. Театр, драматургия, аударма жайлы; 3. Проза жайлы; 4. Дүние жүзі халықтары әдебиеті жайлы; 5. Фольклор жайлы деп бес салаға бөліп қарауға болады.
М. Әуезов фольклор зерттеуді 20-жылдары бастады. 1925 жылы Таң журналында Қобыланды жайлы зерттеуі басылды.
Ақылбайдың өлеңдерін, Сыбан Ақтайлақ бидің шешеңдік сөздерін, Қозы Көрпештің ең көркем Жанақ вариантын бастырған. 1927 жылы шыққан Әдебиет тарихы еңбегіңде фольклорды жанрларға бөліп, ертегілер туралы пікір айтқан. Әр түрлі тұрмыстық өлендерде драматургия элементтері барлығы дәлелденді.
Қазақ халқының әдебиеті мен фольклоры деген зерттеу еңбекті Л.Соболевпен бірігіп жазып, орыс оқырмандарын ұлт өнерімен таныстырды.
Қырғыздың батырлық эпосы Манас туралы Әуезов зерттеуі өз маңызын әлі жоймаған теориялық еңбек. Әдебиет тарихы, сыны, теориясы проблемалары төңірегіңде М.Әуезов тұжырымдаған терең пікірлер, байламдар бар.
Біз ескі әдебиетімізді сүйеміз. Сүйеміз дегеніміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз! Құрметіміз орынсыз емес, - деп, ол қазақ эпостары Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қобыланды, Ер Тарғындардың көркемдік қуатының зор екенін, бұларда халық өмірінің белгілі дәуірі реалистікпен бейнеленгендігін дөп басын айтады: батырлар жырының ерекшеліктерін пайымдайды. Қарабай, Қодар сияқты бейнелерді типтік дәрежеге көтерілген образдар деп танып, оларды еуропалық елдер әдебиеттеріндегі образдармен салыстыра талдайды.
Айтыстарды қазақ поэзиясының аса қымбат бір саласы деп тапқан және жазба әдебиетке оңай қосылып кетер нұсқа екендігін айқындаған Әуезов пікірінің әділдігі әдебиетіміздің даму жолында шындыққа асып отыр.
Мұхтар Әуезовтің фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан адам белгілі сыншы Ғ.Тоқжанов болатын. Ол жазушының 1927 жылы шыққан Әдебиет тарихы кітабына біраз сын айтып, бір жақты баға берді. Бұрын жазба әдебиет дәстүрі әбден дамымаған қазақ кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жаңа әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М. Әуезовтің орынды пікірін Ғ. Тоқжанов: Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі, әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді,— деп өрескел бұрмалайды. Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келеке етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған пролеткульттік әдеби сынның бір белгісі осылай көрінеді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М. Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін елуінші жылдардың аяғына таман ғалымның көп жылдар бойы басына төнген қауіп бұлты сейіліп, Абай жолы эпопеясы арқылы аты дүниежүзіне әйгілі болған кезде, М. Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала, очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы тиіп-қашты ғана айтылды. Тиіп-қашты деуіміздің сол кез үшін үлкен саяси идеологиялық мәні болды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда Социңиалистік Қазақстан газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның жиырмасыншы жылдардағы фольклор саласындағы көптеген түбегейлі еңбектері мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілікке танылмай келуінің басты себебі болды.
Солай болғанымен де асыл тас су түбінде жатпайды дегендей, М. Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас творчествосына арналған жинақтарда, әдебиетші-ғалымдар 3.Қедринаның, А.Нұрқатовтың, Е.Лизунова мен Ы. Дүйсенбаевтың, М.С.Сильченко мен Смирнованың, М.Қаратаевтің мақала-очерктерінде, сол секілді ұлы жазушы, ғұлама ғалымның творчествосына арналған газеттік, журналдық мақалаларда көрініс тауып отырды.
Енді, соларға қысқаша шолу жасайтын болсақ, жоғарыдағы авторлардың барлығы да М. Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені оның жалпы ғылыми-педагогтік қызметімен байланысты көтеріп, фольклор туралы еңбектеріне ішінара ғана тоқталған. Олар фольклоршы М. Әуезовтің отызыншы, қырқыншы жылдардағы зерттеулеріи ғана тілге тиек етіп, ал қазақ фольклортануы мен әдебиеттануы ғылымдарының енді-енді бой көтеріп, қалыптасып келе жатқан балаң кезінде солардың іргетасын (фундаменті) каласқан зор еңбегін сол кездегі белгілі себептермен айта алмады. Мысалы, академик С. Бәйішевтің мақаласында М. Әуезовтің алғаш тәжірибе ретінде қазақ ауыз әдебиетіне арналған еңбегі ескертілген. Бірақ ол еңбектің атын атамайды. Бұл жерде ғалымның тілге тиек етіп отырғаны фольклортанушы М. Әуезовтің 1927 жылы Ташкентте басылып шыққан бойы сол кездегі ресми идеологияның құдыретімен жылы жабылып қалған Әдебиет тарихы кітабы екендігі ешбір күмән келтірмейді. Фольклоршы ғалымдар Р. Бердібаевтың, Б. Уахатовтың М. Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы пікірлері де көңіл аударуды қажет етеді.
Фольклортанушы ғалымның елуінші жылдардың аяғында, алпысыншы жылдардың басында жарық көрген ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектері жинақтарына арналған. Ә. Дербісәлиннің, А. Нұрқатовтың, X. Сүйіншәлиевтің мақалалары мен очерктері де біршама назар аударарлық. Олар М. Әуезовтің фольклорлық еңбектері ішінен, әсіресе, Манас туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ерекше атап етеді.
М. Әуезовтің фольклор жайлы еңбектерін толығырақ қамтып, жүйелі турде зерттеу аталған мақала-рецензиялардың, очерктердің міндетіне кірмегеидіктен, оларда бұл мәселеге ғылыми түрде талдау жасап баға беруден гөрі жалпы үгіттеу жағы басым болды. Мақала, очерктерде ғалымның ғылыми-педагогикалық қызметі мен фольклорлық зерттеулері үстірт қана сөз болса, Әр жылдар ойлары, Уақыт және әдебиет туралы рецензияларда кітаптарға енген фольклорлық еңбектер ғана баяндалады. Көбінесе біреулерінде айтылған пікір екіншілерінде қайталанып отырады. Мәселен, Ә. Дербісәлин кейінгі жазғанында М. Әуезовтің Манас туралы бұрынғы айтқандарын қайталайды.
М. Әуезовтің творчестволық жолына арналған профессорлар М.С. Сильченко, Н. С. Смирнованың очерктерінде оның әр кездерде жазған фольклорлық еңбектері жайлы біраз сөз болады. Бірақ олар М. Әуезовтің фольклорды жинау, зерттеу жұмысы, жиырмасыншы жылдары профессиясына айналмаған болса, отызыншы, қырқыншы жылдары қазақтың халық поэзиясын зерттеуге барлық уақыты мен күшін түгел арнады деп оның ғыльши. еңбектеріне нақтылы емес, жалпы дәуірге бөліп қана шолу жасайды. Әуезов еңбектері жарыққа шыққан белгілі бір дәуірдегі қазақ фольклористика ғылымының жайы, оның біртіндеп ержету қадамдары, осыған орай Әуезов творчествосына әрқашан да тән біртіндеп жетіліп отыратын эволюция, белгілі бір кезеңде болған жетістіктер мен сәтсіздіктер очерктерде тарқатылып айтылмайды. Ең бір өкініштісі, авторлар М. Әуезовтің қазақ фольклорларын зерттеудегі жиырмасыншы жылдары жазған қыруар еңбектерін аттап өтіп, қазақтардың халық поэзиясын ғылыми классификациялаудың бастамасын Әуезов отызыншы, қырқыншы жылдары жазған еңбектерінде жасады — деп топшылайды. Шындығына келсек, қазақ фольклорын ғылыми классификациялау тәжірибесін ғалымның жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен көреміз.
Азия, Африка халықтары журналының 1961 жылғы 6-шы санында жарияланған мақаласында И. С. Брагинский Мұхтар Әуезовтің орыс тілінде шыққан ғылыми-зерттеу еңбектері женінде бірсыдырғы қызықты топшылаулар жасайды. Мақаланың авторы ғалымның жалпы творчествосын үш кезеңге бөліп қарайды: 1) іздену дәуірі — отызыншы жылдарға дейін. 2) гүлденіп, толысу дәуірі — қырқыншы жылдарға дейін. 3) өнімді жеміс берген дәуірі — қырқыншы жылдардан бастап өмірінің соңғы кезіне дейін. Бірақ И. С. Брагинский М. О. Әуезовтің зерттеушілік көзқарасындағы эволюцияға бара алмаған. Оған мақаланың көлемі мүмкіндік бермеген сияқты.
Сөз етіп отырған мақаланың тағы бір маңызды жағы — автор Мұхтар Әуезовті тек қазақ әдебиеті ғана емес, шығыстың рухани әдеби-мәдени байлығын зерттеуші ғалым деп қарайды. Бұған дәлел ретінде оның Манас туралы еңбектеріне тоқтала келіп, дүниежүзі фольклорындағы ең көлемді шығарма қырғыз халқының ұлаң-ғайыр эпосы Манасты зерттеудегі зор еңбегін жоғары бағалайды. М. О. Әуезовпен ұзақ жылдар қызметтес болып қазақ фольклортану ғылымында әр жылдары онымен қоян-қолтық бірге жемісті еңбек етіп, осы ғылымды кеңес дәуірінде зерделі турде зерттеп, ілгері дамытқан көрнекті ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Е. Ысмайылов тағы басқалар фольклордың өз тараптарынан қарастырып отырған әржақты проблемаларын шешуде барлығы да аса беделді фольклортанушы ғалым М. О. Әуезовтің еңбектеріне, оның әр саладағы бұрын-соңды айтқан ғылыми қағидаларына әрқашан иек артып отырады.
Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері М. Әуезовтің ғылыми мұрасымен тікелей байланысты екенін әсіресе, фольклортанушы ғалым М. Ғабдуллиннің жоғарыдағы кітабынан айқын көреміз. Автор өз кітабында бұрынғы фольклор зерттеушілерінің еңбектерін естен шығармай, оларға тиісті орын беріп отырады. Солардың ішінде ғалымның ерекше көңіл бөлгені М. Әуезовтің фольклор жайлы ғылыми еңбектері. Қазақ фольклорын жоғары оқу орындары студенттеріне оқулық дәре,жесінде жүргізуде ол үлкен ғалым М. О. Әуезовтің теориялық қағидаларын назарынан тыс қалдырмай, үнемі басшылыққа алып отырды.
Бұл жерде ғылыми әділдік үшін мына жайды айта кеткен жөн болар. М. Ғабдуллиннің М. Әуезовтің фольклорлық еңбектеріне алғашындағы оң көзқарасы кейін елуінші жылдардағы эпос туралы айтыста жасаған баяндамасында сол кездегі идеологияның қыспағына байланысты құбылып отырғанын жасыруға болмайды. Мәселен, ол аталған баяндамасында М. Әуезовтің фольклорды, соның ішінде эпостарды алғашқылардың бірі болып зерттеген көп жылғы қажырлы да жемісті еңбектеріне әділ баға берудің орнына, оны автордың жіберген қателіктері ретінде айтады.
Осы сияқты біржақты пікірлер қазақ әдебиеті тарихының фольклорға арналған алғашқы академиялық басылымының жауапты редакторы және негізгі авторларының бірі болған академик М. О. Әуезовтің атына кезінде аз айтылған жоқ. Дегенмен, кітаптың 1960 жылы шыққан келесі басылымында ұжымдық еңбектің авторлары Н. С. Смирнова, М. С. Сильченко, Б. Адамбаев, Ы. Дүйсенбаев т. б. өздерінің ой-пікірлерін дәлелдеуде М. О. Әуезовтің ғылыми қағидаларына иек артып отырады. Бұл басылым туралы кезінде газет, журнал беттерінде жарияланған сын-пікірлер де кітаптың Мұхтар Омарханұлы Әуезов жазған Ертегілер, Қозы Қөрпеш — Баян сұлу, Қыз Жібек, Айтыс өлеңдер деген тараулар, олардың ғылыми құндылығы алдымен аталады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: М. О. Әуезовтің фольклорлық еңбектері ғалымның өзінің көзі тірісінде бір қалыпқа келіп, жүйелі зерттелмеді. Бұл мәселе туралы көбіне-көп бір-біріне қарама-қайшы пікірлер орын алды. Сонын салдарынан ғалымның фольклор мұрасы шынайы ғылыми бағасын ала алмады.
М. О. Әуезов қайтыс болғаннан кейін оның мәңгі өлмейтін ұшан-теңіз жазушылық және ғылыми мұрасына деген зерттеушілердің назары ешбір толастаған емес. Соның бір айғағы, 60-жылдардың орта кезінен бастап оның. фольклорлық мұрасы арнайы зерттеу тақырыбына айнала бастады. Нәтижесінде М.Әуезовтің фольклортануға қосқан үлесін зерттеуші Ә.Молдаханов өз еңбегінде толық ғылыми айналымға қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет