Қоғамдық экономикалық негізгі жүйелердің типтері және шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттіңараласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің әртүрлі модельдері



Дата01.07.2016
өлшемі189.88 Kb.
#169761
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Экономика және менеджмент кафедрасы

6М051000 мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы

Орал - 2015ж


  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу

  2. Мемлекеттік басқару теориясы

  3. Мемлекет және бизнес

  4. Менеджмент


Экономиканы мемлекеттік реттеу

1 тақырып: Экономиканы мемлекеттік реттеудің тоериялық аспектілері

Қоғамдық экономикалық негізгі жүйелердің типтері және шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттіңараласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің әртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктыкэкономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама.

Экономиканымемлекеттік реттеу түсінігінің анықтамасы. Экономикаға мемлекеттің араласу шектері. Рыноктың кемшіліктері және мемлекеттің кемшіліктері. Экономиканы мелекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері.
2 тақырып: Экономиканы мелекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Мақсаттарды анықтау, бәсекелес және бір-бірін қолдаушы мақсаттар. Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын дайындау, мақсаттарға жету үшін құралдар тобын таңдау.
3 тақырып: Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру. Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа қызметтері. Әкімшілік-құқықтық реттеу. Экономикалық реттеу. Экономикаға мемлекеттің тікелей және жанама әсер ету нысандарын анықтайтын жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары. Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық билік ету жүйесі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні және даму белгілері.


4 тақырып: Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде

Мемлекеттік реттеудің қазіргі әдістері: ғылыми болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау. Болжаудың негігі түрлері. Болжаудың қағидалары: кешенділігі, ғылыми негізделуі, баламалылығы, мақсатқа сай бағытталуы. Болжау әдістері. Жоспарлаудың мәні және негізгі мақсаттары. Жоспарлаудың түрлері: директивті және индикативті. Жоспарлаудың қағидалары. Экономикалық бағдарлама жасау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты және жүзеге асыру тәсілдері.


5 тақырып: Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері

Фискалды саясат қаржы-бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары, негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет экономиканы қаржылық реттеудің негізі. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: ашықтық, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыз-экономиканы реттеудің құралдары.


6 тақырып: Ақша несие саясаты

Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері. Ақша-несиелік реттеудің неоклассикалық және кейнстік модельдері. Ақшаның монетарлық теориясы.

Ақша несиелік реттедің мақсаттары. Орталық банктің қызметтері. Классикалық монетарлық құралдар: ашық рыноктағы операциялар, пайыз қойылымы саясаты, міндетті резервтерді реттеу. ҚР даму сатыларындағы ақша-несиелік саясатының ерекшеліктері. Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары. Экономиклық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары. Экономикалық өсу және қоршаған орта. Тұрақты экономикалық өсу және тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасы. Экономикалық өсудің модельдері. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі әрекет ету бағыттары. Өндірістің тиімділік көрсеткіштері.

7 тақырып: Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде. Ақпараттық телекоммуникациялық төңкеріс жағдайындағы ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері. Ақпараттық технологиялардың адам факторына әсері. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттардың қалыптасуы. 2003-2015ж. дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясы. Постиндустриалды қоғам құрудағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі. НИОКР-ды қаржыландыру жағдайлары мен көздері. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ҚР даму институттарының рөлі. Венчурлық кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуды ынталандыру.
8 тақырып: Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымы. Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор-салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс- шаралары. Белсенді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттігі. Ұзақ мерзімге арналған өнеркәсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидалары, өнеркәсіптік саясаттың түрлері. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс- шаралары.

Құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлі. Инвестициялаудың субъектілері мен объектілері. Инвкстицияның негізгі пайда болу көздері. Инвестициялық іс- әрекетті мемлекеттік реттеу нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие және амортизациялық саясат.

Ұлттық шаруашылық құрылымын өзгертудің қажеттігі- Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылуының маңызды шарты.


. 9 тақырып: Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктері. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аграрлық сфераның рөлі. Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтері. Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандары: ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа әсер ету. Аграрлық саясаттың іс- шаралары. Агробизнесті қалыптастыру. Қазақстан Республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар. Аграрлық кластерлер.



10 тақырып: Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу.

Бәсекелік ортаны қалыптастыру постиндустриалды экономикаға өтудің маңызды шарты ретінде. Монополияға қарсы саясат: мазмұны, түрлері, әсер ету әдістері. Әділетсіз бәсекенің түрлері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы.

Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және олардың дамуы. Мемлекет- бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативті- құқықтық аспектілері.

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау.

Жұмыспен қамтудың әлеуметтік- экономикалық мәні, құрылым мен қағидалары. Еңбек рыногы субъектілері, объектілері, реттеу механизмдері. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты. Белсенді және белсенді емес модельдер.

Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері. Табыстарды бөлудегі теңсіздік мәселесі. Қазіргі рыноктық экономикадағы әлеуметтік басымдықтар. Адам капиталын қалыптастыруда мемлекеттің рөлі. Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланыс. Денсаулық сақтау мен білім беруді мемлекеттік реттеу.


11 тақырып: Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс- шаралар жүйесі

Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесі. Өндіріс және сыртқы әсерлер.Теріс экстерналии және экологиялық теңсіздік.Табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеу.Табиғи ресурстарды пайдалануды экономикалық және әкімшілік реттеу.Мемлекетттің табиғаттты қорғау қызметі.Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламалар.

ҚР экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мемлекетттің саясаты.

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттті мемлекетттік реттеу

Мемлекетттің сыртқы экономикалық іс-әрекеті: мәні және негізгі бағыттары.Сыртқы сауда саясатының мақсатттары.Еркін саудамен протекционизм саясаттарының салыстырмалы талдау.

Сыртқы сауда мен валюта бағамын либерализациялау.БСҰ кіруге дайындық жағдайындағы экспорт- импортты реттеу.Сыртқы экономикалық реттеудің негізгі құралдары.Тарифтік және тарифтік емес реттеу.Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің заңдық - құқықтық аспектілері.

Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің басымдықтары мен болашағы.
12 тақырып: Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.

Аймақ экономикаларының қызмет етуінің теориялық әдістемелік негіздері. Аймақтардың өндірістік – ресурстық әлеуетінің негізгі элементтері,олардың ерекшеліктерін анықтайтын факторлары. Аймақтық саясат. Аймақтық рыноктарды басқару. Инвестициялық саясаттың аймақтық аспектілері. Аймақтардың әлеуметтік дамуы экономикалық әдістері мен реттеу құралдарын аймақтандырудың негізгі мақсаты ретінде. Аймақтардың әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламарын дайындау және жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының аймақтары мен Орталықтың мүдделерін оңтайлы үйлестірудің механизмдері.



Мемлекеттік басқару теориясы

1 тақырып: Мемлекеттік басқарудың теориялық астары

Басқару және оның қоғамдық рөлі.Басқару ғылымының анықтамасы,пәні,объектісі мен әдістері.Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері.Басқару үрдісінде ескерілетін табиғат пен қоғам заңдары.Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері.Басқарудағы дамудың әлеуметтік-экономикалық заңдарының механизмі.Меншік,еңбек және басқару категорияларының өзара әрекеттесу механизмі.



2 тақырып: Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылым

Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері. Мемлекетті басқарудың құрылымдық жүйелі- мақсаттық моделі. Нәтижелер мен тиімділік бойынша басқару.

Функциялардың мәні,анықтамасы және жіктелуі. Функциялардың басқарудың басқа катогориялары мен өзара әрекеттесуі. Басқпару құрылымының анықтамасы,мәні және қасиеттері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру және олардың түрлері. Мемлекеттің экономикалық функциялары.

3 тақырып: Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі

Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.

Мемлекеттік басқарудың жүзеге асырудың әлеуметтік механизмі. Мемлекеттік басқаруды мүдделерді білдіру.Әкімшілік-мемлекеттік мекемелердегі бюрократия мен бюрократияшылдық. Мемлекеттік –әкімшілік аядағы шиеленістер.

4 тақырып: Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері. Мемлекеттік саясатты жүзегее асыру механизмі.Мемлекеттік саясаттты жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары.


Мемлекетттік шешімдердің түрлері мен нысандары. Басқарушылық шешімдерді жасақтаудын әдістемелік негіздері. Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру технологиясы.Мемлекеттік шешімдерді қабылдау үрдісіндегі талдау.Мемлекеттік басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау.

5 тақырып: Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу механизмі.

Мемлеукеттік билік түсінігі.Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың өзара байланысы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде.



6 тақырып: Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы

Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар « бұтағы» және қағидалары. Мемлекетттік басқарудың функциолар жүйесі,нысандары,әдістері мен құралдары. Мемлекетттік басқару қағидаларын жүйелеу негіздері және олардың қолданылуы. Қоғамдағы мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару механимздерінің дамуы.



7 тақырып: Мемлекеттік басқарудағы қатынастарды құқықытық ретееу.

Мемлекет пен қоғамның;мемлекет пен оның азаматтарының;мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;мемлекет пен қоғамдық-саяси ұйымдардың;орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы.



8 тақырып: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі,біртұтастығы және олардың түрлері.Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық мәртебесі.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекетттік басқарудағы рөлі. Парлементтің құрамы мен құрылымы. Парламенттік өкілетттілігі мен жұмыс істеу нысандары. Мемлекетттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік.Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.



9 тақырып: Мемлекеттік басқаруды аумақтық ұйымдастыру

Қазақстан Республикасыдағы аймақтық басқарудың ерекшеліктері. Мемлекеттік аймақтық саясат.Өкілеттіліктерді шектеу.Мемлекеттік және аймақтық басқару органдарының өзара әрекеттесуі.Басқарудың аймақтық моделдері.



10 тақырып: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет әлеуметтік –құқықтық институт және қызмет аясы ретінде.Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі мен жіктеу негіздері. Мемлекеттік қызмет түрлері. Мемлекеттік қызметті басқару. Мемлекеттік басқарудың интеллектуалдық әлеуеті. Мемлекеттік қызметкерердің қызметтік құқықтары мен міндеттері. «Мемлекеттік қызмет ткралы» Қазақстан Республикасы Заңының негзгі ережелері.



11 тақырып: Қоғамдық қызмет аяларындағы мемлекеттік басқару және салааралық мемлекеттік басқару

Экономика аясындағы мемлекеттік басқару. Әлеуметтік қатынастар аясындағы мемлекеттік басқару. Әлеуметттік-мәдени аядағы мемлекеттік басқару. Әкімшілік-саяси аядағы мемлекеттік басқару.

Салааралық мемлекеттік басқарудың мәні мен түрлері.Қаржы,несие және сақтандыру салаларындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері. Салық және кеден саясаттарының мемлекеттік басқару ерекшеліктері. Монополияға қарсы саясат пен мемлекеттік мүлікті мемлекеттік басқару.

12 тақырып: Басқарушылық қызмет стилін жетілдіру және оны жүзеге асырудағы жауапкершілік

Басқарушылық қызмет стилі түсінігі және оның өсіңкілігі. Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен өзіне тән белгілері. Басқарушылық қызмет белгілері, нысандары мен кезеңдері. Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік пен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жауапкершілік және оның заңдық-құқықтық астары. Мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік деңгейінің басқарушылық қызметті бөлу мен рәсімдеуге тәуелділігі.



13 тақырып:Мемлекетті басқару жөніндегі қызметтің әлеуметтік –экономикалық тиімділік проблемасы

Мемлекеттік басқару нәтижелерін талдау әдістемесі және оларды бағалау. Жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейлердегі басқарушылық қызмет тиімділігінің экономикалық астары. Мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігін бағалаудың мәні мен шарттары. Мемлекеттік басқару субъектілерін және экономиканы басқару органдарын ұйымдастыру мен қызмет етуінің тиімділігі.



Мемлекет және бизнес

1 тақырып: Шетелдерде курсты оқытудың бағдарламалық-әдістемелік астары

Нидерланды және Италия профессорлары әзірлеген бағдарламаларды талдау. Курстық американдық және канадалық бағдарламаларының ерекшеліктері және оларды оқыту әдістемесі.

Курстың ғылыми-әдістемелік негіздері және оның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

2 тақырып: Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы

Қоғамдық-экономикалық жүйелердің модельдері және олардың жұмыс күшіне, жерге, капиталға, еңбек құралдары мен нәтижелеріне меншік нысанына байланысты тәуелділігі. Экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы түсініктер эволюциясы. Қоғамдық, экономикалық және өндірістік қатынастардың күрделенуі жағдайында оның рөлінің өсуі.

Аралас экономиканың дамуына мемлекеттің араласуының қажеттілігі және шегі.

3 тақырып: Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм

Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері. Бюрократизмнің мәні, теориялық негіздері және оның элементтері; оның жағымды және жағымсыз жақтары. Бюрократиялық нарық тұжырымдамасы. Коммерциялық емес ұйымдардың бюрократиялану факторлары.

Қоғамдық таңдау теориясы және ұжымдық әрекеттер логикасы. Әкімшілік рента. Институционалдық емес қатынастардың мәні және олардың объективті негіздері. Лоббистік қызметтің мәні және оның әдістері. Өтпелі экономикада мемлекет функцияларының өзгеруі. Өзгеріс шығындары.

4 тақырып: Мемлекет нарықтық қатынастарды ынталандыру субъектісі ретінде

Саяси императивтер және нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі. Кәсіпкерлік, бизнес және нарықтық қатынастардың дамуы үшін құқықтық негізді жасау жөніндегі мемлекеттің заң шығарушылық әрекеті. Шаруашылық жүргізудің жоспарлы және нарықтық модельдерін үйлестіруді қамтамассыз етуде нарық субъектілерінің мақсаттарын ескеру.

Кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырудың экономикалық механизмдерінің бүкіл жүйесін негіздеу мен қолданудағы мемлекет рөлінің өсуі.

Экономиканы реттеу және нарықтық қатынастардың кедергісіз дамуы үшін жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі. Экономиканың әр түрлі секторларында бизнестің дамуына қамтамасыз ету жөніндегі орталық және жергілікті басқару органдарының функционалдық міндеттері. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің бастапқылығы және оларды барлық деңгейдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ескеруі.



5 тақырып: Кәсіпкерлік дамуының эконмикалық негіздері және оның түрлері

Меншік нысандары және әр түрлі елдердегі олардың арақатынас мәселелері. Меншікті толықтай мемлекеттендіру мен экономиканы орталықтан басқару тәжірибесі. Экономиканы толықтай ынталандырудың салдарлары және нарықтың көлеңкелі жақтары. Меншіктің мемлекеттік те, жеке де нысандарының даму жағдайлары, рөлі және мақсатқа лайықтылығы, мемлекеттік меншік қоғамдық игіліктер мен қызметтерді өндіру негізі ретінде. Фрирайдерлік мәселелері.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық негіздері және нарықтық экономикадағы оның рөлі. Экономиканың мемлекеттік секторы: оның тиімділігі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.

Жеке меншік және кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту негізгі ретінде. Жекешелендіру үрдісі – түбегейлі институционалдық өзгерістер мен меншік қатынастарын жетілдірудің шешуші факторы. Щаруашылық жүргізу объектілерін жекешелендірудің теориялық негіздері, нысандары мен тәжірибесі.

Экономиканың жәке секторына шетелдік инвестицияларды тарту мен кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандырудағы мемлекеттің рөлі. Жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар жүйесі. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің даму жағдайлары мен нәтижелері.

6 тақырып: «Үкімет – бизнес» қатынасын реттеу және оның әр түрлі елдердегі тәжірибесі

Үкімет пен бизнес арасындағы қатынасты анықтаудың тарихи және теориялық-талдау амалдары. Экономиканың жеке секторын дамыту мен орта тапты қалыптастырудағы бұл қатынастардың рөлі. Роулс пен Коциктің әділеттілік теориясы.

«Үкімет-бизнес» қатынасын жақсартудағы әкімшілік институттардың функционалдық міндеттері мен жауапкершіліктері.

Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастың Австрия, Бельгия,Дания,Испания,Нидерланды, АҚШ,ГФР,Франция, Жапония сияқты мемлекеттердегі қалыптасқан тәжірибесін талдау.

Шағын және орта кәсіпорындарға қатысты үкімет саясатын қалыптастыру. Осындай кәсіпорындарды басқару және олардың шаруашылық қызметтерінің тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесі.

Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастатың этикалық астары. Іскерлік этиканың тұжырымдамалық негіздері.



7 тақырып: Экономикалық өсу проблемаларын шешу және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі

Экономикалық өсудің негізгі сипаттамалары: мәні, мақсаттары, түрлері. ҚР экономикасының тұрақты даму тұжырымдамасы және өсу проблемалары. Азаматтық қоғам түсінігі. Азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік басқару үрдісіне тарту. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құралымы. Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптауындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.



8 тақырып: Экономиканың әр түрлі секторындағы бизнестің даму жағдайлары

Мемлекеттік экономиканың өндірістік және инфрақұрылымдық салаларындағы шағын және орта бизнестің дамуы үшін қажет жағдайларды қамтамассыз етуі. Мемлекеттің бақылау функциясын жүзеге асыруы: тиімділігі және оны шектеудің маңызы. Кәсіпкерлер және бизнес субъектілерінің мемлекеттік емес ұйымдары; олардың Қазақстан Үкіметімен қатынасының сипаты және тәжірибесі.

Әлеуметтік аяда бизнестің даму ерекшеліктері және мемлекеттік қолдау. Елдің ірі аймақтарындағы бизнестің даму жағдайы мен халықтың өмір сүру деңгейі.

9 тақырып: Мемлекеттің бизнеспен арақатынасының құқықтық астары

Кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуының әкімшілік-ұйымдастрыушылық негіздерінреттейтін ҚР заңдары. Шаруашылық және еңбек құқығының негізгі ережелері. Кәсіпкерлер мен бизнесмендердің практикалық қызметінің халықаралық құқық талаптарынасәйкес келуінің қажеттілігі.

Меншік құқығын пайдалану тәжірибесі және проблемалары. Кос теоремасы және Хенд формуласы.

Заңдарды экономикалық талдау және мемлекетпен бизнес арасындағы қатынасты жетілдірудегі оның маңызы.

Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы. ҚР–ның сыртқы саудасы: оңтайлы мемлекеттік стратегияны таңдау. Ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың өзара әрекетін мемлекеттік реттеу.

Менеджмент

Тақырып 1: Басқару ғылымының пәні мен әдісі

Экономикалық ғылымдар жүйесінде басқару ғылымының пәні.

Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Теория мен практика бірлігі, менеджменті зерттеудегі тарихи және логикалықтәсілдер.

Басқару әдістерінің жиынтығы.

Курстың мазмұңы мен мәселелері. «Менеджментің оқу пәнінің басқапәндерімен байланысы. Оның мамандар дайындаудағы мақсаттары мен мәселелері».

Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі.


Тақырып 2: Менеджменттің қағидалары

Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент мәселесі. Менеджмент түрлері: өндіріс менеджменті, қаржы менеджменті, инновация менеджменті, инвестиция менеджменті, дағдарысқа қарсы менеджменті, халықаралық менеджменті және басқалар.

Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі. Менеджмент және оның функциялары.

Рыноктық экономикадағы басқару объектілері. Басқару қарым-қатынастары. Қоғам жүйесіндегі басқару қарым-қатынастарының түрлері. Өндірісті басқару қарым-қатынастарының классификациясы.

Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы.

Басқарудың мәні мен қағидаларына негізгі теориялық көзқарастар. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері. Басқару ғылым және өнер ретінде.


Тақырып 3: Басқару жүйелік тәсілдің негіздері.

Жүйелер туралы түсінік және олардың қасиеттері. Басқарудың жүйе, құрылым және процесс аралығындағы қатынас. Жүйенің жұмыс істеу шарттары. Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері.

Басқару жүйесі ретіндегі өндіріс туралы түсінік. Өндірісті басқарудағы жүйелік тәсіл. Өндірісті басқару жүйесінің жұмыс істеу және оны құрастыру қағидалары.

Өндірісті басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің ара қатынасы. Өндірісті басқару жүйесіндегі басқару субъектісінің активтік (белсенді) ролі.

Экономикалық жүйелердегі басқаруды жүзеге асыру үшін кері байланыстардың маңызы. Үлкен жүйелердің қасиеттері.
Тақырып 4: Менеджмент эволюциясы

Тарихи жағдайлары және менеджменттің дамуын дәуірге бөлу. Басқаруды ғылым және зерттеудің дербес саласы ретінде тану. Ф.У.Тейлор және оның «Ғылыми менеджмент қағидаларың кітабы. Басқаруды ғылыми және айналдырудың алғы шарттары. Ірі салалар мен кәсіпорындар, оларды басқарудағы формаланған тәсілдер».

Басқару ғылдымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдері. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылымит мектебі, әкімшілік мектебі, адамдар арасындағы қарым – қатынастар мектебі, әртіптілік мектебі, басқару ғылыми мектебі немесе сандық әдістер мектебі.

Ғылыми басқару мектебінің құрылуы мен дамуы, оның негізін салушылар. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің өкілдері. Адамдар арасындағы қарым – қатынастар мектебі, оның өкілдері. Тәртіптілік мектебінің негізігі мақсаты, оның өкілдері. Басқару ғылыми мектебінің сипаттамасы. Жағдайлық тәсіл оның өкілдері. М. Мескон бойынша басқару тәсілдерінің эволюциясы.


Тақырып 5: Қазіргі кезеңдегі менеджмент концепциясы

Қазіргі кезеңдегі менеджменттің әлеуметтік – экономикалық негіздері. Менеджмент жүйесі мен жеке меншік формасының өзара байланысы. Мемлекеттік басқару мен менеджмент қатынасы. Экономиканың мемлекеттік және рыноктық секторларыныңи арасындағы қызметтер салаларын бөлу. Шаруашылықтың тиімділігін анықтауға ресурстық – әлеуметті тәсіл.


Тақырып 6: Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері
Қазақстанда менеджменттің қалоыптасуы мен дамуының саяси және экономикалық алғы шарттары, оның қазіргі заманғы өндірісінің дамуындағы рөлі.

Қазақстанда рыноктық қарым – қатынастарға өтудің негізгі бағыттары. Реформаларды тездету мен тереңдетудің мақсаттары мен мәселелері. Менеджменттің орны мен ролі. Экономика, саяси және басқарудың әрекеттестігі.

Қазақстандағы кәсіпкерлік пен бизнестің мазмұны мен неғізгі ерекшеліктері. Олардың дамуына ішкі және сыртқы ортаның әсері. Менеджмент және кәсіпкерлік.

Менеджмент бірігіп құрастырылған еңбектің құрама бөлігі және Қазақстандағы меншіктің жаңа қарым – қатынастарын жүзеге асыру құралы ретінде.

Өзін – өзі басқару концепциясы реттелінетін рыноктық экономикаға өтудің ғылыми незгі ретінде.

Қазақстан Республикасының қалыптасуы және дамуының стратегиясы. Экономикалық даму стратегиясының кезеңдері.



Реформаларды терендету бойынша Қазақстан Республикасы кіметінің орта мерзімдік бағдармалары.


Кафедра меңгерушісі: Л.И. Мергалиева

Факультет деканы: Г.И. Нестеренко

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет