Өңірлердің 2005 жылдың қаңтар маусымындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы Өнеркәсіп



Дата09.07.2016
өлшемі39.49 Kb.
#188145
Өңірлердің 2005 жылдың қаңтар - маусымындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп. 2005 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, Қарағанды мен Қызылорда облыстарынан басқа (өндіріс көлемі тиісінше, 13,1%-ға және 5,2%-ға төмендеген), Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалды. Ең көп өсімге Батыс Қазақстан облысында (47,1%-ға) қол жеткізілсе, ең аз өсім Жамбыл мен Қостанай облыстарында (0,2%-ға) тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сондай-ақ Алматы (17%-ға) мен Астана (13,4%-ға) қалаларында және Ақмола (14,3%-ға), Алматы (10,6%-ға), Ақтөбе (10,4%-ға) облыстарында байқалды.

Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі 10 облыста: Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында асып түсті.



2005 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімі көлемінің өсуі (кемуі) 2004 жылғы қаңтар-маусымға %-бен



Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша өткен жылғы тиісті күнмен салыстырғанда облыстар шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал, қой мен ешкі саны өсті. Сондай-ақ жылқы санының өсуі байқалды.

2005 жылғы қаңтар-маусымда 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет өндіру көлемінің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Өндіріс көлемінің ең жоғары өсімі Астана қаласында (33,3%-ға), Маңғыстау (7,1%-ға) мен Батыс Қазақстан (6,6%-ға) облыстарында қол жеткізілді. Ең аз өсу деңгейі Солтүстік Қазақстан мен Қостанай (1,3%-ға) облыстарында тіркелді.

2004 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда сүт өндірісінің өсуі Астана қаласынан басқа (көлемі 23,9%-ға төмендеген) республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Өндіріс көлемінің аса жоғары өсімі Алматы қаласында (13,3%-ға), ең аз өсімі Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда (1,8%-ға) облыстарында тіркелді. Салыстырмалы жоғары өсу қарқынына Қостанай (7,9%-ға), Оңтүстік Қазақстан (6,9%-ға) және Жамбыл (6,4%-ға) облыстарында қол жеткізілді.

2005 жылғы қаңтар-маусымда 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жұмыртқа өндірісінің өсуі Қазақстанның 11 өңірінде байқалды. Аса жоғары өсу қарқыны Батыс Қазақстан (2,1 есе) және Солтүстік Қазақстан (28,7%-ға) облыстарында тіркелді, ең азы – Қостанай облысында (0,1%-ға) орын алды. Павлодар және Алматы облыстарында жұмыртқа өндірісінің көлемі, тиісінше, 8,1% және 4,3% төмендеді.



Инвестициялар. 2005 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар (жете бағалауды ескере отырып) 821,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 50,2%-ға артық.

Инвестицияның өсуі республиканың 13 өңірінде байқалған. Аса көп өсуі Қарағанды мен Атырау облыстарында (2,1 есе), ең аз өсуі Қызылорда облысында (8%-ға) тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында байқалды (тиісінше, 76,9%, 74,2%, 67,6% және 63,7%-ға). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі Батыс Қазақстан (46,5%-ға) және Жамбыл (21,4%-ға) облыстарында төмендеді.

2005 жылғы қаңтар-маусымда республиканың барлық өңірлерінде салынған тұрғын үйлер көлемі өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден асып түсті. Аса белсенді тұрғын үй құрылысы Солтүстік Қазақстан, Алматы мен Ақмола облыстарында жүргізілуде, онда тұрғын үйлерді іске қосу көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тиісінше, 2,4 есе, 2,2 есе және 2,0 есе), сондай-ақ Астана қаласында (89,7%-ға), Қарағанды (94,3%-ға), Жамбыл (85,1%-ға), Қостанай (83,7%-ға) облыстарында өсті.

Бөлшек сауда тауар айналымы. 2005 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 592,2 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағада) 10,8%-ға өсті. 2005 жылғы қаңтар-маусымда өңірлер бөлінісінде бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің аса жоғары өсімі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (тұрақты бағада) Жамбыл (29,1%-ға), Ақмола (23,8%-ға), Атырау мен Қызылорда (21,9%-ға) облыстарында байқалды. Алматы қаласында өсім 15,4%, Астана қаласында – 11,8% құрады. Бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің ең аз өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (1,7%-ға) байқалды.

Тұтыну бағасының индексі. 2005 жылғы маусымда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Қостанай (0,8%-ға), Павлодар (0,6%-ға) облыстарында тіркелді.

2005 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде, Шығыс Қазақстан облысынан басқа (баға 0,3%-ға төмендеген), азық-түлік тауарларына бағаның өсуі байқалды. Бағаның ең көп өсуі Қостанай (1,4%-ға), Жамбыл (0,8%-ға) облыстарында байқалды.

Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 2005 жылғы мамырмен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірлерінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Алматы қаласында (0,9%-ға) байқалды. Азық-түлік емес тауарлардың ең төмен өсімі Маңғыстау облысында (0,1%-ға) тіркелді.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері 2005 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда республиканың 13 өңірінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Павлодар мен Солтүстік Қазақстан (0,9%-ға) облыстарында байқалды. Жамбыл, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері өткен айдың деңгейінде қалды.



Халықтың ақшалай табысы. 2005 жылғы мамырда Қазақстандағы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы (бағалау бойынша) 14285 теңгені құрады. Атырау және Маңғыстау облыстары республиканың аса жоғары табысты өңірлері болып табылады, оларда табыс орташа республикалық деңгейден 2,6 және 2,3 есе асқан. Астана және Алматы қалаларындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының деңгейі орташа республикалық деңгейден 2,1 және 2 есе асты. Халықтың жан басына шаққандағы ең төмен ақшалай табыс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарында байқалды (тиісінше: орташа республикалық деңгейден 46,2%, 52,7% және 61,8%).

Еңбек рыногы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2005 жылғы маусымның соңына жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 110,6 мың адамды құрады. Ал олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі – 1,4%. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 11 облыста асып түскен. Жұмыссыздардың қомақты үлесі Павлодар облысында (2,3%-ға), ең аз үлесі –Алматы қаласында (0,8%).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет