Қоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы



бет2/6
Дата01.07.2016
өлшемі421.5 Kb.
#170692
1   2   3   4   5   6

5. Жынысы бойынша туушылық және өлім


68. Өлімнің арнайы көрсеткіштеріне:

1. Еңбекке жарамды жастағы өлім

2. Жас топтары бойынша өлім

3. Жынысы бойынша өлім

4. Жыл мезгілдері бойынша өлім

5. Бір жылдағы өлім


69. Туушылық көрсеткішін есептегенде берілген жылы қалай туылғандардың саны алынады:

1. Тірі


2. Өлі

3. Өлі және тірі

4. Жетіліп туылғандар

5. Жетілмей туылмағандар


70. Депопуляция құбылысы елде мынадай типті жас пирамидасы болуымен сипатталады:

1. Симметриялық тип

2. Регрессивті тип

3. Прогрессивті тип

4. Ассиметриялық тип

5. Стабильді тип


71. Туушылыққа әсер ететін факторларға:

1. Халық эмиграциясы

2. Халықты контрацепциямен қамту

3. Некеге тұру жасы

4. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

5. Ата-анасының денсаулық жағдайы


72. Туушылықтың арнайы көрсеткішіне жатады:

1. Жалпы көбею

2. Некелік көбею

3. Көбеюдің жасқа байланысты коэфициенттері

4. Туушылық көрсеткіші

5. Жалпы фертильдік


73. Демографиялық статистиканың негізгі бөлімдері?

1. Халық саны мен құрамы.

2. Халық статикасы мен динамикасы.

3. Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы.

4. Халық құрамы мен миграциясы.

5. Халық статикасы мен табиғи қозғалысы


74. Халық статикасы нені зерттейді?

1. Халық саны.

2. Халықтың жасы мен жынысы бойынша құрамы.

3. Халық құрамы мен санының геогафиялық ерекшеліктері.

4. Әлеуметтік белгілері бойынша халық құрамы.

5. Халық саны және жасы, жынысы, басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша құрамы


75. Халық қозғалысы нені зерттейді?

1. Халықтың миграцилық процестері мен туушылығы.

2. Халықтың механикалық қозғалысы мен өлімі.

3. Халықтың көбеюі.

4. Халықтың механикалық және табиғи қозғалысы.

5. Халықтың табиғи қозғалысы және туушылығы.


76. Халықтың табиғи қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер?

1. Туушылық, өлім, табиғи өсу, көбею.

2. Табиғи өсу, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, көбею, өлім.

3. Туушылық, неке, ажырасу, сәбилер өлімі, көбею.

4. Туушылық, өлім, табиғи өсу, неке, ажырасу.

5. Некелік көбею, жалпы өлім, туушылық, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы.


77. Туушылық көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

1. Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

2. Берілген жылы тірі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны.

3. Берілген жылы тірі туылғандар саны, орташажылдық халық саны.

4. Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, орташажылдық халық саны.

5. Берілген жылы орташажылдық халық саны, өткен жылы өткен жылғы орташажылдық халық саны


78. Туылу жөніндегі мәлімет көзі болып саналатын медициналық құжатты көрстеіңіз?

1. Туу тарихы.

2. Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы.

3. Нәрестенің даму тарихы.

4. Туу жөніндегі медициналық куәлік.

5. Жүктілерге, босанғанғандарға, босанатындарға медициналық көмек көрсету жөніндегі есеп беру

79. Халықтың жалпы өлімі көрсеткішін есептеуге қажетті мәліметтер?

1. Берілген жылғы орташажылдық халық саны, өткен жылы өткен жылғы орташажылдық халық саны.

2. Берілген жылы өлгендер саны, орташажылдық халық саны.

3. Берілген жылы өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

4. Берілген жылы өлгендердің 2/3-і + өткен жылы өлгендердің 1/3-і, халық саны.

5. Берілген жылы өлгендер саны, берілген жылы өлі және тірі туылғандар саны.


80. Халықтың жасқа байланысты өлім көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

1. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы өлгендердің жалпы саны.

2. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

3. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, осы жастағылардың орташажылдық халық саны.

4. Берілген жылы белгілі бір жаста өлгендер саны, орташажылдық халық саны.

5. Берілген жылы өлгендер саны, осы жастағы халық саны.


81. Жекелеген себептерден халық өлімін есептеуге қажетті мәліметтер?

1. Берілген жылы жекелеген себептерден өлгендер саны, берілген жылы өлгендердің жалпы саны.

2. Берілген жылы жекелеген себептерден өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

3. Берілген жылы аурудан өлгендер саны, орташажылдық халық саны.

4. Жекелеген аурудан өлгендер саны, берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны

5. Берілген жылы жекелеген себептерден өлгендер саны, орташажылдық халық саны

82. Республикадағы халық өлімінің құрамында қандай себептердің үлес салмағы жоғары?

1. Тыныс органдарының аурулары, эндокринді жүйенің аурулары, жарақаттанулар.

2. Жұқпалы аурулар, қан айналу жүйесінің аурулары, тыныс органдарының аурулары.

3. Жарақаттанулар, қатерлі ісіктер, жұқпалы аурулар.

4. Қан айналу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттанулар.

5. Тыныс алу жүйесінің аурулары, асқорту жүйесінің аурулары, қан айналу жүйесінің аурулары, қан аурулары


83. Сәбилер өлімін есептеуге қажетті мәліметтер?

1. Берілген жылы туылған соң 1 ай ішінде өлгендер саны, беілген жылы тірі туылғандар саны.

2. Берілген жылы өмірінің алғашқы аптасында өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны.

3. Берілген жылы туылғаннан кейін 1 жасқа дейін өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны.

4. Берілген жылы тірі туылғандар саны, алғашқы 6 күнде тірі және өлі туылғандар саны, орташажылдық халық саны.

5. Берілген жылы 1 жасқа дейін өлгендер саны, орташажылдық халық саны.


84. Республикадағы сәбилер өлімінің себептері қандай?

1. Асқорту ағзаларының жұқпалы аурулары, тыныс ағзаларының аурулары, қан аурулары

2. Тыныс ағзаларының аурулары, перинатальдық кезенде туындайтын жағдайлар, туа біткен ақаулар

3. Ұрықтың асфиксия не гипоксиясы, жарақаттану, жұқпалы аурулар

4. Жүрек-қан тамырлар аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттану

5. Туа біткен ақаулар, тыныс ағзаларының аурулары, асқорту ағзаларының аурулары


85. Өлім себертерін зерттеу қандай статистикалық құжат негізінде жүргізіледі?

1. Статистикалық талон

2. Патолого-анатомиялық зерттеу іс қағазы

3. Өлім туралы дәрігерлік куәлік

4. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің жылдық есебі

5. Ауруханадан шыққан науқастардың статистикалық картасы


86. Перинатальдық өлім көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

1. Тірі туылғандар саны,өлі туылғандар саны, өмірінің 1-ші аптасында өлгендер саны

2. Тірі туылғандар саны, өлі туылғандар саны, өмірінің 1-ші айында өлгендер саны

3. Өмірінің 1-ші аптасында шетінегендер саны

4. Тірі туылғандар саны, өлі туылғандар саны, орташа жылдық халық саны

5. Туылғанға дейін және босану кезінде өлгендер саны, берілген жылы тірі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны


87. Перинатальдық өлім құрамында қандай себептердің үлесі жоғары?

1. Асқорту ағзаларының жұқпалы аурулары, ұрықтың асфиксиясы және гипоксиясы, нәрестелердің гемоктикалық аурулары

2. Туа біткен ақаулар, кезіндегі жарақаттану, тыныс ағзалар аурулары

3. Ұрықтың асфиксиясы және гипоксиясы, шала туылғандардың респиратрорлық дистресс-синдромы, туа біткен ақаулар

4. Туылу кезіндегі жарақаттану, жұқпалы аурулар, тыныс ағзаларының аурулары

5. Шала туылғандардың респираторлық дистресс-синдромы, сепсис, қан азаюы


88. Халықтың табиғи өсу көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет?

1. Берілгендер жылы туылғандар саны, өткен жылы туылғандар саны, орташа жылдық халық саны

2. Берілгент жылы туылғандар саны, сол жылы өлгендер саны, орташа жылдық халық саны

3. Берілген жылы тірі туылғандар саны, сол жылы өлі туылғандар саны, өткен жылғы халық саны

4. Биылғы жылы тірі туылғандардың 2/3-сі, жылы туылғандардың 1/3-і, сол жылғы халық саны

5. Берілген жылы туылғандар саны, сол жылы өлгендер саны, өткен жылғы орташа жылдық халық саны


89. Жалпы көбею көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет?

1. Берілген жылы тірі туылғандар саны, 15-49 жас аралығындағы әйелдердің орташа жылдық саны

2. Берілген жылы босану жасындағы әйелдерден тірі және өлі туылғандар саны, орташа жылдық халық саны

3. 15-49 жас аралығындағы әйелдер саны, орташа жылдық халық саны

4. Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, орташа жылдық халық саны

5. Берілген жылы тірі және өлі туылғандар саны, өткен жылы тірі туылғандар саны


90. Тұрғындардың табиғи қозғалысына жатады:

1. Эмиграция, иммиграция

2. Тербелмелі миграция

3. Сыртқы миграция, ішкі миграция

4. Келіп-кетушілер саны

5. Туушылық, өлім


91. Демография бұл-

1. Қоғамдық дамудағы халық туралы ғылым

2. Тұрғындардың аумақтағы орын алуы туралы ғылым

3. Тұрғындардың денсаулығы туралы ғылым

4. Қоғамдық-экономикалық фармацияға әсер етуші өндірістік қарым-қатынастар туралы ғылым

5. Денсаулық және денсаулық сақтау туралы ғылым


92. Демографиялық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін әдістерге жатады:

1. Демографиялық құбылыстың өтпелі есебі, сараптамалық бағалаулардың әдістері, бюджеттік-экономикалық әдіс

2. Тарихи әдіс, халық санағы

3. Халық санағы, демографиялық құбылыстарды күнделікті тіркеу, демографиялық мәселелерді іріктеп зерттеу

4. Демографиялық мәселелерді іріктеп зерттеу, сұрақнама әдісі, статистикалық әдіс

5. Тарихи әдіс, анамнестикалық, статистикалық және экономикалық әдістер


93. Сәбилер өлімін есептеуге қандай мәліметтер қажет:

1. 1 жасқа толмай өлгендердің саны

2. 2 жасқа толмай өлгендердің саны

3. 2-3 жасқа толмай өлгендердің саны

4. 4-7 жасқа толмай өлгендердің саны

5. 8-12 жасқа толмай өлгендердің саны


94. Сәбилер өлімі көрсеткішін есептеу не үшін қажет?

1. Өлім көрсеткішінің ең төмен деңгейін анықтау

2. Сәбилер өлімінің ең жоғарғы деңгейін анықтау

3. Балалар аурулығын және өлім

4. Сәбилер өлімі динамикасын анықтау үшін

5. Босандыру мекемелерінің материалдық-техникалық қамтылуын анықтау үшін


95. Ерте мерзімдік неонатальды өлім деп статистикада қандай мерзімде өлгендер есептеледі

1. Туылған соң алғашқы 7 күнде

2. Туылған соң алғашқы 8 күнде

3. Туылған соң алғашқы 10 күнде

4. Туылған соң алғашқы 15 күнде

5. Туылған соң алғашқы 6 айда


96. Кеш неонатальды өлім деп статистикада қандай мерзімде өлгендерді есептейді

1. Туылған соң алғашқы 3 күнде

2. Туылған соң алғашқы 5 күнде

3. Туылған соң 2,3,4 аптада

4. Туылған соң 4,5 аптада

5. Туылған соң 6,7 аптада


97. Постнеонатальды өлім деп статистикада қандай мерзімде өлгендер есептеледі

1. Туылған соң 16 күннен бастап

2. Туылған соң 18 күннен бастап

3. Туылған соң 19 күннен бастап

4. Туылған соң 29 күннен бастап

5. Туылған соң 30 күннен бастап


98. Сәбилер өлімі көрсеткіші қалай есептелінеді?
1.
2.
3.
4.
5.
99. Неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы:
1.
2.
3.
4.
5.
100. Ерте неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы:
1.
2.
3.
4.
5.
101. Кеш неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы:
1.
2.
3.
4.
5.
102. Перинатальдық өлім көрсеткішін есептеу әдісі:
1.
2.
3.
4.
5.
103. Өлі туылу көрсеткішін есептеу формуласы:
1.
2.
3.
4.

5.


104. Перинатальдық өлім себептері бойынша бірінші орын алатын сырқат түрін көрсетіңіз (бірінші топтағы ананың аурулары мен денсаулық жағдайы бойынша)

1. Жүктілік асқынулары

2. Жүктіліктің екінші жартысында асқынулар

3. Нәресте айналасындағы судың ерте кетуі

4. Баланың жылдам туылуы

5. Бала жолдасының мерзімінен ерте түсуі


105. Перинатальдық өлім себептері бойынша бірінші орын алатын сырқат түрін көрсетіңіз (екінші топтағы ананың аурулары мен денсаулық жағдайы бойынша)

1. Асфиксия

2. Тыныс аурулары

3. Туа біткен ақаулар

4. Бала жолдасының ерте түсуі

5. Кіндік және оның айналасының асқынуы


106. Перинатальды өлімнің құрылымдық компоненттерін көрсетіңіз:

1. Өлі туылу

2. Ерте неонатальды өлім

3. Неонатальды өлім

4. Кеш неонатальды өлім

5. Сәбилер өлімі


107. бала өлімін тіркеу үшін ахаж ұйымына денсаулық сақтау мекемелері қандай құжаттар дайындауы қажет:

1. Перинатальды өлім жөніндегі куәлік

2. Өлім жөніндегі медициналық куәлік

3. Өлім жөніндегі фельдшер анықтамасы

4. Сырқатнама

5. Патологоанатомиялық (соттық-медициналық) зерттеу хаттамасы


108. Экономикалық дамыған елдерде халық өлімі құрылымында жетекші орындарға ие:

1. Жұқпалы және паразитарлық аурулар; асқорту жүйесінің аурулары; психикалық аурулар

2. Қан айналу жүйесінің аурулары; қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар

3. Қатерлі ісктер; жарақаттанулар және уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары

4. Туберкулез; қатерлі ісіктер; қан айналу жүйесінің аурулары

5. Қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары


109. Алдағы өмірдің орташа ұзақтығы деген:

1. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

2. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу және өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

3. Бір жылда өлгендердің орташа жасы

4. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

5. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты туу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны


110. аурушылдық көрсеткіштеріне қатысты:

1. Біріншілік аурушылдық

2. Жалпы аурушылдық

3. Патологиялық зақымдалу

4. Жалпы өлім

5. Аурулық


111. Біріншілік аурушылдықты анықтау үшін қандай мәліметтер қажет?

1. Берілген жылы алғашқы рет тіркелген аурулар саны, сол территориядағы орташа жылдық халық саны

2. Берілген жылы алғашқы рет тіркелген аурулар саны, өткен тіркелген аурулар саны

3. Профилактикалық тбайқауларда анықталған аурулар саны, өткен жылы тіркелген аурулар саны

4. Берілген жылы алғашқы рет тіркелген аурулар саны, сол жылы тіркелген аурулардың жалпы саны

5. Берілген жылы тіркелген аурулардың жалпы саны, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны


112. Жалпы аурушылдықты анықтау үшін қандай мәліметтер қажет

1. Берілген жылы алғаш рет тіркелген аурулар саны, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны

2. Медициналық байқауларда тіркелген аурулар саны, медициналық байқаудан өткендер саны

3. Берілген жылы тіркелген барлық аурулар жиынтығы, сол территориядағы халықтың орташа жылдық саны

4. Берілген жылы тіркелген аурулардың жалпы саны, өткен жылы тіркелген аурулардың жалпы саны

5. Өткен жылы тіркелген аурулар саны, орташа жылдық халық саны


113. Медициналық байқау мәліметтері бойынша аурушылдықты зерттеу әдісінің жетістіктеріне төмендегілердің қайсысы жатады?

1. Халық аурушылдығы туралы мәліметтерді толықтырады

2. Созылмалы ауруларды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді

3. Жедел аурумен аурушылдықты сипаттайды

4. Ауруды анықтаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді

5. Амбулаторлық-емханалық көмекке қол жеткізуге байланысты емес


114. Өздігінен келіп қаралу мәліметтері бойынша аурушылдыққа (арнайы тіркеу мәліметтері бойынша) төмендегілердің қайсысы жатады?

1. Эпидемиялық аурулармен аурушылдық

2. Эпидемиялық емес маңызды аурулармен аурушылдық

3. Уақытша жұмысқа жарамсыздық аурушылдығы

4. Тамақтан және кәсіптік уланулар

5. Жүрекке және қан тамырлар аурулармен аурушылдық


115. Арнайы тіркеуге алынатын ауруларды атаңыз:

1. Асқорту ағзаларының аурулары

2. Қатерлі ісіктер

3. Туберкулез

4. Психикалық бұзылыстар

5. Тері-венерологиялық


116. Госпитализацияланатын аурушылдықты зерттеу үшін төмендегі біріншілік медициналық құжаттардың қайсысы қолданылады?

1. Қорытынды диагнозды тіркеу статистикалық талоны

2. Еңбекке жарамсыздық қағазы

3. Ауруханадан шыққан науқастың статистикалық картасы

4. Төсек қоры мен науқастардың қозғалысы тіркелетін қағаз

5. Науқастарды қабылдауды, ауруханадан шығаруды тіркеу журналы


117. Науқастардың өздігінен келіп қаралуы бойынша аурушылдықты зерттеу үшін статистикалық құжаттардың қайсысы қолданылады?

1. Емхана дәрігерінің жұмыс күнделігі

2. Қортынды диагнозды тіркеу статистикалық талоны

3. Еңбекке жарамсыздық қағазы

4. Дәрігерге қабылдау талоны

5. Сырқатнама


118. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығын зерттеу үшін аталған құжаттардың қайсысы пайдаланылады?

1. Сырқатнама

2. Амбулаторлық карта

3. Дәрігерге қабылдау талоны

4. Еңбекке жарамсыздық қағазы

5. Емхана дәрігерінің жұмыс күнделігі


119. Өлім себептері бойынша аурушылдықты зерттеу үшін аталған құжаттардың қайсысы пайдаланылады?

1. Сырқатнама

2. Статистикалық талон

3. Өлім туралы дәрігерлік куәлік

4. Патолого-анатомиялық зерттеу іс қағазы

5. Ауруханадан шыққан науқастардың статистикалық картасы


120. Патологиялық зақымдалуды анықтау үшін қандай мәліметтер қажет?

1. Барлық тіркелген аурулардың саны, медициналық көмек алуға келгендер саны

2. Берілген жылы ағаш рет тіркелген аурулар саны, сол аймақтағы халық саны

3. Медициналық байқауда анықталған аурулар және функциональды өзгерістер саны, медициналық байқаудан өткендер саны

4. Медициналық байқауда анықталған аурулар саны, сол аймақтағы халық саны

5. Белгілі бір ауру немесе функциональдық өзгерістер жағдайымен тіркелгендер саны, тіркелген аурулар мен функциональдық өзгерістертердің жалпы саны


121. Эпидемиялық аурушылдықты зерттеуге төмендегі құжаттардың қайсысы пайдаланылады?

1. Анықталған қортынды диагнозды тіркейтін статистикалық талон

2. Амбулаторлық аурудың медициналық картасы

3. Сырқатнама

4. Жұқпалы ауру, тамақтан және жедел түрде кәсіби уланулар жөніндегі шұғыл хабарлама

5. Ауруханадан шыққан науқастың статистикалық картасы


122. 100 жұмысшыға шаққандағы уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет?

1. Уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны, орташа жылдық халық саны

2. Уақытшаь еңбекке жарамсыздықтың жағдайларының саны, бір жағдайдың орташа ұзақтығы

3. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың жағдайларының саны, орташа жылдық жұмысшылар саны

4. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың жағдайларының саны, ауырғандар адамдар саны

5. Берілген жылдық еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны, өткен жылғы жұмысшылар саны

123. 100 жұмысшыға шаққандағы уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет?

1. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, орташа жылдық халық саны

2. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, бір жағдайдың орташа ұзақтығы

3. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, орташа жылдық жұмысшылар саны

4. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, бір жылғы жұмыс күндерінің саны

5. Уақытша еңбекке жарасыздық күндер саны, бір жылғы жұмыс күнднрінің саны


124. Еңбекке жарамсыздықтың бір жағдайының орташа ұзақтығы көрсеткішін есептеуге қандай мәліметтер қажет?

1. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, ауру адамдар саны

2. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, халық саны

3. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, уақытша еңбекке жарамсыздық жағдай саны

4. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, орташа жұмысшылар саны

5. Уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны, бір жылғы жұмыс күндерінің саны

125. Аурушылдықты статистикалық өңдеуде міндетті түрде қолданылатын құжат?

1. Аурулар және өлім жағдайларының бірыңғай статистикалық жіктелуі

2. Аурушылдықтың халықаралық номенклатурасы

3. Аурулар мен жарақаттанудың халықаралық жіктелуі

4. Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық жіктелуі

5. Аурулар мен өлім себептерінің статистикалық жіктелуі және номенклатурасы


126. Біріншілік аурушылдық (нақты аурушылдық) – бұл

1. Тұрғындардың арасындағы сол жылда анықталған барлық және алдыңғы жылдары тіркелген аурулардың жиынтығы

2. Бұрын еш жерде тіркелмеген, жаңадан анықталған аурулардың жиынтығы

3. Тұрғындардың арасында патологияның жиілігін анықтау

4. Аурудың дамуына кейін себеп болатын функционалдық ауытқулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет