Сабақ Лексикалық тақрып : Табиғатқа қатысты халық болжамдары Табиғат пен адам арасындағы байланыс. Табиғаттың адам өміріне әсері. Ауа райына қатысты халық болжамдары туралы мәлімет



бет1/3
Дата02.08.2022
өлшемі19.52 Kb.
#459872
түріСабақ
  1   2   3
1 сем 7саб
1 сем 7саб

7-Сабақ
Лексикалық тақрып: Табиғатқа қатысты халық болжамдары Табиғат пен адам арасындағы байланыс.Табиғаттың адам өміріне әсері. Ауа райына қатысты халық болжамдары туралы мәлімет.
Грамматикалық тақрып: Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер: жалғыз, біреу, жарты, жарым, егіз, қос, сыңар, ширек. Халықтық өлшемдер: қарыс, сүйем, елі, құлаш, таяқ тастам жер, сүт пісірім уақыт.

  1. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

ЖЫЛДЫҢ ӘР МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БАҚЫЛАЙ ОТЫРЫП КҮН РАЙЫН БОЛЖАУ
Жылдың төрт мезгіліндегі құбылыстарды өлшем ете отырып, біріне-бірін сәйкестендіру арқылы, күн райын болжау мүмкіндігін өмір дәлелдеп отыр. Қыс арқылы көктемді, көктемге қарап, жазды, жазбен күзді, күзге қарап, қыстың қалай боларын болжауға болады. Мысалы, қыс қарлы болса, жазда да жауынның мөлшерінің көп боларын күткен. Қыс жылы болып өтсе, жаздың салқын боларын, ал керісінше жаз жайсыз болса, қыс жайдарлы боларын күте бер. Жазда күн жылы болып, түн салқын болса, шөп жақсы көктемей, қуаңшылыққа алып келуі мүмкін. Ал қыста қар үсті-үстіне жауып, аспан шаңыттап сәулеленіп тұрып алса, қиындықты қарсы алып, одан шығу жолын ойлау керек. Көктемде күн күркіреместен найзағай жарқылын көрсең, жаз жауынсыз құрғақ боларын, ал күн суытып кетсе, жазда жауын-шашынның көп болатынын біле бер. Наурызда қар жаумаса, мамыр жауынды болады. Жаз айларында күн шамадан тыс шыжып кетсе, алыстан күн күркіресе, кешікпестен жауын жауардың нышаны. Жаз мезгілінде бұлт қызарып күн батса, ертеңіне жауын, ал күн сәулесіне тау боянса, ертеңіне күн райында өзгеріс болады. Көктем ұзаққа созылып кетсе, жазда көк жақсы шықпастан, күн салқындайды. Жаз салқын болса, күз уақыты да созылып кетеді. Күз суытса, қыс қатты боларын болжаған жөн. Кейде керісінше де болуы мүмкін. Қыста қар жапалақтаса, күн жылынуының нышаны. Қыста тұман түссе, күннің жылынуының белгісі. Күндіз күн тымық болып, сондай-ақ күн тұман, бұлт астында батса, ертеңгі күннің жақсару нышаны. Қыстың басында қар көп жауса, алдағы жаз басында да, күшті жауын жаууын күте беруге болады. Жазғы жауында аспан көгеріп ашылса, іле тоқтайды. Жыл мезгілінде болған құбылыстар, кезектесіп отырады. Жаздағы жылы жел, қыста үскірік суық болып қайтып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет