Қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы


Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар



бет2/5
Дата20.07.2016
өлшемі403.5 Kb.
#212681
1   2   3   4   5

4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20 мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3 мин.(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Ресейдегі Азамат соғысы мен КСРО-ның құрылуы.1917-1939 жж.

6.Үй тапсырмасы: 2 мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Жаңа экономикалық саясат.

2.Ресейдегі Азамат соғысы.

5сабақ

І.Тақырыбы: ХХ ғ. 30-шы ж. Еуропа және АҚШ елдер.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин .

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға дүниежүзілік дағдарыстың болу себептерін түсіндіру.

-Дағдарыстан шығудың әр түрлі жолдарын ұстаған елдердің бағыттары мен таныстыру.

-Оқушыларға дағдарыстың салдарынан фашистік топтардың билікке келуінің нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғыс болып, біздің де елімізге көп зияны тигенің айтып өту.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория



VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10мин.(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30 мин.(33%)

1.Ресейдегі азамат соғысының болу себептері?

2 .Жаңа экономикалық саясат дегеніміз не?

3. Бірінші бес жылдық жоспар қай жылдарды қамтиды?

4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қалай жүзеге асырылды?

5. Отызыншы жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты қандай болды?

6. Тоталитарлық тәртіп дегенді қалай түсінесің?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин.(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.1929-1933 жж. дүниежүзілік дағдарыс.

2 .Екі дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Еуропа елдері.

3.Еуропаның кей елдерінде авторитарлық-тоталитарлық режимдерінің орнауы.

4.Ф. Д. Рузвельттің билікке келуі, «Жаңа бағыт саясатын» жүзеге асыруы.

5.Германияда фашистік топтардың билікке келуі.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

1929-1933 ж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 ж. Нью-Йоркта басталды. Экономикалық дағдарыстың басты себебі өңдіріс пен тұтынудың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы еді. Кейбір елдер дағдарыстан бес жыл дегенде шықты. Дағдарыстың салдарынан жаппай жұмыссыздық, аштық, көтерілістер болып, әлеуметтік мәселелер шиленісті.

Дағдарыстан шығу үшін әр түрлі көзқарастар қалыптасты. Ізденістің нәтижесінде ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақша теориясы» кітабында баяндап, жеңіске жетті. Кейнс жағдайды дұрыс бағалап, дағдарыстан шығу үшін халықтың әл-ауқатын көтеру керек, жұмыспен қамтамассыз етіп, жалақыны көтерсе, шығарылып жатқан өнімдерді халық тұтынып сатып ала алады. Ол үшін банктер несиенің пайызын төмендету керек, жаңадан жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамту керек деп түсіндірді. Ал инфляция болған жағдайда салықты көбейтіп, банк үстемелерін арттыру ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шарасы «тоқта-жүре бер» ұстанымы деген атақ алды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығында Еуропада саяси режимдердің екі түрі өмір сүрді. «Тоталитарлық» қоғам 20-30 жж. КСРО-да қалыптасқан әкімшіл-әміршіл жүйе. Тоталитарлық жүйеге азаматтық қоғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылыстары тән. Б. Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген еңбегінде жеке адамның құқығын мемлекет шешеді. Ең жоғарғы нәрсе мемлекет, оның алдында топтар мен жеке адам түкте емес деп көрсетті.

Идеология саласында фашизм мен нацизм демократияға, либерализмге, марксизмге қарсы бағыт болды.

Экономика саласында фашизм мен нацизм мемлекеттік реттеу жүйесін құрып, алдағы соғысқа дайындалуға бағыттады. Фашизм тұсында партиялар мен ұйымдар қуылып, кәсіподақтар таратылды.

Екі соғыс аралығында Орталық және Оңтүстік-Шығыс елдерінде Венгрия, Болгария, Югославия, Румыния, Польша елдерінде авторитарлық саяси режимдер қалыптасты. ХХ ғ. 40-шы жылдары Еуропа мен КСРО елдерінде тоталитаризм мен фашизм орнады. 1934 ж. еуропа елдерінде «Халық майданы» термині пайда болып, фашизмге қарсы күрестің бағдарламасын жасады. Германия мен Италияда режимдердің арасында азаматтық соғыс үш жылға созылды.

1929-1933 жж. АҚШ-өнеркәсіп өнімінің көлемі 50% қысқарып, 13 млн. адам жұмыссыз қалды. Бұл кезде АҚШ президенті Г.Губер еді. 1932 ж. президент сайлауында Франклин Делано Рузвельт жеңіп шықты. Ол 1944 жылға дейін төрт рет сайлауға түсіп жеңді. Рузвельт «Жаңа бағыт» немесе «жүз күн» деп аталатын бағдарлама ұсынды. Президент үш ай бойы конгресте көптеген заңдар қабылдады. Рузвельт ең бірінші мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажет деп, көмек көрсететін Төтенше федералдық ұйым құрды. Жұмыссыз жастарға орманды аудандарда лагерлер құрып, жыл сайын 500 мың жұмыссыз жастарға тал еккізіп, оларды тамақ пен киіммен қамтамассыз етіп, күніне бір доллардан беріп отырды. Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіретін заң шығарды. Ауыл шаруашылығындағы мәселені ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шығарып жүзеге асырды. Ол фермерлерге өнімдерін азайтқаны үшін сыйақы тағайындады. АҚШ-та зейнетақы мен қамтамассыз ету заңы, кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдалануға тыйым саланған заңдар қабылданды. 1935 АҚШ бейтараптық заңын қабылдады.

1929-1933 жж. Германияда дағдарыс терең әрі қатты болды. Жұмыссыздардың саны 9 млн. жетті. Реапарация төлеуі, отарларының болмауы,сыртқы қаржы көздерінің тәуелділігі, банктердің банкротқа ұшырауы дағдарысты жеңуге мүмкіндік бермеді. Елдегі дағдарыс нацистердің күшеюіне алып келді. Нацистер жұмыссыз халықты жұмыспен қамту, жері аз шаруаларға жер беру сияқты уәделермен халықты өздеріне тарта білді. 1933 ж. 30 қаңтарда Германияда үкімет басына нацизм келді. Гитлердің билікке келуімен Германияда демократиялық тәртіптің орнына тоталитарлық диктатура орнады. 1933 ж. Гитлер елдегі партиялық жүйелерді жойып, барлық билікті өз қолына алды. 1934 ж. Гинденбургтың қайтыс болуына байланысты Гитлер ұлт фюрері, кацлер әрі президент болды. Билікті толығымен қолына алғаннан кейін елдің сыртқы саясатында екі бағытты ұстанды. Біріншісі 1933-1935 жж. Версаль шарты бойынша белгіленген шектеулерді алып тастап, жаппай әскери міндет енгізу. Екінші кезең 1936-1939 жж. Еуропада тікелей басқыншылық актілеріне көшу.

Францияда 1929-1932 жж. 8 үкімет ауысты. 1936 ж. бастап Францияда халықаралық жағдай шиленісе бастады. 1939 ж. Франция мен Англия арасында ағылшын-француз одағы құрылды.

4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20 мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3 мин.(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 30-шы ж. Еуропа және АҚШ елдері.

6.Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%).

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Дүниежүзілік дағдарыс жылдарындағы АҚШ.

6 сабақ



І.Тақырыбы: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Шығыс елдері.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин. (100%)

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға Шығыс елдері мен Батыс елдерін салыстыра отырып түсіндіру.

- Соғыстан кейін Шығыс елдеріндегі революциялардың отаршылдыққа қарсы болып, нәтижесіз қалғанын айтып өту.

-Оқушыларға Жапонияның басқыншылық әрекетті күшейтіп, Азиядағы алдыңғы қатарлы елге айналғанын қазіргі күнмен байланыстырып көрсету.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10мин.(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою. 30 мин.(33%)

1.1929-1933жж. дағдарыстың себептері.

2 .Кейнсшілдік дегеніміз не?

3. Еуропаның кей елдерінде авторитарлық-тоталитарлық режимдерінің орнатылуының себептері.

4.Германияда фашистік топтар билікке қалай жетті?

5. «Жаңа бағыт саясаты» арқылы қай ел дағдарыстан шықты?

6. Адольф Гитлер дегеніміз кім?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин(22%).

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1 Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейінгі Азия және Африка елдерінің саяси жағдайы.

2.Екі дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Азия, Африка елдерінің экономикалық жағдайы.

3. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.

4.Соғыстан кейінгі Үндістан.

5.Соғыстан кейінгі Жапония.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Таяу Шығыс, Африка аймақтарын да қамтыды. Париж бітім конференциясында бұл елдердің тәуелсіздігін беру туралы сөз қозғалмады. Ресейдегі революциялар Шығыс елдеріне де өз әсерін тигізді. Отарларда ұлт-азаттық күштер күннен-күнге өсті.

1918-1923 жж. Кемал революциясы Туркияны зайырлы мемлекетке айналдырды. 1921 ж. Туркия мен Ресей арасында достық келісімге қол қойып, он млн. сом көмек берді. Иран мен Ресей арасында да осындай келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ираннан ағылшындар әскерлерін алып кетті. 1919 ж. Ауғанстанда ұлт-азаттық қозғалыс болып, тәуелсіздігін жариялап, Англияның ықпалын жойды. Осы кезде Кеңестік Ресей Иран мен Ауғанстанға қаржылай көмек берді.

Соғыстан кейін Қытайда импералистік күрес бұрынғыдан да күшейді. Қытай бытыраңқы ел болып қала берді. 1919 ж. Сунь Ятсен революциялық партиясын Қытайдың ұлттық партиясы деп жариялады. 1921 ж. Қытай Республикасының президенттігіне Сунь Ятсен тағайындалды. 1923 ж. Қытайда импералистерге қарсы революция басталды. Гоминьдан мен компартия арасындағы күрес жиырма жылға созылған азамат соғысына айналып, 1949 ж. дейін созылды. 1927 ж. Жапон үкіметінің басшысы генерал Танаканың меморандумында Азиядағы басқыншылық жоспары көрсетілді. Ол жоспар бойынша алдымен Қытай, содан соң Индоқытай, Бирма, Оңтүстік –Шығыс Азия, Үндістанды басып алу көзделді. Бұл агрессия 1931 ж. Маньчжурияны басып алудан басталды. 1932 ж. Қытай қорғанына өтетін жолдар басып алынды. 1933 ж. Жапония Ұлттар Лигасынан шығарылды. 1937-1945 жж. жапон-қытай соғысы басталды.

Соғыстан кейін де ағылшындар Үндістанға отаршылдығын жалғастыра берді. Халқының көп бөлігін шаруалар құрады. Ұлттық-қозғалысты ұйымдастырушылар да шаруалар болды. Өйткені бұл елде өнеркәсіп орындары өте аз еді. Тәуелсіздік үшін күресті М. Ганди басқарды. 1939 ж. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы 3 қыркүйекте Ұлыбританияның Германияға соғыс ашуы Үндістан вице-королі Үндістанды соғысқа қатысушы ел деп таныды.

Соғыстан кейн де Жапония басқыншылық саясатын жалғастырды. Жапония Азия елдерінің ішінде алдыңғы қатарға шықты. 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды. 1937 ж. Орталық Қытайға басып кірді. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында үш басқыншы мемлекет өзара одақтастық қатынастар орнатып, «Берлин-Рим-Токио» белдеуін құрды. Осылайша Жапония мемлекеті қайтадан Германияға жақындаса бастады.



4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20 мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау. 3 мин.(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Шығыс елдері.

6.Үй тапсырмасы: 2мин.(2.2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Соғыстан кейінгі Қытай мемлекеті..

2.Соғыстан кейінгі Жапония мемлекеті.

7 сабақ

І.Тақырыбы: Латын Америка елдері

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға ХХ ғ. басында латын елдерінің тауарларына деген сұраныстың күшейіп, Аргентина, Бразилия, Чили сияқты мемлекеттердің күшейіп, демократиялы қоғам қалыптаса бастағанын түсндіру.

- Соғыстан кейін латын елдерінің экономикасы алға жылжығаны мен экономикасының шын мәнінде басқа елдерге тәуелді болғаны туралы айту.

-Оқушыларға Латын Америка елдері мен АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын ынтымақтастық келісіміне қол қойғаны туралы түсіндіру.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория



VІ. Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі 5мин(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10мин (11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30мин.(33%)

1.Түркияда болған революцияны қашан кім ұйымдастырды?

2.Кеңестік Ресей не себепті Иран, Түркия, Ауғанстан елдеріне қаржылай көмек берді?

3. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де неліктен Шығыс елдері отаршылдықта қала берді?

4.ХХ ғ. басында Азия елдерінің ішінде дамыған елді ата.

5.Сунь Ятсен дегеніміз кім?

6. Үндістанда тәуелсіздік алу үшін күрес жүргізген тарихта аты қалған тұлғаны ата?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейінгі Латын Америка елдерінің саяси жағдайы.

2 .Дағдарыс жылдарындағы Латын Америка елдері.

3. Соғыстан кейінгі АҚШ және Латын Америка елдерінің қарым-қатынасы.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Латын Америкасы елдерінің капиталстік дамуын тездетті. Еуропа тауарлары мен капиталының келуі азайды. Бұл елдердің тауарлары мен шикізат өнімдеріне дүниежүзілік рынокта сұраныс күшейді. Мысалы: Куба қантының бағасы он бір есе өсті. Соғыс жылдарында Бразилияда алты мың жаңа өнеркәсіп орындары пайда болды.

20-шы жылдары Латынамерика елдерінің тек аттары ғана республика болды. Сауатсыз және шаласауатты қалың бұқара сайлауға қатыспады. Артта қалған аймақтарда авторитарлық диктатуралық режимдер орнап, олардың басында диктаторлар отырды. Басқа елдерде конститутциялық өкілетті мемлекет болғанымен, саяси өмірді бақылау шын мәнінде олигархиялық топтың қолында болды. Мысалы Бразилия «кофе» олигархтарының қолында болды.

Аргентина,Чили, Уругвайда-соғыстан кейін билік басына конститутциялық либералдық-демократиялық үкіметтер келді. Бұл елдердің халқының көпшілігі бостандық алды. Аргентинада, Чилиде, Бразилияда әлеуметтік саясатқа көбірек көңіл бөлді.

Аргентинада Иполито Иригойен үкіметінің қызметі либералдық-реформашылдық саясаттың үлгісі болды. Ол президенттік сайлауда екі мәрте жеңіске жетті. Оның кезінде ұлттық экономика дамыды. Жерді жалға алушылардың жағдайын жақсартты, сегіз сағаттық жұмыс күні енгізілді, еңбекақы көбейтілді. Білім беру саласына ерекше көңіл бөлді.

1929-1933 жж. дағдарыс Латын Америка елдерінің экономикасы сыртқы елдерге тәуелді екенін көрсетті. Дағдарыс жылдарында бұл елдердің дәстүрлі тауарларына сұраныс төмендеді. Мыңдаған плантациялар, фабрикалар тұрып қалды. Сұраныс болмаған соң кофе, астық, плантациялық өнімдер тұрып қалды. Жұмыссыздардың саны өсті. Аргентинада осыны пайдаланып, консервативтік топтар Иригойен үкіметін құлатылып, билік басына келді. Бразилияда керісінше «кофе» олигархтарының рөлін төмендетті.

Екі соғыс арасындағы кезеңде Латын Америкасы елдері үшін АҚШ-пен қарым-қатынасы маңызды мәселеге айналды. Еуропа елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Латын Америка елдерін қызығушылығының уақытша бәсеңдегенін пайдаланып, АҚШ Орталық және Оңтүстік Америкаға енуін күшейтті. 1933 ж. Ф. Рузвельт АҚШ –тың Латынамерикандық елдерге басқыншылық жасаудан бас тартатынын мәлімдеп «қайырымды көрші» саясатына көшетіндігін жариялады.

4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Латын Америка елдері.

6.Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Соғыстан кейінгі Латын Америка елдерінің экономикалық даму жағдайы.

2.Соғыстан кейінгі Аргентина.

8сабақ

І.Тақырыбы: Екі дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастар.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық жағдай біршама тынышталып, АҚШ, Еуропа елдерінің даму бағытына көшкендігін түсіндіру.

- Соғыстан кейін АҚШ-тың гүлдену дәуірі өтіп жатқан кезде дағдарыс осы елде басталып, дүниежүзін қамтып өткенін түсіндіру.

-Оқушыларға дүниежүзілік дағдарыстың салдарыннан 30-шы ж. халықаралық жағдайдың шиленісіп, ақыры Екінші дүниежүзілік соғысқа алып келгенін ұғындыру.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия ,археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1 .Үй жұмысын тексеру: 10мин(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 20мин (22%)

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Латын Америка елдерінің экономикалық және саяси жағдайы қандай болды.?

2 .1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Латын Америкасына қалай әсер етті?

3. АҚШ неліктен Латын елдеріне қызыушылық танытты?

4.Латын Американың қай елдерінде конститутциялық либералдық-демократиялық үкімет орнады?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу.

2 .Версаль-Вашингтон жүйесінің енгізілуі.

3. ХХ ғ.30-шы жылдары халықаралық қатынастың шиленісуі.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Дүниежүзілік екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар 20 жж. және 30 жж. қамтитын екі кезеңге бөлінеді. 20-шы жылдары Версаль-Вашингтон келісімдерінің нәтижесінде халықаралық қатынастарда біраз уақыт тұрақтылық болды.

30-шы жж. Версаль-Вашингтон жүйесі қирады. Батыс пен Шығыста жаңа ошақ соғыстары пайда болды. ХХ ғ. басында АҚШ Еуропа елдеріне тәуелді болса, ХХ ғ. 30-шы жылдары АҚШ-тың бір өзі Англия, Франция, Германия, Италия, Жапония бесеуін қосқандағыдан көп өнеркәсіп өнімдерін шығаратын болды. АҚШ соғыс жылдарында Еуропа елдеріне несие беріп соғыстан кейін олар АҚШ-қа тәуелді болып қалды.Соғыстан кейін АҚШ, Жапония, Англияның көздегендері Қытай блды.

Франция құрлықта ең көп жаяу әскер ұстады. Ол өзінің әскер күшіне сеніп, құрлықта жетекшілік етемін деп есептеді. Репарация мен Еуропадағы қарыз мәселесі АҚШ-тың енгізген Дауэс жоспары арқылы шешілді. 1931ж. Жеңімпаз елдердің ұсынысы бойынша Германия репарация төлеуді тоқтатты.

Францияны Германияның өңдірістік қуатының қалпына келтірілуі алаңдатты. 1928 ж. Франция АҚШ-қа соғыстан бас тарту туралы пакт қабылдауды өтінді. 1928 ж. Оннан астам мемлекеттер арасында Бриан-Келлог пактісіне қол қойылды. КСРО бұл пактіге 1929 ж. қосылды.

Кеңестік Ресейдегі азаматтық соғыс, капиталистік мемлекеттердің басқыншылығы 1922ж. аяқталды.

1921 ж. Ресей Польша, Латвия, Литва,Эстония,Финляидия, Персия, Туркия, Ауғанстан, Монғолия елдерімен достық келісіміне қол қойды. Осы жылдан бастап Англиямен, Германиямен,Италиямен, Норвегиямен сауда қатынастары басталды.

1922 ж. Генуяда Еуропадағы экономиканы қалпына келтіру мақсатында конференция болды.

1924ж. Кеңес Ресейді Батыс Еуропалық елдер таныды. Кеңестік Ресей мен Батыс арасындағы қатынастарында бір-біріне деген сенімсіздік пайда болды. 1934 ж. Кеңестік Ресей Ұлттар Лигасына енді.

Германияда 1933 ж. фашистік партия билікке келді. 1935 ж. Германияда жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді.

1935 ж. фашистік Италия Эфиопияға басып кіріп, 1936 ж. басып алды. Испаниядағы фашистерге Германия мен Италия фашистері қару, самолет, танктер, әскер жіберіп көмектесті. 1939 ж. Испанияда фашистік режим орнады.

1937ж. Берлин-Рим-Токио үшбұрышы деп аталатын одақ құрылды. 1938 ж. герман әскерлері Австрияға басып кірді.

1935ж. Франция мен КСРО арсында өзара келісімге қол қойды. Осындай келісім Чехословакия мен КСРО арасында да жасалды. 1938 ж. Мюнхен келісімі болып, Чехословакия Судет олысын Германияға берді. 1939ж. 15 наурызда Германия келісімді бұзып, Чехословакияға соғыс ашты. Бір апта уақыт өткен соң Польшадан Данциг қаласын беруді талап етті. КСРО мен Германия бір -біріне сенімсіздікпен жақындаса түсті. 1939 ж. 23 тамызда құпия түрде шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойды. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 ж. 1қыркүйекте Германияның Польшаға соғыс ашуынан басталды.

4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20 (22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Екі дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастар.

6.Үй тапсырмасы 2 мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Версаль бітім шартының енгізілуі.

2.ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы халықаралық қатынастардың шиленісуі.

9 сабақ

І.Тақырыбы: ХХ ғ. бірінші жартысындағы мәдениеттің дамуы.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға ХХ ғ. басында дүниежүзі елдерінің мәдениеті қандай болғанын түсіндіру.

- Соғыстан алдын және кейін ашылған ғылыми жаңалықтармен оқушыларды хабардар ету.

- ХХ ғ. бірінші жартысындағы Батыс Еуропа мәдениетіне қазақтардың да қосқан үлесін мақтанышпен жеткізу.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет