Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқырылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Өзгеріс болмаса, даму да болмайды,
себебі өз көзқарасын өзгерте
алмайтын адам еш нәрсені де
өзгерте алмайды.
Джордж Бернард Шоу.
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» деп Стронг айтқандай, оқушыны оқытып қана қоймай, жан дүниесіне терең үңіліп нені білгісі келеді, қандай сұрақтар жиі мазалайды, не нәрсе көп ойландырады, оның неге қабілеті бар, күнделікті сабаққа келгендегі көңіл күйі қандай, достары қандай, кімдермен жақсы қарым-қатынаста, әлеуметтік ортасы қандай деген сұрақтар мұғалімдерді жиі мазалайды.
Осы бағдарламаның негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болғандықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты қарастырылады. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Әлеуметтік-сындарлық тұрғыдан білім беруді түсіну осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. (Vygotsky, 1978; wood, 1998). Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диолог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлық көзқарасымен тығыз байланысты.
Бұл оқудың маңыздылығы оқушылардың пікірі маңызды деп қарастырылуында, қай оқушы болмасын өзіне жеке дара көңіл бөлгенді ұнатады, оның пікіріне мұғалім ризашылығын білдірсе, бала үшін одан артық сый жоқ. Осындай сәттерде оқушылар өздерінің оқуы үшін жауап беретініне де көздері жетеді. Сабақ топтық жұмыстардан тұрды, берілген тапсырмалар мұғалімнің таңдаған жаңа әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, Выготский (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 28-бет) когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің (ЖАДА) «жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым – қатынасты қамтиды және де, Выготский бұл жағдайда білім берудің негізгі құралы деп есептейді. Барнс (1971, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38 - бет) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бір адам басқа бір адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бағалауда дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады (Нұсқаулық, 56 бет). Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Оның артында баланың дамуы, оқуы, уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысындағы Кембридж бағдарламасы бойынша оқуға келгенімде көптеген мәселелерді түсінбегенім рас. «Қайда келдім? Неге келдім? Енді нестеймін?» деген сұрақтар көкейімде түрды да қойды. Басында жүргізіліп жатқан жұмыстарды «Не үшін бұларды жасап жатырмыз екен?» деген және «Оданда бірден теорияға көшіп, өзімізге қажеттіні неге алмаймыз?» сияқты күдіктер мен күмәндәр ойыма келді. Сөйтіп мектептегі тәжірибе кезінде бірден сабақты бастап кеткен біртүрлі көрініп, басындағы «біртүрлі» деп ойлаған жұмыстарды (тренинг, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтастыру, ситуациялық және проблемалық тапсырмаларды) жасата келе оқушыларымды қалыптастырып, содан сон сабаққа кіріскенімді біраз қиындықтар мен түсінішпеушіліктерді артқа қалдырғанымды түсіндім.
Педагогикалық білімді жетілдіру курсынан сындарлы оқытудың мақсатымен танысқаннан кейін оқушыларды қалай оқыту керектігін емес, оқушылардың қалай оқу керектігін үйрендім. Кембридж бағдарламасының мәні зор, өйткені ойымда жүрген сауалға жауап таптым деп есептеймін. Алғаш осы оқуға келгенімде тренердің айтқан ойларын мұқият тыңдап , бізді психологиялық тренингке шақырып, әр топқа бөліп ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруы ұнады. Теориялық және практикалық бөлімдері де назардан тыс қалмады. Мен мектепте жүргенде тек дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар беріп , сыни ойлаудың тек қана элементтерін қолданып , сабақты түсіндіріп, оқушыларға тек сумативті бағалаумен шектелсек, мұнда оқушылар сабақты өзара ақылдасып, бір-біріне түсіндіріп өзін-өзі бағалағаны мен үшін үлкен жаңалық және оқыту оқушының пәнді терең түсіну қабілеті дамиды деп ойлаймын. Бұл курса өзіме үлгі аларлықтай көп нәрсе үйрендім және өзіме көп достар таптым. Мектептегі тәжірибе барысында көзбен көріп сол ортаның куәгері болған мен өз әріптестеріммен және 7 «б» сыныбына тың тақырыптар көлемінде сыр шерттім. «Әріптестермен кездесу» кешіне мектеп ұжымдарының жаңалыққа жаны құштар жастар қауымы мен орта жастағы ұстаздар келді. Кездесуге келген әріптестерді жылы шыраймен қарсы алып, есімдерін бейджге жазып беріп, үш ұлттың өкіліне бөліп, амандасу тренингін жүргізуден бастадық. Осылайша үш тілде сәлемдесудің түрлерін білу арқылы , Кембридж бағдарламасымен таныстырдық. Бірінші сабағым «Архимед күші» деп аталады. Суреттер бейнеленген қиындыларды таратып мазайка әдісі арқылы топқа бөлдім. «Болашақ мектебіміз қандай болмақ?» деген оймен ұстаздар қауымымын топтық шығармашылық жұмысқа шақырдық. Топ мүшелері өзара бірлесіп постерға суреттерін салып қорғады. Бірінші болып Гүлнұр бастаған ұжым өз қиялындағы мектепті керемет сомдап, кезектесе сөйлеп қорғап шықты. Келесі тапсырмада әр топтан мұғалімдерді шығарып, төрт жол өлеңді мәнерлеп оқуды сұрадық. Мұғалімдер өздерінің сүйікті өлеңдерін оқыды, сол айтқан өлеңдерін рэпке кейін операға салып айту сұралды. Тартымды, әрі әсерлі әртістік өнерге жақын көптеген мұғалімдер көзге түсті. Топ арасындағы жастар қауымы бұрын естіп көрмеген ұстаздар жайында кең мағлұмат алды деп ойлаймын. Мұғалімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында сергіту сәті «Капитан», «Мен кіммен ұқсаспын», «Сіз білесіз бе?»ойыны ұйымдастырылды. Мұғалімдер бұл ойынға бір сергіп қалды.«Домино» ойыныда ойнатылды. Мұғалімдер бір-бірінен ақпарат жинай бастады. Бұл ойында жетондар арқылы бағалап, жеңімпазды миллионер атағын беріп ақшалай марапаттады. Бұл ойынның жеңімпазы тарих пәнінің мұғалімі Лепеспаева Айна болды. Осы кездесуден кейін мұғалімдер бір сергіп, алғыстарын білдірді. Оларда оқығысы келетіндігін, бағдарламаның ұнағандығын айтып , өз пікірлерін ортаға салды. Мектептегі іс-тәжірибе сабақтарымда бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып өткізгенімде, бұрынғы іс-тәжірибемнен біраз айырмашылық барын байқадым. Өзімнің де, оқушыларымның да бойынан оң өзгерісті сездім.
Өзім оқытатын 7 «б» сыныбымды зерттеуге алдым. Бұл сыныпта оқитын балалардың жасы 12-13 те. Осы жастағы балаларға жас ерекшелігіне сай білім мазмұнын меңгертуді ойластырдым. Білім беру негізін түсіну , білім беру стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін тыңдай білу қажеттігін түсінгендіктен (мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 32 бет) орта мерзімді жоспарлауда бағдарламаның модульдерін мен өз тәжірибемде қолдандым.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызы зор екенін атап көрсеткен. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосатындығын айтты. Диалогтік педагогика- балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашуы мен білім алуда өзара қарым –қатынас орнатуы (нұсқаулық, 45 бет). Мен мектептегі тәжірибе кезеңімде алған сыныбымда оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушыларды топқа бөлінуді үйреттім және оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында амандасу тренингін ұйымдастырып, оқушылардың үш тілде амандасуды білетіндігін аңғардым. Физикалық приборлардан мазайка әдісі арқылы топқа бөліп әр түрлі құралдар беріп «жұмыртқаны лақтырғанда қандай жағдайда сынбайды, піскен жұмыстқадан шикі жұмыртқаны қалай ажыратуға болады» деген сияқты сыни ойлау тапсырмаларын бердім. Оқушылар тапсырманы қызығушылықпен, бір-бірімен ойласып, ұжымдасып орындады. Тағы да «суреттер сырын ашайық» тапсырмасын беріп оқушылардың еркін сөйлеуге үйретіп, ойларының ұшқыр екенін аңғардым. Сабақ барысында тізбектелген төрт сабағымды бердім, олар мынадай тақырыптарда болды «Архимед күші», «Денелердің жүзу шарттары», «Ареометрлер. Су көлігі. Ауада ұшу» , «Жұғу. Қылтүтік құбылыстар» . Алғашқы сабағымда оқушылардың физиканың алғашқы ұғымдарын қаншалықты білетіндігін тексеру мақсатында физикалық ойындардың түрлерін қолдандым. Мысалы «Суреттер сырын ашайық», «Физикалық эстафета», «Полиглот» ойындары. Бұл сабағымда ерекше көзге түскен Еркежан, Әлихан, Дәулет, Нұрхан болды. Оларды одан әрі зерттеу барысында Әлихан деген оқушының ойының ұшқыр екенін аңғардым. Ол топ арасында да көшбасшы бола білді. Әр сабағымда оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру барысында өзара кеңесіп, айтылған пікірлерді ой елегінен өткізіп нақты жауапты бір ауыздан қолдап, шешімге келіп постер қорғап отырды. Топтың түртіп алу әдісі бойынша оқылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау ойлаудың іске асырылуын белгілеу, таныс мәліметтерді жаңа мәліметпен байланыстыра білу, проблема бойынша сұрақ қою, тұжырымдау, анықтау және таным әрекеті арқылы қарым-қатынасты нығайтады. Бұл сабақтарды өткізу барысында үнсіз, енжар оқушыларым ашылды. Олар топтарымен сабақ қорғау барысында физикалық шамалардың аты мен олардың өлшем бірліктерін айта алды және анықтамаларды жаттап айтты. «Ой қозғау» тапсырмасы бойынша Архимед сөзіне , оқушылар сөздің әр әріпінен физикалық құбылыстарды атады . Мұнда оқушылар физикалық шамаларды қаншалықты жаттай алатындығын анықтады және сол шамалардың өлшем бірліктерін есте сақтау қабілеті дамыды. «Дарынды және талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыс бойынша мен тапсырма барысында дарынды оқушыны анықтадым. Ол Нұрхан деген оқушы болды. Ол Архимед күшіне сипаттама беріп өлең шығарды. Архимед туралы көріністі сахналауда енжар оқушым Бекзаттың әртістік қасиетінің бар екенін бұрын соңды байқамаған екенмін. Интернет желісінен ізденіс барысында Маратов Ернұр алдына жан салмады. Өзінің жаңа технологияны өте керемет меңгергендігін тағы бір мәрте дәлелдей отырып, топпен бірге презентация жасау барысында да шапшаңдық пен тапқырлық көрсете білді. Осы топтағы Ақарыс және Еркежан деген оқушыларда өздерінің презентация жасау барысындағы шеберліктерін байқатты. «Көзбен көру айғақтарын топтастыруда» 2- топ бойынша Тілеуова Алтынай суретті өте жақсы салса, үлгерімі төмен оқушым Әтпүш Қайсар суреттерді топтастырып жабыстырып, ол да өзінің үлесін тобына қоса білді.Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып , бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырдым. Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі-бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме , дәйек пен диологтың мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін атап көрсеткен. .(Александер 2001,2008) «Денелердің жүзу шарттары» тақырыбындағы сабағында оқушылар денелердің жүзу шарттарын анықтай білді. Бірнеше тәжірибелерді жасай отырып, қауіпсіздік техникалық ережесін естеріне түсіріп оны постер арқылы суреттеп қорғады. Мен мұнда оқушылардың арасынан сурет салуға қабілеті бар оқушыны анықтай алдым. «Қызықты тәжірибе» тапсырмасы бойынша тәжірибе жүргізу барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының арттқандығын байқадым, себебі оқушылар маршрут картасы арқылы тәжірибені қауіпсіздік ережені естеріне түсіріп отырып бірлесіп орындады. Менің енжар оқушыларым Мәди мен Амандық қарапайым мұз арқылы тәжірибе жасады. Мұз тығыздығының су тығыздығынан жеңіл екендігін екенін айтып олардың да қолынан бірдеңе келетіндігін байқатып өздерін-өзі реттеді және сабаққа белсенділікпен қатысты.
Дәстүрлі сабақ беруде бұрын тек бағалаудың бес балдық жүйені ғана білген болсақ, білім жетілдіру курсында бағалаудың екі түрі бар екенін түсіндім. Сумативті және қалыптастырушы (формативті) бағалаудың түрлерін сабақ барысында қолдандым. Сонымен қатар оқушылардың көңіл-күйін смайликтер арқылы белгілесек , бағалау ағашына стикерлермен белгіледі. Мұндағы өзгеріс бұрын оқушы бағалауға араласпайтын, ал бұл тәжірибеде оқушылар маршрут картасы арқылы, жолдасын және өз бетінше көрсетілген критерий арқылы өздерін бағалады
Адам баласы шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиетті : жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ , бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз. Мен өз іс тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым және де алдағы уақытта осы бағдарламаның жалғасын тауып , әрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нәтижелі іс- әрекеттер керек екенін түсіндім. Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарларын да , биік деңгейге жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген Қазақстан республикасы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында айтылған. Практика жүзінде үйренген жаңалықтарымды енгізіп, өзгерістер байқадым. «Үйренуді үйрету» идеясы көз алдымда жүзеге аса бастады. Енді сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері меңгере бастады. Мен тек бағыт беріп отырдым. Топтық жұмыстарда оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасадым.
Бізге жаңа тәсілмен сабақ берген тиімді екен себебі оқушылар өздері сыни тұрғыдан ойлай отырып, сөйлей алады сөйлей отырып, сұрақ қоя отырып талдайды, талдай отырып қатесін табады, қатесін тауып пікір айтады, пікір айта отырып түзетеді, түзете отырып өздерін-өздері бағалайды. Міне осындай тәсілді қолдана отырып, сабақ өткенде сыныптағы оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, тегіс қызғушылықпен қатысады. Мен бағдарламадағы жеті модульдік оқытуға қанағаттанамын. Болашақта білім берудің тиімді құралына айналатындығына куә болдым. Нәтижесінде оқушыларым ойын еркін айта алды, қабілетті, дарынды оқушылар қалыптасты. Ынтасы мен пәнге деген қызығушылығы жоғарылады. Оқыту барысында Кембридж бағдарламасының тісілдерін қолдану барысында мен өз оқушыларымның мынадай өзгерісті байқадым: Оқушылар жаңа қырынан ашылды, ойларын ашық, еркін айтты, бір-бірін тыңдай біліп, жаңа ой қосты, бір-бірімен пікірлесті . Алдағы жоспарым: Осы бағдарламаның теориялық негіздері мен ғалымдардың зерттеулер кешенін меңгеру, жете түсіну. Өз сеніміммен шешім қабылдап, оқушылардың түсінігін жетілдіруге іс-әрекет ету. Алдағы уақытта оқушылармен іс-жүзінде, әрекеттесе еңбектену, төселу.
Менің өзгерісім: бағыт беруші, тыңдаушы, оқушыны анықтаушы, бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастырушы.
Осы бағдарламаны меңгеру барысында мен болашақта Білім берудің Кембридж тәсілін (7 модуль ) іс-тәжірибемде жүзеге асыруды жалғастырамын. Оқытудың жаңа тәсілін негізге ала отырып оқушыларға жан-жақты білім беремін,оқушылардың және өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамытамын, әріптестеріммен өз іс-тәжірибеммен бөлісіп, білім беру жүйесіне олардың да көзқарасын өзгертемін.
Мұғалімнің өзгерісі: Оқытуды оқушыға бағыттадым. Оқушының жеке қасиеттерін анықтадым. Жаңа тәсілдерге сай сабақты жоспарладым.
Оқушы өзгерісі: Сенімді жұмыс жасады. Топпен жұмыс жасауға төселді. Сын тұрғысынан ойлауға үйренді. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды
Нені дамытар едім: Осы жеті модуль бойынша туындаған идеяларды сәйкестендіріп, өз сабақтарымның құрылымына толық өзгерістер енгізуді. Мұғалімдік рольді басқарушыдан серіктестікке ауыстыруды.
Қорытындылай келе, бұл жобаның идеясы «Үйренуді үйрету» қазақстандық білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Менің оқушыларым мен өзіндік ізденуге, дербестікке дайынбыз деп есептеймін. Өйткені өзімнің бойымнан көптеген жаңалықтар мен өзгерістердің пайда болғанын байқадым және осы жақсыларды ары қарай дамытуға, жетілдіруге көп күш салуға дайынмын! Және де үлгі алатын әріптестерімнің де болғанын ұмыт қалдырмаймын. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» ІІІ
2. Ғаламтордан алынған материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |