«Арал Теңізі» ҚБ 1-10 қараша
аралығында атқарылған жұмыстар туралы
Мәлімет.
Балық шаруашылығы. Балықшылар бригадтары күзгі балық аулау маусымын Бозарал, Тастүбек, Бессай, Үшшоқы, Тікаша,
Көкарал елдерінде өткізуде.
Қоғамның жұмысы.
«Каттегаттан Арал теңізіне дейін» жобаның даниялық әріптестерінің келуі. Жобаның мақсаттарына байланысты Курт Кристенсен жоба жұмысына мониторинг жасады, Рууд Дакер жобаның жұмысы туралы белгілі европалық ақпарат құралдарына мәлімет дайындады, Хенрик Джокер Бьерре дат жобасының атқарылғын жұмыстары туралы кітапка қажетті материалдыр жинақтауда, Кнуд Андерсен балықшыларға білім беру бағдарламасының келер жылға дайындауда.
1 қараша күні Аудандық Мәдениет Үйінде «Арал Теңізі» ҚБ Жалпы жиналыс өткізілді. Басқарма мүшелігіне 15 адам өз үміткерлігін ұсынды. Барлығы 500 ге жуық қоғам мүшелері жиналысқа қатысты. Ашық дауыс беру нәтижесінде қоғам президенті болып Батырхан Прекеев сайланды. «Арал Теңізі» ҚБ Басқарма мүшелігіне төмендегішелер өткізілді: Қаратұпов Әскербек – Бөген елді мекені, Батимова Ақшабақ – Арал қаласы, Ізбасаров Жалғасбай – Жалаңаш елді мекені, Әбдіков Әділжан – Қызылжар елді мекені, Досжанов Ақәділ – Акеспе елді мекені, Құлманов Досым – Ақбасты елді мекені. Жалпы жиналыс шешімімен Курт Кристенсен, Жаннат Махамбетова басқарма мүшелерінің тізіміне кіргізілді. Жиналыста «Арал Теңізі» ҚБ жарғысына, қоғамның басқаруына өзгерістер еңгізу туралы талқыланды.
2 қараша күні «Ақ дастархан» мейрамханасында «Категаттан Арал теңізіне дейін» жобасы 1996-2006 жж. – нәтижелер» атты конференция өткізілді. Конференцияға жалпы 100 адам қатысты, олар облыстық, аудандық балық шаруашылығы мекемелері, облыстық, аудандық, әкімшілік қызметкерлері, балықшылар орталықтарының және балықшылар ұйымдарының жетекшілері, балық өңдеу мекемелерінің жетекшілері, даниялық жобаға ат салушылар, бұқаралық ақпарат қызметкерлері, барлық жобаға белсене араласқан қауым балық жобасының тұсаукесерлерін тамашалап, нәтижелерімен танысты. Балықшылар қандай мәселерді шешуі қажет, балықшыдан балықшыға көмегі, балықшылардың келешегі атты тақырыптарда ой-пікір алмасылды. Семинар нәтижесі болып, балықшылар қауымының атынан үндеу шығарылды.
Жобаның алдағы 1,5-2 жылдық жұмысы жағадағы балықтың сапасын жақсарту жұмыстарына және де « Арал теңізден дастарханға дейін» ұстанымы шеңберінде өндірістік өлшемге сай келетін балықты аулауды қолдауға арналады.
Мақсаты: жағадағы балық сапасын жақсарту және тұрақты балық аулауды дамытудағы жауапкершілігін көтере отырып балықшы қауымдастығын нығайту.
БАҚ құралдарыменен жұмыс – Арал теңізінің деңгейі өзгерген туралы А Есімов мәлімдеді. «Казахстанская правда», № 85, 2.11.06, «Толқын», «Каттегаттан Арал теңізіне дейін» балықшылар жобасына – 10 жыл!», № 86, 4.11.06. «Балықшылар қауымынын белесі» газет беттерінде бірнеше мақалалар жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |